Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Августа 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.

Содержимое работы - 1 файл

Инновация каз.doc

— 520.50 Кб (Скачать файл)

2006 жылдың 1 шілдесінің мəліметтері  бойынша, қор жалпы жарғылық

капиталы 861,4 млн. АҚШ  долларын құрайтын 27 жобаны қаржыландырды. Қордың қатысу үлесі – 185,7 млн АҚШдоллары. 2006 жылдың 1 шілдесіне «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-на жалпы сомасы 73,7 млрд теңгені құрайтын 105 инновациялық жоба келіп түсті. Олардың 5-і бойынша жұмыс жасалуда. Бұлардың ішінен Алматы облысындағы герман технологиясымен керамзитті кірпіш өндіретін зауыт құрылысының жобасын ерекше атап өтуге болады. Қордың қатысу үлесі 166600 мың теңге немесе «Строитель» ЖШС жарғылық капиталының 49%-ын құрайды.  Жобаны іске асыру мерзімі – 5 жыл (2005–2009). Жобаның жаңалығы – герман технологиясы бойынша құрылыс материалдарын өндірудің трансферті, өйткені «Schlosser–Pfeiffer» зауыттары сапалы бетондық бұйымдарды өндіру үшін қажетті буындар, машиналар мен механизмдерін өндіреді. Сонымен қатар қор «Геоскан» жаңа заманғы əмбебапты каротажды тіркеуіштерді өндіруді ұйымдастыру жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – каротаждың берілген көрсеткіштерін тіркейтін, оның скважинада қажетті аспаптар топтамасымен бірге экспресс – өңделуі жəне Қазақстан мен шетелдегі геофизикалық кəсіпорындардың өндіріс жағдайларына бейімделуге көмектесетін «Геоскан» жаңа заманғы каротажды əмбебап тіркеуіштерді өндіріске енгізуді ұйымдастыру.

Сонымен қатар осы  жылы «Мониторлар мен теледидарлар өндірісі»; «GLOTUR DS Multimedia» АҚ–ның ғылыми–зерттеу лабараториясын құру жобасы бойынша міндеттемелерді қор өз қол астына алды. Жобаны іске асыру нəтижесінде тұрмыстық техниканы өндіру үшін база құрылады, технологиялар трансферті орындалып, RandP лабараториясын құру нəтижесінде кəсіпорынның технологиялық тəуелсіздігіне қол жетеді.

Қордың қатысу үлесі 40%,сонымен  қатар екі жеке компанияның (оның біреуі шетелдік) жалпы сомасы 604 млн теңгені құрайтын қаражаттары тартылмақ.

Қор 11 венчурлық қордың жарғылық капиталына қатысып отыр, олардың алтауы-отандық жəне бесеуі-шетелдік. Қор қатысуының жалпы үлесі 10,9 млрд теңгені құрайды.2006 жылдың 1 шілдесіндегі мəліметтер бойынша, қордың қатысуымен алты венчурлық қор құрылды, оларға жұмсалатын жалпы қаражат 13,9 млрд теңгені құрап отыр. Қордың қатысу үлесі – 6,8 млрд теңге немесе жоғарыда аталған соманың 49%–ды құрап отыр. Олар:

жеке инвесторлармен бірігіп, «Əрекет» жоғары технологиялар қорын

құрды. Жеке инвесторлар ішінде «Тұран Əлем Секьюритис» те бар. Қаржыландыруға бір жоба мақұлданды, төртеуі қарастырылуда;

«Lancaster Group» АҚ–мен біріге отырып ,«Адвант» венчурлық қорын

құрды. Қаржыландыруға  екі жоба мақұлданды;

«Сентрас Капитал» ЖШС–імен бірігіп, «Сентрас венчурлық қор» тəуекелді акционерлік инвестициялық қорын құрды. Қаржыландыруға он үш жоба мақұлданды, бесеуі қаржыландырылуда;

«Қазақстанның Халық жинақтау банкі» АҚ–мен біріге отырып, «Halyk Private Equity» АҚ–мын құрды;

«GLOTUR» АҚ–мен бірігіп, «GLOTUR Technology Fund» АҚ–мын құрды;

«ЦентрКредитБанкі» АҚ–мен біріге отырып, «АИФРИ Center Capital» АҚ–мын құрды.

