Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Августа 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.

Содержимое работы - 1 файл

Инновация каз.doc

— 520.50 Кб (Скачать файл)

Нанотехнологияларды қолданудағы  келесі бір болжамдық бағыттарға мыналарды жатқызуға болады [50]:

энергияны тұтынуды және микропроцессорлық құрылғылардың  құнын төмендетумен байланысты болуы мүмкін, бұл, әрине, компьютерлердің өнімділігін миллион есе арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз;

қазіргі таңдағы есептеуіш  техникалардың ең керемет деген  үлгілерінен де өзінің сипаттары  бойынша асып түсетін нейрокомпьютерлердің пайда болуы;

байланыстың жоғары жиілікті құрылымдарының пайда болуы;

ақпараттарды сақтау құрылымдарының массалық өндірісі;

өте үлкен көлемдегі  мәліметтерді кішігірім сыйымдылық пен салмақта әрі энергияны аз көлемде тұтыну негізінде жинақтау, өңдеу және тасымалдау үшін наносенсорлық  жүйелердің пайда болуы;

жоғары өнімді компьютерлер көмегімен басқарылатын жаңа пилотсыз көлік пен әскери техника құралдарының пайда болуы;

өнеркәсіптің әртүрлі  салалары мен көліктегі зиянды тастамдарды (өндірістің зиянды қалдықтарын, соның  ішінде өңделген ядролық отынды жоятын роботтарды ойлап табу) төмендету үшін нанотехнологиялардың қолданылуы.

Жалпы мамандар бұдан  да басқа нанотехнологиялардың ауыл шаруашылығында, қоршаған ортаны қорғауда және т.с.с. көптеген қолданылуға келешегі зор бағыттарына да ерекше  көңіл бөлуде.

Альтернативті энергия. Халықаралық энергетикалық агенттігі эксперттерінің болжамы бойынша, энергияның қайта қалпына келетін көздерін қолдану (гидроэлектр станцияларын есепке алмағанда) алдыңғы 30 жылда энергияның басқа бірінші ретті көздеріне қарағанда жылдамырақ өседі: орташа есеппен алғанда жылына 3,3%–ға өседі. Әсіресе, жел және биомасса энергиясының қолданылуы экономикалық қызметтестік және даму ұйымына кіруші индустриялы дамушы елдерде жоғары қарқынмен өседі.

Бір қатар елдерде  сутекті энергетиканың дамуы бойынша ауқымды ұлттық бағдарламалар басталған болатын. Қазіргі таңда сутекті энергетиканың дамуы бойынша жұмыстарды әлемнің барлық алдыңғы қатарлы индустриялық елдері, соның ішінде Еуроодақ елдері, АҚШ, Канада, Жапония және жаңа индустриялық елдері жүргізуде.

Экономика дамуында технологиялар  маңызының артуы ұйымдар мен  кәсіпорындар тиімділігіне жаңаша көзқараспен  қарауды талап етеді.

Осы тұрғыда дәйектердің  басым көпшілігі  ірі компаниялардың пайдасына шешіле бермейді. Қазіргі  кезде капитал және ақпарат сияқты ресурстардың өзі орта және шағын фирмаларға қол жетімді болған. Ірі корпорациялардың жетістігі ретінде мыналарды атап өтуімізге  болады: масштаб экономиясы,  ҒЗТКЖ–ын қарқынды түрде жүргізу қабілеті, өндірісті диверсификациялау, пайданы максимизациялау, халықаралық жобаларды басқару. Дегенмен де, олар жаңа технологиялар саласында жаңа идеяларды дер кезінде дайындауға жеткілікті деңгейде икемді әрі шапшаң емес. Жалпы, массалық өндіріске негізделген ірі корпорация механизмі технологиялық жаңалықтарды тез игерудегі өте бір дұрыс таңдалған жол болып табылмайды, ал өндіріс және капитал концентрациясының объективті үрдісі ғылыми–техникалық прогресске кәдімгідей кедергі туындатады. Ірі корпорациялар құрылымы жаңалықтарды енгізу ізденісіне бейімделмеген, ал көп жағдайда олардың өндіріске енгізілуіне де бейімділігі өте баяу.

Бөлімдердің іріленуі бюрократизацияның  күшеюі және шешім қабылдау үрдісінің  бәсеңдеуіне ықпал етеді. Корпорация неғұрлым ірі болған сайын, соғұрлым оның «алғашқы технологиялық жарып өткіштер» сипаты жоғала беретіндігі сөзсіз. Мысалы, General Electric  корпорациясы кезінде компьютерлік революцияның басталып кеткендігін байқамай да қалған.   

Бұл тұрғыда технологиялық  дамуда жеке ғалымдар, ойлап тапқыштар  және ұсақ инновациялық компаниялардың рөлі ерекше болып қала бермек, әсіресе, идеяның туындау кезеңі мен оның тұжырымдалуында орны ерекше. Шағын фирма бизнесті ұйымдастырудың мобильді түрі бола отырып жаңа идеялардың генератор рөлін атқарады, өйткені бұл идеялар беделділік пен өкілеттілік орын алатын,  технологияның меңгерілуі анықталмағандық пен тәуекелділіктің өте жоғары деңгейімен байланысты ғылыми–зерттеу ұжымдарында туындай алмайды.

Дегенмен де, қазіргі  заманғы өнеркәсіптік өндіріске  өнеркәсіптік технологияны жасап шығару немесе жаңа өнімді енгізу үшін өнеркәсіптік зертханалар, конструкторлық бюролар, технологиялық бөлімшелер қажет. Осыған байланысты дәстүрлі емес идеяларды ұсынушы жеке ойлап тапқыштар, осы идеяларды тәжірибелік қолдану кезеңіне дейін жеткізуші ұсақ және орта инновациялық компаниялар мен жаңа технологияның массалық өндірісте қолданылуын қамтамасыз ететін ірі корпорациялар арасындағы еңбек бөлінісінің маңызы тереңдей түсуде. Технологияның құрылу үрдісі мен оны меңгерудің әлдеқайда кең тараған сызбасы 1.4 - суретте көрсетілген.

Ұсақ инновациялық компаниялар  көбінесе ұсынысты қазіргі заманғы  технологиялар нарығында анықтайды. Тәуелсіз ойлап табушы немесе ұсақ бизнес үшін өз өнімін өткізудің ең көп тараған әдісі ретінде өндірісте жаңалықты игеруге мүдделі өнеркәсіптік компанияға жаңа ойлап табылған өнімді сату болып табылады.

Осылайша технологиялық  бизнес құрылымы бір жағынан жаңа техникалық идеяларды ұсынушы және өздерінің ғылыми–техникалық нәтижелерін сатуға ұмтылушы ұсақ инновациялық фирмалар мен жеке ойлап тапқыштардың көптеген санымен сипатталса, екінші жағынынан осы ұсынылған жаңа идеялар мен өнімдердің ішінен өздерінің өндірісіне ең тиімдісін патенттер мен лицензиялар, шағын фирмалармен мердігерлік келісім-шартқа отыру, сол технологияны меңгеретін маманды жалдау немесе кәсіпорынды сатып алу сияқты жолдар арқылы ие болуға дайын көптеген ірі өнеркәсіптік компаниялармен сипатталады. Бұл үрдісте делдал фирмалардың да маңызы зор. Брокерлер мен делдал фирмалар технологиялар саудасында 1960–1970–ші жылдары пайда болды. Олардың келуі ғылыми зерттеулердің үнемі кеңеюі шартында ғылыми–техникалық жетістіктерді құрушылар мен олардың өндірісте қолданылу мүмкіндігі арасында едәуір алшақтық  байқалған ғылыми білімдердің қайта өндірісі проблемаларымен байланысты болды. Нәтижесінде әлеуетті пайдалы технологиялардың едәуір көп бөлігінің қолданыс таппай отырған себебі  тек экономикалық тиімсіздіктен  ғана емес, көбінесе  әлеуетті тұтынушылардың олардың бар екендігінен бейхабар болуы маңызды себеп болып табылады. Бұл орайда делдал фирмалар барлық технологияларға (бұрыннан бар және жаңадан шығарылған)  байланысты мәліметтер базасын құрайды, қандай да бір технология түрін сату/сатып алуға мүдделі серіктестерді іздестіру проблемасын шешуге көмектеседі, компьютерлік байланыс арқылы сатушы мен сатып алушының әңгімелесуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

 


 


 

 

 

 

 

 


 

             


 

                                                              


 

 

 

 

 

 

Сурет 1.4 – Технологияның құрылу және  меңгерілу үрдісі

 

Делдал фирмалар дамыған  технологиялық нарықтардың қажетті  атрибуты болып табылады. Олардың мәні келесі атқаратын жұмыстармен сипатталады:

ғылыми–техникалық айырбасқа қызмет ету;

экономикадағы жаңалықтардың  енгізілуінің таралу жылдамдығының  жоғарылауына ықпал етеді;

ҒЗТКЖ–на кеткен капитал  құйылымдары қайтарым мөлшерінің ұлғаюына ықпал етеді.

Делдал фирмалармен  қатар  жаңа технологиялардың таралуына  ықпал етуші элементтерге барынша  мүмкінді жәрмеңкелер көрмесін өткізу тәжірибесінің кеңеюі жатады, мұндай жәрмеңкелерде  құрастырушылар мен ұсақ инновациялық бизнес ғылымның әртүрлі салаларында өздерінің жетістіктерін паш ете алады.

Ғылым мен ғылыми саясаттың  мақсаты – елімізді инновациялық-индустриалық тұрғыдан қарқынды дамытумен бірге ғылымды жаңа үлгіде дамыту күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналып отыр.    

Соңғы 5 жылда ғылымға  бөлінген шығыс 3,5 есе өскен. Ғылыми–технологиялық даму басымдықтары анықталынған, Ғылымды дамытудың 2007–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Оны орындау барысында нанотехнология және биотехнология жөніндегі 5 ірі ұлттық зертхана құрылды. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының жанынан инженерлік мамандыққа бейімдейтін 15 зертхана құрылғандығы жөнінде мағлұмат берді. 
          Қазақстанның жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың басталуымен ғылыми саланы дамыту мәселесі негізгі мәнге ие болып отыр. Яғни, негізгі мақсат  – ғылымның дамуына жаңа қарқын беру, оның дамуы үшін дұрыс бағыттар беру және қазақстандық бизнестің  ғылыммен тығыз байланыста болуына ықпал ету қажет. 
         Еліміздің ғылыми инновациялық бағытта дамуын негізгі нысан етіп ұстау күн тәртібіне шығарылып жалпы, отандық ғылымды әлемдік деңгейде табиғи жолмен дамыту жөнінде нақты міндеттер алға қойылды. Сондай–ақ, ғылым сапасын заманауи талапқа сай арттыру қажеттігін назарға салып, әрбір ғылыми жұмыс ел дамуына, экономиканың өсуіне  өз үлесін қосуы керектігін, ғылыми–инновациялық жұмыстарға ерекше көңіл бөлу қажеттігі атап өтілді.

Қазір инновациялық саясат мыналарды талап етіп отыр. Ең бірінші адами ресурстардың  ғылыми–техникалық әлеуетін ғылым дамуының басым бағыттарына жұмылдыруды тездету, ғылым нәтижелерін осы заманғы өндірісте тиімді пайдалану. Ал ғылыми–технологиялық жаһанданудың негізгі бағыттары – мемлекетаралық ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін технологияларды игеру, технологиялық және әлеуметтік инновацияларды интеграциялайтын метатехнологияларды жасап шығару, әлемдік ғылыми–технологиялық дамуда халықаралық реттеу тетіктерін қалыптастыру, әр түрлі мемлекеттердің санаткерлік ресурстарын жинақтайтын интернет-технологиялар мен компанияларды дамыту және  трансұлттық корпарациялар мен мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жандандыру.  Кез–келген ұлы мақсат пен ауқымды ғылыми жоспарды жүзеге асыру  тетіктері дұрыс жасалмаса, еткен еңбек, төккен тер далаға кетеді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, технологиялық трансферт пен санаткерлік меншікті коммерциялаудың тиімді механизмдерінің бірі технопарктер болып табылады. Технопарктердің қызметі ғалымдардың, өнертапқыштардың, жаңашылдардың, инженерлердің жаңа идеяларды игеру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталады.

Елімізде мазмұнды инновациялық  ғылыми–техникалық жобалар жетерлік.  Мәселен, «Қазақстанда сирекметаллды саланың дамуын ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» инновациялық жобасы үлкен қызығушылық тудырды. Қазақстан қазіргі техникада көп қолданыс табатын, олардың өндірісін өзекті және жоғары рентабельді ететін сирек металдың үлкен қорына ие. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанда сирек металдар мен сирек жер элементтері жылына 150 млн. АҚШ долларына өндіріліп, мың жарымнан астам адамды жұмыспен қамтуға болады. "Жылына 500 мың тонна қуатпен ферросиликоалюминий өндіру бойынша ферроқорытпалы зауыттың құрылысы" (Индустрия және сауда министрлігі «Ұлттық Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу бойынша орталығы» РМК) жобасын орындау нәтижесінде еліміздің  ғалымдары әзірлеген технология бойынша ферросиликоалюминий және «Қазақстандық» отандық кешенді қорытпалар өндірілетін болады. Үлкен мультипликациялық әсерге ие «Қазақстанда күн энергиясы кластерін жасау» инновациялық жобасы, сондай-ақ,  биотехнология саласында «Диагностика, алдын алу және 2010–2012 жылдарға арналған тұмау терапиясы амалдарын әзірлеу, мониторинг жүргізу, зерттеу», 2010–2012 жылдарға арналған «Жылқы тұмауына: эпизоотологиялық бақылау жүргізу, ерекше алдын алу амалдарын және диагностикасын өндеу», 2010–2012 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін ғылыми–техникалық қамтамасыз ету» және нанотехнология бағыты бойынша 2010–2012 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында наноғылым және нанотехнологияны дамыту», ақпараттандыру бағыты бойынша – 2010–2012 жылдарға арналған  «Қазақстан Республикасында микроэлектрониканың ақпараттандыру–технологиялық базасын және робототехникасын құру»  инновациялық жобалары  өзекті болып табылады. 
Бұл ғылыми–техникалық бағдарламалар елдің ғылыми–технологиялық дамуының басым бағыттарына сәйкес келеді.

