Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 21:15, курсовая работа
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты – 20-30-шы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі халық тарихының көркемделу сипатын, көркемдік әлемін кешенді түрде қарастырып, ондағы өмір шындығы мен көркемдік пайымдау ерекшеліктерін зерттеу.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тарих – халқымыздың жүріп өткен сан ғасырлық жолдары, бастан кешкен қилы тағдыры, азабы мен ауырлығы, тауқыметі, жеңілісі мен жеңісі. Өткені білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр. Туған тарихымыздың тамырының тереңге таралуы – оның өміршеңдік болмысының айғағы. Қай заманда тарих тәрбиелік, танымдық, өнегелік міндет арқалаған. Өткеннен тағылым алу, ата-бабаларымыздың қандай тірлік кешкенін білу, еліміздің елдігін сақтап, қасиетті қазақ атымен халық болып қалуындағы сан ғасырлық арпалыс, күресін сезіну - жүрегі ұлтым деп соққан әрбір азаматтың асыл борышы.
Көркем шығармаларда халық тарихын таныту сол дәуірдегі халықтың әдет-ғұрпын, кәсіп-өнерін, соғыс, шаруашылық істерін қамтитыны да белгілі. Тарихи шығарманың өмірге келуіне дейінгі азабы да аз емес, қаншама тарихи материалдар, шежірелер, фольклорлық мұралар, көне жазбалар, күнделіктер, хаттар, елшілік құжаттары, тарихи кітаптар қарастырылады, қаншама деректер ой елегінен, сана сұрыптауынан өтеді.
Туындыда халық тарихын бейнелеу кеңес үкіметі тұсында қазақ қаламгерлері үшін оңайға түспегені белгілі. Қазақтың ұлы ханы Абылай арқылы бүкіл ұлт тарихын көрсетуді мақсат еткен І. Есенберлин, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардан кейін көрнекті тұлғаны әдебиетімізде сомдау күрделі мәселеге айналды. Абылайға деген халықтың зор сүйіспеншілік сезімін идеология қанша суытқысы келсе де, санадағы құштарлық толастамады. Академик Қ.Сәтбаев «Ер Едіге» жырын ұлт игілігіне ұсына отырып: «Алты алашқа мәлім «ескі жолды» Есім хан, «қасқа жолды» Қасым хан, тура жолды» Тәуекел хан, жеті жарғылы Әз Тәуке, Ер Абылай – бәрі де осындай хандық пен билікке қатар ие болған «қасиетті адамдар» деп көрнекті тарихи тұлғаларымыз қатарында Абылайды мақтан етті. [1, 29 б.]
Тарихы сан ғасырды қамтыған қазақ халқының тарихының әдебиеттегі көрінісін зерттеу, шыққан биігі мен жеткен жетістігін пайымдау бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты – 20-30-шы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі халық тарихының көркемделу сипатын, көркемдік әлемін кешенді түрде қарастырып, ондағы өмір шындығы мен көркемдік пайымдау ерекшеліктерін зерттеу.
Осы мақсат – мұраттарды жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық:
Міндеттерді шешу әдісі.
І
20-30 ЖЫЛДАР ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ
АБЫЛАЙ БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ
ДӘУІРІ
Айқындалған тарихтың жүйелі зерттеуі негізінде өткен дәуірлерді шынайылығымен бейнелеу кеңестік идеология ықпалымен қайшылықты тұлға саналған тарихи қайраткерлерді жаңа тарихи деректер аясында өмірлік болмыс-бітімімен кескіндеу әдеби шығармалардың да басты мұраты болды. Қазіргі уақытта тарихи шығарма жазуға қаламгерлерге еркіндік те, мүмкіндік те мол. Тарихи материалдар да жеткілікті. Қайраткер тұлғалар туралы әдеби мұралар үздіксіз жарық көрді. Мұрағаттық тарихи құжаттарды пайдалануға жол ашылды.
Тарихи армандау барда тарихи шығарма жазу суреткерге қиынға соқпайды. Бойдағы табиғи талант, терең тарихи таным, жан-жақты білімділік, зерек зерделілік, суреткерлік көрегендік өз алдына, ыждаһатты материалдық, құжаттық дайындық, сонан соң үлкен шеберлік керектігі бесенеден белгілі. Аласапыран, күрделі тарихи дәуірлердің тынысын, шырғалаң тағдырлы тарихи тұлғалар өмірінің шындығын жеткізу - жанқиярлық ізденіс пен керемет еңбекқорлықты, ұлтына деген сүйіспеншілік, адал сезімді, санадағы батылдық пен түйсіктегі тәуекелшілдікті талап етеді. Б. В. Томашевскийдің «Тарихилықты анықталған шығармашылық сапа ретінде тарихи тақырыпқа, тіпті өткенге қызығушылыққа зер салудағы шынайы фактімен айырбастауға болмайды» деген мағыналы пікірінің астарына үлкен ой тұнған [23, 4 б.]. Тарихы терең тамырланған халықтың болашағы зор. М. Шагинянның: "Прошлое человека драгоценнейшая сокровищница, неисчслимыx богатств... оставляет для последующих поколений следы в прахе веков, по которым прочесть, угадать, воскресить» деген зерделі сөзі ойымызды тиянақтайды [25, 208 б.].
ХХ ғасырдың бірінші жартысында жазылған М. Жұмабаев, Ә. Тәңірбергенов, С. Торайғыров, М. Айтбаев поэмаларында Абылай атын apдaқтay, халқының зор сүйіспеншілітін паш ету, apyaғына табыну, Абылай ұpaнымен рухтану, адамгершілік өнегелерін дәріптеу, батырлық, қолбасшылық, саясаткерлік қырларын нақты іс-әрекетте бейнелеу, қайраткерлік қызметіне баға беру тән. Тарихи тұлғаның танымдық, тағылымдық бейнесін жырлауда ақындық шалқар-шабыт, пафостық сезім, патетикалық қуат ұштасқан.
Тарихи туындылардағы өткен дәуірдің тіршілік-тынысы, жаугершілік-шапқыншылылық кезеңдер кең ауқымда баяндалуынан бөлек, тарихи тұлғаның сол заманға сіңірген еңбегі, ерлік істері, адамгершілік асыл қасиеттері, өнегелі өмірі, өшпес өсиет сөздері ұрпақ тәлім-тәрбиесіне ұласатындығымен де ұлағатты.
Кеңестік
тарих ұзақ жылдар бойы Абылайды қайшылықты
тұлға санап қаралады, қайраткерлік
қызметіне теріс түсінік
Жазушы Абылай дәуірін барынша зерттеп, ойда зерделеді. Абылайдың заманында қандай ел билеушісі болғанын жақсы білді. Неше түрлі сыңаржақ ғылыми түсініктермен қараланын, кеңестік тарихтағы қайшылықты тұлға саналған Абылайды идеология тарихи туындыда сол ауқымнан шығарғысы келмеді. І. Есенберлин идеологиялық қысымға қарамастан, тарихи тұлғаны ұнамды қырынан бейнелеудің амалын іздеді. Абылай толыққанды болмыс-бітімдегі ұлттық қайраткер биігіне көтерше алмады. Өйткені, Абылай дәуірі туралы шындықтың тарихта айқындалмауы бірінші себеп болса, екіншіден, «әдебиеттің партиялылығы, таптығы, түрі ұлттық, мазмұны – социалистік» деген шектеулі шарты оны мақсатқа сай сомдауға кедергі келтірді. Үшіншісі – материалдың жетіспеушілігі, әрі барын пайдалануға мүкіндік