Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 21:15, курсовая работа
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты – 20-30-шы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі халық тарихының көркемделу сипатын, көркемдік әлемін кешенді түрде қарастырып, ондағы өмір шындығы мен көркемдік пайымдау ерекшеліктерін зерттеу.
Орта Азия әдебиетінде тарихи дастандар 30-жылдан жазыла бастағанымен, біздің әдебиетте анағұрлым ерте қолға алынды. Сондай-ақ, 30-жылдарда жазылып, ұзақ уақыт қолжазба қорында жатқан Ә.Тәңірбергеновтың «Абылай хан» дастаны да – қазақ поэзиясындағы жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресі туралы тарихи тақырыптағы туындылар қатарын толықтырады. Аталған дастандарға тән ерекшелік – тақырыпты ақындардың әрқалай меңгеруі, тарихи материалдарды түрлі сипатта пайдалануы, тарихи тұлғаға деген көзқарастағы өзгешеліктер, поэтикалық жырлану мәнерінің айшықтылығы.
Зерттеушілер тарихи поэтикалық туындыны батырлық-патриоттық, адамгершілік, салт-ғұрыптық, философиялық тағы басқаға жіктейді [34]
Осы тұрғыдан келгенде, Абылай заманы, тұлғасы жырланған дастандар батырлық- патриоттық тақырыпқа жақындайды. Поэмаларда романтикалық, психологиялық сарындар сарапталады. Дастандардағы тарихи дәуір тынысы, тарихи деректер мен құжаттардың ма ңыздылығы, халық ауыз әдебиеті мұраларының пайдаланылуы, Абылай бейнесінің тарихи құжатпен сәйкестігі, өмірлік шындық пен көркемдік шындықтың бірлігі, тарихи тұлғаны сомдаудағы ақындар көзқарасы, ұстанымы, көркемдік-эстетикалық тағылымы тағы басқа мәселелерді зерттеу нысаны...
Абылай өмірі және заманы кеңестік кезеңде де ірі эпикалық туындыларға арқау болған. Тарихи тұлғаға қатысты поэзиялық шығармалар қатарына Сәкен Сейфулиннің «Көкшетау», Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян», Әріп Тәңірьергеновтың «Абылай хан», Мәжит Айтбаевтың «Хан Абылай» дастандары жатады. ХІХ-ғасырдың 20-30 шы жылдары жазылған бұл поэмаларда Абылай бейнесін сомдаудағы ақындардың әрқилы көзқарасы сол кездегі идеологияның ықпалын сездіртеді.
М.Жұмабаевтың «Батыр Баяны» 1923 жылы жарық көрсе, С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы 1925 жылы басталып, тек 1929 жылы ғана жарияланды.
«Бұл
екі поэма халық тарихын
Екі поэманың композициялық құрылымы да, оқиғалық желісі де әрқилы. Екі дастанға ортақ ұқсастық – Көкшенің, Бурабайдың әсем табиғатының поэтикалық қуатпен, асқақ шабытпен жырлануында. Ақындар Көкшедей көрікті мекенде кезінде Абылайдың хан ордасы қоныстанғанын паш етеді. Мәселен Мағжан:
Бурабай-Арқа аралы, жер еркесі,
Ертеде қоныс болған Абылайға [36, 232б.] деп шаттана жырласа, Сәкен:
Абылай орда қылған Көкшетауын,
Аударған
қонысынан талай жауын – деп
оның қолбасшылық қырымен
Сол күнде ел қорғаған Абылайдың,
Қылсақ та әз тәуап қылып моласына, - деп Мағжан Абылайдың әруағын, қадір-қасиетін асқақтатса, Сәкен Абылайды ел шапқыш, қаиыгез хан деп бейнелейді. «Хан» деген сөздің астарынан «қанға құмарлықты» көреді. Академик С.Қирабаев: «Ақын Абылай атына қатысты бар материалды көп зерттеп, тексергенге ұқсайды. Бірақ, одан мақтанарлық мінез, қылық таба алмайды. Қайта ол ханның ел тонаушылық пен қатыгездігін айтып әшкерелейді» - деп Сәйкеннің мол деректер жиғанымен қатар, дастанда Абылайды біржақты бейнелегенін дәлелдейді. [14, 31б.].
Ақын дастанға біраз аңыз, деректер пайдаланған. Өйткені, ел арасынан фольклорды жинаумен бірге сол уақыттағы кеңестік саясат ағымымен Абылай жайлы жазып алған мұраларды дастанға да екшеп енгізген. Дастанда сол уақыттағы кеңестік саясат ағымымен Абылай біржақты, ұнамсыз сипатта бейнеленген. «Рас, Сәкен Мағжанға Абылайды аспанға көтеріп, теңей таба алмай қиналмайды, қайта бар оқиғаның басы-қасында көрсету арқылы оның да пенде екенін кейде реалистік арнада, кейде гротескілік сыңайда суреттеп, сыншылдық тенденциясын бір сәтке ұмытпайды, таптық көзқарасынан жаңылмайды, бірақ даттауға бармайды» - дейді профессор Т.Кәкішұлы [38, 313.]. Ақын Абылайдың іс-әрекетінен зұлымдық, қанішерлік, жауыздық көреді. Осының өзі де Абылайға деген қандай көзқарас ұстанғанын аңғартады:
Шұбырып ханның қолы жүріп кетті,
Жылыдай қан ұрттауға бұрып бетті, - деп ақын «Абылайлап» шапқан Абылай қолының жорығын басқыншылық, жауыздық әрекетпен ұштастырады [37, 215б.].
Тұтқын қызға батырлар таласқанда, хан ақыры оң шешімге келеді. Кімді таңдайтынын қыздың қалауына береді. Дастанда Абылай қанша қатыгез болып бейнеленсе де, осы оқиғада оның бойындағы адамдарға деген мейірімділік, аяушылық сезімі ерекшеленеді.
Жарқыным, өңкей батыр мына тұрған,
Қара да, біріне ти таңдап өзің [37, 31б.].
Абылай қыз тілегін құптағанымен, батырларын сынағанда шыдамсызданып, күйгелектеніп, мазасыздыққа салынады. Ақын Абылайды «ат үстінде күпілдеген, ойқастап, қоразданып, дірілдеген, дауысы тау жаңғыртып саңқылдаған, қарқылдаған» - үрейлі кескінде бейнелейді. Абылай батырларына күштерінің тек екенін білдіргенде, әміріне жүгінген халық:
-Шын түгіл, теріс билік қылса да ұлық,
Иіліп «алдияр» деп аузын жұмбақ, - деп хат қаталдығынан сескенген дәрменсіз жандар ұғымында баяндалған [37, 22б.].
«Сәкен өткен жылдар сілемінде жаңа заман, жаңа идеология тұрғысынан қарайды. Қазан төңкерісін қалтқысыз қабылдаған ақын ханның ойқастап жүргенін, қарқылдап күлгенін, тықыршыған сәттерін сипаттағанда, шынында да тарихи тұлғаға баға беруде тек 20-жылдардағы саясат ауқымынан шыға алмайды, сыңаржақ тартып кетеді. Қаһарлы әмірші жеңілтек, мінезсіз болып көрінеді» [35, 81б.].
Абылайдың қалмақтарға жорығы елді шауып сипатында жырланған. Абылайдың қалмақтарға жорығы елді шауып қанға батыру, күңірету, олжа табу мақсатына негізделгенін, ақын кейде өз ойына қарсы шығады.
Абылай батырларын жиып алып, олжаны үлесіне бергенін айғақ етеді. Бұл-тарихи шындық. Абылайдың жорықтан түскен қазыналарды, дүние-мүлікті батырларына тартқаны тарихи деректерден белгілі.
Абылайдың ұнамсыз бейнеде сомдалуы сол кездегі идеологиялық саясат ықпалы екені белгілі, өйткені, билер мен хандарды «ескінің көзі» - деп біржақты қарау ақын көзқарасынан да сезіледі. Олай болса, Абылайдың тұтқын қыздың басына ерік беріп, еліне жіберуі – қыз ақылдылығын, білімділігін, сұлулығын мойындау ғана болғаны ма?
Тарихи деректерде 1743 жылы қалмақ тұтқынынан олжамен ғана емес, екі жақты қарым-қатынасты дамытуға келісіп, бітіммен оралған Абылай бұдан кейін де, қалмақтармен соғыста қолға түскендерге рахымшылық жасап, кері қайтарып отырған. Дастандағы:
Тартқатсын нәзік тұтқын қасірет шерін,
Жарамды бір жүйрікпен тапсын елін.
Еліне аман қайтып сұлу бикеш,
Өлмесе тауып алсын жомарт ерін, - деген жолдарда шындық бар[36, 57-58б.].
Бейнелеудің
эпикалық тәсілін таңдаған
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» дастанында алдымен Абылай заманының қазақ тарихындағы алатын орнына, қасірет-азабына тоқталады.
Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау,
Дағдарған алаш енді қайда бармақ?
Сол кезде ер қорғаны бол ған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап... [36, 233б.].
Яғни, Абылайдың жауды шабуы – қолбасшылығымен іске асқан дорықтар, сәтті соғыстар. Ал, арбауы – ел мүддесіне орай оңтайлы жүргізгенғ амал-айлаға негізделген ішкі, сыртқы саяси қызметі Бұлдан алмағайып, аласапыран заманда ақыл-айласымен де, тапқыр ой, көреген саясатымен де ел қорғаны болған Абылайдың қайраткерлік өмір жолы көрінеді. Абылай – дүрбелең дәуірде ел тағдырын шешкен заман шыңдаған ер. Ақын Ақтабан – Шұбырындының қасіретті күндеріне оралады. Поэмада сол бір азапты да азалы кезең тарихи болмысымен суреттеледі.
Қиын күн туған алаш баласына,
Шұбырып жапанның сар даласында,
Кез болған жаудан үркіп «Ақтабанға».
Дұшпанның қалғандай боп табасына.
Арқаға аяқ салып, түскен барып,
Екі оттың – орыс, қытай арасына.
Күндерде сонау-қара, тапсырған ел.
Тағдырын Абылайдай данасына [36, 233б.].
Дастан жан-жақтан жау анталап, халық басына қайғылы, қасіретті күндер төніп, елдің ел болу тағдыры қыл үстіне тұрғанда, ақыл-арасатымен, амал айласымен ел билеген Абылайдың қайраткерлік тұлғасын асқақтатады. Абылайдың дана деп даралануы да – елдің елдігін сақтап, татулық-бірлігін баянды етіп, саясаттағы табыстары мен соғыстағы жеңістерін бағалау ұғымындай. Даналық сипатында терең ой, асқақ айбын, биік парасат, көреген, адал, қамқор, батыл да табанды, ел жүрегінен табылған қайраткер тұлға дәріптелген. Абылайды ел билігіндегі данаға теңеуі – оған берілген тарихи баға іспетті.
Ақынның
тарихи еңбектерімен таныстығы Абылай
дәуіріндегі би-батырларды атауынан
олардың портреттеріне
Қалданға ханмен бірге тұтқын болған,
Жолдасы Абылайдың батыр Жәбек – ден таныстырады.
Шынында да, Жәпек батыр Абылаймен бірге ойрат тұтқында болып, қиын сәттерде батылдық пен қайсарлық танытқан. Ол жайлы Ә.Тәңірбергенов поэмасында талқылауда тереңірек тоқталамыз.
Абылайдың ақ туы астында табысқан батырлар қыранға аланған. Ақын Абылайдың Қолбасшылық даңқын айбындатады. Абылай – арбаздарының қадір-құрметіне бөленген бас қолбасшы. Әр бұйрығын батырлары құп алады. Хан әмірі талқыланбайды. Бұлжытпай орындалады. Абылай сарбаздарына қойған қатаң әскери қағида осындай:
Ежелден Абылайда екі сөз жоқ,
Сөз шықты: Болады! – деп, тарайды топ.
«Болады!» сөзә - әмірінің қалтқысыз орындалу кепіліп. Мұнда Абылай сарбаздарының тәртібінің күштілігі, ұйымшылдығы, антына беріктігі байқалады. Қуатты, ынтымақты әскер бар жерде жеңілмейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Қатал да талапшыл, батыл, табанды қолбасшы барда сарбаздар сенімді. «Бірлік қайда болса, ерлік сонда», «Жаудың алдын алар болсаң, алдымен қолбасыңды сайла» деген нақылдар Абылайдай қаһарман қолбасшыға бағытталғандай. Ақын Абылай сарбаздарының антына адалдығын, сертіне беріктігін, тегеуірінді тәртібін, рухты да батыр келбетін суреттейді. Соғыс заңын жетік ме ңгерген қабілетті де батыл қолбасшылық қасиет Абылайға тән.
Мысалы: У с а, Серен сияқты қалмақ қонтайшылары мол олжа салып, келісімге шақырғанда, Абылай олардың ойын аңғарып, би-батырларымен ақылдасуға ұйғарым жасайды.
Салды мынау сөзді хан Абылай,
Би, батыр қасындағы көп қыранға – деп ақын мұны Абылайдың көп талқысына салып, кеңесіп шешуге бел байлағанын білдіртеді. Абылай – тәжірибелі де сақ, әрі істі байыппен шешетін хан. Қалмақ қонтайшылары алдап, уақыт ұтуға бекінгенін жиналғандарға ескертеді де, соңынан келісімге келуд і құптайды. Баян қарсы шыққанымен, көпшілік хан билігіне қарсы тұра алмайды.
Абылай айтқан әр бір сөз - халық үшіг бүлжымас заң. Поэмада осының бәрі халықты бір тудың астына оптастырып, ынтымақ-бірлігін нығайтуды Абылайдың кемеңгер ел билеушілігімен астастырылады:
Күндердің бір күнінде хан Абылай,
Қалмаққа – (ойына алды) – ойран салмақ,
Ханынан: «Аттан!» - деген сөз шыққан соң,