ДСУ-Дуниежузилик сауда уйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 00:29, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының БСҰ мүше ретінде кіруін зерттеу және осының арқасында тұрақты экономикалық өсудің қалыпты траекториясын құрастыру.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

- Сауда саясатын реттеу мен сыртқы елдердің хал ахуалын Қазақстанның БСҰ кіруіндегі хал ахуалын зерттеу;

- Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық стратегияны іске асырудағы экономиканың деңгейлерін зерттеу;

- Қазақстанның БСҰ кіруі туралы талдама жасау.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дүниежүзілік сауданың мәні, формалары, түрлері.......................................5

1.2 Халықаралық сауда құқығының мәні, формалары, түрлері.........................7

1.3 Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі мәселелері.11

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДСҰ-НА КІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан ДСҰ-ға кірудегі мақсаттары.........................................................14

2.2 Дүниежүзілік сауда ұйымының ҚР-ң экономикасының дамуына әсері....16

2.3 Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi жағдайында агроөнеркәсiптiк кешеннiң мәселелерін талдау.................................................20

3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Қазақстанның ДСҰ – на кірудегі басты мақсаты және оны жетілдіру жолдары .................................................................................................................24


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27ПАЙЛАДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................32

Содержимое работы - 1 файл

ДСУ-Дуниежузилик сауда уйымы -Казахстан.docx

— 85.40 Кб (Скачать файл)

    - сыртқы сауда айналымының өсуіне  және отандық тауарлар мен  қызметтердің бәсекелестік қабілетін  арттыруға ықпал ететін құқық  қолдану практикасын жақсарту  жөнінде жұмысты күшейтсін; 

    - республиканың ауыл  шаруашылық саласы дамуының ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетін, ауыл шаруашылығын субсидиялаудың неғұрлым оңтайлы шарттарын қамтамасыз етсін;

    - Қазақстанның қызметтер нарығына  қол жеткізу жөнінде міндеттемелер  қабылдау кезінде бәсекелес қабілеттілікті  арттыру, ұсынылатын қызметтердің  сапасын жақсарту, бәсекелестіктің  күшеюі нәтижесінде түпкі тұтынушылар  үшін бұл қызмет түрлерінің  құнын арзандату мақсаттарында  қаржы, көлік, телекоммуникация  және басқа да қызмет түрлерін  қоса алғанда, отандық қызмет  ұсынушыларды қорғау және шетелдік  қызмет ұсынушылардың Қазақстан  нарығына қол жеткізуін ырықтандыру  арасында теңдестікті қамтамасыз  етсін;

    - Қазақстанның ауыл шаруашылық  және өнеркәсіп тауарларының  нарыққа жетуі жөнінде міндеттемелер  қабылдау кезінде, тұтынушылардың  кең тобын және отандық өндірушілерді  қорғауды қамтамасыз етсін; 

    - қатынас түрлері бойынша магистральдық  темір жол желілері қызметтері  тарифтерін, импортталатын және  отандық өнім акциздерін бірдейлендіру  кезінде тұтынушылардың мүдделерін  қорғау және отандық өндірушілердің  мүдделеріне нұқсанды азайту  арасында теңдестік табу мақсатында  кешенді талдау жүргізсін;

    - техникалық реттеу саласында  отандық және импорттық тауарларға  қатысты қолданылатын техникалық  регламенттер мен стандарттарды  халықаралық регламенттер және  стандарттармен үйлестіру жөнінде  жұмысты жалғастырсын;

    - санитариялық және фитосанитариялық  шаралар қолдану саласында зертханалардың  материалдық базасын жаңарту,  санитариялық және фитосанитариялық  шаралар саласында заңдардың  тиімді атқарылуын қамтамасыз  ету үшін қызметкерлерді оқыту  мақсаттарында қаржыландыруды арттырсын,  бұл сыртқы нарықтарға отандық  тауарларды жылжытумен қатар,  сапасыз импорттық өнімдерге  жол бермеуге ықпал ететін  болады;

    - ДСҰ-ға ену кезінде қабылданатын  міндеттемелер және өңірлік ықпалдастық  шеңберінде халықаралық шарттардан  туындайтын міндеттемелер тұрғысында  сыртқы және ішкі саудадағы  басымдықтар бағыттарын және  іс-шаралар кешенін айқындайтын  сауда саясатын дамыту тұжырымдамасын  әзірлесін; 

    - тұтынушы мен сатушы арасында  даулар туындаған кезде тұтынушылардың  басым құқығын қамтамасыз ету  жөнінде норма көзделетін «Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау туралы» заң  жобасын әзірлесін; 

    - Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілерінің қолданыстағы нормаларына  сәйкес, жер қойнауын пайдалану  саласындағы инвесторлар жүзеге  асыратын, жабдықтарды, тауарлар  мен қызметтерді сатып алуға  отандық тауар өндірушілердің  тең құқылы қатысуын қамтамасыз  етсін,

    - Еуропа Комиссиясы сауда талқысын  жүргізуі кезінде Қазақстанға  «нарықтық экономика» мәртебесін  беру туралы 2007 жылдың соңына  дейін Еуропа Комиссиясымен бірлесіп  мәселе әзірлесін;

    - ДСҰ Хатшылығынан мемлекеттік  қызметшілерді, халықты және ЖОО  студенттерін халықаралық сауда  ережелеріне оқыту үшін оқытушы  кадрлар даярлауда техникалық  көмек көрсету сұралсын;

    - уақытша шаралар ретінде (тиісті  экологиялық стандарттар және  техникалық регламенттер әзірленгенге  дейін) басқа елдерде қолданылатын  ұсталған автомобилдерді әкелуді  мейлінше экологиялық және техникалық  қауіпті ретінде шектейтін осындай  тарифтік кедергілер енгізсін. [12] 

    2.2 Дүниежүзілік сауда ұйымының ҚР-ң экономикасының дамуына әсері

    Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің  бірі — ол сыртқы сауда. 2007 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы кеден статистикасының  ұйымдаспаған сауда есебінсіз деректері  бойынша 32877,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 54 пайызға  өсті, соның ішінде экспорт — 20096,2 млн. АҚШ долларын құрап, 56 пайызға, импорт — 12781,3 млн. АҚШ долларын құрап, 52 пайызға өсті. Бұл көрсеткіштер бұрынғы жылдардағыдан әлдеқайда жоғары. Мәселен, 2008 жылғы сыртқы сауда айналымы 21335,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 31,3 пайызға өскенді.

    Сыртқы  сауда айналымының 2008 жылы осындай  дәрежеде өсуінің нақты себептері  қандай? Ол үшін, ең алдымен, экспорттың құрамына және негізгі тауарлар тобының  заттай және  көлемдерінің өсуіне талдау жасау қажет. Осындай талдаудың  нәтижесін 1-кестеден көруге болады.

    Қазақстан экспортының көлемі негізінен әлемдік  рынокта 2004 жылы мұнай мен металға  бағаның аса жоғары болғаны есебінен өскені осы кестеден айқын көрініп  тұр. Мәселен, темір кенінің 1 тоннасының бағасы 2007 жылға 17,4 доллардан 2008 жылы 37,8 долларға дейін өскен. Сондықтан  экспортқа шығарылған осы тауардың заттай көлемі тек 11,5 пайызға ғана өс-кен  кезде, оның қандай көлемі 2,4 есеге дейін  өскен. Мұнай мен газ конденсатының  көлемі заттай күйінде 18,4 пайызға өссе, құны бойынша 1,6 есеге дейін, феррокорытпа да тиісінше — 7,9 пайызға және 1,8 есеге, тазартылған мыс — 3,7 пайызға  және 1,6 есеге өскен.

