Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 09:25, курсовая работа
Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, бес тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда Visual Basic ортасы және олармен жұмыс істеу тәсілдері таныстырылған. Екінші тарауға Visual Basic- те пайдаланылатын негізгі берілгендер типтері, айнымалылар және программалау құрылымдары енгізіліп, олармен жұмыс істеу тәсілдері көрсетілген.
Үшінші және төртінші тарауларда редактор мәзірін дайындау, калькулятор, сұхбаттық терезелер құру, Visual Basic ортасында жұмыс істеуге болатын түрлі қосымшаларды кірістіру, модульдік процедуралар дайындау және т.б. тәсілдер көрсетіліп, түрлі интерфейстер құрылған.
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
5. Properties - Module1 терезесінің Name өрісіне "modFnmax" атауын енгізіп, КҚ клавишін басу.
6. Формада Label1, Label2 Command1 түймелерін орнату (Label1, Label2-ге min, max мәндерін енгізуді жоспарлау).
7. Command1 түймесі арқылы код терезесін ашып, процедура денесін енгізу:
Private Sub Command1_Click()
Static a(20), k, min1, max1
n=InputBox (n, “=”)
For k=1 To n
a(k)=InputBox (a(k), ”=”)
Next
min1=a(l): max1=a(1)
For k=2 To n
min1= Fnmin (min1, a(k))
max1= Fnmax (max1, a(k))
Next
Label1.Caption=min1: Label2.Caption=maxl
End Sub
Мұндағы Fnmin, Fnmax – сәйкес модульдерді шақыру командалары.
8. Процедураны сақтап, іске қосу. Форма терезесі көрінеді. Оның Command1 түймесін шерту.
9. Көрінген InputBox терезесіне элементтер саны мен кезекті мәндерді енгізіп, КҚ клавишін басу.
6, 4, 2, 5, 12, 7, 9 массиві үшін программаның орындалу нәтижесі 4.4 - суретте көрсетілген.
4.4-сурет. Программаның орындалу нәтижесі
10. Аспаптар панелінің End түймесін шертіп, программа жұмысын аяқгау.
Ескерту. Модульдер - VB проектісінің құрамдық бөліктері. Проектінің басқа формасының модулінде сақталған процедураны не функцияны шақыру командасын
<Модуль аты>. <Процедура аты>
түрінде жазу керек. Мысалы, бір проектінің 1-формасында (Form1-де) minmaxok модулі мен minmax1 файлы жазулы болсын. Осы проектіде қосымша 2-форманы (Form2-ні) ашып, оның код терезесінде мынадай процедураны енгізіп, іске қосуға болады:
Private Sub Form_Load()
minmaxok.bas, minmax1.frm
End Sub
Егер модульдік процедура не функция бас0f проектіде орналастырылған болса, шақыру командасының синтаксисі:
<Проект аты>.<модуль аты>.<процедура аты>
Айнымалыны жан - жақты ету
Процедура ішінде сипатталатын айнымалы сол процедураға ғана тиісті. Оны жергілікті айнымалы деп атайды. Айнымалыны проектінің түрлі процедураларында пайдалануға мүмкін ету үшін оны модуль терезесінде Public (жан - жақты) кілттік сөзі арқылы сипаттау қажет.
Жан - жақты айнымалыны құру тәсілі:
1. Project - Add Module командасын беріп, ашылған терезенің Ашу түймесін шерту. Module1 атаулы бос модуль General (Жалпы) және Declaration (Жарилау) бөлімдері бар код терезінде көрінеді ((General) — жан-жақты айнымалыны тағайындау пункті. (Declaration) өрісіне құрылған жан-жақты айнымалылар тізімі жазылып қойылады. Тізімді ашу әдеттегідей).
2. Терезеге модульдік айнымалыны, мысалы, Espt айнымалысын, Public кілттік сөзі арқылы сипаттауды енгізу:
Public Espt
3. Модульді сақтау командасын беру: File – Save Module As.
4. Ашылған терезе өрісіне mnEspt.bas атауын енгізу.
5. Модульдің қасиеттер
терезесін ашу (терезе
Қорытынды