Құрылған венчурлық қорларға 7,1 млрд теңгені құрайтын жеке капитал жұмылдырылған. Қордың басшылар кеңесімен АҚШ, Орталық Азия, Қытай, Азия тынық Мұхит аймағында орналасқан бес шетелдік венчурлық қорларға инвестициялар жасау жөнінде шешім қабылданды. Біріккен венчурлық қорларды құрудың мақсаты- əлемнің жетекші технологиялық компанияларымен бірге қарым-қатынас орнатып, білім, тəжірибе жəне технологиялармен алмасудың ашық жүйесін құру. Қор осындай компаниялармен жұмыс істей отырып, тек қана шетелдік инвесторлардың қаржысын тартып қана қоймай, жоғары технологиялы компаниялармен бірегей глобальді қатынас жүйесін құрады, Қазақстанның ғылымы мен техникасының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер алады. 2006 жылдың 1 шілдесіне «Ұлттық инновациялық қор» АҚ–ы келесі шетелдік венчурлық қорлардың акционері болып келеді:

1. «Wellington Partners Ventures ІІІ Technology Fund L.P»  Еуропалық технологиялық венчурлық  қоры (тіркелу орны - АҚШ, инвестициялардың географиясы- Германия, Еуропа), жарғылық капиталы 150 млн еуроны құрайды. Қордың қатысу сомасы – 7,7 млн. теңге. Қордың ірі серіктестері: European Investment Fund, Stichting Pensioenfonds vor de Gezondheid, Stichting Pensioenfonds ABP, The Wellcome Trust Ltd., Access Capital Technology жəне тағы басқалары.  2006 жылдың 1 шілдесіне   «Ұлттық инновациялық қор»  АҚ–мы «Wellington Partners Ventures ІІІ Technology Fund L.P» венчурлық қорына 2089297 еуро көлеміндегі міндеттемелері бойынша аударымдар жасады. «Wellington Partners Ventures ІІІ Technology Fund L.P»   венчурлық   қоры   7 компанияға жалпы сомасы 24,836 млн. еуроны құрайтын инвестицияларды жасады.

2. «Caset» шағын кəсіпкерлікті  қолдаудың Орталық-Азиялық қор  (тіркелу орны - АҚШ, инвестициялар  географиясы- Орталық Азия), жарғылық  қоры- 4,2 млн доллар. Қордың қатысу үлесі-2,058 млн доллар.

3. «Flagship Venture Fund 2004, L.P» венчурлық  қоры (тіркелу орны –АҚШ, инвестициялар географиясы – АҚШ-тың Шығыс жағалауы), жарғылық капиталы –180 млн доллар, қор қатысуы –10 млн доллар.

4. «JAIK-Mayban ASEAN Fund» (тіркелу  орны – Малайзия, инвестициялар географиясы – АСЕАН мемлекеттері) жарғылық қоры – 50 млн. доллар. Қордың қатысу үлесі – 5 млн. доллар.

5. «UOB STIC Asia Technology Fund» (тіркелу  орны – Сингапур, инвестициялар географиясы – Оңтүстік Корея, АҚШ, Азия) жарғылық капиталы  – 100–200 млн доллар.

2005 жылдың 19 қазанындағы  қордың Басшылар кеңесінің шешімімен патенттеу мен жоба гранттарын жеңіп алу  үшін қажетті құжаттар тізімі бекітілген. 2006 жылдың 1 шілдесіне қордың қарауына жалпы сомасы 3235 млн теңгені құрайтын 284 ҒЗТКЖ жобалары ұсынылған. Ал бөлінген гранттар сомасы – 2366 млн. теңгені құрады. Осының нəтижесінде қор 29 ҒЗТКЖ жобалары бойынша гранттық міндеттемелерді алды, оның ішіндегі қор үлесі 218,6 млн. теңгені құрайды. Осы жылдың І жартыжылдығында жалпы сомасы 21,3 млн.  теңгені құрайтын 3 жоба бойынша келісім–шарт жасалды.            Қор ҒЗТКЖ жобаларын келесі бағыттар бойынша қаржыландырады:

биотехнология  жəне фармацевтика – жалпы сомасы  89,9 млн. теңгені құрайтын 9 жоба;

ақпараттық  жəне коммуникациялық технологиялар – жалпы сомасы 41,1 млн. теңгені құрайтын 6 жоба;

жаңа материалдар мен  нанотехнологиялар – жалпы сомасы 11,6 млн теңгені құрайтын 2 жоба;

көмірсутектік технологиялар – жалпы сомасы 20,9 млн. теңгені құрайтын 3 жоба;

баламалы (альтернативная) энергетика – жалпы сомасы 17,2 млн. теңгені құрайтын 3 жоба;

басқа бағыттар бойынша(химия, машина жəне құралдарды жинау; құрылыс  материалдары) – жалпы сомасы 38 млн. теңгені құрайтын 6 жоба.

