История народа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 21:15, курсовая работа

Краткое описание

Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты – 20-30-шы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі халық тарихының көркемделу сипатын, көркемдік әлемін кешенді түрде қарастырып, ондағы өмір шындығы мен көркемдік пайымдау ерекшеліктерін зерттеу.

Содержимое работы - 1 файл

Құдаспаева А.doc

— 204.50 Кб (Скачать файл)

«Тойдан торай қалдырмасқа,

Қазақтың  бір тайые кәпірге алдырмасқа.

Бір тоқсан ойланып,

Бір тоғыз  төңкерілетін...

Ел қорғаны  ерімнің сүйем бәрін»

Қалай десек те, осынау жыр үзіндісі- көне замандағы жыраулар поэзиясынан  қалған жәдігер. Сол дәуірдегі елдің  бірлік-ынтымағының айғағы. Толғау үрдісіндегі жырлау мәнеріне қарағанда  Бұқар жырының үзігі іспетті.

Ақын  Абылай дәуірінің даңқымен рухтанады. «Ел қорғаны – ерлерін» қадірлеп, қастерлейтінін осылай түйіндейді. Бұл  да Абылай заманына тән ерекшелік. Заманында  «Ел қорғаны көп пе еді» деп  Үмбетей жырау Абылайдың ақ туының астында, Ақ ордасына топтасқан  би, юатырларының даңқын асыра, сол дәуірді асқақтата жырлағаны мәлім.

«Қой  асығы демеген қолайына

Жағып кетсе, ел да ғы сақа қойған» - дейді  ақын дастанында.

Мәшһүр  Жүсіп Көпейұлы: «...Бұрынғының сөзі бар еді: «Қой асығы деме, қолайына жақса сақа қой деп еді, кел осыны хан көтерелік»- деп әу десіп, Атығай-Қарауылдың ортасына келіп, алты отау көтеріп, алты қатын алып беріп хан көтерген екен. Абылай ханның қазаққа алғаш хан болған жері осы» - деп жазған . Ақын халық ауыз әдебиеті үлгілерімен терең танысқан.

Ел басына қасірет төнген дүрбелең дәуірде  атамекенін жау шапқыншылығынан  азат ету жолында әскер жасақтап, шайқастар жүргізген, « халқына  жақын» ұлы тұлға – Абылай хан  жайлы дастанда баяндалғаны да белгілі. Ақын Абылайдың атын айтпаса да. өнегелі істері мен жарқын тұлғасын елінің зердесінде жаңғыртқан

Дастанның келесі бөлімі билердің сол замандағы  істеріне, олардың жеке бастарының қадір-қасиеттеріне арналған.

Сағынам билерімді кең ақылды,

Адамға  жеткізбейтін ақ-мақұлды.

Қалай өзін туғызған іштен би ғып,

Білмейтін төре айтқанда жат, жақынды.

Кебеже  қарын, кең құрсақ кемеңгерім,

Сатулы  емес, ақылы жұртқа тегін.

Талапкер  мен жауапкер өзі іздеген,

Алдына кеп бітуге сондай ерін.

Абылай  заманындағы жүзеге асқан ізгілікті  істер сүйіспеншілік пен шабыттана өнегеленеді.  «Білмейтін төре айтқанда жат, жақынды» дегендей, «тура биде туған жоқ» заман – Абылай және оған дейінгі хандар дәуірі. Республика Ғылым академиясының сирек қолжазбалар қорындағы «Абылай хан» атты дастанның екінші нұсқасында:

Абылай  бар да ұрлық, қарлық сөз жойылған,

Билерге «Жеті жарғы» ат қойылған.

Өзі білген ғадалатын аяған жоқ,

Өзі өлгенше  тайған жоқ сөзі орнынан-деген жолдар – Абылай заманында  билер беделінің  биіктеп, заңдық жүйенің берік қалыптасып, халық өміріне тереңдей енуінің  кепілі. Кезінде Бұқардың Абылайға арнап:

Жетім менен жесірге,

Ешбір жаман қалымадың.

Әділетпен жүрдіңіз, - деген  мадақтаулары да ұлы  ханның жеке басының қадір-қасиетінен бөлек, халқына жасаған қамқорлығына арналған [44,51б.].

Қағазсыз, полициясыз қимыл қылған,

Сонда да істің бәрі бітіп тынған.

Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп,

Кім оның жарлығына мойын бұрған.

Ханы  мен биінің айтқаны заң болып, «ердің құны екі ауыз сөзбен бітіру» - Абылай заманында жүзеге асқан  шаралар. «Абылай заманында ер азаматтың  құндылығын оның ішкі қасиеттер арқылы  бағалауда болатын еді» - деді зерттеушілер Б.Хұсайынов, Е.Шаханов Ақын Тәттіқараның «кебеже қарын, кең құрсақ» деген Абылайға айтқан толғауындағы тіркесті билер бейнесін сипаттауға пайдаланған. С.Торайғыров Абылай заманының ерекшелігін, би, батырлар істерін шабыттана жырлап, болмыс-бітімін дәріптеп, өз заманына өнеге тұтады.

...Дұшпаны  маңайына бара алмаған,

Бір тайын  рұқсатсыз ала алмаған.

Солардай  батырлары арқасында,

Бұл күнгідей бірі қор саналмаған.

Батырлар  ант бұзбаған, сертте тұрған,

Күндеу  жоқ, жолдасы үшін басы құрбан,

Сондықтан қорқып емес, сенгендіктен,

Ел ұстап  етегінен басшы қылған.

Ел үшін қартайғанша аттан түспей,

Бір күні бел шешініп тамақ ішпей,

Ел қылған ерлерінен жетім қалып,

Халыққа болды ол дәурен көрген түстей [45].

Сол замандағы  жыраулар поэзиясының қолтаңбасын  танытатын дастандағы:

«Тойдан торай қалдырмасқа

Қазақтың  бір тайые кәпірге алдырмасқа.

Бір тоқсан ойланып,

Бір тоғыз  төңкерілетін...» - деп келетін толғау үзіндісін ақын жаңа мазмұнда қайталайды:

«...Дұшпаны маңайына бара алмаған, бір тайын рұқсатсыз ала алмаған, батырлары арқасында, бұл күнгідей бірі қор саналмағанын сағынышпен, сүйсініспен толғайды».

Жоғарыдағы  екі жол сөзсіз Абылай заманының  рухын, ерекшелігін айқындап, асқақтатып тұр. Абылай төңірегіне оптасқан кілең жүрекжұтқан батырлар бірлігі өнегеленеді. Қаз дауысты Қазыбек би сөзімен айтқанда: «Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз» деген хандық биліктің дәуірлеп тұрған дәурені өмір сүрген. Ақынның айтпағы да осы. Аңсағаны да- сол дәуір. «Бұл күнгідей бірі қор саналмаған» дегені де – жан дауысы , шерлі көңілдің азыла, ызғарлы үні. Патша отаршылдарының жерімізді иеленіп, аздырып тоздырған, еліміздің ынтымағын ыдыратқан, сонымен бірге қазақ халқының тағдырын ойран еткен Қазан төңкерісіне деген ақын наласы, ашу-ызасы іспетті.

«Бір  тоқсан ойланып, тоғыз төңкерілуі...» - Абылай заманындағы хан кеңесін, билер жиынын, батырлар бас қосуын, қысқасы сол замандағы келелі, маңызды халықтық мүдде-мақсаттағы  дала демократиясымен жүзеге асқан шараларды еске салады. Төле бидің:

«Тоқсан күйдің тарауы,

Шешемін деп шеше алмай,

Қиналып қанша кенелдім» - деп күйіне толғағаны  да – Абылайға дейінгі дәуірдегі  ел билеушілерінің аталы сөзге құлақ  аспай, бет-бетімен билік қуып кеткенін айғақ етеді. «Бір тоқсан ойланып, тоғыз төңкерілу...»-шын мәнінде Абылай заманындағы хандық биліктің ынтымақты, берекелі іс-әрекеттерінің куәсі. Тағы да Төле биге жүгінсек: «Береке-бітім болғанда, еңсесі биік ел едім, қайсы еліңнен кем едім?» деген заман бол ғаны анық .Бұл  даналық қағидалар Төле би, Абылай дәуірінен бүгінге жеткен ертеңге, одан келесі ғасырларға ұласар халқымыздың асқақ мұраты іспетті.

Ақын  «халыққа көрген түстей болған» Абылай заманын аңсайды, сол дәуірдің батырларының ерлік даңқын асқақтатады.  Дастандағы сол замандағы халықтың ынтымақ-бірлігіне,  батырларының антына адалдығына, қол басшыларының ұасиеттілігі мен сенімділігіне байланысты сүйіспеншілік сезіммен толғанған поэзиялық пайымдауларды халық нақылы да айшықтап, ажарландырады:

Ері даңқты болса,

Елі антты болса,

Әруағы  артып жүреді,

Жауы  аяғын тартып жүреді

Бұл қанатты  қағида – Абылай дәуірінен қалғандай. Мұны Абылай ұрпағы да қуаттайды. «Әуелі халықтың көсемі ханды жоюды ниет қылған патша әкімшілігі Абылайғңа  оның өз батырларын айдап салу үшін оларға сый-таралғы ұсынып, өзіне тартпақ болады. Бірақ, бір ғажабы батырлар бір ауыздан «Абылайға жат нәрсе бізге керек емес» деп тегін олжадан бас тартқан. Осы бірлікке Абылайдың көзі тірісінде қылау түскен жоқ» дейді Т.Абылайханов [46].

Антқа адалдықтың, сертке сенімділіктің айқын айғағы міне, осы!

Ақын  өткен  заманға табынумен бірге, сол дәуірдің еркіндігі мен ерлікке  адалдық өнегесін сағынады.

«Ел үшін қартайғанша аттан түспей,

Бір күні бел шешініп  тамақ ішпей» - елдің  елдігін сақтап, рухын асқақтатқан  ерлердің қаһармандық бейнесі – патриотизмнің шынайы үлгісі. Қартайғанша аттан түспеген қайран ерлер – хандар, сұлтандар, би, батырлар келеді көз алдыңа. Аруақты, ардақты тұлғалар – ақынның арман-аңсары. Оларсыз елі де жетімдік күйін кешкендей.  Ерлерін ойлағанда ақын көкірегі қарс айрылады. Осынау шумақтардан Абылай дәуіріне, сол заманда жаумен арпалысқан батырлардың өшпес рухына деген шексіз құрмет сезіледі. Батырларға берген мінездемеде олардың күш-қайраты да суреттеледі:

Білегі  жеті шоттан оқ өткізген,

Он жігіт қозғалтпайтын тақымдарын.

Оларды  ала алмаған ешкім күшпен

Жолыққан  найзасына жүндей үшкен [45].

Бұл –  көне эпостағы «отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» қаһармандао  бейнесі емес, бұрынғы өткен бабаларымыздың шынайы батырлық болмыс-бітімі. Дәуір батырлары эпостағыдай әсіреленіп, бейнеленбеген. Бала кезден үлкендер аңыз-әңгімесінен зердеге түйгенін, тіпті ұрпағын көзі көргендіктен, көңілінде кескінделген бейнелерді ақын жырға қосқан.

Қару асынып, қан жұтып, қайғы тартып,

Елін  талай құтқарған қиын істен.

«Алаштап» ұран шықса, қаны қайнап,

Намыстан  тұра алмайтын тұрсаң байлап.

Ақын  ұғымында «Алаш» - барша қазақтардың  ұраны. Қазақтың рухын өрлететін, намысын  ойнатқан қасиетті ұранға баланады. М.Дулатов  «Хан Абылай» еңбегінде «...Қазақ  «Алаш!» деп ұран шақырып, басшылары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақ ұлы Жәнібек, Көкжарлы  көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа  болып қалмаққа аттанады...» дейді Демек, Алаш-Абылай аты ұранға айналғанына куә етеді. «Намыстан тұра алмайтын тұрсаң байлап» - қандай керемет пайымдау. Ұлттық намыстың ұлылығын ұғындыратын ұлағатты сөз. Сұрапыл заман батырларының азаматтық ар-ожданын айбындатады. Қаз дауысты Қазыбек бидің «Намысты бастан асырмаған елміз» деген даналық пайымдауының өмірде жүзеге асқан айғағы.

Ақын  жауға қарсы соғысты, майдан өмірін «Қару асынып, қан жұтып, қайғы  тартып» деген бір ғана жолмен түйіндеген. Қару, қан, қайғы – қасіретті  соғыс көрінісі, жорық, шайқас картинасы.

Түлкі алатын қырандай түйілгенде,

Жұрт  тұрғанда «Берек көр, иә Құдайлап»,

Иелерін қалдырып қан майданда

Талай дұшпан аттары шыққан ойнап [45].

Халық тілеуі – батырларынығ жеңіспен оралуы. Аллаға, құдайға сыйынып, жеңіс тілегін  халық дастанда жалпы аяда көрінсе, батырлардың соғыстағы ерлік  қимылдары түлкі  алатын қырандай сипатталады. Тарихи жырларда, дастандарда Абылай бейнесі қыранға теңеледі. Оның киесі де батырлар көзіне қыран болып елестейді. Абылай сарбаздары да қыранға баланады. Қыран-батырлық, өжеттілік, алғырлық, қайсарлық, күштілік білгісіндей. Иелерінен өлідей айырылып, ойнап шыққан дұшпан аттары – шын мәніндегі соғыс суреті. Қаһарман бабалардың ерлік істерін биіктетеді. Жеңісті жорық, шайқастарын паш етеді.

Сескенуді жүрегі бір білмеген,

Не көрсем елім үшін көрдім деген.

Басшы сондай бол ған соң әскері де,

«Ердім, міне, сүңгідім қлдім» - деген [45].

Ел үшін еңіреген ерлердің жүрекжұтқандығы, ерлік  істері шалқар шабытпен жырланады. Ақынның  Тәтіқара жырымен таныстығы байқалады. Абылайдың артынан қытайдың қалың  әскері тықсырып, алдынан тасыған  су кездескенде: «Тілің қырқылғыр Тәтіқара бірдеме десейші!» деген, жауынгер жырау:

Қамыстың  басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы болат найза.

Алдыңнан  су , артыңнан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда... – деп толғап, тоғыз батырының есемен ерекше қасиеттерімен атағанда, олар өзенге аттарымен күмп беріп түсісімен, соңынан сарбаздары еріп, қол аман қалатын оқиға негізге алынған .«Ердім, міне, сүңгідім өлдім» дегені, сірә осы тарихи оқиға көрінісі болар.

«Басшы  сондай болған соң әскері де» - деген  бір  ғана жолда Абылайдай қолбасшының айбынды, даңқты тұлғасы, ержүрек ерлерден құралған сарбаздары мадақталады, өнегеленеді. Дана халқымыздың:

Жайсаң  жігіт болғаның,

Жолдасыңның арқасы.

Қайсар  жігіт болғаның,

Информация о работе История народа