Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 15:36, реферат
Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Абылайдың үлкен баласы, Орта жүздің соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түсті*2. Шоқан Уәлиханов фамилиясына туған атасы Уәли есімін алады.
Арада екі-үш жыл өткеннен кейін-ақ Шоқан «тек өз сыныбының алды болып қоймай, өзінің зеректігімен екі жыл жоғары сынып оқушыларын да басып озды»*28.
Екінші курстан бастап Шоқан мен оның ұс-таздары арасында етене жақындық және достық қатынас орнады.
Шоқанның дамуына Қазан университетінің шығыс факультетін аяқтаған және корпуста орыс әдебиетінен сабақ беретін әдебиетші және шығыстанушы Н. Ф. Костылецский (1818-1867 жж.); өркениеттер тарихынан сабақ беретін, жер аударылған ғалым П. В. Гонсевский; жас кезінде Н. Г. Чернышевскиймен дос болған және оның идеяларын жақтаушы әдебиетші П. В. Лободовский көп ықпал етті*29. В. Г. Белинский мен А. И. Герценнің революция-демократиялық идеяларымен тәрбиеленген демократ орыс зиялылары еді.
Мұрағаттарда Н. Ф. Костылецский мен Шоқан Уәлихановтың сол кездегі атақты шығыстанушылардың бірі И. Н. Березинмен болған ғылыми және әдеби байланыстардың ертеден басталғанын көрсететін эпистолярлық және қолжазба материалдар сақталған. Омбыда Н. Ф. Костылецскийдің қолында қазақ халық поэзиясының көптеп жиналған қолжазбалары, соның ішінде Обаған өлкесінде Ш. Уәлиханов қағаз бетіне түсіртіп, кейін Шоқан өзі табыс еткен белгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бірнеше үлгісі бұл әдеби байланысты жандандыра түсті*30. Қазақ халық әдебиетінің қазынасын ғылыми ортада жылдамырақ жария ету үшін Н. Ф. Костылецский бұл көп материалды Петерборға, профессор И. Н. Березинге жіберді, содан бері олар ғалымның мұрағатында сақтаулы*31.
Н. Ф. Костылецкий жас Шоқанның ең жақсы ұстазы болды. Олар біраз жыл бойы зор сүйіспеншілікпен қазақтың халық эпосын зерттеумен шұғылданды, олардың осы саладағы бірлескен жұмысы жемісті болды. Олар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының ежелгі анағұрлым толық нұсқасын орыс тіліне аударып шықты.
1852 жылы Н. Ф. Костылецкий арқылы Шоқан мен И. Н. Березиннің арасында достық байланыс орнады. И. Н. Березинге хан жарлықтарында кездесетін кейбір терминдерді талдап түсіндіру үшін көмек қажет болды. Бірақ Н. Ф. Костылецкий И. Н. Березинге: «Тоқтамыстың жарлығындағы» талдауға мүлдем келмейтін кейбір сөздер жөнінде бар ықыласыммен көмектесейін-ақ десем де сіздің қасіретіңізді жеңілдетуге шарасыз болып отырмын»*32 деп жауап қайтарып, оған бұл мәселе туралы Шоқан Уәлихановпен байланысуды ұсынды.
И. Н. Березин мен Шоқан Уәлихановтың арасындағы хат арқылы байланыс осылай басталған еді. Ш. Уәлихановтың И. Н. Березинге жазған жауап хаты бүгінге дейін жетіп отыр. Бұл хатында Шоқан И. Н. Березиннің барлық сұрақтарына толық жауап береді*33. Шоқан: «Тоқтамыстың жарлығындағы» бүгінде татар тілінде қолданылмайтын кейбір сөздердің мағынасын қырғыз тілінен іздестіру жөніндегі сіздің ұсынысыңызды өзімнің бұрынғы ұстазым Н. Ф. Костылецкийден естігеннен кейін мен қазақ қарияларынан сұрастыра жүріп, біздің тілімізден бірсыпыра сөздер таптым, оларды сізге жіберуге асық боп отырмын», - деп жазды*34.
Г. Н. Потанин
көрсеткендей, Шоқанның тез дамуына
оның жеке басының ересен дарындылығы
мен сол кездегі кадет
Н. Ф. Костылецкийден кейін Уәлихановтың ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасаған педагог, тарих пәнінің оқытушысы, ғылыми қызметке дайындалып жүрген аса білімді адам - Гонсевский еді. Ол корпуста қоғамдық қозғалыстар тарихы жөнінде дәріс оқыды және «оның дәрістері, - дейді Г. Н. Потанин, - біздер үшін өте маңызды болды»*36.
Корпустың осындай маңдайалды оқыту-шылары, өз заманының алдыңғы қатарлы адамдары жас Шоқанды білімге, ғылымға талпындырып, оның демократиялық көзқарастарының қалыптасуына көмектесіп, зорлық-зомбылық пен бүлінушілікке қарсы өшпенділікті тәрбиеледі.
Жас Шоқан буржуазиялық
қоғам шынайы көрсетілген философиялық
трактаттар мен әлеуметтік романдарды
тереңдей зерттеді. В. Г. Белинский мен
А. И. Герценнің әшкерелеуші
Уәлиханов Т. Карлейльдің әлеуметтік-философиялық трактаттарымен зейін қоя танысты. Кейде Шоқан өз мақалалары мен жазбаларында соларға сілтеме жасады.
Шоқанға А. С. Пушкин мен М. Ю. Лермонтовтың поэзиясы зор әсер етті. Олардың көптеген өлеңдерін ол жатқа білді. Шоқан батыс еуропа жазушыларынан Ж.Ж. Руссоның, Ч. Диккенстің, У. Теккерейдің еңбектерін үлкен зейінмен оқыды.
Алайда, Шоқанға өзін қызықтырған кітаптарды тауып алудың сәті түсе бермеді. Корпус басшылығы кадеттегілерге прогресшіл бағыттағы әдебиетті, әсіресе В. Г. Белинский, А. И. Герцен және батыс еуропа материалистерінің философиялық еңбектерін оқуға тыйым салды. Сөйткенмен де Шоқан корпуста оқып жүрген кезінде тыйым салынған әдебиеттің көбін оқи алды.
Жазғы демалыс кездерінде Шоқан Уәлиханов ауылы - Сырымбетке баратын. Бұл сапарлары оған үлкен ләззат алумен қатар туған халқының өмірімен етене танысып, халық аузынан өлең-жырлар, аңыз-ертегілер жазып алып, тұрмыс-тіршілік көріністерін суретке салып бейнелеуге мүмкіндік беретін.
Зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болды. Ол ауылда, туыстары мен достарының арасында жүріп, Сырымбеттің, жаз жайлау мен мекен-қоныстардың суреттерін салумен шұғылданды. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан «корпустан елге, отпускіге барғанда язмыш суреттер», яғни «корпустан елге, демалысқа барған кезде салған суреттер» деп атады.
Бұрынғысынша, демалыс кезінде Шоқанның қызықтайтыны құс салу болды. Алайда Шоқан сұңқармен саят құруға енді басқаша көзбен қарады. Аңшылық ол үшін тек көңіл аулайтын спорт түрі емес, сонымен қатар зерттеу нысаны да болды.
Туған елі мен
Шығыс елдерін зерттеуге деген
қызығушы-лық Шоқанның бойында кадет
корпусында оқып жүрген кезде-ақ пайда
болды. Ол осы бастан «белгісіз Азияның»
даласына үлкен ғылыми-зерттеу
С. Ф. Дуров, П. П. Семенов Тянь-Шаньский, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев Ш. Уәлихановтың білім-дарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті саласындағы білімпаздығын жоғары бағалады.
Шоқан Уәлихановтың ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастары кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастады. Шоқан корпустан жан-жақты терең білім алып, замандастарынан өресі анағұрлым биік адам болып шықты. «Шоқан нағыз плебейлік ортаға түсті... Плебейлік ортада өмір сүру Шоқанның демократиялық идеяларының қалыптасуына, сірә, әсер етпей тұра алмаған болуы керек», - деп жазады Г.Н. Потанин*39.
1853 жылы 18 жасында Шоқан кадет корпусын бітіріп, «армиялық атты әскердің» корнеті болып шықты*40.
***
Шоқан Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі оқуды бітіріп шығысымен-ақ бірден басталды. Қағаз жүзінде Шоқан Сібірдің казак әскерлерінің*41 6-атты әскер полкінің офицері болып тағайындалғанымен, шын мәнінде Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында қалдырылады да, арада бір жыл өткеннен кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқарып отырған генерал Г. Х. Гас-форттың адъютанты болып тағайындалады. Сонымен қатар өлкенің Бас басқармасы бойынша Шоқан Уәлихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметі жүктеледі*42.
Қызметке орналасқаннан кейін жас Шоқан Уәлиханов бірден офицерлер мен шенеуніктер ортасына, корпустағы өзіне мәлім білімді және алдыңғы қатарлы адамдарға мүлдем қарама-қарсы ортаға тап болды. Олардың көпшілігі патшаның отаршыл аппаратын құраған реакцияшыл офицерлер мен шенеуніктер еді. Олардың басында генерал Г. Х. Гасфорт*43 пен Сібірлік қазақтар облысын басқарып отырған көмекшісі фон Фридрихс тұрды.
Д. Фридрихстің тікелей басшылығында жұмыс істеуге тиіс болған Шоқанның жағдайы өте ауыр болды. Шоқанның Петербордағы достарына жазған хаттарынан көрініп тұрғандай, Дюгамель Фридрихс және оның жәрдемшілері Кройерус пен Кури Шоқанды олардың қылмысты істерін әшкерелеп, заңсыздыққа, талаушылыққа, парақорлыққа қарсы және патшаның отаршылдық аппараты тудырып отырған зұлымдық атаулының бәріне қарсы аянбай күрескені үшін үнемі қудалап, жәбірлеп отырған. Патша шенеуніктері Шоқан Уәлихановтың ғылыми бастамаларына кедергі жасап, Қашғар экспедициясының нәтижелерін төмендетіп көрсетуге тырысты, оның Атбасар округтік приказының аға сұлтаны болып сайлануына бөгет болуға айла-әрекет жасады. Осындай жағдайда қызмет ету Шоқанның денсаулығын әлсіретеді. А. К. Гейнс 1865 жылы әрдайым «қорлап, тобықтан қағу биыл Шоқанның түбіне жетті», - деп ашық жазды*44.
Шоқан қызметінің алғашқы күндерінен бастап бұл ортада өзін жалғыз сезініп, өзін қоршаған орта мен патша шенеуніктерінің надандығынан құтылуға тырысып, қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдануға ұмтылды. Ф. М. Достоевскийге жазған хатында (1856) ол өзінің былыққан пасық ортада өмір сүріп, қызмет істеуіне тура келетініне налып, мұңын шағады: «Омбының өсек-аяңы мен алауыздығы әбден жирендіріп болды, шынымен-ақ осы жерден кеткім келеді. Сіз бұған қалай қарар едіңіз? Ақылыңызды айтыңызшы, Федор Михайлович. Не істегенім жөн?»
Отанына қызмет етуді аңсаған Шоқан жемісті және шығармашылық қызметке ұмтылды.
Оған мұндай мүмкіндік көп ұзамай тап келді. Бұған сол кездері Қазақстанда қалыптасқан тарихи жағдайға байланысты Ұлы жүз қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының Ресейге қосылуы сеп болды. ХІХ ғасырдың 40 жылдарының басында Ұлы жүз қазақтары Ресейге мәңгілікке бодан болуға ант берді, осыған байланысты 1845 жылы Қапал бекінісі салынды. Верный бекінісі ол кезде жоқ еді. Іле өлкесінде, Тянь-Шань тауында, сонымен бірге Шу алқабында үлкен де күрделі жұмыс атқарылуы тиіс еді. Бұл арада Қоқан хандығының ықпалы әлі күшті еді, мұны Жетісу шонжары Тойшыбектің бой көтеруінен аңғаруға болады*45.
Қоқан хандығының ықпалын тоқтату үшін Жетісуда бұл аумақтардың бейбіт жолмен қосылуына бағытталған сақ және көреген саясат жүргізу қажет болды. Алға қойған міндетті шешумен офицерлердің бір тобы айналысуға тиісті еді, мұнда К. К. Гутковский, М. М. Хоментовский, М. Д. Перемышельский және Шоқан Уәлиханов басты рөл атқарды.
Патша әкімшілігі жергілікті халықтан шыққан, Орта Азия халықтарының тіршілік жағдайын, тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын жақсы білетін білімді адамдарға өте зәру болды. Бұл жағынан Шоқан Уәлиханов таптырмайтын адам еді. Жастығына қарамастан (18 жас) ол қазақ халқының тұрмысын, әдет-ғұрыптарын, рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін басқа офицерлерге қарағанда жақсы білді, бірқатар шығыс тілдерін білді. Аталған себептерге байланысты Шоқан осы маңызды міндетті орындауға қатыстырылды.
Уәлихановтың достары - К. К. Гутковский, М. М. Хоментовский, М. Д. Перемышельский білімді офицерлер, озық көзқарасты адамдар болды. Мәскеу университетінен М. Ю. Лермонтовтың жолдасы М. Д. Перемышельский Петербордан шығатын «Современник» журналын жаздырып алып, өзінің пікірлестерімен орыс баспасөзінің осы демократиялық органын бірге оқитын. Осы кезде (1854 ж.) Жетісу өлкесінде жұмыс істеген Г. Н. Потанин «Перемышельскийдің отрядында мен орыс журналистикасымен бірінші рет таныстым», - деп жазды*46.
1854-1857 жылдары Шоқан Ұлы жүз қазақтарының және қырғыздардың буғу, сарыбағыш және солту руларының Ресейге бейбіт жолмен қосылуы туралы мәселені шешуге зор жігермен қатысты. Ол қызметтік міндетін ғылыми іспен табысты үйлестіре білді: география, тарих, генеология бойынша әртүрлі мағлұматтар жинап, әдет-ғұрыптарын, халық поэзиясын қағазға түсірді.
1855 жылы Шоқан
генерал Г. Х. Гасфорттың
Қайтар жолда Шоқан Г. Х. Гасфортты Алтын Емел жотасына дейін ғана шығарып салып, осы жерден Жоңғар қақпасына дейін барып, Алакөл маңында және Тарбағатайға сапар шекті, содан кейін Орталық Қазақстанға беттеп, Қарқаралы және Көкшетау, Баянауыл арқылы жүріп, күзде Омбыға оралды. Бұл сапар жас Уәлихановқа ұмтылмас әсер қалдырды.
Тіпті, генерал Г. Х. Гасфорттың өзі жас офицер-ғалымның дарыны мен білімін дұрыс бағаламауға шарасы жоқ еді. Сапарынан қайтып келгеннен кейін ол Шоқанға аса мақтаулы мінездеме беріп, марапатқа ұсынды: «Марапатқа ұсынылып отырғандардың ішінде, - деп жазды генерал, - менің қол астымда қызмет ететін корнет сұлтан Уәлиханов та бар, оның қызмет істегеніне небәрі 2 жылдай болса да, қырғыз тілі мен жергілікті қырғыздардың әдет-ғұрыптарын мейлінше жетік білуінің арқасында менің қасыма ере жүріп, үлкен пайда келтірді... Ол Сібір кадет корпусынан терең білім алып шығып, әскери қызметке кірді, сондықтан мұндай игі бастаманы қуаттау ретінде, әрі қырғыздардың балаларын біздің қызметімізге беруге ынтасын күшейте түсу мақсатымен және сол арқылы олардың бізге неғұрлым жақындай беруін көздеп, мен Уәлихановты мархабатты сыйлықпен марапаттауды қажет деп табамын, оның үстіне Уәлихановты жергілікті қырғыздар ерекше құрметтейді»*48.