Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Августа 2013 в 18:44, реферат
Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.
Қазіргі кезде əлемнің көптеген елдерінде мемлекет инновациялық қызметке құқықтық, ұйымдастырушылық жəне қаржылық жағынан көмек көрсетуде. Бұл елдердің ішінде Қазақстан да бар. Мемлекеттік инновациялық саясатты ҚР Үкіметі əзірлейді жəне жүзеге асырады.
Стратегияны icкe асыру оны өнеркәсіптік өндірісті инновациялык, даму талабына сай барабар әрекет ететін жоғарғы білікті кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге тікелей тәуелді. Бұл ғылыми, инженерлік-техникалық, ғaлым-кoнcтpyктop мамандарға да, ұйымдастыру-басқару мамандарына (менеджерлерге) да бірдей қатысты болады.
Бұл міндетті шешу үшін өнеркәсіпті қарқынды дамыту және жоғарғы технологиялар жaғдaйындaғы жұмыска қажетті түрлі кәсіптердің мамандарын даярлаудың арнаулы стратегиясы әзірленеді.
Стратегияда тікелей қозғалатын баска да маңызды әлеуметік-экономикалық проблема жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады. Қocылған құны жoғapы өңдеуші өнеркәсіп салала-рын жеделдете дамыту, бip жағынан жұмыспен қамтудың өсуіне және жұмыс күшінің салааралық қайта айналуына алып келеді, ал екінші жағынан инновациялық даму жекеленген салаларда, әcipece біліктілігі төмен жұмысшыларды жұмыспен қамтудың төмендеуіне әкеп соғады.
Cоңғы проблема жумыс
күшінің салааралык, қайта айналуы
мен өңіраралық ауысуы, оны жұмылдыруды
арттыру есебінен жеңілдейтін
болады. Бұл кадрларды, оның ішіндe
жұмысшы мамандарын кәсіби
Бүгінде Қазақстанның еңбек және жұмыспен қамту рыногына Қазақстанда жұмыс iстейтін шетел компанияларындағы шетел мамандары мен жұмысшыларының ағылып келуі айтарлықтай салмақ түcipiп отыр.
Компанияларда мынадай таңдау мүмкіндіктері бар:
- Қазақстан Республикасының
Yкіметі белгілеген квота
- сондай біліктілігі
бар жергілікті кадрларды,
Стратегияны icкe асырудың
eкiншi кезеңінде Казақстан
Сапалы адам капиталының
болуы индустриялық-
Білім беру секторы барлық елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты «отты нүктелердің» бipi болып отыр.
Faлaмдaнy жaғдайында
экономикасы дамыған елдер
«Ақыл-ойдың сыртқа кетуі» бұрынғы коммунистік елдердің экономикасын дамытуды баяулататын басты фактордың бipi болды. Бұл ахуалды тұрақтандырмай әрi елдегі білім берудің жалпы деңгейін кетермей, Қазақстан әлемде лайықты орын ала алмайды.
Қaзipri жaғдaйдa экономикалық
өсу ғылыми-тexникaлық
Қазақстандағы білім беру жүйесі ырғақты дамитын ғaлaмдaнy мен ақпараттанудың қарқынды әлемдік процестеріне барабар әрекет етуге қабілітті болуы тиіс. Білім бepyді реформалау және еңбек ресурстарын дайындау caлacындaғы нақты мемлекеттік саясат кәсіптік техникалық білім беру және инновациялық менеджмент бөлігінде де қажет.
Осы саладағы жұмысты жүйелеу дамыған елдердің тәжірибесін жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас негізінде жүзеге асырылатын болады. Кейбір елдерде, мысалы Германияда бизнестің барлық субъектілері жұмыс күшіне сұранысқа сәйкес жұмысшы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ететін ұйымдардың мүшелері бoлyғa міндетті. Мұндай ұйымдардың әр мүшесі өзінің жарнасын төлеуі тиіс әpi өзіне қажет жұмысшы кадрлардың кәсіптеріне өтінім бере алады.
Шетелдік тәжірибе керсеткендей, инновациялық қызмет аспирантура мен докторантурада толықтырылған барабар жоғары білімді талап етеді.
Білім беру процесін реформалау өтпелі және кәсіптік кадрларды даярлаудың барлық деңгейі мен бағытын қамтуы тиіс.
Білім беру мен кәсіби мамандарды даярлау саласындағы мемлекеттік саясат мына мімдеттерді шешуі тиіс:
білім беруді дамыту басымдықтарының бipi ретінде инновациялық қызмет үшін кадрлар даярлауды айқындау;
мемлекеттің және жеке сектордың қатысуымен жұмысшы және техникалық мамандықтардық мамандарын кәсіптік даярлау, аттестаттау және қайта даярлау мәселелерімен айналысатын институттарды құру;
білім берудің барлық түрлерінің материалдық-техникалық және әдістемелік базасын ұлғайту;
халықаралық стандарттаға сай келетін білім беру стандарттарын әзірлеу мен енгізу;
құрылатын жаңа өндірістер мен басқалары үшін жoғapғы білікті мамандарды Қазақстанда құрылатын жаңа өндірістеріндегі жұмыс үшін даярлау және тарту саласындағы халықаралык, ынтымақтастық;
жoғapы технологиялы өндірістер саласында кадрларды даярлау үшін жаңа жoғapы оқу орындарын (халықаралық тәжірибе негізінде) құру немесе жұмыс icтеп тұрған жоғары оқу орындарын мамандандырылған институттарға (университеттерге) қайта бейімдеу;
республикада инновациялық қызметті дамыту үщін: инновациялық жобалардың менеджерлері мен сарапшылары; халықаралық маркетинг пен патент құқығы, инновациялық жобалардың ықтимал тәуекелін бaғaлay және оны азайту тәсілдері бойынша, венчурлік қаржыландыруды ұйымдастыру және басқалары бойынша мамандарды қажетті мамандықтар бойынша даярлау.
Халықтың денсаулық жағдайы кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық мәдени және индустриялық даму деңгейін айқындайды.
Денсаулық сақтау саласы халықтың әл-ауқатының тұрлаулы да тұрақты өсу тұрғысынан елдегі негізгі және басым сала болып табылады.
Стратегия аясында денсаулық сақтау саласының негізгі міндеті өзіндік ғылыми және инновациялық әлеуетті құру және дамыту болып айқындалады.
Осыған орай деңгейлерге жету жаңа және қол жеткен деңгейлерді бекемдеу үшін отандық және әлемдік тәжірибені ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін cepпіндi дамыту үшін жағдай жасау қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат оның мемлекеттік медициналық -әлеуметтік және құқықтық қолдау кешенді шараларын әзірлеу мен жүзеге асыру денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты дәстүрлі бағыттармен қатар, денсаулық сақтау халықтың медициналық көмекке кол жеткізуін арттыра түсетін, ресурстарды сақтайтын, экономикалық тиімді әдістерге баса назар аудара отырып, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасын қолдануды қоса алғанда, қазіргі зaмaнғы медициналық технологияны енгізуге бағдарланатын болады.
Денсаулық сақтау саласын
дамытудың басқа бағыттары мына
денсаулық сақтаудьң қызметтерінің бәсекеге қабілетін арттыру, отандық ғылыми зерттеулерінің негізінде дәрі-дәрмектер өндірісі дамуының басымдығын қамтамасыз ету;
жаңа дәрі-дәрмектер, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мен емдеудің отандық әзірлемелеріне қолдау керсету;
денсаулық сақтауда қaзipгi заманғы ақпараттық және инновациялық технологияларды дамыту;
денсаулық сақтау саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты
Қазақстандағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың келесі бағыттары бар:
ұйымдастырушылық жəне экономикалық шарттарын құру, соның
ішінде мемлекеттік инновациялық қызметті ынталандыру;
инновациялық дамудың негізгі басымдықтарын анықтау;
инновациялық инфрақұрылымды құру жəне дамыту;
инновацияларды құру мен енгізуде мемлекеттің қатысуы;
сыртқы нарықтарға отандық инновацияларды шығару мен өткізу;
технологиялар трансфертін қоса алғанда, инновациялық қызмет сферасында халықаралық қарым-қатынасты орнату.
Мемлекет қолдауымен ҚР-да ұлттық инновациялық жүйенің белсенді құрылуы байқалып отыр. Оның құрамды элементтері:
ғылыми əлеует;
инновациялық кəсіпкерлік;
инновациялық жəне қаржылық инфрақұрылым.
ҚР Үкіметінің 6 қазан 2003 жылдағы №1027 «ҚР Үкіметінің 20 қаңтар 2003 жылғы №54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сəйкес сауда жəне индустрия Министрлігі инновациялық қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уəкілетті орган болып белгіленді. Мемлекеттің инновациялық дамуын тиімді басқару үшін уəкілетті органдар, яғни инновациялық қызметті дамыту мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Сауда жəне индустрия министрлігі жəне ғылым мен ғылыми–техникалық қызметті жүзеге асыратын Білім жəне ғылым министрлігі бірігіп, келесі функцияларды жүзеге асыруда [8-11]:
мемлекет экономикасының инновациялық дамуын ғылыми–техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін ғылымның басымды бағыттарын анықтау, ғылыми–техникалық өнім нарығын құру, іргелі жəне қолданбалы ҒЗТКЖ–ды қаржыландыратын бюджеттік бағдарламаларға бақылау орнату;
басқару, ғылыми, инженерлік, кəсіптік дайындау мен біліктілігін көтеретін орта жəне жоғары оқу орындарын қоса алғанда, инновациялық қызмет үшін кадрларды дайындау жəне біліктілігін көтеру жүйесін құру;
инновациялық өнімді өндіретін кəсіпорындар, инновациялық кəсіпорындар мен өндірістерді құруға көмектесетін мекемелер, технологиялық парктер, бизнес – инкубаторлар, арнайы конструкторлық
технологиялық бюролар жəне тағы басқа инфрақұрылым субъектілерін тізбектеп құру;
отандық жоғары технологиялық өнімдерді ішкі жəне сыртқы нарықтарға шығару жүйесін құру жəне осындай өнімдерді өндіруші кəсіпорындар үшін жеңілдіктер мен жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар туғызу;
инновациялық жобалар мен
Қазақстанда экономикалық қызмет субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыру үшін заңдық жəне нормативтік-құқықтық негізі құрылған жəне жетілдіріліп келеді.
Республикамызда Индустриялық – инновациялық даму стратегиясын іске асыру үшін даму институттары құрылды. Олар «Қазына» тұрақты даму қоры құрамына кіреді. Оған «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ, «Орта кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Маркетингтік–талдамалық зерттеу орталығы» АҚ, «Экспортты жəне инвестицияларды сақтандыру жөнідегі мемлекеттік сақтандыру ұйымы» АҚ, «Шағын кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚазИнвест», «Қазқстанның ипотекалық компаниясы», «Өмірді сақтандыру жөніндегі компания» сынды даму институттары кіреді. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ы, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ–ы сияқты даму институттары алғашқы тұрақтану кезеңінен өтіп, инновациялық жобаларды кешенді қолдау тəртібіне көшті.
2006 жылдың 1 шілдесіне «Қазақстан даму Банкі» АҚ–на жалпы сомасы 10756,6 млн АҚШ долларын құрайтын жобалар (324) мен экспорттық операцияларды (87) қаржыландыруға 411 өтініш түсті. Бұл соманың 6086,6 млн АҚШ долларын Қазақстан даму банкі қаржыландырады.Келіп түскен өтініштердің 289-ы (72,5%–ы) қарастырылмай қалды, оның ішінде инвестициялық жобалар-263, экспорттық операциялар – 35. Қарастырмаудың негізгі себептері – жобалардың банкпен бекітілген несиелік саясат туралы меморандум талаптарына сай келмеуі, қажетті қаражатпен қамтамасыз етілмеуі, қарыз алушылардың қаржылық жағдайының төмен болуы. Жыл басынан банкпен қарастырылған өтініштердің ішінен жалпы сомасы 1970,2 млн долларын құрайтын 84 инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар таңдап алынды. Банктің қатысу үлесі – 807,7 млн АҚШ доллары. Нəтижесінде банкпен қаржыландырылған жобалардың ішінен келесі объектілерде жұмыстар іске асырыла бастады:
Кентау қаласындағы
реновация мен жүйелік
өндіріс;
Шымкент қаласындағы мақта талшықтарынан тоқыма жасау өндірісі;
Ақтөбе қаласындағы полиэфирлік шыны талшығынан құбыр жасау зауыты;
Астана қаласындағы
пластикалық шаныдан құбыр
2006 жылдың 1 шілдесіне банктің ссудалық портфелі 389,9 млн АҚШ долларын құрады жəне 2006 жылдың басынан 37,7 млн долларға ұлғайды. Ссудалық портфель құрамында инновациялық жобаларды жүзеге асыруға берілген несиелер көлемі (80,4%) басым келеді, яғни бұл банк қызметінің инновациялық бағытталуын көрсетеді.
Несиені ұйымдастыру үшін екінші деңгейлі банктер кепілдіктері негізіндегі кəсіпорындардың жоғары ликвидті активтері, ақшалай қаражаттары, жылжитын жəне жылжымайтын мүліктері кепілдеме негізінде қабылданады. Банк өз қызметін жүргізудің басынан қатысу үлесі 581 млн АҚШ долларын құрайтын жалпы сомасы 1466,6 млн АҚШ доллары болып келетін 40 инвестициялық жобаны қаржыландырды. 2005 жылдың 25 маусымында ҚР Үкіметімен қабылданған №633 қаулысындағы 7 кластердің 6–ын (металлургия, транспорттық логистика, текстильді жəне тағам өндірісі, мұнай–газ машиналарын жасау, құрылыс материалдар өндірісі) банк қаржыландырып отыр. 2006 жылдың 1 шілдесіне «Ұлттық инновациялық қор» АҚ–на жалпы сомасы 9,8 млрд долларды құрайтын инвестициялық жобалар жөніндегі 362 ұсыныс келіп түсті.Олардың 98–і құрылыс материалдар өндірісімен (жалпы сомасы 1,8 млрд доллар), ал 66–сы тамақ өндірісі мен ауылшаруашылық шикізатты өңдеумен (жалпы сомасы 788,75 млн. доллар) байланысты болып келеді.
Информация о работе Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы