Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 21:15, курсовая работа
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты – 20-30-шы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі халық тарихының көркемделу сипатын, көркемдік әлемін кешенді түрде қарастырып, ондағы өмір шындығы мен көркемдік пайымдау ерекшеліктерін зерттеу.
Қолбасыңның арқасы – деген нақылы Абылайдай ұлы қолбасшымен оның қайсар, өжет ерлеріне бағытталғандай Зорлап әскер қылмаған ешкімді де,
Бәрі өз ықтиярша көндім, - деген шумақтарда өткен дәуірдегі жауынгерлік , әскери өмірдің биік үлгісі айшықталады. Халқымыздың намысы, ары, рухы, күш-қайраты, ақыл-парасаты, ең бастысы ұлттық, патриоттық сезімі сипатталады.
Қазақтың жер атауларынығ біразы сол ғасырдағы жеңістерді айғақ етеді. Аңырақай, Қалмаққырған, Шүршітқырған тағы басқалар. Немесе Абылайдың хан ордасы тұрған, жорықтары, шайқастары өткен жерлерге ерлігіне қатысты қойылған атаулар қаншама! Ерлікті құрметтеген халықтың елдік дәстүрі бұл.
Дастанда халқымыздың Абылай дәуіріндегі тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, этнографиясы суреттелген. Жоғарыдағы жыр үзіндісінде Сарыарқа ұғымында барша қазақ даласы әсем табиғат байлығы көрініс тапқан. Ақынның дүниетанымының кеңдігі, көңіл көрегендігі, суреткерлік сезімталдығы қазақ даласының өткен азамндағы панорамасын таиғат көрінісімен тіршілік тынысымен, ұлттық тұрмыстық, әдеп-ғұрыптық колоритімен сипаттауынан көрінеді. «Тіршілік қамалы – заманның заңын, тұрмыстың сарынын тану ғылымы, адамның іздеген, көздеген жақтарын білу, мақсаттарына жетуге жүретін жолдарымен танысу; тұрмыс ғылымын жақсы білгеннің ісі» [47, 449 б.]. Олай болса, Сұлтанмахмұт пейзаждық көркем, лирикалық кескіндемелерімен туған жерінің тарихы мен жаратылыстануының жетік білгірі болған.
С.Торайғыровтың «Айтыс» дастаны - бүгінгі күнмен үндескен, келешк ұрпақ қажетіне жарайтын құнды қазына. Оның әр бөлімі жекелеген ғылым саласының талдауын талап етеді. Ақын өткен дәуірлерден Абылай заманын ерекшелейді. Абылай заманындағы халықтың татулығын, бірлігін, намыстылығын өнегелеумен бірге сол дәуірдегі хан, сұлтандарды , би-батырларды сүйсініспен жырлайды. Олардың атқарған ұланғайыр істерін, ерліктерін, мадақтап, заманына игі етеді. Айбар мен айбын, батырлық пен алғырлық Абылай хан дәуіріне тән ерекшелік екенін тұспалдап жеткізеді. Сол дәуірдегі «қазақ өміріне айна болған» ақын-жыраулардың өлең-толғауларынан үзінді келтіреді. Сөйтіп, дәуірдің тарихи ерекшелігін сипаттайды. Абылай атын асқақтатады. Батырлардың «Алаш» ұранымен жорыққа аттануы да – аумалы-төкпелі заманда ыдыраған халқын бауырмалдық бірлікке шақыру мақсаты тәрізденеді. Дастандағы «дос-дұшпанға алаштың атын танытқан» заман – Абылай дәуірі, «даналық ақылына халық тойған» ұлы тұлға –Абылай хан, «ту алып, тұлпар мінген» батырларының ұраны – «Абылай!».
Дастанда Абылай бейнесі жеке-дара сомдалмаған. Ақын сол замандағы өнегелі істерді тізбелеп, ерекшелеп, оны Абылай хан дәуіріндегі ел жүрегінде жатталған жақсылықтарға балайды. Ақын өз заманымен салыстыру жасап, Абылай заманын дәріптеп, өнегелейді. Әсіресе Абылай заманының батырларын арқаланып, аруақтана жырлап, небір көрсем теңеулерді түйдектете төгуі – елді рухтандыру, ұлттық намысын ояту мұратындай сезіледі.
Кіріспедегі:
Ер Түрік ұрпағының даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіренткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен
Кешегі хан Шыңғыстың әмере жеткен
Кешегі Шыңғыстың ұрпағына
Талай царь, талай князь тәжім еткен – деген шумақ тарих тереңінен сыр шертеді. Шыңғыс ханның Еуропаны тітіренткен ұлы жорығын еске салады. «Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен» яғни, Ресей мен Қытайдың өз билігімен санасуға мәжбүр еткен, атақты Шыңғыс хан ұрпағы Абылай көпшілікке тұспалданады. « Кіргені есік, шыққаны тесік болу да» - Шыңғыс ханның жеңісті жорықтарына, оның айбынды армиясының күш – қуатына қарата айтылды десек те, Абылай жайлы аңыздарда оның қалмақтарға шабуылы «кіргені есік, шыққаны тесік» болып әсерелене суреттеледі.
Автордың қала мен дала ақынын айтыстыруының өзіндік идеялық мәні бар. Дала – ақын ұғымында кеңдік, ерлік, елдік, батырлық, даналық, әділеттілік, хандық билік дәуірі. Ақын халықтың еркін өмір сүрген, азаттығының қызығын көрген, арман-аңсарына жеткен дәуірінің игіліктерін еске салады. Ақын ұғымында қала - отаршылдықтың озбыр ойрандары, кедей, байға бөлініп таптық жіктелу, ел ішіндегі әділетсіздіктер, ұлттың азып-тозуы, қулық-сұмдықтың орнығуы, елдіктің кетуі, тағы басқалар. Сондықтан да, ол Абылай дәуіріндегі хандар мен би-батырлардың киелі де қасиетті тұлғасын сағына аңсайды. Алыс заманның ізгіліктерін сараптап, жақсылықтарын тарихи санамен сүйсіне жырлайды. Ақын ойында Абылай-дәуірі – Сарыарқа, Сарыдалада сән-салтанаты асқан, жауларын тойтарып , арынын басқан, ерлік даң қымен мейманасы тасқан, хандық биліктің халқын ұйытқан асқақ та айбынды, рухты да қуатты заман. «Айтыс» дастанында Абылай дәуірі осы мұрат биігінен табылған.
1920-1930
жылдары дүниеге келген
Кеңестік идеологияландырылған тарих Абылайдың хандық мемлекетін жоққа шығарып, қайраткерлік тұлғасын қаралап, қайшылықты, жеккөрінішті бейнеде көрсетуге тырысты. Абылай аты аталған шығармалар қатал сынға ұшырап, авторлары жазаланды.
1953 жылғы М.Ғабдулиннің «О состоянии и задачах изучения казахского эпоса» атты мақаласының жазылуына мәжбүр еткен кеңестік идеологияны, ұлттық тарихи тұлғаларға қатысты теріс көзқарасы болатын. Ол кездегі Қазақ ССР тарихы да Абылайға қатысты тарихи деректі бұрмалаудан танбады. Мәселен, 1957 жылы тарихтың тірінші томында «Абылай тек мейірімсіздік қана хандық өкіметті берік, тұрақты етеді деп санайды екен. Абылай билеген кез халықтың есінде зорлық-зомбылық дәуірі болып қалды» [16].
деген қаралау – Абылай тұлғасыа, заманына жасалған идеологиялық қиянат еді.
Абылай бейнесі ХХ ғасыр ақындарының өзекті тақырыбына айналғанына жоғарыда талданған туындылар айғақ. Абылай тұлғасын сомдауда олар аңыз-әңгімелерді, тарихи өлең жырларды негізге алған. Оқиға желісіне жаңа мазмұн беріп, тарихи дәуірге деген көзқарастарын да білдірген. С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасында Абылай қатал, озбыр хан ретінде сол кездегі идеологияға, таптық көзқарасқа сай бейнеленсе, оның қыз басына бостандық берудегі әділ шешімімен ақын оқиғаның тарихи негізін ашады. М.Жұмабаевтың «Батыр Баянында» Абылай іс-әрекеті, халық санасындағы айырықша қасиеттері реалистік тұрғыда берілген. Екі дастанға ортақ ұқсастық – хан ордасы, Абылай қоныстанған өңір асқақ шабытпен, көркем тілмен, әдемі жырланады. Мәселен, Мағжанда бейнелеу үлгілері, тың теңеулер, образды оралымдар тарихи детальдар мол. Ол хан ордасын қасиетті Қағыбаға теңеп, Абылайды айырықша аруақ иесі деп ұғады. С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, С. Торайғыров дастандары сюжетіндегі өткір тартыс, оқиға дамуындағы драматизм, кейіпкерлер мінез-қылығындағы қақтығыстар, ішкі психологиялық жағдай, эмоциялық сезімдер ерекшеленеді. Мысалы, «Көкшетауда» Абылайдың қыз басына азаттық берудегі жандүниесіндегі сезімдік тартыстар, не болмаса «Батыр Баяндағы» қалмақтармен соғыста үлкен қауіпке ұрынып қалудан секемденіп, қолды кері қайтарудағы Абылай әрекеті, шешіміндегі толқулар, қобалжулар кейіпкерлер характерін, психологиясын ашуда сюжеттегі драматизмді дамытқан. Жоғарыдағы поэмаларға ортақ ерекшелік – Абылайдың психологиялық портретінің сипатталуы. Бұл дастандар Абылай заманынан бір жарым ғасырдан кейін жазылғанымен, ақындардың елден естіген, аңыздарын, өлең-жырларын, деректерін Абылай тұлғасын сомдауда шығармашылық ізденіспен пайдалана білуімен бағалы.
20-30
жылдардағы қазақ поэзиясындағы үлкен
жаңалық – поэмаларда жоңғар шапқыншылығына
қарсы ұлт-азаттық күресті жырлау ақындардың
өзекті тақырыбы болуы. Кейбір поэтикалық
туындыларда Абылай заманын аңсау,
Абылайдай ардақты, аруақты тұлғаны өз
заманына қажетсіну, Абылай есімін кие
тұту сипаты сезіледі. Сондай-ақ, онда
дәуір тынысы, дәуір үні ақын жүрегінің
лүпілімен өткенге сағыныш сезімі сипатындағы
сырдай ақтарылады. Тарихи дәуір толық
болмыс-бітімімен бейнеленбесе де, белгілі
бір кезең тынысы ақындық көзқараспен
жыр тілінде тұжырымдалады. Өткен тарихи
дәуірдің құнды ерекшеліктерін оймен
саралап, бағалап, Абылайдай ұлы тұлғаны
сүйіспеншілікпен сомдау ақындардың асқақ
мұраты болды. Тарихи тұлғаларды дәріптеу
негізінде ұлт рухын көтеру, халықтың
тарихи сана-сезімін ояту, ұрпақты, өткен
дәуірдің ерлік өнегесімен, патриоттық
дәстүрімен баулу, ата-бабалардың қаһармандық,
батырлық даңқымен тәрбиелеу – ақындар
шығармашылығының алтын дініне айналды.
Таптық қоғам, социализмнін жаңа тарихилығы қазақ ол әдбиетіндегі әсіресе тарихи тақырыптағы шығармалардың идеясын озгертуге мәжбүрледі. Абылайдай тарихи тұлғаны бейнелеуде идеологиялық таптық жүйенің кесірі аз тимеді. С. Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында Абылай туралы тарихи деректер, фольклорлық мұралар жиғанымен, тарихи тұлғаға жаңа қоғамдық көзқарас ықпалынан, таптық танымнан біржақты кескіндеді. Мағжан, Әріп поэмаларындағы романтикалық сарын Сұлтанмахмұттың «Айтыс» дастанында да зар замандық үнге ұласты. Дастандағы ақынның лирикалық кейіпкері Абылай хан, аңсап-армандаған дәуірі Абылай заманы болды. Сол дәуірдің хандарын, би-батырларына табына, сағына жырлау мәнері осыны аңғартады. Жалпы «романтикалық өнер әркезде ... батырлық іс-әрекеттерді, ерлікті айқын бейнелеуге бейім келеді» . Олай болса, Абылай дәуірін әділ биліктің, батырлық, ерлік өнегелерінің, елдің елдігінің, рухтылығының, ынтымақ-бірлігінің беріктігі сипатында acқaқтатқан шығармалардағы романтикальrқ сарын сол заманға тән үрдіс еді.
1970 жылдардан бастап, тарихи прозаға қалам сілтеген кeңecтік талантты жазушылардың алдыңғы қатарында Ілияс Есенберлин есімі мақтанышпен аталады. Автор тарихи трилогияда ұлт тарихының күрделі, аласапыран кезеңдерін баяндаумен бірге, суреткерлік көркемдік ойлаудың айқындылығын танытты, өткеннің оқиғаларын әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан бағалауға мүмкіндік жасады. Ұлт тарихы тарихи тұлғалар туралы жазылған аталатын туындылар тарих ғылымының «aқтaңдaқтapын» айқындауға үлес қосты. Сөйтіп, кейінгі ұлт тарихы мен қайраткерлері жайлы жазылатын шығармаларға соны бағыт берді, жаңа арна ашты. Тарихи тақырыптағы pомандapымыз М. Әуезов эпопеясынан бастау алған көркем тарихилық үрдісін тарихи дәуірдің кең ауқымды бейнелеуімен, тарихи тұлғаны заманындағы күрделі оқиғалар аясында сипаттаумен, тарихи өткенміздің даму қозғалысында бедерленуімен одан әpі тереңдете түсті. І. Есенберлинмен әртүрлі дәуірді нақтылы, белгілі бір мұрат өзера жинақтап, ұштастырып, байланыстырып, трилогияда өзара сабақтастықта бейнелеп берді. Бұл кейінгі тарихи романдарымыдa көркем тарихилық шеңберінде Абылай дәуірін бар болмысымен суреттеу жарқын сипат алды.
«Тарихи романға адам тағдыры да, белгілі бір оқиға да, халық өмірінің белгілі бір кезеңдегі кең қарымдық панорамасы да өзек болады. Тарихи романның міндеті тарихи зерттеудің атқаратын қызметіме үндес» Ә. Кекілбаевтың бұл тұжырымы қазақ тарихи туындыларына қатысты айтылғаны айқын. Тарихи романшыларымыз осы мақсаттан көрінуге ұмтылды.
Дaңқты тарихи тұлғаға халықгық құрмет сезімін орнықтыруға бұл романдар танымдық сипатымен ерекшеленді кеңестік кезеңдегі тарихи романдарда белгілі себептермен Абылай дәуіріндегі тарихи кезенді тұтастай кескіндеу мүмкін болмады. Дәуірдің ағымын, қозғалысын айқын әрі терең ашу үшін әдетте қаламгер тарихи кезеңнің ең маңызды, тартысты сәттерін екшеп алатыны белгілі. Тарихи дәуірдегі күрделі жағдайлар, өткір тартыстар, оқиғалар - тарихи роман архитектоникасын айшықтаумен бірге, тарихи тұлғаның болмыс-бітімін көркемдік сипатта ашуға атсалысады. Тарихи бейнелер неғұрлым оқиғаның шиеленісуінде, тартыстың драматизмінде жан-жақты характерлік қырларынан таныла түседі.
Нағыз тарихилық немесе тарихи шындықтар идеологиялық бұрмалау ықпалына ұшыраған уақытта Абылай өміріндегі ең бір елеулі оқиғаларды, тарихи тартыстарды суреттеу, тарихи тұлғаны көркемдік шындыққа жақындатып бейнелеу оңайға cоқпады. Сол кездегі идеологияның әдебиетке қойған шарттарына қарамастан жазушылар Абылай характерін, психологиясын дәуірінің болмысына сай бейнелеуге құлшынды.
Жазушы Абылай бейнесін тарихи шындық шеңберінде бейнелеуге ұмтылғанымен, сол кездегі идеология қатал шеңгелінен тығармады. Қалам еркіндігі тежелген коммунистік идеология заманында белгілі бір тарихи: дәуірдегі шындықгы жеткізу қиынға coқты. «Суреткер дәуірдің тарихи атмосферасын шынайы бейнелегенде ғана, көркем шындық тарихи шындықпен сәйкесетінін» негізге алсақ қаламгерлеріміздің тарихи деректерді пайдалану еркіндігі толық тимеген кезде Абылай бейнесін тарихи заманына сәйкес кескіндеуі - шығармашылық батылдық үлгісі.
Романтик
қаламгерлер тарихилықты тарихи психологиямен
байланыста қарайды. Гректер мен римляндардың
тарихының өзі Ф.Шлегельше түйіндесек:
«адам жанының мәңгілік кодексі» болып
саналады Ендеше, дастандардағы тарихи
психология Абылайдың кесек қайраткерлік
болмыс-бітімінен, адамгершілік қасиеттерінен
бейнелеуден байқалып қана қоймайды. Сол
дәуірдегі ұлттық азаттық мұраты жолындағы
халықтың ынтымақты ауызбірлігінен, табанды
күрескерлік рухынан, өзара сыйластық
қарым-қатынасынан танылады.