Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 00:29, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының БСҰ мүше ретінде кіруін зерттеу және осының арқасында тұрақты экономикалық өсудің қалыпты траекториясын құрастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:
- Сауда саясатын реттеу мен сыртқы елдердің хал ахуалын Қазақстанның БСҰ кіруіндегі хал ахуалын зерттеу;
- Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық стратегияны іске асырудағы экономиканың деңгейлерін зерттеу;
- Қазақстанның БСҰ кіруі туралы талдама жасау.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дүниежүзілік сауданың мәні, формалары, түрлері.......................................5
1.2 Халықаралық сауда құқығының мәні, формалары, түрлері.........................7
1.3 Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі мәселелері.11
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДСҰ-НА КІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан ДСҰ-ға кірудегі мақсаттары.........................................................14
2.2 Дүниежүзілік сауда ұйымының ҚР-ң экономикасының дамуына әсері....16
2.3 Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi жағдайында агроөнеркәсiптiк кешеннiң мәселелерін талдау.................................................20
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Қазақстанның ДСҰ – на кірудегі басты мақсаты және оны жетілдіру жолдары .................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27ПАЙЛАДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................32
Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.
Дүниежүзілік сауда — мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамығынелдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардын табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік
сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш
күштердің дамуына, дүниежүзілік өңдірістің
құрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда айырбаста
көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл
өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі
кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе
машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі
түрде өсті. Соғыстан кейінгі уақытта
шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы
үлесі 3/5-тен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп
бұйымдарының үлесі 2/3-ке өсті. Құрастырмалы
бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы
артты, экспорт тез қарқынмен дамыды; мысалға
машиналардың түйіндерін құрастыру және
басқа да құрал-жабдықтар мен халық тұтынатын
техниканы жасау жұмыстарын айтуға болады.
1.2
Халықаралық сауда құқығының
мәні, формалары, түрлері
Халықаралық сауда – бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығы.
Халықаралық сауданың формалары төмендегідей жіктеледі:
1) аукциондар және аукциондық сауда;
2) биржалық сауда;
3) халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер;
4)
машиналар мен құрал-
5) қарама-қарсы сауда;
6) шекаралық сауда
Енді осы формалардың әрқайсысына сипаттама берейік: Аукцион дегеніміз алдын ала көруге қойылған тауарларды белгілі бір уақытта, белгіленген орында сату формасы.
Аукцион белгілі бір тауар түрлері бойынша өтеді, мысалы, бағалы аң терісі, жүн, өнер туындылары, антикварлық және кейбір бірегей тауарлар.
Аукционның
ерекшелігі сатушының тауар сапасына
жауапкершілігінің
Аукциондық сауда - нарықтық сауданың түрі, мұңда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады.
Аукциондық сауда кезінде сатушы тауардың бастапқы бағасын белгілейді, бұл баға аукцион барысында сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғары деңгейіне дейін көтеріледі.
Мысалы, Санкт-Петербургте бағалы аң терісінің аукционы бар. Осы аукцион басқа елдердің сатушыларынан да комиссияға тауар қабылдайды. Бағалы аң терілерін сатып алушылар - ірі капиталистік және өтпелі социалистік елдердің өте ірі көтерме сауда фирмалары.
Сонымен бірге Мәскеуде, Довдағы Ростов, Пятигорск сияқты қалаларда асыл тұқымды жылкылардың аукционы жүргізіледі.
Аукциюндық сауда айналым шығындарын қысқарта отырын, әлемдік бағаларға жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға өте қолайлы жағдай жасайды.
Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырды, осының нәтижесінде шикізаттың жекелеген түрлері бойынша тұрақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.
Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға айналдырды, олардың ең алғашқылары XVII ғасырда Еуропада пайда болды.
Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 турі айналыста жүрді, ал казіргі кезде 60 түрі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауыл шаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге оларда шикізат саудасының 20%-ке жуығы іске асырылады. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленед.
Сонымен, биржалық сауда - биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы.
Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше түрі бар:
1) тауар биржасы;
2) қор биржасы;
3) еңбек биржасы;
4) валюта биржасы.
Тауар биржасы - сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін сауда.
Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді, Бұл тауарлардың бар екенін олардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәландырады.
Қор биржасы. - таза іскерлік принципінде жұмыс істейді (Лондон, Нью-Йорк биржалары). АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы бар, олардың ең ірісі - Нью-Йорк биржасы. Амстердам, Мадрид, Брюссель, Копенгаген, Лиссабон қор биржасы Халықаралық қор биржасы болып табылады.
Валюта биржасы - бұл валюта нарығы. Мысалы, Токиода валюта операциясының 72%-і "доллар-марка" мөмітесінің үлесіне тиеді.
Еңбек биржасы - жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы делдалдылығы жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жермеңкелер - тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контрактыларға қол қойылады.
Жәрмеңке - бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын-оқтын өтіп тұратын нарықтың түрі./5, 177 б/
Машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы Аренда - бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуіне қажетті басқа да мүліктерді белгілі бір мерзімге тиісті ақысын төлетіп, иеленуге және пайдалануға береді.
Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық сатасында рұқсат беріледі және мүлік жөнінде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.
Жалға берушілер - меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.
Жалгерлер - заңды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер және т.б.
Халықаралық саудада аренданың үш түрі қолданылады:
1) лизинг - ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін);
2)
хайринг - орта мерзімдік аренда
(бірнеше айдан бір жылға
3) рейтинг - қысқа мерзімдік аренда (бірнеше күннен біркеше айға дейінгі мерзімге).
Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімдік аренда, яғни лизинг өте көп қолданылады. Лизинг құралдарына жататындар кеңселік, құрылыс-монтаждық және технологиялық құрал-жабдықтар.
Ұйымдастыру түріне қарай сауда ішкі нарықта көтерме және бөлшек сауда болып бөлінеді.
Көтерме
сауда — бұл бір фирманың екіншісіне
тауарлардың ірі партиясын
Көтерме қызметті ұйымдастырудың жалпы үш категориясы бар:
өндірушілердің көтерме қызметі;
оз бетінше іс-әрекеттегі коммерииялык үйымдардын кетерме қызметі;
агент пен брокерлер арқылы көтерме қызмет.
Тәуелсіз кетерме коммерциялық үйымдар тауарға меншіккерлік құқықты иеленеді. Өндірушілердің кетерме қызмет құрылымында ендірушілер мен белшек сауда арасында делдалдар бар, әдетге оларды дистрибьютерлар дейміз – ендірушілердің өкіддері. Американдық маркетингтің профессоры Ф. Котлердің айтуынша қазіргі уақытта тауар ендірушілердің (кәсіпорын, фирма) әртүрлі аудандарда ез делдалдарын (дистрибьютр) табу мәселесі түр. Олар ендірушілердің өнімін сатып алуға және оны сатуға келіседі, сондықтан «дистрибьюторға белгілі пайда мелшерін қамтамасыз ету қажет».
АҚШ-да 12 мыңға жуық өнеркәсіп тауарларымен айналысатын Дистрибьюторлар бар, ал олардың айналымы 20 млрд.доллардан асады.
Бөлшек сауда — бұл тұтынушыға тікелей көтерме саудагерлердің тауарды сатуы.
Сауданың ен маңызды объектілеріне аз ассортиментті арнайы магазиндер (мысалы. Ерлер киімі дүкені және т.б.), сондай-ақ универсам, универмаг, кең профилді универсамдар жатады. Соңғы аталған объекті калыпты универсамның сауда көлемі мөлшерінең асып түседі және сатып алушыларды тамақ өнімдерімен толық қанағаттандыруға арналады.
Сонымен қатар сауда кешендері (олар Еуропада кең тараған) бар, олар оздеріне универсам мен бөлшек қойма-магазиндерің ендіреді.
Бөлшек сауда саласында магазиннен басқа әртүрлі қызмет көрсететін бөлшек кәсіпорындар да жатады: клуб, мейманхана асхана, шаштараз, киім тазарту мекемесі және т.б.
Тауарлардың өткізілу қабілеттілігі адамдардың аз немесе көп, уакыттық және көлемдік шекарасымен шектелетінін біз жоғарыда оқып білдік.
Тауар дегеніміз айырбасқа арналған экономикалық игілік, бірақ қалай болғанда да айырбас үшін жасалмаған. Тауардың иесі оны айырбастағысы келеді, бірақ кез келген бағаға емес. Сағат дүкенінің иесі барлық тауарының бір данасын бір талерден, ал тері сатушының барлық терісін өте арзанға сатып жіберуге мүмкіндігі бар. Бұған қарамастан, бұл екі көпес тауарлардың өткізілімі жоқтығына шағым айта алады: олардың тауарлары, жоғарыда айтылғандай, сатылу үшін өндірілген, бірақ кез келген бағамен емес, тек экономикалық ережеге сай бағамен сатылуы керек.
Баға осы бәсекелестік қатынастың нөтижесін көрсетеді. Егер осы тауарға қажеттілігі бар адамдардың бөлігі бәсекелестіктен шеттетілетін болса, онда баға жалпы шаруашылық жағдайға сәйкес деңгейінен төмендейді; егер осы жағдай ұсыным жасаушы бәсекелестер жағынан болса, онда тауардың бағасы көрсетілген деңгейден жоғарылайды.
Егер қайсыбір тауарға бәсекелестік бір себептен реттелмеген болса, онда меншік иелері оны экономикаға сай емес бағамен сатып жіберуі мүмкін деген қауіп бар, ал басқа тауардың иелері үшін ешқандай мұндай қауіп жоқ, болса да шамалы болады, мұндай жағдай, әрине, біздің тауарлардың өткізілуге деген қабілеттілігінің айырмашылығын шарттастырады: біріншілері еш қиындықсыз өз міндеттерін атқарады, ал басқалары — көбінесе экономикалық құрбандыққа бару шартымен ғана атқарады, ал кейде, тіпті оны да істемейді.