Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Августа 2013 в 18:44, реферат
Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.
өңірдегі университеттер мен басқа ЖОО-лардың инновациялық жобаларды және оқу бағдарламаларын дайындау, инновациялық технологиялар, машина және құрал-жабдық жүйелері бойынша оқулықтар мен монографияларды жарыққа шығару, жаңа мамандықтар мен келешекті ғылыми–инновациялық бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар дайындау ісінде олардың біріккен қызметтерін жүзеге асыратын өңірдің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен ынтымақтастық жасасу.
Инновациялық практика
(кең мағынасында ғылымды
Сонымен, біздің еліміздегі инновациялық экономиканың қалыптасуы және дамуы туралы көзқарасымызды қорытындылай отырып, келесі үш сұраққа қысқаша жауап беруге тырысамыз:
1. Қазақстанда таяу
кезеңде инновациялық
2. Қойылған стратегиялық
мақсатқа қол жеткізуді қандай
ресурспен қамтамасыз ету
3. Стратегиялық мақсатқа
қол жеткізуді межеленген ресур
Отандық өндірістер мен аумақтарды олардың әлемдегі бәсекеге қабілеттілік деңгейіне дейін кешенді дамыту таяу жылдардағы біздің еліміздегі инновациялық экономиканы қалыптастыру мен инновациялық қызметті дамытудың стратегиялық мақсаты болуы тиіс.
Жоғары мектеп қойылған мақсатқа қол жеткізуі үшін негізгі ресурс болуы тиіс. Дамудың негізгі құрамдасы – кадрлық құрамдасты қамтамасыз ететін жоғары білім беру жүйесі тез арада инновациялық құрамдаспен толықтырылуы қажет. Жоғары білім беру жүйесі ел аумағы мен кәсіпорындарын қайта қалпына келтіру және дамыту жөніндегі жүйелі үйлестіруші қызметтерін атқара алады және атқаруы тиіс.
Стратегиялық мақсаттарға тиімді қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Жоғары мектебінің инфрақұрылымдары ЖОО оқу–ғылыми–инновациялық кешендер құратындай етіп, инновациялық–инвестициялық құрылымдармен (орталықтармен, кешендермен, компаниялармен, институттармен) толықтырылуы керек. Дәл осы жоғары білім беру жүйесі оның негізінде барлық өңірлер мен салаларда ғылым мен өндірісті жалғастырып тұратын көпірдің рөлін атқаруы тиіс қазақстандық инновациялық–инвестициялық желілерді қалыптастыру үшін келешегі мол болып табылады. Бұл отандық жоғары мектептің келесі ерекшеліктерімен түсіндіріледі:
жоғары мектептің барлық өңірлерге таралуымен;
жоғары мектептің жоғары ғылыми–техникалық әлеуетімен;
жоғары білім беру жүйесінің әмбебаптығымен, оның салааралық сипатымен;
Қазақстан ЖОО–ның ғылыми мектептері ел экономикасының барлық салаларын басып озады;
жоғары мектептің өз түлектері арқылы барлық өңірлік және салалық құрылымдармен өзара әрекет етуімен;
жоғары мектептің ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің бір жүйеге біріктірілген ғаламдық және жергілікті есептеу ақпараттық желілерін қосқанда, салыстырмалы түрде жоғары деңгейімен;
жоғары мектептің жоғары мектепке жұртшылықтың жоғары қолдау көрсетуімен; жоғары мектеп жүйесінің икемділігімен.
Ұсынылып отырған әдістің негізгі артықшылығы мынада: жоғары білімнің жүйесін осылай дамыту арқылы Қазақстанның жоғары оқу орындарының, академиялық және салалық ғылымдарының нәтижелерін, сондай-ақ әлемдік қауымдастық ғылымдарының алдыңғы қатарлы нәтижелерін инновациялық жобаларды жасауда, жүзеге асыруда және инновациялық қызметтерді дамытуда тиімді біріктіруге болады, ал бұл елде тиімді инновациялық экономиканы қалыптастырудың алғышарты болып табылады.
Информация о работе Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы