Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Августа 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.

Содержимое работы - 1 файл

Инновация каз.doc

— 520.50 Кб (Скачать файл)

Елімізді индустрияландыру бесжылдығының аясында қолға  алынған индустриялық–инновациялық даму және «Жол картасы» бағдарламаларының нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін азайтуға қол жеткізілді. 2010 жылы жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 8,1 миллион адамға жетіп, бұрынғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,6 пайызға артты. Нәтижесінде жұмыссыздар саны жыл басынан бері 54 мың адамға азайып, 481,6 мың адамды құрады. Яғни жұмыссыздық көлемі 5,6 пайыз төмендеді. Бұл қуана қабылдар жақсылық. Кезекті бір саланың көтерілуіне ықпал етер қозғаушы күш. Өйткені жұмыс орындары көптеп ашылып, қалың көпшіліктің жұмыспен қамтылуы, жұмыссыздықтың азаюы – бұл халықтың тұтыну қабілетінің өсуіне ықпал ететін бірден–бір фактор болып табылады. Сондықтан бар салаға өзіндік қиындық әкелген дағдарыс салдарынан сауда саласына түскен ауыртпалықтың үлкені – халықтың тұтыну қабілетінің төмендеп кетуі болды. Яғни дағдарыс жылдарында тұтынушы сұранысы барынша төмендеп, табыс көзінің тартылып қалғаны шындық. Былтыр тауар айналымы күннен–күнге артып, дағдарысқа дейінгі даму ырғағына келе бастады. Атап айтқанда, 2010 жылдың қантар-қараша айларының аралығында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2 665,7 млрд теңгеге жетіп, 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12,4 пайызға артты.

Еліміздің экономикасы  ішкі рынокқа бағыт ұстай отырып, әртараптандырылу үстінде. Әртараптандырудың  дамуына ішкі сұраныстың артуы жақсы  негіз болуда. Технологиялар трансферті, копирайт (көшірме өндірісі), франчайзинг, лизинг, аутсорсинг қазіргі күні неғұрлым сұранысқа ие болып отыр. Жаңа индустриялық саясаттың проблемалары мен міндеттері – мұқият талдау және қазақстандық өнімдерді әлемдік өндіріс тізбегіне қосудың нақты мүмкіндіктерін анықтау. Бүкіл әлем осындай бағытпен дамуда. Әрине, өнімді ақыр аяғына дейін, дайын күйіне дейін жеткізудің жолдарын қарастыруымыз керек.

Жаңа өнімдерді игеруге  бейімділік танытуымыз, ескі өндірісті  жеделдетіп жаңғыртуымыз қажет. Кәсіпорынның ыңғайлылығы мен икемділігі, еңбек ұжымының инновациялық дүниелерді игеруге деген әзірлігі өндірісті жеделдете дамытудың шешуші факторларының бірі болып табылады.

Экономиканы белсенді түрде  әртараптандыру ұлттық экономиканың өзін-өзі  ақтау, өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін көтеріп, оның көлемін ұлғайтады. Мұндай жағдайда сыртқы факторлар алдындағы мәжбүрлігіміз де төмендей түседі. Сондықтан бұл бағытты барынша қолдау қажет.

Келешекте ғылым мен  білімнің университеттерде  ұштасуына  қолдау көрсетілмек. Бұрын базасы мықты, ғылыми әлеуеті ұшан–теңіз жоғары оқу орындары негізгі саламыз білім беру деп келсе, ендігі жерде зерттеу жұмыстарымен де айналысуға мүмкіндік туып отыр. Әлемдегі өзіміз өркениетті елдер деп танып отырған АҚШ–та, Германияда, Жапонияда, Ұлыбританияда мұндай классикалық университеттер бұрыннан қалыптасып қойған. Енді сондай үрдіс бізде де бірте–бірте орын ала беретін болады.  Алдағы уақыттарда университетті бітіріп, магистр, доктор РhD атағын алғандар тікелей ғылыми–зерттеу жұмыстарымен айналысуға толық мүмкіндік алатын болады. Бұрын әлемдегі озық жоғары оқу орындарының қатарына ену мәселесіне де еліміздегі университеттердің тек қана білім берумен айналысатыны кедергі болып келсе, ендігі жерде оған тосқауыл қойылмақ. Бұл ғылыми модель заман талабынан туып отыр. Енді оны жүзеге асырып, нәтижесін ел дамуына жұмсау біздердің басты борышымыз болып саналады.

Әсіресе, төрткүл дүниедегі  университеттік ғылымның озық үрдісі, білімді интеграциялаудағы дағдылы дәстүр жаңа техника мен технологияның қолданысқа енуіне  мол мүмкіндік туғызары сөзсіз. Бұл істе жан–жақты болу, кәсіптік оқуды ғылыми зерттеу жұмыстарымен ұштастыру істің тиянақты шешілуіне жол ашады. Ал, осы университеттік ғылымның үздіксіздігі зерттеу ауқымдарының көлемді болуына, тыңғылықты аяқталып, өз нәтижесін бертініне септігін тигізері күмәнсіз. Яғни, жоғары білім беруді ғылым, өндіріс пен  нарықтың жылдам өзгеріп жатқан ахуалына бейімделген кәсіби мамандар даярлауға мүмкіндік беретін ұлттық моделін құруға негізделген стратегиялық басымдықтардың айқындалынуы туындайды.

Елімізде білім мен ғылым  салаларын интеграциялауда  іргелі университетер мен ғылыми–зерттеу институтарды байланыстыратын ғылымның қайнар көзі болып табылады. Алдағы уақытта ғылыми жобаларды қаржыландыру, халықаралық сараптау мен экономикалық талаптарға байланысты кезең–кезеңмен дамытылатын Қазақстандағы жаңа тиімді ғылыми жүйені жүзеге асыруда академияның ғылым саласын дамытуға қандай үлес қосып, қандай қызмет атқармақ, болашағымыз қандай болуы керектігі жөніндегі міндеттерімізді айқындап берері сөзсіз. Ал Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстанның кәсіби ғалымдар қауымдастығы ретіндегі құрылымы, ол ғылыми бағдарламалар мен жобаларды сараптауда, бұл еңбектердің әр қырынан бағаланылуына мүмкіндік береді.

   Қазіргі  экономикалық  дамудың  негізгі   сипаттамаларының  бipi  озық  ғылыми-технологиялық әзірлемелердің  негізінде белгілі бip уақыт  кезеңінде жacaлғaн технологияларды кезең-кезеңімен ауыстыру процесімен байланысты оның әркелкі сипаты болып табылады.Технологиялық  құрылымдардың ауысуы сәтінде aлдындaғы кезеңде кеш басында бoлғaн елдер капиталдың  құнсыздануына және бұрынғы  өндірстерде істеген қызметкерлердің  біліктілігінен  айырылуына тап болады. Жаңа өндірістік-технологиялық жүйені  қалыптастыруда жетістктерге қол  жеткізіп үлгерген елдер дәстурлі жұмсау салаларынан сырғып бара жатқан  капиталды тарту орталықтарына айналады.

Стратегия индустриядан кейінгі  дамудың перспективалы бағаттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік  әлеуетті ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестік артықшылықтарды  алуға жәрдемдесуге тиіс.

Негізгі бағыттар мыналар болуы тиіс:

  1. Жоғары технологиялы өндіріс қалыптастыруға, оның ішінде шетелдік те, салааралық та технологиялар трасфертінің тиімді жүйесін жәрдемдесу.
  2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуеті бар ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ұйымдар мен кәсіпорындар желісі бар қалаларда қазіргі заманғы ғылыми  және инновациялық инфрақұрылым жасап, оның қазіргі заманғы элеметтерінің қызметін (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және с.с.) қолдау.
  3. Индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазіргі ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.

Қазақстан қазірдің өзінде мына салаарадағы әзірлемелер негізінде ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дамыту үшін бергілі бір ғылыми базаға ие, оның ішінде:

- биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптері, бактериялар штамдары және басқалары);

- ядролық технологиялар;

- ғарыштық технологиялар;

- жаңа материалдар, химиялық және басқаларды жасау.

4. Қазіргі заманғы ғылыми-технологиялық бағыттардың;

- жаңа материалдар  мен химиялық технологиялар;

- ақпараттық технологиялар салаларына зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдай  жасау.

5. Ғылыми- техникалық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларында инвестициялар тартуға, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуіне бағытталған заң шығару базасын жетілдіру [10-12]. 