Қор Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетімен бірігіп, технологиялық бизнес–инкубатоларды қаржыландыра бастады, сонымен қатар «Алатау» ақпараттық технологиялар паркінің құрылысы жалғасуда. Қор өз міндеттерін тиімді жүзеге асыру үшін «Ақпараттық технологиялар паркін басқару жөніндегі Компания» ЖШС–ін құрды.

Осы бөлімді қорыта келе отандық жəне шетелдік тəжірибені ескере отырып, Қазақстандағы инновациялық қызметтің негізгі бағыттарын келесі кешендерде жүргізу тиімді болып  келеді:

отын   шикізаттық кешенде  – минералды шикізаттардың стратегиялық жəне тапшы түрлері  қорларының мониторингі  мен  іздестірудің əдістерін əзірлеу мен енгізу, оларды жер қойнауынан шығару мен өңдеу деңгейін  көтеру жəне тасымалдаудың жоғары сапалы жəне экологиялық қауіпсіз  жүйелерді құру;

электр энергетика кешенінде – экономикалық жағынан тиімді энергоқондырғыларды əзірлеу жəне жасап шығару;

транспорттық кешенде  тасымалдау машиналары паркін жаңарту  жəне дамыту, инфрақұрылымның модернизациясы, прогрессивтік технологияларды  қолдану жəне су, əуе, теміржол, автокөлік  машиналарының техникалық деңгейін көтеру;

химиялық жəне мұнай  химиясы өндірісінде  – шикізат пен энергияны үнемдейтін технологияларды қолданып, синтетикалық жəне композициондық өнімдерді өндіру, сонымен қатар экологиялық таза полимерлерді, химиялық талшықтарды, синтетикалық каучуктерді, тынайтқыштарды жəне тағы басқаларын өндіру;

микробиологиялық өндірісте  – ауылшаруашылық шикізатты өндіру мен өңдеудің биотехнологиялық процестерін қолдану, жаңа, бəсекеге қабілетті өнімдер технологиясын құру;

агроөндірістік кешенде – биотехнологияның жетістіктерін пайдалана отырып, ауылшаруашылық үрдістердің деңгейін көтеру,  ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын көтеретін технологияларды енгізу жəне т.б. [1].

 

1.3 Инновациялық экономиканың ғылыми–технологиялық әлеуеті

 

Ғылым өрісі бұрыннан дәстүрлі түрде мемлекеттік саясаттың қызу саласы болып есептелінген. Қазіргі жағдайда мемлекет бизнесті ең алдымен қажет ресурстардың бірі – білім және идеялармен қамтамасыз етуді – өз міндетіне алып отыр. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдерде ғылыми–техникалық саясат бірыңғай мақсат ретінде қаралады, және ол төменгідей салаларды қамтиды:

ғылыми идеялар мен  оларды жетілдіру.

инновациялық бизнес.

кең көлемде ғылымды  пайдалану.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік ғылыми–техникалық саясаттың мақсаттары болып төменгілер табылады:

ғылым мен техниканың республика экономикасының дамуына  қосатын үлесін арттыру;

материалды өндіріс  өрісін прогресті, алдыңғы қатарлы  өзгерістермен қамтамасыз ету;

жаңа өнімнің әлемдік  нарықта бәсекелестік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету;

республикамыздың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту;

экологиялық жағдайды дұрыстау;

қалыптасқан ғылыми–техникалық мектептерді сақтап қалу және оларды дамыту.

Мемлекет өз саясатының мақсаттарын анықтай отырып, ғылыми және инновациялық өрістегі осы саясатты жүзеге асыру механизмдеріне қажет қағидаларды да жасап шығарады.

Ғылыми зерттеулер мен  жасап шығарудың стратегиясы  мынадай түрлерге бөлінеді:

шабуылды бұл нарықтың жаңа облыстарына және нарықтық болашаққа  бағытталуымен сипатталады;

қорғанысты – нарыққа тек бәсекелестен кейін, оның нәтижесін талдап бағаланғаннан кейін шығу;

жұтымды – лицензиялау, басқа компаниялардан жаңалықтар ендіруді сатып алу;

нарықты қалыптастыру – жаңа өнім беретін жаңа технологияға негізделген нарықтың жаға түрін қалыптастыру;

қарақшылық – нарықтың көлемін едәуір азайтатын жаңалықтар ендіруді пайдалану;

мамандарды тарту – зерттеулер мен жасп дайындаудағы жоғарғы білімді мамандар тарту.

Жалпы ұйым стратегиясы 3 деңгейге бөлінеді:

Корпоративті – ұзақ мерзімді мақсаттарға және басымдылықтарды белгілеуге байланысты мәселелерді қамтиды;

бизнес-стратегия, бәсекелік мүмкіндік арттыру, басымдылықтарды белгілеу;

функционалды – жалпы стратегияны орындаудағы түрлі қызметтерге бөліп көрсеткендегі шешімдер.

Жаңалықты енгізуді стратегиялық таңдау төменгі критерийлер арқылы жүргізіледі: мақсатты, нарықтық, ғылыми–техникалық, қаржылық.

Жоспарланған инновациялық әрекетті ұйымдастырғанда одан пайда тауып, тиімділікке қол жеткізуге болады. Сол себепті де кез–келген қызметті ұтымды ұйымдастырғанның маңызы зор.

Жалпы алғанда инновацияны ұйымдастыру  көзделген мақсаттарға жетуде экономикалық, әлеуметтік, ғылыми–техникалық саладағы жеке тұлғалар мен ұйымдар тобының қызметін реттеу мен үйлестіруге болады. Басқа қызметтерге қарағанда инновациялық үрдістерде айқынсыздық, тәуекелдік қызметкерлер ынтасы мен шығармашылықты қолдану, жаңа идеяларды іздестіру сияқты көріністер кең етек алған. Инновацияларды ұйымдастыруға еңбек бөлінісі мен кооперация, қоғамдық даму мен табиғат заңдарына сүйену, алдыңғы қатарлы технологияларды кеңінен қолдану үлкен ықпал етеді. Инновациялық үрдістерді жүзеге асыру ақпараттық, ғылыми-ізденушілік, жобалау конструкторлық, басқарушылық қызметтерін бір салаға үйлестіре бағыттауды білдіреді.

Инновацияларды ұйымдастыру орындалу кезеңдері, ресурстар құрылымы, уақытылы орындалу мен тоқтатылуы, ұйымдастырушылық байланыстары бойынша топтауға болады. Бұл шарттық топтау аталған қызметтің дәйекті, бағытталған, шығындарды талап етуші, жан–жақтылық сипаттарда негізделеді. Инновациялық үрдістердің ерекшелігі болып ғылыми–зерттеу саласындағы бейресми байланыстар, шығармашылық ізденістер адамдардың ғылыми жинақталуларға сүйенулері болып табылады.

Ұйымдастыру нысандары ретінде  өзіндік құрылымы, қажетті ресурстар, басқару тетіктері мен технологиясы бар жекелеген кәсіпорындар мен арнаулы бөлімдер, олардың бірлестіктері инновация процесін жүргізеді. Ғылым мен техниканы дамыту тәжірибесінде, оларды өндіріспен байланыстыруға қатысты қызметтерде инновацияларды ұйымдастыру төмендегідей ерекшеленуі мүмкін:

жасалынатын инновация сипатына орай (жаңа техника, жаңа технология, жаңа материалдарды өндіру, экономикалық ұйымдастырушылық шешімдер және т.б.);

инновациялық процестің қамту  дәрежесіне орай (түбегейлі зерттеулер, қолданбалы ғылыми зерттеулер, тәжірибелік өндіріс т.б.);

қатысушылардың иерархиялық байланыстарына орай (тігінен, көлденнеңнен, араластыра еңбек бөлінісі);

ұйымдық нысандарға жіктеуге орай (мемлекеттік  ғылыми орталықтар, ғылыми кеңестер мен  қорлар, бірлестіктер, технопарктер, бизнес инкубаторлар, технополистер және т.б.).

Инновациялық үрдістерді ұйымдастыру «ғылым – өндіріс», «шығындар – нәтиже» байланыстарына, ірі өндірістің қуаттылығы мен шағын бизнестің икемділігіне негізделеді. Құрылымдық сипаты жағынан инновацияларды орындау сызықтық, функционалдық, бейімділік, икемділік қағидаларына сүйенеді. Сыртқы орта факторлары әсері мен ішкі байланыстар негізінде инновацияларды ұйымдастыру зерттеулер мен жасап шығарулардың мақсат бағыттарының өзгерісін, ғылыми–техникалық прогресс нәтижелерін мамандарға деген талаптардың жетілдіре түсуін жан- жақты ескереді.

Информация о работе Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы