Visual Basic программалау ортасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 09:25, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, бес тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда Visual Basic ортасы және олармен жұмыс істеу тәсілдері таныстырылған. Екінші тарауға Visual Basic- те пайдаланылатын негізгі берілгендер типтері, айнымалылар және программалау құрылымдары енгізіліп, олармен жұмыс істеу тәсілдері көрсетілген.
Үшінші және төртінші тарауларда редактор мәзірін дайындау, калькулятор, сұхбаттық терезелер құру, Visual Basic ортасында жұмыс істеуге болатын түрлі қосымшаларды кірістіру, модульдік процедуралар дайындау және т.б. тәсілдер көрсетіліп, түрлі интерфейстер құрылған.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

115_Visual Basic казах1.doc

— 4.24 Мб (Скачать файл)

 

Файлдық жүйе объектілері. Оларды пайдаланып формада  сурет орнату

Элементтер панелінің DriveListBox, DirListBox, FileListBox (дискіжетек, каталогтар мен файлдар тізімдері) элементтері арқылы формада файлдық жүйе объектілерін орнатып, олармен жұмыс істеуге болады. Мысалы, файлдар арасында графикалық файлдар бар болса, олардың бірінің кескінін формаға кірістіріп қою мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбекті қажет ететін жұмыс.

Файлдық жүйе объектілерін орнату әдісі:

1. Орталықты ашып, форманы барынша кеңейту.

2. Tools - Options (Аспаптар-Таңдау мүмкіндігі) командасын беру. "Options" терезесі ашылады.

3. Терезенің Editor қондырмасын ашып, Require Variable Declaration (Қажетті айнымалыларды жариялау) қатарындағы жалауша орнатулы болса, оны алып тастау және ОК түймесін шерту.

4. Элементтер панелінің DriveListBox   (Дискіжетектер тізімі) түймесі арқылы форманың сол жақ жоғарғы бұрышына объект орнату (Drive1). Оның ішіне ағымдық диск (С:) орнатылып қойылған.

5. Элементтер панелінің DirListBox (Каталогтар тізімі) түймесін пайдаланып, формаға енгізілген бірінші объектінің төменгі жағына келесі объект орнату (Dir1). Онда VB бумасы таңдалып қойылған. Ішінде біршама бумалар көрінгенше объектіні төмен созу.

Орнатылған объектілер арқылы дискіжетек пен бумаларды  іске қосу мүмкін емес. Ол үшін мынадай  іс-әрекеттердің орындалуы тиіс:

6. Элементтер панелінің FileListBox (файлдар тізімі) түймесі арқылы формаға енгізілген екінші, Dir1 объектісінің төменгі жағына үшінші объект орнатып (File1), бірнеше файл атаулары көрінгенше оны да төмен қарай созу.

Соңғы объект файлдық  жүйенің қажетті файлын таңдауға мүмкіндік береді. Оны пайдаланып, формада .bmp не басқа типті кескін орнату әдісі:

  1. Элементтер панелінің Image түймесін шертіп, форманың оң жағына үлкен өріс орнату (Image1). 
  2. File1 және Image1 объектілерінің қасиеттерінін орнату:

 

Объект

Қасиет

Меншіктелетін мән

File1

Pattern (үлгі)

*.bmp; *.wmf; *.ico

Image1

Stretch (созу)

True

 

BorderStyle (жиектеу)

1-Fixed Single (даралық түрде орнату)


 

Мұндағы Pattern қасиетінің мәні үшін графикалық файл атауларының типтері (кеңейтулері) енгізілді: .bmp- шашырама (растралық), .wmf- Windows метафайлдары, .ico- пиктограмма (белгіше) типтері. Олар Visual Basic қосылған бумалардың ішінде бар болса, File1 объектісінің ішінде жазылып қойылады. Ал, жоқ болса, File1 ішіне жазылған файлдар алынып тасталады, яғни объектінің іші бос болып көрінеді. (Ескеретін жәйт: егер мән үшін *.VBP типі меншіктелсе, объектіге тек проект атаулары шығады, т.с.с.).

  1. Drive1 объектісін екі рет шертіп, код терезесінде көрінген Drive1_Change процедурасының ішіне

 

Dir1.Path = Drive1.Drive

 

операторын енгізу. Ол ағымдық етілген дискінің Path (жол) қасиетін жаңартады (change-өзгерту) және формада орнатылған Dir1, Drive1 объектілерін бір-біріне жалғап қосады (конкатенациялайды).

  1. Dir1 объектісін екі рет шертіп, код терезесінде көрінген Dir1_Change процедурасына

 

File1.Path = Dir1.Path

командасын енгізу. Команда файлдар тізімін каталогтар тізімімен байланыстырады (таңдалған бума ішіндегі файлдар File1 ішінде көрінеді).

  1. File1 объектісін екі рет шертіп, код терезесінде көрінген File1_Change процедурасы ішіне екі команда енгізу:

 

pf = File1.Path & "\" & File1.filename

Image1.Picture = LoadPicture(pf)

 

Мұның біріншісі - пайдаланушы  таңдаған файлдың толық атын рf айнымалысына меншіктеу (Path, filename-File1 объектісінің қасиеттері; &-жалғап қосу белгісі). Келесісі – файлды форманың Image1 өрісіне тиеу командасы. Мұндағы LoadPicture-VB функциясы, Picture- Image объектісінің қасиеті. (Формаға Image орнына Picture объектісін орнатқан да дұрыс).

  1. Программаны сақтап, іске қосу (F5). Пайдаланушы интерфейсі орнатылған форма көрінеді. Онда көрінген объектілердің тік белдеуше белгілерін жоғары-төмен қозғалта беруге болады.
  2. File1 объектісінен қалаған кескіндік файлды таңдау, мысалы, “Lion.wmf”. файлға жазылған кескін Image1 өрісіне кірістіріліп қойылады. (3.10-сурет).

 

3.10-сурет. Файлдық жүйе объектілері,

олар арқылы орнатылған сурет

 

Мәтіндік өрістер. Мәтіндік өрістермен жұмыс

 

Қысқа мәтіндік мәліметтерді енгізудің қарапайым түрі: InputBox, MsgBox терезелерін пайдалану. Мәтінді формаға енгізу де мүмкін. ол үшін алдымен формаға мәтіндік өріс орнатып, курсорды мәтін өрісіне орналастырып алу керек.

Мысал. Форманың мәтіндік өрісіне үш қызметкердің фамилиясы (аты-жөні) мен туған жылы енгізілген жолдарды енгізу керек.

  1. Орталықты ашып, форманы барынша кеңейту.
  2. Элементтер панелінің TextBox түймесі арқылы формаға үлкен төртбұрышты өріс орнату (Text1).
  3. Text1 объектісінің қасиеттеріне мәндер меншіктеу (оның Caption қасиеті жоқ):

Қасиет 

Мән

Name

txtMatin

Multilane (көп жол)

True

Scrollbars (айналдыру белдеушесі)

2-Vertical (тік)

Tabstop (табуляциялау)

False

Font

TimesKaz, 10 не 12

Locked (құлып)

False

TabIndex

0

Text

Бос ету


Мұндағы:

Multiline — бірнеше жолдардан тұратын мәтінді енгізуге мүмкіндік беру;

ScrollBars - мәтіндік объектіге тік белдеуше орнату;

Name - мәтін атауы. Үндемеген кезде атауға txt префиксі қосылып қойылады.

TabIndex - мәтіндік өрісті іріктеу. (Алғашкы рет 1- өрістің. бұл қасиетіне автоматты түрде 0 саны меншіктеледі. Егер келесі мәтіндік өріс орнатылса, оған меншіктелетін мән -1, т.с.с.).

  1. Іске қосу командасын беру.   Курсор орналасқан форма көрінеді. Тізімді әдеттегідей мәтін сияқты тере беру (3.11 -сурет).
  2. Проектіні сақтап, іске қосу.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.11-сурет. Мәтіндік  өріске енгізілген жазулар үзіндісі

Мәтіндік өріске берілгендерді  енгізу үшін өрісті клавиатурамен байланыстыру керек. Ол үшін программаға енгізілетін әдіс: SetFocus. Оның жазылу синтаксисі: <Мәтіндік өріс атауы>. SetFocus. Мысалы, орнатылған TxtMatin өрісін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне мынадай процедураны енгізу:

Private Sub txtText1_Change()

txtMatin.SetFocus

..................

End Sub

Мәтіндік өріске кез  келген мәтінді программа арқылы енгізуге болады. Мысалы, оны Text1 өрісіне енгізу жолы:

  • жаңа форманы ашу.
  • формада Text1 және Command1 объектілерін орнатып, сәйкес қасиеттеріне мәндер меншіктеу.
  • Command1 түймесін екі рет шертіп, код терезесінде көрінген Command1_Click процедурасына мынадай команда енгізу:

 

Private Sub Command1_Click ()

Text1.Text = Text1.Text + “<мәтін>”

End Sub

 

- Іске қосу командасын беру. Форма көрінеді. Оның Command1 түймесін шерту. Программаға енгізілген мәтін сәйкес өрісте көрінеді (команданы Text1.Text= "<мәтін>" тұрінде беруге болады. Ол Text1.Text= Text1.Text + "<мәтін>" түрінде берілсе, міндетті түрде алдымен өрістің Text қасиетін бос ету керек).

  • Программаны сақтау.

 

Мысал. Caption қасиеттерінің мәні үшін сәйкес 1, 2, 3, 4 сандары енгізілген CommandK түймелерін пайдаланып, мәтіндік өріске осы сандардың кез келген екеуінің қосындысын не айырымын шығару керек (k=l, 2, 3, 4).

1. Экранға жаңа форма  шығарып, оны барынша кеңейту.  Форманың жоғарғы қатарына Text1, одан соңғы қатарларға CommandK (k=l, 2, ..., 9) объектілерін орнату.

  1. Объект қасиеттеріне мән меншіктеу:

 

Объект

Қасиет

Мән

Text1

Text

Бос өріс

TabIndex

0

Command1

Caption

1

Command2

Caption

2

Command3

Caption

3

Command4

Caption

4

Command5

Caption

+

Command6

Caption

-

Command7

Caption

Cls

Command8

Caption

=

Command9

Caption

End


 

  1. Код терезесінде программа құру:

Dim c, s1, simv

Private Sub Command1_Click()

Text1.Text = Text1.Text + "1"

c = Text1.Text

End Sub

Private Sub Command2_Click()

Text1.Text = Text1.Text + "2"

c = Text1.Text

End Sub

Private Sub Command3_Click()

Text1.Text = Text1.Text + "3"

c = Text1.Text

End Sub

Private Sub Command4_Click()

Text1.Text = Text1.Text + "4"

c = Text1.Text

End Sub

Private Sub Command5_Click()

s1 = Val(c): Text1.Text = ""

simv = "+"

End Sub

Private Sub Command6_Click()

s1 = Val(c): Text1.Text = ""

simv = "-"

End Sub

Private Sub Command7_Click()

Text1.Text = ""

End Sub

Private Sub Command8_Click()

Select Case simv

Case "+"

Text1.Text = s1 + Val(c)

Case "-"

Text1.Text = s1 - Val(c)

End Select

End Sub

 

4. Проектіні сақтап, іске  қосу. Форма көрінеді (3.12-сурет). Объект түймелерін калькулятор түймелері сияқты пайдалана берсе болғаны. Мысалы, 3 және 4 сандарының қосындысын табу үшін ретімен ® 3 + 4 = түймелерін шерту жеткілікті.

3.12-суретте көрсетілген форманы қарапайым калькулятор ретінде пайдалануға болатын пайдаланушының сұхбаттық терезесін құру мысалы ретінде қарастыруға болады.

 

Калькулятор

 

3.12-суретте форма әдеттегідей  калькулятор ретінде дайындалды. Форманы калькулятор сұхбаттық терезесі ретінде дайындаудың басқа әдістері де бар. Олардың бірі – элементтер панелінің Рамка (Frame), Ауыстырып қосқыш (OptionButton) түймелері арқылы формада жаңа объект орнатып, калькулятор құруға арналған басқа процедура құру. Мысалы, кез келген нақты екі санмен қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын орындайтын калькуляторды (3.13-сурет) мынадай тәсіл бойынша дайындау да мүмкін:

1.  Жаңа форма ашу.

2. Формада Text1, Text2, Text3, Label1, Label2, Label3, Frame1, Option1, Option2, ОрtiоnЗ, Option4, Label4, Label5, Label6, Label7, Command1, Command2 объектілерін орнату.

3.Объектілер қасиеттерін орнату:

Объект 

Қасиет 

Орнатылатын мән

Text1

Text

Бос ету

Text2

Text

Бос ету

Text3

Text

Бос ету

Label1

Caption

1 -айнымалы

Label2

Caption

2 -айнымалы

Label3

Caption

Нәтиже

Label4

Caption

Қосу (+)

Label5

Caption

Азайту (- )

Label6

Caption

Көбейту ( * )

Label7

Caption

Бөлу ( / )

Command1

Caption

Іске қосу

Command2

Caption

End


 

 

 

4. Код терезесін ашып, процедуралар енгізу:

 

Private Sub Command1_Click()

Dim bir, eki

bir = Val(Text1.Text)

eki = Val(Text2.Text)

If Option1.Value = True Then

Text3.Text = bir + eki

End If

If Option2.Value = True Then

Text3.Text = bir - eki

End If

If Option3.Value = True Then

Text3.Text = bir * eki

End If

If Option4.Value = True Then

Text3.Text = bir / eki

End If

End Sub

Private Sub Command2_Click()

End

End Sub

 

5. Іске қосу командасын  беру (F5). Калькулятор іске қосылады. Онда 1- және 2-айнымалы өрістеріне сәйкес нақты сандар мәндерін енгізіп, амал орындау тұсындағы ауыстырып қосқышты орнату керек. Одан әрі Іске қосу түймесін шертсе болғаны.

 

Рамка. Ауыстырып  қосқыш. Жалауша. Тізім.Құрастырылған  өріс элементтері жөнінде

Элементтер панелінің  бұл элементтері де формада интерфейстік объектілер құруға пайдаланылады. Рамка (Frame1) -ішіне ауыстырып қосқыштар мен жалаушалар орнатылатын тік төртбұрышты объект. Оның ерекшелігі - ішіне кірістірілген түймелер біртұтас топ құрайды. Мысалы, рамка жылжытылса, ішіндегі объектілер де бір элемент сияқты қоса жылжиды. Ауыстырып қосқыш пен Жалауша (CheckBox) - іс-әрекетті орнату не алып тастау белгілері. Ауыстырып қосқыштардың ерекшелігі - олардың біреуі орнатылса, қалғандары белсендірусіз (орнатылмай) қалады. Жалаушалардың бірнешеуін бірден орната беру мүмкін.

Ауыстырып қосқыштың негізгі қасиеттері: Name, Caption, Value:

Name - атау тағайындау. Ол енгізілген кезде атауға opt префиксі автоматты түрде қосылып қойылады.

Caption – қасиетінің мәні үшін ауыстырып қосқыштың не үшін қажеттілігін білдіретін сөзді жазып қоюға болады.

Value (Мән) қасиетінің мәні True не False болуы мүмкін. Ауыстырып қосқыш орнатылған кезде оған True мәні меншіктеледі.

Жалаушаның қасиеттері де ауыстырып қосқыш қасиеттеріне шамалас.

Тізім (ListBox) және Құрастырылған өріс (ComboBox) элементтері арқылы формада орнатылатын объектілердің көрінісі мәтіндік өріс сияқты. Объектілер ішіне мәтіндерден тұратын тізімді AddItem әдісі арқылы енгізуге болады.

Мысал. ListBox және ComboBox элементтері арқылы формада орнатылған объектілерге мәтіндер кірістіру керек (3.14-сурет).

1. Жаңа форма ашып, онда List1, Combo1 объектілерін орнату.

2. Қасиеттер терезесі арқылы объектілерге атау беру.

3. Программа терезесін  ашып, оған процедура енгізу:

Private Sub Form_Load()

List1.AddItem "1. Информатика"

List1.AddItem "2. Математика"

Combo1.AddItem "1. С. Ибрагимов"

Combo1.AddItem "2. Д. Махамбетжанова"

End Sub

  1. Іске қосу командасын беру (F5).   Программаның орындалу түрі 3.14-суретте көрсетілген.

3.14-сурет. List1, Combo1 объектілеріне енгізілген тізімдер

Информация о работе Visual Basic программалау ортасы