Келешекте  шетелдің технологиясына тәуелді болмай, ендігі жерде одан құтылудың жолын қарастыру керектігі, өзіміздің отандық өндірісімізді жүйелі дамыта отырып, жаңа технологияларға қол жеткізудің қажеттілігі туындайды, мұндай кезеңдерден Финляндия, Оңтүстік Корея, Норвегия мемлекеттері қысқа мерзімде шыққан болатын.

Инновацияны дамытудың әлемдік тәжірибесіне сүйенсек, қандай да болсын мемлекеттердің қол жеткізген табыстары ғылым мен техникада жатқандығын көреміз. Мәселен, Америка мен Ұлыбритания жалпы ұлттық қаржының 12–14 пайызын ғылымның дамуына бөледі. Ал Франция мен Жапонияда бұл көрсеткіш 16–17 пайызды құрайды. Сондықтан да АҚШ, Германия, Жапония мен Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары әлемдегі аса ірі ғылыми орталықтар болып табылады [46, 52].

Ал, 2008 жылы еңбек өнімділігі бір  адамға 1 мың доллар көлеміне шаққанда Францияда 110,5 пайызды, Финландияда 108,3 пайызды құрады, бұл көрсеткіш Қазақстанда небәрі 16,8 пайызды құрайды. Басқа мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның экономикалық даму мүмкідігі мол. Мемлекеттің 2020 жылы шет елдерге 7,8 миллиард доллар инжинирингтік  қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, мұнай мен газ өндіру, энергетика және металлургияны, тау–кен өндірісін, ауылшаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамыту арқылы экономиканы тұрақты  етуге болады. Қазақстан Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан нарығында машинаға қажетті материалдар сатуға мүмкіндігі жетерлік.

Индустриаландыру бағытында жетістіктеріміз  бар екендігін айтып кету қажет. Қазақстан қазірдің өзінде мәшине жасау, металлургия, мұнай өңдеу, фармацевтика және химия саласына жалпы құны 30 миллиард доллар болатын 25 индустрияалық жобаны іріктеп алып отыр. Бұл жоба жүзеге асса, ол ел экономикасына 35 миллиард көһлемінде тиімділік береді. Бұл жерде мемлекет үшін индустриалық саясат туралы заң ауадай қажет.

Әлемдік қаржы дағдарысы  жағдайында экономиканы көтеруге қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновациялардың дамуы негіз бола алады. Инновациялық процесс идеяның пайда болуынан оның нақты жүзеге асырылуына дейінгі циклді қамтиды.  Ғылымның өндірістен алшақтауы – елдегі инновациялық индустрияның жеткіліксіз дамуының негізгі себебі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы  Жарлығымен бекітілген  2003–2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық–инновациялық даму стратегиясы мен серпінді жобалардың іске асу табыстығын анықтайтын қазіргі индустриялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін мемлекеттік  жеке меншік серіктестік негізіндегі мүмкіндіктерді  белсенді пайдалануды көздейді [17-20]. 

Елде ғылыми зерттеулердің  нақты іске асуын қамтамасыз ететін басымдылық, ынталылық, тәуекелдік зерттеулердің және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың дамуына қолдау жасау мақсатында “Ғылым қоры” акционерлік қоғамы құрылған болатын. “Ғылым қоры” “Парасат” ұлттық ғылыми–технологиялық холдингі” АҚ–тың еншілес компаниясы болып табылады, оның міндеті Қазақстанның тұрақты ғылыми–технологиялық және әлеуметтік–экономикалық дамуы үшін қажетті ғылыми әзірлемелер мен жобаларды іріктеп, оларды коммерциялауға, тікелей өндіріске енгізуге қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.  Сонымен, “Парасат” холдингінің қызметі Қазақстан экономикасына озық ғылыми–технологиялық әзірлемелерді енгізу үшін қажетті жағдайлар жасау, серпінді ғылыми және инвестициялық жобалар құруға бағытталған.

Информация о работе Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы