Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 09:25, курсовая работа
Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, бес тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда Visual Basic ортасы және олармен жұмыс істеу тәсілдері таныстырылған. Екінші тарауға Visual Basic- те пайдаланылатын негізгі берілгендер типтері, айнымалылар және программалау құрылымдары енгізіліп, олармен жұмыс істеу тәсілдері көрсетілген.
Үшінші және төртінші тарауларда редактор мәзірін дайындау, калькулятор, сұхбаттық терезелер құру, Visual Basic ортасында жұмыс істеуге болатын түрлі қосымшаларды кірістіру, модульдік процедуралар дайындау және т.б. тәсілдер көрсетіліп, түрлі интерфейстер құрылған.
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.
Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, бес тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Үшінші және төртінші тарауларда редактор мәзірін дайындау, калькулятор, сұхбаттық терезелер құру, Visual Basic ортасында жұмыс істеуге болатын түрлі қосымшаларды кірістіру, модульдік процедуралар дайындау және т.б. тәсілдер көрсетіліп, түрлі интерфейстер құрылған.
Бесінші тарауға VB’те берілгендер қорымен жұмыс элементтері енгізілген.
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
Visual Basic (VB) программалау жүйесі компьютерге орнатылған соң оны іске қосу Windows терезесі арқылы әдеттегідей жүргізіледі: Іске қосу®Программалар®Microsoft Visual Basic 5.0. Бұл кезде Project Wizard (Проект шебері) программасы іске қосылады да, экранда Microsoft Visual Basic, оның жоғарғы бетінде белсендірілген New Project (Жаңа проект) сұхбаттық терезесі көрінеді (1.1-сурет). Терезеге үш қосымша бет енгізілген: New (Жаңа), Existing (Қолданылған), Resent (Жақында қолданылған файлдар).
1.1-сурет. Жаңа проект терезесі.
New бетіне енгізілген проект типтері:
Бұрын не жақында құрылған проектілерді екінші не үшінші қосымша беттерінің бірінен іске қосуға болады, (проект – дайындалатын программада қандай форма, мобуль, тағы басқа файлдардың пайдаланылатынын көрсететін терезесі бар арнайы файл. Программа проект ішінде орындалады).
Жаңа проектіні ашу үшін New Project терезесіне орналастырылған Standart EXE белгішесін таңдап, Ашу (Открыть) түймесін шерту жеткілікті. Бірнеше компоненттері (сыңарлары) бар, Дайындаудың (Жетілдірудің) біртұтас ортасы (IDE, Integrated Development Envivonment) не Visual Basic программалау ортасы деп аталатын терезелер көрінеді. Оларды қысқаша Орта деп атайды (1.2-сурет). Егер компоненттердің кейбірі көрінбесе, оларды арнайы командалар арқылы орнату қиын емес.
1.2-сурет. Жетілдірудің біртұтас ортасы (IDE)
[design] – программаны дайындау режимі (ол Project 1 тақырыбында көрінеді).
Ортада Immediate (тез, тікелей орындау) терезесін шығару да мүмкін, оған қосымша ортада форма макетін (Form Layout Window) шығаруға болады. Олар Көрініс мәзіріне енгізілген. Аспаптар панелінде соңғысын қосуға арналған арнайы түйме де бар.
Панельдер мен терезелерді жылжыту не формасын өзгерту (кеңейту, сығу) тәсілі Windows’та пайдаланатын әдістер сияқты. Егер терезенің шекарасы басқа терезенің шекарасымен біріктірілетіндей етіп жылжытылса, ол соңға терезеге қосылып (бекітіліп) қойылады. Мұндай терезелерді кеңейту, олармен жұмыс істеу қиын емес.
Visual Basic – бірнеше файлдар жиынтығы (exe-файл). Онымен жұмыс істеу IDE ортасында орындалады. Ортада жұмыс істеу командалары мәзірлерге енгізілген. Аспаптар панеліне мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Стандартты түймелер:
- Standart.exe типті проектіні іске қосу (Add Standart EXE Project);
Проект. Проект терезесі
Visual Basic - қосымшалар құруға арналған күрделі программа. Онда жиі қолданылатын компоненттер (сыңарлар): проект, форма, басқару элементтері, модуль және т.б.
Проект (Project) – дайындалатын программада қандай формалардың, модульдер мен элементтер панелі пайдаланылатынын көрсететін арнайы файл. Қосымша құрайтын барлық объектілер проект арқылы басқарылады және проектіде сақталады.
VB’те проект үшін Project терезесі қарастырылған. Проект терезесі Windows терезесіне шамалас (1.3-сурет). Оған енгізілген проект, форма бумаларын ашуға не жабуға болады. Ол үшін алдарында көрінген ауыстырып қосқыш белгілерін шертсе болғаны.
1.3-сурет. Проект терезесі
1 - View Code түймесі;
2 - View Object түймесі;
3 - проект терезесіне
енгізілген формалар
View Code түймесі шертілген кезде, программа жазылатын (не жазылған) Visual Basic редакторы терезесі көрінеді. Оны программалық код терезесі деп не қысқаша код терезесі деп атайды.
Форманы экранға шығарудың бір әдесі – View Object түймесін шерту.
Проект терезесінде қосылулы тұрған проект пен форма, олардан соң жақшалар ішінде Visual Basic’тің нақты файлдарға меншіктеген атаулары жазылып қойылады. Алғашқы рет меншіктелетін атаулар: Project1, Form1. Форма дайындалып, форма мен проект жаңа атаулар бойынша сақталған кезде, олар осы атауларға өзгертіліп қойылады.
Кейде проект терезесі экранда көрінбеуі де мүмкін. Оны ашу үшін View – Project Explorer командасын беру жеткілікті.
Бір проектімен жұмыс аяқталған соң оны сақтау керек. Жаңа проектіні ашу командасы: File – New Project.
Форма. Пайдаланушы интерфейсі.
Форма – интерфейс құру үшін күйге келтірілетін терезе (пайдаланушы интерфейсі терезесі). Ол форма конструкторы терезесінің ішінде орналастырулы тұрады.
Информатикада интерфейс деп автоматтық жүйе (мәшине, программа) және адам арасындағы информацияны алмастыру құралдары мен оларда орнату, пайдалану тәсілдерін атайды (interface - ілесу, түйістіру). Visual Basic’ те пайдаланушы интерфейсі - форма және программа құру үшін онда орнатылатын түрлі элементтер. Екінші жағынан, форма не оған орнатылған элементке сәйкес орындалатын программа бөлігі де пайдаланушы интерфейсі делінеді. Пайдаланушы интерфейсін дайындау ең жауапты кезең. Үлкен қосымша үшін оны арнайы ұжымдар дайындайды.
Форма және онда орнатылған элементтер объектілер (нысандар) делінеді. Обьектілер арқылы қосымша жұмысын басқару Visual Basic’тің жоғарғы талап бойынша жұмыс істеуінің негізгі ерекшелігі.
Visual Basic ортасы іске қосылған кезде, ортада форма «Form1» атауы бойынша көрінеді. Оны тандап, оңға не төмен қарай кеңейту қиын емес.
Форма және оған енгізілген объектілердің өз қасиеттері бар. Объект таңдалған кезде, қасиеттері Properties (Қасіеттер) терезесінде көрінеді. Экранда форма көрінбесе, оны экранға шығару үшін
View – Object не Shift + F7
командаларының бірін беру керек (Project терезесінің сәйкес түймесін не Form1 қатарын екі рет шерту де мүмкін).
Кейде ортада Form1 терезесіне қосымша Form2 терезесін шығару қажет болады. Ол үшін
Қасиет (сипаттама) – айнымалылардың ерекше типі. Ол объект үшін пайдаланылатын түрлі мүмкіндіктердің сипаттамалары. Яғни, қасиеттер объектінің ағымдық күйін анықтайды, мысалы: объектіге атау беру, түсін өзгерту, объект үстіне мәтін жазу, жазылатын мәтіннің шрифті мен өлшемін өзгерту, т.б. Олар объект қасиетін орнату не қасиетке мән беру (меншіктеу) делінеді. Әр объектінің қасиеттер терезесі бар. Терезенің сол жақ бөлігінде барлық қасиет атаулары, оң бөлігінде олардың мәндері жазылып қойылған. Мысалы, форманың қасиеттері 1.4-суретте көрсетілген.
1.4-сурет. Форма қасиеттері терезесі
Ондағы:
Name (атау) – объект атауы. Ол – Visual Basic объектілерінің ең негізгі қасиеттерінің бірі. VB жұмыс істеуі кезінде объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. VB’тің формаға автоматты түрде берілген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс - әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды мазмұнға сай етіп енгізіп, алдына frm (form) қосымшасын (префиксін) тіркеп қойған жөн, мысалы, форма квадрат теңдеуді шешуге пайдаланылатын болса, «Form1» мәнінің орнына frmKvtendeu атауын енгізу. Ол үшін қасиет атын (Name) тандап, мәнін (Form1) екі рет шерту керек. Курсор мән алдына орналастырылып қойылады. Мәнді Del клавиші арқылы өшіріп, жаңа мәнді клавиатура арқылы теріп алса болғаны.
Ескерту. Қасиеттің автоматты түрде орнатылған мәндері бірнеше болуы да ықтимал. Бұл кезде мәндер жолының оң жағына тілсызық түймесі орнатылып қойылады. Оны ашып, көрінген тізімнен қажеттісін тандау керек.
Borderstyle (Жиек стилі) қасиеті форманың жиек қасиеттерін орнатады. Мысалы, оның оң жағындағы тілсызық түймесін шертіп, тізімді ашқан соң 2-Sizable мәні орнатылса, форманың өлшемін өзгертуге болады (size - өлшем), 0-None мәні орнатылса, форма өлшемін өзгерту мүмкін емес (none – ешқандай).
Caption (Тақырып, бетіне жазу) - форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтінді орнату қасиеті. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінде тақырып үшін Form1 сөзі енгізіліп қойылған. Оны «Redactor» не басқа тақырыпқа алмастыру қиын емес. Бұл кезде форма тақырыбы да осы сөзге алмастырылады. (Қасиет мәні енгізілген соң КҚ клавишін басып қойған жөн.)
Font қасиеті екі рет шертілген кезде формада пайдалануға болатын әдеттегідей Шрифт терезесі көрінеді (1.5-сурет).
1.5-сурет. Шрифт терезесі
Терезеден қажетті шрифті, оның пішіні мен өлшемін тандап, ОК түймесін шерту жеткілікті. (Шрифті Caption қасиетіне мән енгізуден бұрын тандау керек).
Window State қасиетінің мәні үшін 2 – maximized қатары таңдалып, форма іске қосылған кезде ол толық экрандық етіледі. т.б.
Объект қасиетін іске қосу режимінде программалық код ішінде орнату да мүмкін.
Жалпы, бір қасиеттің
мағынасымен (мазмұнымен) танысу үшін
оны қасиеттер терезесінде
Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View – Properties Window командасын беру жеткілікті.
Ескерту. Объектіні оң түймемен шерткен кезде, экранда контексті мәзір көрінеді. Оның Proporties қатарын таңдап, объектінің қасиеттер терезесін ашу да мүмкін.
Қасиеттер терезесі тақырыбының төменінде көрінген өрістің тілсызық түймесін шертіп, объектілер тізімін шығаруға да болады.
Элементтер панелі
VB қосымшалары көбінесе формада орнатылған басқару элементтері деп аталатын объектілер негізінде дайындалады. Басқару элементтерін орнататын түймелер элементтер панеліне орналастырып қойылған (1.6-сурет). Түймені таңдап, көрсеткіш арқылы формада сәйкес объектіні қалаған форматта орнату қиын емес (элементтер панелі Access’тегіге шамалас). Түймені екі рет шерту де мүмкін. Бұл кезде объект автоматты түрде формаға орналастырылады. Оны таңдау, әдеттегідей масштабтау, жылжыту не өшіруге болады.
Элементтер панеліне стандартты емес басқа түймелерді де орналастыру мүмкін (мысалы, панельге DBGrid элементін орнату тәсілі 5.4-тақырыпта көрсетілген).