берілмеуі. Оның үстіне кеңестік қатал цензура да қысымын жасады. Тарихта қараланып, халыққа қарсы қойылған тұлғаны мaдaқтay тұрмақ, айғақты ақиқатымен aқтay қиынға coқты. Әрі Абылай заманың феодалдық билік заманы делініп, хандар мен сұлтандар, би-батырлар таптық жіктелініп, ұлттық тарихи тұлғаларды жөнсіз айыптау салдарынан халық тарихындағы белгілі бір кезеңдер жабық тақырыпқа айналды. Абылай есімі көрінген тарихи, әдеби дүниелерге өзгеден бұрын өз ағайындарымыз шүйлігіп, айыптап, авторының басына қара бұлт төндірді. Абылайды нағыз ұлт қайраткері ретінде толыққaнды түрде сомдауға шығармашылық еркіндік берілмеді. Қайшылықты тарихтан қайшылықты тұлғаны ұлттық қahapманға айналдырып, халық жүрегіне жақындатқан І. Есенберлиннің еңбегі елеулі. Әрине, бұдан «Жанталаста» тарихилық қайшылықты сипатта деген ұғым тyмaуa керек. Керісінше, жазушы қайшылықгы тарихты қалыпқа келтіруге күш салды. Ол Ақтабан-Шұбырынды қасіретне, одан бұрынғы дәуірлердің тарихи ерекшеліктеріне тоқтала келіп, Абылай дәуірінің шындығын ашудың түрлі тәсілін, айла-амалын қарастырды.
Өткеннен мақұрым қалған ұрпақгарға «Көшпенділер» трилогиясы ұлттық тарихқа жаңаша көзқарас қалыптастырады, тарихи тұлғалардың қадір-қасиетін ұғындырды. «Жанталас» романы оқырмандарға Абылайдай ұлы тарихи тұлғаны терең таныстырудың бастапқы батыл қадамы болатын Абылайдың қайраткерлік болмыс-бітімін халықтық көзқарас тұрғысынан қайта бағалау жасау - қаламгер көздеген табанды мақсат екені белгілі.
«Оқырман тарихи роман оқуды ұнатады. Тарихи роман тарихты зерттеуді жеңілдетеді», - депті М. Горький. Тарихи роман тікелей қоғамның тарихи санасына айқын ықпал ететін шығармашьшық қуатқа ие. Coндықтaн да І. Есенберлиннің тарихи романдары халқымыздың санасын сілкінтумен қоса, ұлттық тарихи таным-түсінікті, тарихқа құштарлықты жандандырды. Өзінен кейін тың тақырыптағы тарихи туындылар шоғырының жаңа, соны леппен қазақ әдебиетіне қосылуына ықпал етті.
Ең бастысы, тарихи тақырьшты көркемдік негізде игерудің тамаша үлгісін көрсеткен М. Әуезов дәстүрін дамыту жалғасты. Тарихи жанрға қалам сілтеген, әсіресе Абылай тұлғасын бейнелеуге құлшынған жазушьшарымыз идеологиялық кедергіге ұшыраса да, мақсатынан қайтпады. Тарихи қайраткердің шынайы болмыс-бітімін сомдауда табандылық танытты. Абылай - өз дәуірінде халықтың зор мейірім-махаббатына бөленген тарихи тұлға. Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара сияқты ақын-жыраулар поэзиясында шынайы болмысбітімімен, заманындағы басты-басты тарихи оқиғаларымен сүйіспеншілік негізде жырланған Абылай бейнесі өзінен кейінгі ХІХ ғасырда жаңа тарихи жырларға, өлең-дастандарға өзек болды, халықтың нақыл сөздерге айналды. Әрі ХХ ғасырдағы көркем әдебиеттегі құштарлықпен бейнеленген тарихи тұлға.
Тарихи тақырыпқа жол салған М. Жұмабаев «Батыр Баян» дастанында Абылай заманыны» қасірет-азабын баяндай келіп, сол заманда халыққа пана, қамқор болған кемеңгер, ер Абылай бейнесін көркемдік биікке көтерді. Абылай бейнесі сүйіспеншілікпен жырланып, дәуіріндегі тарихи қайраткерлерге деген халықтың қадір-құрметі шынайы сипатталады. Мағжан поэмасы Абьшай дәуірінің шынайы тарихи болмысын бедерлеуімен де ерекшеленеді.
Ә. Тәңірбергеновтың «Абылай хан» дастаны - Абылай өмірінің елеулі кезеңдерін нақтылы тарихи деректер негізінде сипаттаған шағын да шымыр шығарма. Тарихи тұлғалар өмірінін айтулы тұстарын мазмұндауда, адамгершілік қасиеттерін жырлауда тарихилық алғашқы екі дастанда поэтикалық қуатымен айшықты. Аталған поэмаларда тарихилық оқиғалар тартысы, автордың ойтұжырымының мәні мен поэтикалық сезімін айқындайды. «Aқын үні тарих үні болып қалыптасты» [27, 7 б.].
Халықтың тарихи санасын ояту, өткен тарихымен терең таныстыру, ел билеген қол бастаған, ел бірлігін-ынтымағын caқтаyдa көрші мемлекеттермен, xaндықтapмен бітімгерлік саясат жүргізген қайраткерлерімізді, қолбасшыларымызды, хан-сұлтандарды, би-батырларымызды ұрпақ жүрегінде жаңғырту бағытында жазушыларымыз коммунистік партиялық диктат үcтeмдiгiмен тарихи тақырыптарға тосқауыл қойған кезде де, тәуелсіздік, бостандық ұтымдapының ұшқынын көпшілік көкірегіне тұтатты. Академик С. Қирабаев тұжырымдағандай: «Жаңа қоғам құру жолында әртүрлі бұрмалаушылықтарға тап бола отырса да біздің әдебиетіміз бостандық идеясына азат, тәуелсіз ел болу принципіне берік eкeндiгiн танытты» [14, 22 б.].
Өткен ғасырдың 20 жылдарының екінші жартысынан бастап, кеңестік әдебиетте тарихи тақырыпқа бетбұрыс қарқынды бағыт алды. Қазіргі заманғы үлкен поэзиялық шығармаларда қолданылып жүрген құжаттық материалдармен шығармаларда қолданылып жүрген құжаттық материалдармен жұмыс істеу тәжірибесі осы 20-жылдардың үлесіне тиеді. Ал 30-жылдары кеңес адамдарының адамзат тарихына деген көзқарасының қалыптасуына көркемдік ойдағы тарихи шығармалар ықпал етті.
Мұның
өзі 20-30 жылдардағы қазақ поэзиясына
тән үрдіс дер едік. Халқымыздың
өткен тарихындағы Ақтабан-
Егер де кеңестік кезеңдегі орсы поэзиясында өткен заманның елеулі оқиғаларына оралу, тарихи тақырыптарды игеру 30-жылдары, әсіресе, оның екінші жартысында қарқын алып, ақындар асқақ шабытпен, ерекше құлшыныспен кіріссе, сол уақыттағы қазақ поэзиясында, тіпті 20-жылдардың басы мен соңында-ақ М.Жұмабаев пен С.Сейфуллиннің екі үлкен, күрделі тарихи дастан жазуы әдебиетіміздегі соны құбылыс еді. «30-ыншы жылдары жасалған кеңестік тарихи поэма 20-ыншы жылдардың тәжірибесін (тарихи романдағыдай) соншалықты айқын жалғастырмаса да, бұл тәжірибені қаншалықты ілгері тарту, қайта жеілдіру болып жатты. Өзінің жасы, өмірлік құштарлығы жағынан авторлардың әдеби мектептері бойынша жазылған әртүрлі поэмаларда дәуірдің жалпы атмосферасы және таланттың дербес өзгешелігі, шығармашылық мәнері айқын танылды» деп атап өтеді Л.Заманский [31, 85б.].