Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 13:10, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: екі бөлімді талдап қарастыру. Бірінші бөлімінде кәсіпкерлік мәнін, түрлерін, ұйымдық-құқықтық нысандарын зерттеу. Екінші бөлімінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін қарастыру.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
I. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, ТҮРЛЕРІ,
ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ.
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері . . . . . . . . . . . 5
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары . . . . . . . . . . . . . . 6
және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
II. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
2.3 Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау – кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
3. Жаңа өткізу рыногына шығу;
4. Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А.Смиттің тұжырымын толықтырған Ж.Б.Сей назар аударды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үилесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.
Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік.
Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына кері тәуелді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап болашаққа болжау жасайды.
эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірибелі бизнесмендер көзқарастары зерттеледі.
есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.
Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.
Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.
Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады. (1. 84-90 бет)
1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, - себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.
бизнес көлемі шектелмеген.
қатаң бағамен шектелмейді.
Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:
жеке тұлғалар.
серіктестік (жолдастық).
корпорация (акционерлік қоғам).
Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.
Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналасатын бизнесті айтады. Серіктестікке де табыс салығы салынады.
Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл.
Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.
Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынща бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.
Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады:
акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда шектелмейтін мүмкіндіктер;
басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Бизнесті корпоративті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне төмендегілер жатады:
корпорация табысының акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S корпорациялары (small business corporation) статусын алуға рұқсат етеді. Бұндай жағдайда корпорация табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады;
экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер. Ешқандай нақты құны жоқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;
меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акциялары көптеген иелер арасында орналастырылған корпорацияларда бақылау функциясы меншік функциясынан ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға ұмтылады, ал менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді азайтуға тырысады.
Корпорацияның басқа да кемшіліктері бар, бірақ олардың орнын артықшылықтары толтырады.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.
Қазіргі батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Кіші бизнестің әдеттегі формалары франчайзинг (franchise - жеңілдікті) және венчурлық (venture – тәуекел ету) кәсіпкерлік жүйелері болды.
Франчайзинг – ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету, тауарды жеткізуге, құрал-жабдықты сатып алуға, кредит алуға көмек түрлерінде жеңілдіктері бар.
Ұсақ фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатушылары болып қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі корпорациялардан сауда запасын, кредит алады және олардың қамқорлығына енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды, сондай-ақ өз қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып отырады.
Венчурлық фирма – ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты “күйіп кетуге” тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп, тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі күні венчурлық фирмалар Қазақстанда да құрылып қызмет ете бастады.
Орта бизнес елеулі роль атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелесуіне тура келеді, осының нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін тоқтатады. Бұл жерде әңгіме қандай да бір ерекше өнім шығаруда монополист болып табылатын, тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес (мүгедектерде арналған техниканы өндіру, қалалық сағаттарды жөндеу).
Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте қуаттылығымен ажыратылады. Оның рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған.
Соған сәйкес барлық ұйымдар (заңды тұлғалар) коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.
Коммерциялық фирмалардың негізгі мақсаты пайда алу болып табылады. Коммерциялық емес фирмалар ондай мақсат қоймайды.
Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар формасында құрыла алады. Шаруашылық серіктестіктер өз кезегінде толық серіктестік, сенім серіктестік (коммандиттік), жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам, еншілес және тәуелді қоғамдар түрінде қызмет етеді.
Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативті, қоғамдық немесе діни ұйым, қайырымдылық қор фирмаларында құрылады. (3. 79-88 бет)
Кәсіпкерліктің негізгі нысандарының артықшылығы мен кемшіліктерінің таблицасы
Акционерлік қоғам – өз әрекетін жүзеге асыру үшін қосымша қаржы тарту мақсатында акциялар шығаруға негізделген кәсіпорын немесе мекеме.
Акция – акционерлік қоғам шығаратын айналым мерзімі белгіленбеген, акция иесі жарғы қорына енгізгені туралы куәландырылған және дивиденд ретінде кіріс алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Акциялар курсы – акциялардың сатылымдық бағасы. (4. 23-24 бет)
II. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: “Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өзмүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар”. Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Информация о работе Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары