Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 13:10, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: екі бөлімді талдап қарастыру. Бірінші бөлімінде кәсіпкерлік мәнін, түрлерін, ұйымдық-құқықтық нысандарын зерттеу. Екінші бөлімінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін қарастыру.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
I. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, ТҮРЛЕРІ,
ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ.
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері . . . . . . . . . . . 5
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары . . . . . . . . . . . . . . 6
және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
II. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
2.3 Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
салық және қаржылық-несиелік саясат, соның ішінде экономикалық санкция (салық мөлшерлемелері, несие бойынша пайыз, т.б.) шаралары;
баға белгілеу саясатын реттеу;
монополияға қарсы заңдылық;
мемлекеттік мүлік және резерв жүйесі, лицензия, лизинг;
сыртқы сауда және валюта саясаты;
мемлекеттік тапсырыстар;
ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар.
Республика кәсіпкерлерінің бар көңілі мен энергиясы белгілі бір нақты нәтижелерге бағытталуы тиіс. Олар мынадай сипатты белгілерге ие болады:
шешімдерді өз бетімен қабылдау;
жаңалықтарға икемді болу;
бизнеске белсенді қатысу;
жаңалықтарды батыл енгізу.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы “Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы” Жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген.
Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады. (3. 79-88 бет)
2.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы
Кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы ролі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ға жетеді.
2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс істейтіндері – 329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны – 1,4 млн. адамды құрады.
Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы – 45,9 млрд. теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында “Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау
мәселелеріндегі ролін күшейту;
шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін
жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау
болып тұжырымдалады.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:
ҚР Азаматтық кодексі. 27.12.94 ж. (жалпы бөлім). 16.12.98 ж. өзгерістер енгізілген.
“Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы” ҚР Заңы. 19.06.97 ж. №131-1 (26.07.99 ж. өзгерістер енгізілген).
“Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңы. 19.06.97 ж. №135-1
(29.11.99 ж. өзгерістер енгізілген).
“Шағын кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша заңдық актілерге бірсыпыра қосымша өзгерістер енгізу туралы” ҚР Заңы. 29.11.99 ж. №489-1.
“ҚР Агентігінің шағын бизнесті қолдау мәселелері жөніндегі” ҚР Үкіметінің қаулысы. 26.04.99 ж. №475. (5. 11-17 бет)
Шағын бизнес – нарықтық экономиканың негізі. Шет елдерде оның дамуы үшін 50-ші жылдардан бастап орталық және аймақтық мемлекеттік басқару органдарының мамандандырылған жүйелері мен тікелей және жанама қаржылық қолдау жүйелері құрыла бастады.
1997 жылы маусым айында қабылданған Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Заңының 3-ші бабында шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне айдай анық анықтама берілген, нақтылап айтқанда, “шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып жұмысшыларының орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және жалпы активтерінің құны жылына орта есеппен есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен артып кетпейтін заңды тұлға мен заңды тұлғаларды құрамайтын жеке тұлғалар болып саналады”.
Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы:
1. айырықша қажеттіліктерді (ксерокөшірме, бала тәрбиелеушілер
қызметі, сәлемдемелерді жеткізу қызметін құру және т.б.)
қанағаттандыру мүмкіндігі;
2. өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі;
3. жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдерін мақұлдау мүмкіндігі.
Баршаға белгілі, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізінен үш мақсаты бар: өнімдер мен қызметтерді өндіру көлемін ұлғайту; халықтың жұмыспен қамтылуын күшейту; салықтар мен басқадай төлемдердің бюджетке түсуін көбейту.
Шағын кәсіпкерліктің бірталай сапалық ерекшеліктері бар, ол ерешеліктер оны экономиканың спецификалық секторы ретінде бөлектеп көрсетуге мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады:
меншіктік құқықтың бүтіндігі және кәсіпорынды тікелей басқару, бір жағынан, менеджерлерді бақылаудың қажеттілігін жояды, екінші жағынан – басшының табысқа жетудегі ролі мен мәнін күшейтеді;
кәсіпорын масштабының шектеулігі және қожайын мен жұмыскерлердің арасындағы тікелей байланыс, бір жағынан, басқару тиімділігін арттырады, екінші жағынан - өндіріске тұлғалық қатынас ықпалын күшейтеді;
тұтынушылар шеңберінің шектелінуі және жергілікті рынокқа бағдарлануы, бір жағынан, сатуды кеңейтуді шектейді, екінші жағынан – тұрақты сұранымды қалыптастырады және қызмет көрсету сапасын көтеруге ынталандырады;
қаржылық ресурстарға жол ашуды шектеу, бір жағынан, өндірісті кеңейту мүмкіндігін шектейді, екінші жағынан, қаржылық ресурстардың бытыраңқы рыноктарын (жеке жинақ, таныстар мен туысқандардың қаражаттарын, өсімқорлар капиталын) пайдалануға итермелейді.
Шағын кәсіпкерлік - өміршендік деңгейі төмен және тәуекелшік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Себебі ол:
ете бимәлімділігімен, белгісіздігімен және стихиялылығымен сипатталынатын жергілікті, бір маңайдың аумағынан аспайтын рынокта кәсіп етеді. Бұл – ондай рыноктарға кірудің көп капиталды қажет етпейтіндігіне және іс жүзінде реттелмейтіндігіне байланысты;
мемлекетпен қатынас жүйесінде, ірі және орташа бизнестермен, қаржылы-несиелі институттармен, ұйымдасқан қылмыспен объективті түрде “әлжуаз” позицияда тұрады, мұны оның экономикалық әлсіздігі мен әлеуметтік ұйымдаспағандығымен түсіндіруге болады;
өзінің айтарлықтай ішкі резерві болмағандықтан ол сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал келеді.
Шағын кәсіпкерлікті қамтыған дағдарыс елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және экономиканың мемлекеттік секторының оралымсыздығын пайдалана отрып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жіберді.
Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлей алатын сұранымды жалпы қысқарту, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы сферадағы күшейе түскен бәсекелестік шағын кәсіпкерлікті айтарлықтай дағдарысқа ұшыратты. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін “сұрғылт” экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.
Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше секторы ретінде өмір сүріп келді және әрқашанда өмір сүре береді. Оны тікелей шектеу, реттеу және бақылау жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі деңгейінен көрі бір мысқалдай кемдеу шығады. Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі – салыстырмалы түрдегі нашар өміршендігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.
Экономиканың бұл секторына мемлекеттің мүдделі болуында экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттар бар. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:
ел экономикасының құрамдас бөлігі болып, экономиканың дамуы мен тиімділігі деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді, мұның өзінде орталықсыздандырылған қаржы көздерін пайдаланады;
бюджетке салық төлеуші болып саналады, мұның өзінде экономиканың басқа секторының өзгешелігі – оның салық төлеу мүмкіндігі оңтайлылық деңгейге жеткен жоқ;
орташа және ірі бизнестер үшін қай жерде кадрлар мен капитал жинақталса, экономиканың сол секторы болып шығады;
қай жерде мемлекет әрекеті немесе ірі және орташа бизнес тиімсіз болса, рыноктың сол секторында тауарға, жұмысқа және қызметке деген сұранымдарды қанағаттандырады;
қай жерде бәсекелі орта тұрақты сақталса, және негізгі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың бәсекелі бөлшек сауда бағасының деңгейі қалыптасса, экономиканың сол секторы болып саналады;
еңбекті қоғамдық бөлуді тереңдетіп және болымсыз шығынмен нарықтық инфрақұрылымды жасауға мүмкіндік тудырады;
Шағын кәсіпкерліктің саяси мүддесі мынаған саяды:
болашақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілшісі секілді, орташа топты қалыптастыратын көздердің бірі болып саналады;
көрсеткен қолдауынан бүгін белгілі бір нәтиже алып және оны болашақта ұлғайтуға үміттенетін әлеуметтік топ секілді, нарықтық экономикаға қолдауды қамтамасыз етеді.
Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік мүддесі мынаған саяды:
еңбекке жарамды халықтың айтарлықтай бөлігін жұмысқа тартады және оның экономикалық дағдарыс жағдайында тіршілік етуіне қол ұшын береді;
халықтың ең белсенді бөлігінің ділін өзгертіп, олардың өз бизнестерін жасап және олардың табысқа жетулеріне мүмкіндік тудырады.
Жоғарыдағы аталған мүдделерге байланысты шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекет саясаты екі бағыттан тұрады: бірінші – дамуды қолдау, екіншісі – мемлекеттік мүдде аясына жанама реттеуді қосу.
Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің “Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы” Жарлығы жақсы ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынадай кезек күттірмес мәселелер ауқымы анықталған:
шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттарды құру;
Информация о работе Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары