Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 15:36, реферат
Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Абылайдың үлкен баласы, Орта жүздің соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түсті*2. Шоқан Уәлиханов фамилиясына туған атасы Уәли есімін алады.
Ш. Уәлихановтың қызметі Петерборда қайнап жатқан және жан-жақты болды. Ол бірнеше мекемеде қызмет істеді: Бас штабтың Әскери-ғылыми комитетінде, Азия департаменті мен Географиялық қоғамда және сонымен бірге универсиетте лекция тыңдады. Әскери ғылыми комитеттің тапсыруымен ол Орта Азия мен Шығыс Түркістан картасын жасады*108. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жоталары аралығының картасы», «Іле өлкесінің батыс бөлімін рекогносировкалау» (1856 ж.), «Құлжа қаласының сызбасы», «Ыстықкөл экспедициясының нәтижелері туралы есепке қосымша карта» (1856 ж.), «Қытай империясының Батыс өлкесінің картасы» және т. б. жасалды. Ол әрқилы тілдердегі ескі карталарды зейін сала зерттеді*109.
«Шоқан Уәлихановты мен Петерборда офицер кезінде ұшырастырдым, - деп есіне алады Н. М. Ядринцев, - бұл оның даңқы шығып тұрған кез еді. Мен оның Шығыстың көне заманғы жазбаларымен және карталарымен жұмыс істеп отырған үстіне тап болушы едім»*110.
Географиялық қоғамда ол К. Риттердің еңбектерін баспаға дайындау ісіне қатысып, Қазақстан мен Орта Азияның географиясы мен этнографиясы жөніндегі материалдарды құрастырып, Шығыс Түркістан және Тянь-Шань және Қырғызстан жайлы қоғам мүшелеріне дәріс оқыды. Оның дәрістері қызықты, әрі тартымды болды, кейбір дәрістері қысқартылып газеттерге де басылып тұрды*111.
Петерборда Шоқан ылғи да көптеген көрнекті орыс ғалымдарымен және әдебиетшілермен араласа жүріп, олармен достық қарым-қатынас орнықтырды. Ол Географиялық қоғамның вице-президенті П. П. Семенов Тянь-Шаньскиймен әрдайым достық қатынаста болып, қызмет бабымен араласып тұрды. Көп реттегі онымен болған әңгімелері Шоқанның ғылыми көкжиегін кеңейтуге ықпал етті және оның жұмысын айтарлықтай Қазақстан мен Орта Азияны зерттеу саласына бағыттады.
Ш. Уәлиханов кадет корпусында оқып жүргеннің өзінде, университеттік білім туралы армандайтын. «Шоқан Потанинмен әңгімелесе жүріп, - деп жазады академик В. А. Обручев, - саяхатқа дайын болу үшін, олар Петерборға барып, университетке түсу керектігі жөнінде жиі айтатын»,*112. Ш. Уәлиханов Петерборда тұрған кезінде бұл арманы орындалуға жақын еді. Ол университетке жиі келіп, әрдайым П. П. Семенов Тянь-Шаньскиймен дәрістер туралы пікір бөлісетін. «Жаңа қалыптаса бастаған ең жас, талантты әрі жандары таза жергілікті қайраткерлер білім аңсаған Г. Н. Потанин мен Ш. Уәлиханов сияқтылар Петербор университетін бітіріп, жоғары білім алуға ұмтылды»*113, - деп жазды П. П. Семенов Тянь-Шаньский.
Петерборға келместен бұрын Ш. Уәлиханов шығыс факультетінде лекция тыңдамақшы болып жүрді. Бірақ ол жерде Ш. Уәлихановты бәрінен бұрын көп қызықтырған тарих, философия және қоғамдық даму тарихы курстары оқытылмады. Сондықтан ол университеттің тарих және филология факультетінің дәрістеріне қатысып*114, шет тілдерді оқып-үйренуін жал-ғастыра берді.
Сонымен қатар, Ш. Уәлиханов өзінің еңбектерін Географиялық қоғамның басылымдарында жариялау үшін дайындайды. Оған мұнда да П. П. Семенов Тянь-Шаньский үлкен жәрдем көрсетті. «Мен Гасфортқа оның генерал губернатордың қол астындағы қызметте қала жүріп, қазақ даласы жөніндегі жинақтап қойған тамаша этнографиялық және тарихи материалдарын өңдеу үшін Петерборға ұзақ уақытқа келуіне мүмкіндік беруін өтіндім. Сонымен қатар, Ш. Уәлихановқа Географиялық қоғам үлкен қамқорлық істеп, жәрдем көрсетеді деп уәде еттім», - деп жазды Ш. Уәлиханов туралы орыс ғалымы мемуарларында*115.
Шоқан орыстың шығыстанушы-ғалымдары-мен, бәрінен бұрын «Орыс географиялық қоғамы жазбаларының» редакторы, профессор А. Н. Бекетовпен тығыз қарым-қатынас орнатты. Азия департаментінде ол Е. П. Ковалевский, Ф. Р. Остен-Сакен, Петербор университетінің профессоры, Құлжадағы бұрынғы елші И. И. Захаровпен араласты. Ол И. И. Захаровпен бірге Азия департаменті жанындағы ғылыми жұмыстарға арналған жоғары мектепте жұмыс істеп, сол арада Орта Азияға баратын адамдарға түркі тілдерінен сабақ берді. Ш. Уәлихановтың пәтерінде шығыстанушы В. В. Григорьев, В. П. Васильев, В. В. Вельяминов-Зернов және т. б. жиі болып тұрды. Ш. Уәлихановтың Петербордағы өмірінің жарқын шақтарының бірін оның орыс жазушыларымен достық қарым-қатынасы құрайды. Әдетте ол Ф. М. Достоевскийдің үйінде жиі болып, оның үй-ішімен, бауыры М. М. Достоевскиймен, сонымен бірге, ақын А. Н. Майков пен Я. П. Полонскиймен, сыншы Страховпен және т. б танысты. Оның Н. Г. Чернышевскиймен ниеттес ағайынды Курочкиндермен достығының маңызы зор болды. В. Г. Баскаковтың зерттеулеріне қарағанда «Н. С. Курочкин 1861 жылы күзде Чернышевскиймен тығыз байланыс жасап, сол уақыттан бастап, пәтерінде жиі болған. Екеуі де Добролюбовты жерлеуге қатысты, шахмат клубында кездесіп тұрды»*116.
В. С. Курочкин «Чернышевскийдің пәтерінде болып, онымен шахмат клубында бірнеше рет кездесіп «Земля и воля» құпия қоғамның жұмысына қатысты. Ол тыйым салынған мақалаларының бірқатарында Н. Г. Чернышевский бастаған ұлы іс жолында аянбай күресуге шақырды»*117.
Василий Степанов Курочкин (бүркеншік аттары - Знаменский, Темный) 60-шы жылдардағы белгілі ақындардың бірі болды. Шоқан Уәлихановтың достарының бірі - В. С. Курочкиннің бауыры Николай Степанович онымен дүниеден өткенше байланысын үзбеді. Ол ақын және журналист болған (Скорпионов, Преображенский деген лақап атпен жазды). 1861 жылдан бастап ағайынды Курочкиндер «Земля и воля» қоғамының мүшесі болды.1862 жылдан бастап «Лондон насихатшыларымен байланыстары үшін айыпталған адамдар жөніндегі», яғни, А. И. Герцен мен Н. П. Огаревпен байланысы үшін қозғалған істің салдарынан патша күзетінің бақылауында болды. Александр II-ге жасалған қастандық әрекеттен кейін ағайынды Курочкиндер тұтқынға алынып, біраз уақыт Петропавл бекінісінде қамауда отырды.
1861-1862 жылдары
Н. С. Курочкин «Иллюстрация»
журналының редакторы болып, Ш.
Көрнекті орыс жазушыларымен және ғалымдарымен күнделікті араласа жүріп, Шоқан олардың Орта Азия мен Қазақстанға қызығушылығын оятып, шет аймақ халықтарына деген олардың достық сезімдерінің қалыптасуына мүмкіндік жасады. Ол кейбір ақындарға шығыс өмірінен тақырыптар берді. Ш. Уәлихановпен болған әңгімелердің әсерінен ақын А. Н. Майков «В степях», «Альпийские ледники», «Емшан» атты өлеңдер жазды.
Оның материалдары мен кеңестерін көп авторлар пайдаланды, мысалы, Ыстықкөл, Орта Азия мен Қазақстан туралы жазған Бас штабтың офицерлері А. Ф. Голубев пен Д. И. Романовский, Ш. Уәлиханов материалдарын П. П. Семенов Тянь-Шаньский, М. И. Венюков, Ф. Р. Остен-Сакен, Е. П. Ковалевский мен А. А. Татаринов, П. И. Лерх және басқа да көптеген ғалымдар пайдаланды.
Шоқан әзілдегенді,
қоршаған ортасындағы кемшіліктерді
әжуалағанды жақсы көретін. Ш. Уәлихановтың
тапқырлығы, шешендігі оны жақсы
білетін достары - ғалымдар мен әдебиетшілерді
сүйсіндіретін.
* * *
1861 жылдың көктемінде ауыр науқас Шоқан Уәлихановты Петербордан кетуге мәжбүр етеді. Дәрігерлердің кеңесі бойынша ол нашарлаған денсаулығын түзету үмітімен туған даласына оралды.
Петерборда Уәлиханов бір жарым жыл болды. Астанада, достарының арасында өткізген өмір санасына терең ұялап, із қалдырды. Ол Петербордан идеялық тұрғыдан байып қайтты.
Ш. Уәлихановтың елге қайтып оралуы туыстары үшін қуанышты хабар болды. Онымен бірге достары - Мәскеу университетінің студенті (аты-жөні белгісіз), татардың ғалым-ағартушысы Хұсайын Файзхан, Шоқанның жақын досы И. И. Ибрагимов және басқалар ере келеді.
Олардың келу қарсаңында Уәлихановтар ауылы жайлауға көшіп, жаңа Бүрлік жайылымына қоныстанған еді. Бұл жерде Шоқанның зиян келген денсаулығын жақсартуға, демалуына барлық жағдай бар болатын. Ш. Уәлихановтың өкпе ауруынан жазылуына бірден-бір ем деп есептеген таза ауа, қымыз, қой еті бар болатын *118.
Жергілікті Көкшетау облысы қазақтарының естеліктері бойынша, Шоқан үйінің маңайы ылғи абыр-сабыр, адамдарға толы болған. Көрші ауылдың адамдары жас ғалымның қолын алып, сәлем беруге ағылып келіп жатты. Көбі әртүрлі мәселелер бойынша ақыл-кеңес алуға келетін.
Ауылда Шоқан әрдайым халық ақындарының, аңыз-ертегі айтатындардың, музыканттардың (қобызғышы, сыбызғышы домбырашы), әншілердің, өткір тілді әзілкештер мен қуақы адамдардың арасында болды. Олар өздерінің ән-жырларымен, ойындарымен, көріністерімен оның көңілін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар, оған бай ғылыми материал берді. Мұндай ойын-сауықтар кейде түннің бір уағына дейін жалғасатын. И. И. Ибрагимов: «кешкі уақыттарда Шоқан қырғыздардың әндері мен әңгімелерін тыңдап ұзақ отыратын», - деп еске алады*119.
Шоқан, әсіресе, қобызшы Құрымбай Қанғожанинді, әнші Көке Әлжановты, Шәкенді, жыршы Кәркені, акробат Әбе Тоғжановтарды қатты ұнатты. Атақты қобызшы, Шоқанның атасы, халық күйлері мен лирикалық әуен-дерді сыбызғы мен домбырада шебер орындайтын Қанғожаның өнері оны жан рахатына бөледі. Шоқанның: «Бақыт - менікі, өнер - Қанғожанікі», - деген нақыл сөзі әлі күнге дейін сақталған. Шоқан Қанғожаға «Балбырауын», «Тарғыл бұқа» күйлерін үнемі тартқызып отырған.
Шоқан Сырымбетке таяу Тұранғұл көлінің маңында тұрған атақты Тулақ қобызшының баласы Төлепбергеннің де өнеріне тәнті болды. Ол халық әуендерін қобыз бен сыбызғыда келістіре орындайтын дарынды жас болды. Олар туралы әкелі-балалы күйшілер Тұранғұлда күй тартқанда, қобыз бен сыбызғының дауысы Сырымбет тауына жетіп жатады деген аңыз бар.
Ақындар мен жыршылардан Шөже мен Тоғжан, Орынбай мен Арыстанбай, ақын Ажар қыз, әйгілі Шал ақынның ұрпағы Соқыр жырау Шоқанға жиі келіп тұрған. Шоқан ауылда болғанда, Шыңғыс әрқашан ең үздік әншілерді олардың әндерін баласы жазып алу үшін шақыратын болған.
Ауылда өмір сүре жүріп ғалым-ағартушы артта қалған мешеуліктің мұңды көрінісіне, екі жақтан езгіде қалған халықтың қасіретімен тағы да бетпе-бет келді. Ол отарлаушы шенеуніктердің жүгенсіз озбырлығы мен қазақ феодалдарының әділетсіздігін көрді. Ол мұндай зорлыққа төзе алмады. Халықтың құқығын қорғап, зорлық-зомбылыққа қарсы тұрады. Бірақ ол утопиялық идеяларға беріліп, «халық бақытын» жоғарыдан, «өкімет билігімен» орнатуға болады деген қате пікірде болды. Оны Атбасар эпизодынан (1862 ж.), Уәлиханов өз кандидатурасын Атбасардың аға сұлтаны болуға сайлауда ұсынуынан көруге болады. «Мен сұлтан болып өз отандастарыма пайда келтіріп, оларды шенеуніктер мен қазақ байларының озбырлығынан қорғайын деп ойладым, - деді Шоқан өзінің Ф. М. Достоевскийге жазған хатында*120.
- Сондағы бар
ойлағаным - өзімнің үлгім арқы-лы
жерлестеріме білімді сұлтан - басқарушының
олар үшін пайдалы екенін
Шоқан, әрине, сұлтан болып халықтың жағдайын жеңілдетіп, оларды жүгенсіздік пен заңсыздықтан қорғаймын деп текке үміттенді.
Дегенмен де Ш. Уәлиханов езушілерге қарсы күресінде сол кездегі құқықсыз қазақ халқының мүддесі мен мұқтажын білдірді. Ш. Уәлиханов мешеу көзқарастармен жігерлі күресіп, феодалдық-патриархтық құрылыс тудырып, қолдап отырған ескі нанымдар мен әдеттерге қарсы шықты.
А. Н. Майковқа жазған хатында Шоқан: «Менің туыстарым... көптеген ұлттық та, таптық та ескілік шырмауында. Әсіресе, бірбеткейлік, даңққұмарлық бірден көзге шалынады. Осыдан-ақ олардың өздері туралы өздерінің ақылдылығы туралы және басқалар басқалар туралы жоғары пікірде болатыны түсінікті. Әр түрлі ақыл-кеңестер немесе дау-дамай олардың менмендігін тек тітіркендіреді және қасарушылықтарын нығайтады.
Көппен жалғыз алысуға шама келмесіне көзім жетті, шындық қанша нұрлы болғанымен, адасқан ақылға сәуле түсіре алмайды екен, уақыттың өзі соған себепкер болса амал бар ма?»*121 - деп жазды.
Ағайын-туыстарымен келісе алмаған соң Шоқан Омбыға кетіп қалды. Мұнда ол облыстық басқарманың заң комиссиясының жұмысына араласып, қазақтың сот реформасы мәселелерімен айналысты.
1864 жылдың көктемінде Ш. Уәлиханов Оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу міндеті қойылған генерал М. Г. Черняевтың әскери экспедициясына шақырылды. Ол Әулиеата бекінісін алу жолындағы әскери қимылдарға қатысты. Ш. Уәлиханов Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы қан төгіссіз, бейбіт жолмен болу керек деп санады. Солай болады деп үміттенеді. Генерал Черняевке жорыққа шығарда «бейбіт ұсыныстардан бас тартпай, жергілікті халықпен алдын ала келіссөз жүргізу» ұсынылды. Осындай келіссөздерге қатысу үшін «орыс пен татар тілдерін өте жақсы білетін білімді азиялық, штабс-ротмистр Уәлиханов» арнайы жіберілді*122. Бірақ патшалық отаршыл саясаттың жақтаушысы болған генерал М. Г. Черняев Шоқанның ғана емес, Ресейдің, сол уақыттағы бүкіл алдыңғы қатарлы адамдарының наразылығын тудырған қатыгез де айуандық әрекеттерге барды.
Әрине, Шоқан Уәлиханов мұндай қатыгез адамның қол астында қызметін жалғастыра алмады. 1864 жылдың шілде айында ол М. Г. Черняевтың әрекеттеріне наразы бір топ офицерлермен бірге Верный қаласына қайтты.
Мұрағат құжаттары бұл кезде Сібір казак әскерлерінің арасында саяси наразылық, патша өкіметінің әрекеттеріне қарсылық күшейе түскенін көрсетеді. Сібір казак әскерлері офицерлерінің саяси сенімділігін тексеру үшін Петербордан Омбыға ерекше комиссия жіберілді. Оның міндеттеріне қатаң жазалау шараларын қолданудан басқа, офицерлерден ант алу кірді.
Қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Шоқан Омбыға барудың қажеттілігі жоқ деп шешеді. Ол Верныйдан кетіп, албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына барды. Сонда тұрып, оның қарындасына үйленді.
Ауылда тұрып Шоқан Ұлы жүз қазақтарының тарихи аңыздарын зерттеп, Батыс Қытайдағы дұңған көтерілісі жайлы сұрастырып, Петербор және Батыс Сібір әкімшілігімен байланысып отырды.
Ол өмірінің соңына дейін Бас штаб пен Азия департаментінің қызметкері ретінде қызметте тіркеліп тұрды*123.
Шоқан Уәлиханов өзінің меңдей түскен науқасынан айыға алмады. 1865 жылдың сәуір айында Тезек төренің ауылында, Алтын Емел жотасына жақын Көшен-тоған деген жерде қайтыс болады*124.