Ғылыми жобаларды жаңаша  қаржыландыру механизмдері енгізілуіне байланысты бұған дейін  басшылыққа алынып келген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына өзгерістер енгізілуі тиіс. Ғылым саласының дамуына көптеген жағдайда нормативтік–құқықтық базадағы қайшылықтар кері әсер етіп отырғаны көпшілік қауымға аян. Ал, «Ғылым туралы» заңға түбегейлі өзгерістер енгізілуі тиіс. Мұнда, мемлекет пен университеттер мен өндіріс арасындағы ықпалдастықты ретке келтіру аясында заңнамалық базаны толықтыру қажеттігі туындайды. Әсіресе, меншік формалары, зияткерлік құқық, ғылыми жобаларды коммерциялауға қатысты құқықтық тұрғыдан  мәселелер де шешімін табуды керек етіп отырғаны рас.  

Сондай-ақ Қазақстанның жемісті жетістіктерін  мақсатты түрде насихаттау, тәуелсіздіктің арқасында ие болған құндылықтарымызды бағалау, еліміздің әлемдік деңгейдегі рөлін асқақтату бағытында, экономикалық жағынан алған асуларымызды халықтың санасына ұялатудағы гуманитарлық институттардың алар орнын саралап тұып айтудың өзінде  кәдімгідей міндеттердің жүгі жатыр. Бұл міндеттерді осы саланың мамандарының түсіністік тұрғысынан қабыл алары анық.        

Еліміздің қазіргі даму кезеңінде  ғалымдар алдына әлемдік рынокта  бәсекеге қабілетті, өтімділігі жоғары төл өнімдерді өндіруге, жаңа үлгідегі технологиялық өндірістерді құруға бағытталған міндеттер қойылғаны белгілі. Бұл ретте ғылымдағы зерттеулерді халықаралық стандарттар деңгейіне көтеруге және оларды өндіріспен байланыстырып іске асыруға қолдау - қамқорлығы осы саладағы іске тың серпін берумен бірге қазақстандық ғалымдарға жүктелген үлкен жауапкершілік деп білеміз. Яғни,  ғылымы дамыған, озық технологиялармен қамтамасыз етілген мемлекет әлемдік ғылым-білім кеңістігіне еркін енетінін ескерсек, еліміздің ғылымын жан–жақты дамытуға үлес қосу – барша ғалымдардың ортақ ісі дегіміз келеді.

Қазіргі жаһандану жағдайында алдыңғы  қатарлы іргелі ғылымы, озық  технологиясы бар мемлекеттер ғана әлемдегі дамыған  елдер қатарына кіре алады. Сондықтан  ғылымның, техниканың дамуының басым  бағыттарынан үлкен стратегиялық мәні бар ғылыми–техникалық кешендер іске асырылуы қажет.

 

1.4 Инновациялық экономика – Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты   
                                                                        

Экономиканың үнемі  қарқынды дамуын қамтамасыз етуде  өндірістің техникалық және технологиялық базасының ұдайы жаңаруын, жаңа бәсекеге қабілетті өнімдерді игеріп, оларды шығаруды, әлемдік тауарлар мен қызметтер рыноктарына тиімді кіруді қамтамасыз етуге қабілетті инновацияларды дамытудың маңызының артып отырғаны мәлім.  Бұл үшін қоғам өмірінің барлық салаларын және ең алдымен экономика саласын реформалау қажет.

Әрбір әлеуметтік-экономикалық революцияның негізі айрықша технологиялардан, өндірістік–технологиялық жүйелер мен өндірістік қатынастардан қаланады. Постиндустриялық қоғамда осы рөлді ең алдымен жаңа физикалық-техникалық және химия-биологиялық қағидалардың нәтижелері болып табылатын ақпараттық технологиялар мен компьютерлендірілген жүйелер мен оларға  негізделген адам қызметінің  әр түрлі салаларының  инновациялық технологиялары, инновациялық жүйелері мен инновациялық   ұйымдар атқарады.  Біздің ойымызша, осының нәтижесінде экономиканы ұйымдастырудың жаңа нысаны – инновациялық экономика құрылады. Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері, отандық және шетел ғалымдарының осы проблеманы зерттеулерін талдау инновациялық экономика құру – еліміздің  дамуының стратегиялық бағыты екеніне көз жеткізді. 

Сонымен, инновациялық экономика  деген не? 

Жетекші батыс елдерінің  экономикасының дамуының қазіргі кезеңдегі  үрдістерін талдау инновациялық экономиканың білімге, инновацияға, жаңа идеяларды, жаңа машиналарды, жүйелер мен технологияларды жақсы қабылдауға, оларды адам қызметінің түрлі салаларында тәжірибе түрінде жүзеге асыруға дайындыққа негізделген қоғам экономикасы екендігін білдіреді. Ол білімдер мен инновациялардың, әсіресе ғылыми білімдердің ерекше рөлін  баса көрсетеді. Ғылыми және технологиялық білімдердің ықпалымен инновациялық экономикада материалдық өндірістің дәстүрлі салалары трансформацияланып, өзінің технологиялық негізін немесе өндірісін түбегейлі өзгертеді, ал жаңа білімдер мен инновацияларға негізделмегендер инновациялық экономикада тіршілікке қабілетсіз болып табылады [76, 78].

Ақпараттық технологиялар, компьютерлендірілген жүйелер және жоғары өндірістік технологиялар инновациялық экономиканың негізгі жүйелері болып табылады. Олар өздерінің дамуында ақпарат алу, өңдеу, беру және өндірудің барлық әдістерін түбегейлі өзгертіп,  зияткерлік қызметті (мысалы, жобалауды және өндірістің технологиялық дайындығын автоматтандыру, өндіріс барысын автоматты бақылау, қаржы-бухгалтерлік есеп-қисапты және ұйымдық-өкімдік қызметті жүргізуді автоматтандыру, көптілді автоматтандырылған аударма, диагностика және бейнелерді тану және т.б.) түбірімен технологияландырады. 

Инновациялық экономиканың негізгі белгілері қандай?

Егер қоғамда:

кәсіпорынның кез келген индивидуумы, адамдар тобы, кез келген елде және кез келген уақытта телекоммуникацияның қолжетімдігі автоматтандырылған жүйесі негізінде жаңа немесе белгілі білімдер, инновациялар (жаңа технологиялар, материалдар, машиналар, өндірісті ұйымдастыру және басқару және т.б.), инновациялық қызмет, инновациялық үдерістер туралы кез келген қажет ақпаратты ала алатын болса; 

алдыңғы пункттердің  жүзеге асуын қамтамасыз ететін қазіргі  заманғы ақпараттық технологиялар мен компьютерлендірілген жүйелер өндірілсе, қалыптасса және олар кез келген индивидуум, тұлғалар тобы және ұйымдар үшін қолжетімді болса;

үнемі дамып отыратын ғылыми–техникалық прогресті және инновациялық дамуды қолдау үшін қажет ұлттық ақпараттық ресурстарды жасауды қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымдар, сондай–ақ қоғамның тұрақты қарқынды әлеуметтік–экономикалық, ең алдымен ғылыми–ақпараттық дамуын қамтамасыз ету үшін қажет барлық көпжоспарлы ақпарат жасай алатын қоғам болса; 

өндіріс пен басқарудың барлық тармақтары мен салаларында  жылдам автоматтандыру және компьютерлендіру үдерісі жүретін; салдары адам қызметінің түрлі салаларында инновациялық қызметті ұлғайту және жандандыру болып  табылатын әлеуметтік құрылымдардың  түбегейлі өзгеруі жүзеге асатын болса;

жаңа идеялар, білімдер мен технологиялар жақсы қабылданып, әр түрлі функционалдық қолданыстағы инновациялар кез келген уақытта  кең тәжірибеде қолданылуға және енгізілуге дайын болса;

уақыттың осы сәтінде  жоғары өндірістік технологияларға негізделген инновацияға қажеттерді тез әрі икемді жүзеге асыратын және инновациялық қызметті өрістететін, кез келген инновацияларды және кез келген өндірісті бәсекеге қабілетті етіп жасап, дамытатын әмбебап дамыған инновациялық инфрақұрылымдар болса;

инноватика және инновациялық қызмет салаларында маман-кадрларды  дайындау және қайта дайындауды басып  озатын, отандық өндірістер мен аумақтарды қайта қалпына келтіру және дамытудың  кешенді жобаларын тиімді жүзеге асыратын нақтылы тәртіпке салынған икемді жүйе болса, онда қоғамдағы экономика біз үшін инновациялық болып табылады.

Инновация, инновациялық қызмет, инновациялық инфрақұрылым инновациялық экономиканың негізгі түсінігі болып  табылады. Бұл түсініктер нені білдіреді, олардың мазмұны мен көлемі қандай? Бұл түсініктермен қысқаша танысамыз, себебі елдегі тиімді инновациялық экономиканың қалыптасу әдісі мен стратегиясы көбіне оларды дұрыс түсінуге байланысты болады. 

Информация о работе Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы