История народа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 21:15, курсовая работа

Краткое описание

Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты – 20-30-шы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі халық тарихының көркемделу сипатын, көркемдік әлемін кешенді түрде қарастырып, ондағы өмір шындығы мен көркемдік пайымдау ерекшеліктерін зерттеу.

Содержимое работы - 1 файл

Құдаспаева А.doc

— 204.50 Кб (Скачать файл)

Ордаға  батыр билер келді аңдап   [36, 233-234бб.].

Жорыққа аттанар алдындағы  батырларды бұғаудағы  арыстанға теңеу де – Абылай қолының  қандай қайсар, қуатты, намысты, ержүрек  жігіттерден құрылғанын айғақтайды. Қонтайшылар серттен таяды. Хам  амалсыз алданады. Сөйтіп, сарбаздарына лажсыз кейін қайтуға жарлық берген Абылай – «ұрылған көңілі қаяу жан». Бұл – жорық сәтсіздігіне күйінген Абылайдың психологиялық портреті. Әйтседе Абылай қалмақтардың мол олжасына бола келісімге келмеген. Елшілер сөзіне тоқтап, әліптің артын бағуы әлдебір қауіптен сақтануды сездіртеді. Абылайдың Қарауыл Қанай бидің ойымен санасуы да бекер емес. Қалмақтармен соғысудан Абылай тартынбаған. Басты қауіп – қытай әскерімен қақтығысып қалмау.

Уса, Сереннен келген жеті елшіні қабылдаған Абылай ертеңінде нық шешімін айтады:

Түспеспіз, тірі болсақ, алданғанға!

Күні  ертең не бергенін жолдан алып,

Қалғанын  алсақ қолдан арғы та ңда.

Ерлерім, ойым осы! – деді Абылай, -

Бұл ойды теріс дейтін адам бар ма? [36, 248б.].

Би, батырлар ұзақ ойланып, хан шешімін құптайды. Бұл – хан билігінен, қаһарынан қаймығып, сескену емес – Абылайдың бұған дейінгі терең ой , ақыл-парасатпен атқарған саясаттағы істерінің дұрысты ғына көз жеткізгендік.

«Абылай реалист саясатшы болатын. Былайша  айтқанда, қоғамдық өмірге, халықаралық  жа ғдайларға шындық түрғысынан қараған мемлекеттік қайраткер. Көрегенділікпен қатар Абылай сабырлы, шыдамды саясатшыл болған. Алдына қойған Мақсатқа жеті үшін ол қандай да болсын, қиыншылыққа, ауыртпашылыққа төзіп, күте білген» - дейді ұлы ханның саясаткерлік талантты туралы заңгер-ғалым Ғ.Сапарғалиев    [39, 195б.].

Қу қалмақ күні кеше  алдамап па ед,

Шоңқитып  Ой қытай мен Өр қытайды?

Қытаймен  күні бүгін жалғаспаса,

Қытайға қалмақ неге қанат жайды?

Абылай  артық туған неге ұмытсын

Қазаққа қалмақ сыры аяндай-ды.

Қалмақтың қарты түгіл, қалшасы да,

Алдатпас, алдап кетер Абылайды! [36, 249б.].

Осы жолдардан  Абылайдың қалмақтардың жымысқы қулық, сұмдығынан сақтанып, жасаған әрекетінің дұрыстығы пайымдалады. Абылайдың бұл тарихи шешімінің үлкен мәні бар. Абылайдың Қытаймен арадағы келісім-шарт негізіндегі сауда-саттық, жер мәселесі (бұрынғы атамекенге қазақтарды қайта қоныстандыруы) өз жемісін бергені аян.

Поэмада Абылайдың  жанындағы ақылшы –  кеңесшілері, жорықтас серіктері Бұқара мен Тәттіқараның: «Толқынды тұңғиық боп төгілер жыр»- деп жыраулық қасиеттерінің ерекшеленуі де ақынның олардың шығармашылығымен жете таныстығын білдіреді. Ақын Абылайды қадірлеп, тәғірдей табынатынын айқын сездіртеді. Абылайды жырлау – Мағжан үшін зор мерей, мақтаныш. Абылайды жырлағанда «Кеудесіне күн нұры толғандай» күй кешеді.

Мұны:

Алдияр, ел ағасы ханым дана,

Алашқа  ауыр күнде болған пана, - деп басты  кейіпкер Баян батыдың сөзімет жеткізеді. Батыр Баянның соңғы ұрысқа «Абылайлап!»  ұрандап кіруі де – ханды қадірлеп, пір тұтуының айғағы. «Мағжан шығармасындағы тарихи негізді осы Шоқан еңбегіне меңзейтін ақын шығармаларын шығарушылар тобырының пікірі шындыққа саяды. Өзгешеліктері де мол. Деп Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері поэма компози циясына өзек болғанын Б.Майтанов ерекшелесе «нағыз халықтық бағаға ие болған аңыздарды пайдаланғанын» Б.Қанарбаева да дәлелдейді «Абылай тұңғиық бір терең ойда жүреді» деп сипатталады поэмада. Абылайдың «ойы теңіз хан» деп бейнеленуі көрегендігін, қайраткерлік қасиетін даралай түседі.

Абылай  өмір сүрген тарихи дәуір шындығы поэмада айқын көрініс тапқан. Мағжан әрбір эпизод алдында сол заманның алма-кезек шапқыншылықпен, соғыспен өткенін оқырман жадында жаңғыртып, оны образды үлгіде қайталайды. Мысалы:

Ол күндер аз қазақ пен қалық қалмақ,

Қыран мен қара құстай алысқан шақ.

Баласы  алты алаштың Абылайдың,

Астында ақ туының табысқан шақ   [36, 236б.].             

«Қыран  мен қара құстың алысуы» - образды  мағынада алынған қазақ пен қалмақ арасындағы жойқын ұрыстың деталы. Ақын жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте  қазақ халқының бір тудың астында топтасуына береке-бірлікті сақтауына Абылай ұйытқы болғанын мақтаныш етеді. «Алты алаштың Абылайы» деп айбынын асырады. Абылайды да, батырларды да қыранға теңейді. Бірлік пен татулықты Абылайдың аруақтылығымен, қасиеттілігімен астастырады. Яғни, ақын «Абылай хан бейнесін мистикалық дәрежеде ұғынады»   [35, 265б.]. Ақын  осылайша халықтық психологизм иірімдерін абылай тұлғасын өмір шындығына сай үйлестіре сомдайды. Ш.Елеукенов: «Баян релистік арнада жазылған  шығарма» десе [19, 265б.] Б.Майтанов пікірінше:«Мағжан поэмасы психологиялық тереңдігімен, романтикалық лебімен ерекшеленеді» [20]. Дегенімен, «Батыр Баянда» Абылай бейнесі – көркемдік-эстетикалық мұрат тұрғысында, реалистік арнада, поэтикалық қуат, сүйіспеншілік сезіммен жырланады. Бірде: «Абылай-артық туған хан» - деп дәріптелсе, бірде арғымаққа, қыранға теңелген. Абылай «құс төресі – аққуға» баланады, қасиетті, киелі тұлға саналады. Ақын ұғымында: Абылай –ер, ардагер , ел ағасы, дана, кемеңгер.

Екі ақын тарихи тұлғаға екі көзқараспен келген. «Сәкен бүкіл поэманың рухын хан мен оның қатыгез, әдет-салттарын әшкерелеуге құрған» - дейді С.Қирабаев [14, 317б.].

Ал, Мағжанның  «Батыр Баянында» «...хан Абылай –  кең байтақ сахара жұртын біріктіруші, елдің тәуелсіздік, дербестігін сақтаушы ретінде сипатталады. Абылай тұлғасын өз уақыт тұрғысынан сараптасақ, сыңаржақты тапшылдық салқынынан алыстай түсер едік. Ол пенде ретінде кемшілік, кінәдан ада болмағанымен, мемлекет қайраткері есебінде түпсіз айла,, кінәдан ада болмағанымен, мемлекет қайраткері есебінде түпсіз айла, қиын ой, батыл шешім нақты әрекеттің ыңғайында көрініс тапқан. Мақсат айырмашылығы – Мағжанның өткен дәуренге біржола табына қарауы мен Сәкеннің бүгінгі та ңда сөйлейтіндей айқын әуендерінен сезілсе керек»   [20].          Б.Майтанов осындай қорытындыға келеді. Бір тарихи тұлға екі поэмада – екі түрлі мәнерде жырланған, көзқарас та кереғар. Екеуінде де тарихи дерек көздері, аңыздар бар. Бірақ, «Көкшетау» поэмасында ол шынайы болмысынан ауытқыған, Абылай туралы теріс түсініктің көлеңкесінде қалған. Поэмада Абылайды қатыгез басқыншы сипатында бейнеленген. Абылай ел тыныштығын бұзған жыртқыш құсқа, бүркітке теңелген.

Абылай  – «ат үстінде күпілдеген, ойқастап, қоразданып, дірілдеген, қарқылдаған, дауысы тау жаңғыртып са ңқылдаған» ұнамсыз ұғымда қалған. Оның іс-әрек еті де, мінез-қылығы да қатыгездікке телінген.

     Мағжанның «Батыр Баянындағы» Абылай бейнесі  тарихи дәуір асында жырланған. Ақын алдымен Абылай дәуірінің тарихи еркшелігін айқындаған. Абылайға орыс пен қытай мемлекетінің «ауыр салмақ» салуы бодандық бұғауына көндіруге тырысқан саясаты саналса, негізгі соғыстары қалмақтармен болғанына дәлелдейді. «Артында – ор, алдында – көр» Ақтабан-Шұбырынды заманы. Абылай дәуіріндегі қазақ халқының қасіретті тарихы. Қазақтың ел болып ақлу тағдыры қыл үстінде тұрған кезеңнің тарихи деталі. Осындай аласапыран заманда айналадан қаптаған қалың жауға тойтарыс беріп, халқының тұтастылығын, жерінің бүтіндігін сақтаған Абылай дастанда – «ел қорғаны». Ақынның қазақтың «жан-жағы жау», «көп жау» дегені де-тарихи шындық. Тек жоңғар қонтайшылары ғана емес, Ресей патшалығы, Қытай боғдыханы, Орта Азия  хандықтары, қырғыз манаптары, башқұрттар, Еділ қалмақтары... қазақ халқын құртып-жоюға әзір еді. Сонда «бірін шауып, бірін арбаған», яғни, бірімен соғысып, екіншісімен амалдап айлалы саясат ұстанған Абылай ханның тарихи қайраткерлік болмысы өнегеленеді.

     Ақындар Абылайды да, би-батырларын да қыранға теңейді. Сәкен бүркітті жыртқыштық мағынасында алса, Мағжан қыранды өрліктің, айбындылықтың, алғырлықтың баламасында берген. Мағжан поэмасында би, батырлар – ақылын тыңдап, әмірін екі айтқызбай орындайтын, ханды құрметтеп, қадірлеп сыйлайтын тұлғалар әрі қырандарға баланған. Сәкен поэмасында, керісінше, «ұлық шын билік қылса да, теріс билік қылса да «алдияр» деп аузын жұмып, «иіліп тұрған» - амалсыздан бағынып жүрген дәрменсіз үрейлі жандар.

     Социалистік релизм талабы ақынның тарихи шығарма  Абылай бейнесін жасаудағы көзқарасының солқылдақтығын туғызған. Мысалы, А.Сорокина поэмаға кереғар пікір білдірген: «Поэма Сакена  пронизан разоблачением жестоких обычаев феодализма, бесчеловечности ханов и их приспешников. Изучив глубоко исторические материалы края Сакен Сейфуллин приходить к выводу: царившая национальная вражда обьясняется тем, что она была в интересах ханов и феодальных верхушки». Осындай ұлт араздығын қоздырушы хандар мен үстем таптар деген теріс түсініктер сол кездегі тарихи  еңбектердің Абылай заманын айыптауынан қалыптасқан.

«Тарихи тұлға бұл қашанда белгілі  бір дәуірдің құбылысы, бірақ оны  әрбір жазушы өзінің уақыты және дербес психологиясы тұрғысындағы көзқарас, бойынша қарастырады. Көркем шығармада ерлік істердің суреттелуінде жазушының оған деген дүниетанымдық негізі және оны қабылдау тереңдігінің дәрежесі көрінеді. Зерттеуші тұжырымына мән берсек, бір тақырыптағы екі тарихи дастанда ғы Абылай бейнесін жырлаудағы ақындар көзқарасындағы кереғарлық олардың өзара ұстанған бағыт-бағ дарының қарама-қайшылығынан танылады.

     Мағжан поэмасындағы романтикалық сарын Абылайдың тұлғасын аңсаудан әрі сондай қайраткерді өз заманына қажетснуден туған ақын мұратымен тығыз ұштасқан:

Күңіреніп ойлағанда алаш жайын,

Жанымды орай берсе улы уайым.

Кеудеме күннің нұры толғандай боп,

Жырлаймын алты алаштың Абылайын [36, 214б.].Демек, ақынның заманына риза болмаушылығы халқының сол кездегі тағдырына, тұрмыс-тіршілігіне көңілі толмай, келешегін уайымдаудан туған. Мағжан үні зар заман ақындарының сарынымен сәйкеседі.

Жырлаймын, күңіренемін өтйкенді ойлап,

Кеудеме улы уайым  толған сайын – деп  ақын өткенді аңсайды, өз заманының  келбетінен үрейленеді, сары уайымға  салынады [37, 246б.].Ақынның бұл торығуы, рухани күйзелуі – жаңа қоғамның қазақ халқына әкелген таптық жігі, бодандықтың жаңа бағытын енгізуін жан-жүрегімен сезіну. Сондай-ақ, кейіпкерлердің психологиялық жағдайына терең бойлау, көңіл-күй, сезім сипаттарының сыршылдықпен суреттелуі жағынан поэмадағы лирикалық-психологиялық дастан жанрына да жақындайды.

М.Жұмабаетың «Батыр Баяны» ХХ ғасырдың басындағы әрі кеңестік қоғамдағы Абылайдай ұлы тарихи тұлғаны көркем поэзияда алаш сомдаған және ұлт тарихы жазылмаған кезде халқымыздың басынан өткен қасіретті де қиын дәуірін шынайы тарихи негізде бейнелеген көркемдік үлгідегі, тарихи сипаттағы дастан.  Сондықтан, ол өзіндік поэтикалық қуатымен, тарихи дәуірге тереңдеп баруымен, тарихи тұлғаны шынайы бейнелеуге ұмтылысымен ХХ ғасырдың басындағы  абылайнамалық туындылардың көш басында тұрады.

     С.Торайғырұлы  Құрбан қажыдан Абылайдың қырғыздарға  жорығы жайлы жазып алған аңызды кезінде «Айқап» журналы жарилаған.  Ақын Абылайға дастан арнамағанымен, даңқты қайраткерлі қалай пір тұтқанын бір шығармасында айқын сездіртеді. 1933 жылғы «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының толық шығармалар жинағына» енген    «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны)  дастанының үш бөлімі Абылай заманына арналыпты. [41].

Сонау 1919 жылы жарық көрген дастаннан ақынның Қазан төңкерісін саралай келе, ата-бабалар дәуірін аңсағаны, солардың рухын, аруағын медет тұтқаны аңғарылады. «...Бұл – ақынның соңғы, әрі аяқтай алмаған шығармасы.... Дала ақынының» сөзін басымырақ ұстап, Сұлтанмахмұт соның аузымен қазақтың жерін, табиғатын, елін, ел асшылары мен батырларын, ақын-жышыларын, салт-дәстүрлерін мақтан тұта жырлайды... «Айтыс» - қазақтың ұлттық психологиясынан туған, соны жырлайтын шығарма» [14, 129 б.]. «Ақын тағдыры» атты зерттеу мақаласында академик С.Қирабаев дастанға осылай биік баға берген.

«Айтыс» дастанының І-ІІІ-IV бөлімі Абылай дәуіріне, сол заманда өмір сүрген хан, сұлтан, би, батырларға арналғаны анық.

Даламның  мен сағынам бек пен ханын,

Ел үшін аямайтын шыбын жанын.

Бұрынғының  бектері мен хандары – осылайша «ел үшін шыбын жанын аямайтын»  ел қамқоры, л тірегі болған тұлғалар. Ақын ел ақылшылары, көсемдер өмір сүрген сол бір еркін заманды са ғынады, аңсайды. Оның себебі бар. Дастан жазылған кезең 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жеңіп, елдің таптық жікке бөлінуі басталған, аласапыран, алмағайып уақыт еді. Келер заманның бағыт-бағдарын болжамдап байқаған хандар дәуірін-ел дербес, еркін өмір сүрген дәуірді аңсап, зарыққан. Ол-қандай заман? Ақын осы сауалдың шешуін іздейді. Іздейді де, өткен дәуірден табады.

«Қайғысыз ұйқы ұйықтатып,

Қайырусыз жылқы бақтыртып,

Қалыңсыз  қатын құштырып»,

Алашты  «алаш» қылған сарбаздарым 

Бұл Бұқар  жыраудың Абылайға қарата айтқан толғауынан алынған үзіндіге ұқсайды. Дәлірек айтсақ, ауырып жатқан Абылайдың халін сұрауға келген жыраудың заманына, Абылайдай еріне, кемеңгеріне бағыттаған арнау тілегі. Жырау тебірене толғап келіп: Үш жүздің басын қосқан Абылай!» деп заманының бар жақсылығын Абылай қайраткерлігімен байланыстыратын Сұлтанмахмұт көксеген заман – міне осы. Ақын пір тұтқан, қадірлеп, қасиеттеп алашты «алаш» еткен сабаз – Абылай хан.

Информация о работе История народа