    Мына  төмендегі кестеде берілген 11 өнімнің  жалпы сомасы бүкіл экспорттың 2008 жылы 83,4 пайызын, 2010 жылы 83,6 пайызын құрап отыр, ал мұнай мен газ конденсаты. тиісінше — 54,2 және 56,8 пайызын, мұнай мен газ конденсаты, ферроқорытпа, қара металдың жайма илегі және тазартылған мыс (терт өнім), тиісінше — 69,7 және 71,2 пайызын құрап отыр.

    Сөйтіп, қысқаша, қорыта айтсақ, Қазакстанның экспортының негізін құрайтын санаулы  ғана шикізат күйіндегі тауарлардың  экспорттың шығарылған көлемі онша көбеймеген, бірақ та оларға (әсіресе мұнай  мен металдарға) деген әлем рыногындағы  бағаның тым жоғары өсуіне байланысты экспорт көлемі елімізде 56 пайызға  өсті. Мұндай өсімді тұрақты, баянды өсім деуге келмейді.

    2010 жылы Қазақстан өнімдерінің негізгі сатып алушылары Швейцария (18,7%), Ресей Федерациясы (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3%), Виргин аралдары (3,8%), Иран (3,5%), Нидерландия (2,3%), Израиль мен Португалия (1,6%-дан), Әзірбайжан, Испания, АҚШ пен Украина (1,4% дан) болды. 2008 және 2009 жылдары бірінші орында Бермуд аралдары, екінші орында Ресей Федерациясы тұратын. Экспорттың жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі 20,4%-ды құрады (2009 жылы - 23,1%).

    Ел  экспортына талдау жасаған кезде  басты экспорттық тауарлардың кімге, қалай сатылып жатқанына көңіл  аударған жөн сияқты. Осы тұрғыдан келгенде алдымен шикі мұнайды қалай  экспорт жасағанымызды келесі кестедегі  деректерден көруге болады.

    Төмендегі кестеде көрсетілген 8 елдің үлесіне 2010 жылы экспорт жасалған шикі мұнайдың 85,6 пайызы келеді, соның ішінде, әсіресе, екі елдің: Швейцария мен Италияның үлесіне 51,8 пайызы келеді. Оффшорлық аймақ болып саналатын Вирган аралдарының үлесіне 8,3 пайыз келеді. Ал өткен жылы оффшорлық аймақтың жататын Бермуд аралдарына 11,0 млн. тонна мұнан экспортқа шығарылып ол аралдардың үлесі 28,5 пайызды құрағанды.

    1-кесте.  Қазақстан шикі мұнайының (газ конденсатынсыз) 2009 және 2010 жылдардағы экспорты

          Экспорт     көлемі,     Елдің үлесі     1т.  бағасы
          мың т.           салмағы     %     АҚШ долл
          2009 ж.     2010 ж     2009 ж.     2010 ж. 2009ж. 2010
Барлық  экспорт     38637,8     47742,9     100,0     100,0 168,7          226,4
Швейцария     7774.1     15171.6     20,1     31,8 160,2         212,8
Италия     4673,5     9575,4     12,1     20,0 163,4          244,6
Франция     1299,3     5520,!     3,4     11.6 193,6          264,2
Виргин  аралдары     3925,7     3979,5     10,2     8,3 146,0         191.8
Қытай     1780,8     2382,5     4,6     5,0 171,4         206,2
Иран     863,5     1787,8     2,2     3,7 151,0         206,1
Израиль     317,3     1245,6     0,8     2,6 174,9         257,1
Португалия     270,0     1219,0     0,7     2,5 198,1          261,3
 

    Сол жылы Виргин аралдарында 3,9 млн. тонна  мұнай сатылып, оның үлесі 10,1 пайызды құрағанды, сонда осы аталған екі аралдың үлесіне мұнай экспортының 38, 6 пайызы келгенді. Оффшорлық аймақтың үлесі азайғанмен әлі де олар қатардан қалар емес. Сатылған мұнайдың I тоннасының бағасына келсек, 2004 жылы негізгі мұнай сатып алушы елдердің арасындағы баға айырмашылығы үлкен емес, Виргин аралдарындағы 191,8 доллардан Франциядағы 264,2 долларға дейін немесе олардың айырмашылығы 37,7 пайыз. Ал 2007 жылы ең жоғарғы баға Бермуд аралдарында 199,1 доллар, ең төменгі баға Украинада 115,9 доллар болғанды немесе негізгі мұнай сатып алушы елдер арасындағы баға айырмашылығы 71,8 пайыз болған еді. Бағаның алшақтығының азаюы құптарлық нәтиже. Бірақ экспортқа шығарылған басқа тауарлардың кебі бойынша жағдай мұндай емес. Мәселен, табиғи газдың бір текшеметрі 2008 жылы Ресейге 12,4 доллардан сатсақ Әзірбайжанға 5 3,9 доллардан, Словакияға 31,8 доллардан саттық.  Ферроқорытпаның Ресейге 1 тоннасы 810,9 доллардан сатылса Қытайға 657,8 доллардан сатылды. Қара металдың жайма илегі Ресейге 1 тоннасы 601, 7 доллардан сатылса, Қытайға 248 доллардан, Корея республикасына 197,9 доллардан, Вьетнамға 230,4 доллардан сатылды. Ресейге қара металл жайма илегімен бірге ақ қалтыр да сатылуы мүмкін, ондай жағдайда баға жоғарлайтыны белгілі. Статистикалық деректе бұл арасы ашып көрсетілмеген. Тазартылған мырыштық 1 тоннасы Италияға 2659 доллардан сатылса, Қытайға 2248 доллардан сатылды. Қара металл қалдықтары Ресей мен Қытайға 1 тоннасы 86 доллардан сатылса, Финляндияға 112 доллардан сатылды. Видайдың 1 тоннасы Әзербайжанға 157,5 доллардан сатылса, Қырғызстанға 126,5 доллардан сатылды. Ірі қараның терісінің 1 тоннасы Италияға 978 доллардан сатылса, Қырғызстанға 190 доллардан сатылды. Мақта талшығының 1 тоннасы Қытайға 1447 доллардан сатылса, Ресейге 1059 доллардан сатылды. Бұл деректерден шығатын қортынды: тауардың бір түрін әр елге сатқандағы баға айырмашылығының үлкен болуы, біздің экспортқа тауар шығарушыларымыз әлі де болса әлемдік рынокта барлық мүмкіндікті толық пайдалана алмай отыр. [13]

    Сауда жөніндегі негізгі әріптес елдер  жайлы сөз еткенде екі әріптесіміз  тұрады айта кетуді жөн көрдік. 2008 жылға  дейін Қазақстанның басты экспорттық тауары шикі мұнай болса, соның үлкен  бөлігі оффшорлық аймақтар Бермуд, Виргин аралдары арқылы сатылып келгенді.

    2-кесте

Жекелеме  тауарлардың 2009 және  
2010 жылдардағы импорты
           
            2009 ж           2010ж. 2010ж. 2010ж-ға,%
      саны құны, т саны кұны, 1 т заттай кұндай
            млн. кұны,       ммлн.     құны,            
            долл. долл.       долл. долл.            
Қант, мың т. 513,4 132,2 257.6 538,5 153,0 284,2 104,9 115,7
Кокс  және жар- 958,9 58,7 61,2 1008,8 173,3 171,5 105,2 295,4
Жартылай  кокс, мың т.                                                
Мұнай мен газ                                                
конденсаты, млн. т 2,3 259,4 112,8 3,3 510,9 157,2 139,4 196,9
Мұнай өнімдері, 1,2 270,5 233,8 1,9 511,0 268,9 164,2 188,9
    млн. т.                                                
Табиғи  газ, 8,7 254,0 29,2 11,6 371,2 32.1 134,0 146,2
млрд. текше метр                                                
Қағаз, мың т. 121,4 104,4 860,0 155,3 149,3 961,4 127,9 143,0
Шиналар, мың 2829.6 94,7 33,5 3050,7 126,5 41,5 107,8 133,5
дана                                                
Темірдің жайма 102,9 50,8 493,7 112,7 87,8 779,0 109,6 172,8
илегі, мың т.                                                
Темір шыбық- 134,1 42,9 319,9 200,6 98,6 491,5 149,6 229,9
шалар, мын т.                                                
Темір кұбырлар, 362,9 305,5 841,8 435,4 487,7 1120,1 120,0 159,6
 

    Біздің  елдің барлық сыртқы сауда айналымының құрамында 2010 жылы экспорттық үлесі 61,1 пайыз, импорттық үлесі 38,9 пайыз, экспорттың сомасы импорттың сомасынан 7314,9 млн. долларға артық, оң таңбалы сальдоның сыртқы сауданың жалпы сомасындағы үлес салмағы 22,2 пайыз болды. Бұл ел экономикасы үшін тиімді көрсеткіштер, Ал Ресеймен болған сыртқы сауда айналымындағы Қазақстан экспортының (ол Ресей үшін импорт) үлес салмағы 37 пайыз, импорттың (Ресей үшін экспорт) үлесі 63 пайыз болды. Бір қарағанда экспорт пен импорттың мұндай ара салмағында тұрған ештене жоқ сияқты. Алайда, Ресейге қандай тауарларды, қандай бағамен сатып жатырмыз, өзіміз Ресейден қандай тауарларды, қандай бағамен сатып алып жатырмыз деген тұрғыдан қарағанда, екі ел арасындағы сауда Ресей үшін тиімдірек, Қазақстан үшін көбіне тиімсіздеу болатынын жасыруға, көрмеуге болмайды. "Саудада достық жоқ" дегендей, ол екі ел үшін бірдей тиімді болуға тиіс. Бұл пікірімізді кейбір нақты мысалдармен дәлелдеп көрейік.

         Қазіргі кезде жалпы экономикалық  бірігудің  әр түрлі жолдары  бар екені белгілі болды: ТМД  елдерімен екі жақты  келісімдер  негізінде, көпжақты келісімдерді  тереңдету, аймақтық интеграциялық  бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан,  Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы  либерализациялау және оның еркін  іс - әрекетіне  жағдай жасау  сыртқы  сауда  айналымының  дамуына ықпал етеді. Шетел  мемлекеттерімен сыртқы сауда  саясатын іске қосу құралдарына  мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты  байланыстардың  дамуы мен ұйымдастыру  жұмыстарын, сондай – ақ ынтымақтастық  көлемінде туындаған кезек күттірмейтін  мәселелерді шешеді.   

    2.3 Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi  
жағдайында агроөнеркәсiптiк кешеннiң мәселелерін талдау
 

    Қазақстанның  Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi  
жағдайында агроөнеркәсiптiк кешеннiң мәселелері:

    - ауыл шаруашылығы өнiмiнiң бағасына  ықпал ететiн қолданыстағы мемлекеттiк  қолдаудың деңгейi ДСҰ рұқсат  берген ең аз ұйғарындыдан 2,3 есе  төмен (ауыл шаруашылығының жалпы  өнiмiнен 5 %);

    - отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiгiне  ықпал ететiн АӨК мемлекеттiк  қолдау құрылымында өлшемнiң ҝлесi төмен (дотация, субсидия) - 35 %, бұл  уақытта ЕО ол 80 % жетедi;

    - ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттiк  бюджеттен қолдау деңгейi жеткiлiксiз  1 га егiстiкке - 14,4 АҚШ доллары, бұл Канадаға (83 АҚШ доллары) қарағанда 6 есе аз, АҚШ-на (412 АҚШ доллары) қарағанда 30 есе аз, ЕО (1112 АҚШ доллары) қарағанда 77 есе аз;

Информация о работе ДСУ-Дуниежузилик сауда уйымы