Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 15:55, реферат
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі деп аталатын бұл еңбек бейнелеу өнері пәнін оқыту мәселелерін ғылыми зерттеудің және осы курсты мектептерде оқытудың көп жылғы тәрбиесін қорытудың негізінде жинақталған.
Мұнда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері, курстың тәрбиелік маңызы мен міндеттері, мазмұны, бейнелеудің білімдері мен бейнелеу дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастылады.
Сұрақ: — Соғыстан кейінгі жылдардағы еңбегіңіз туралы әңгімелеп берсеңіз?
Соғыс
аяқталды, жеңімпаздар туған жерлеріне
қуанышпен оралды. Соғыстан келген
соң әр түрлі жұмыстар атқардым.
Бақташы да болдым, арба да айдадым.
Қай жұмыста уақытым қай
Ұлы Октябрьдің 60 жылдыгына ұйымдастырылған облыстық көрмеде менің «Туған жер», «Бақташы», «Сушы», «30-жылдардың председателі» шығармаларым көрсетілді.
Сұрақ: — Сіз армия генералы Алтунинмен хат алысып тұрасыз ба?
Бір қуаныштың үстіне бір қуаныш келіп қосылған қандай жақсы. Қуанышымды да, ренішімді де ішке бүгіп үйренбегенмін. Бір күні маған ақ қағазға машинкамен басылған хаты келді. Онда былай деп жазылған:
— «Қадірлі Молдағали бір кездегі полктас досым сенің хатың мені қатты қуантты. Жағдайыңның жақсы екендігін, өмірлік серік тапқандырыңды және болашақ ізбасарларыңның өсіп келе жатқанын хатыңнан білдім. Термез қаласында бірге жұмыс істеген күндеріміз әлі есімде. Ол күндерді еске алу да бір ғанибет. Сен «ақын болам» деген талабыңның орындалмағанына өкінгенмен, суретші болғаның қандай жақсы, бір емес, екі рет лауреат болғаның мені қатты тебірентіп отыр. Сенің де сол еңбегіңе лайық қүрметке бөленіп, қоғамымыздың патриоты бола білгеніңе тағы да айтам, қатты қуандым. Әрқашан сол бағытыңнан тайма, құрметті Молдағали. Армия генералы А.Алтунин.25 май, 1983 жыл. Москва қаласы»,— деп,хатты оқып берді.
Сұрақ: — Сіздің шығармашылығыңыздың дамуына үкімет қандай қамқорлық көрсетті?
Талант туыла біткенмен, оның толысып, өсіп-өркендеуі адамына байланысты болса керек. Инемен құдық қазғандай ізденбесе, оқымаса, көп еңбектенбесе, қаншама талант болса да оның көмескі тартып қалуы шындық. Сонымен шын талант жағдай күтіп отырмауы қажет. Мен 150-ге тарта еңбе-гімді шағын екі бөлмеде дүниеге келтірдім. Шығармашылық еңбек адамдарына үкіметіміздің қамқорлығына шек жоқ екендігіне менің көзім талай жетіп жүр. 1984 жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін — «Селолық сурет галереясын»етіп ашып берді. Музей үйінің үлкен екі залы менің салған картиналарымның галереясына айналды. Отыз жылдан астам уақыт еңбектеніп келген картиналарым енді тар да, қараңғы екі бөлмеден жарыққа шықты. Менің өмір бойғы арманым еді бұл. Енді менің еңбектерімнің ондаған, жүздеген көрермендері болатыны есіме түскенде кеудемді ерекше бір қуаныш сезімі биленді. Сонымен қатар шығармашылығымды жалғастыруыма және балаларымның жақсы жағдайда тұруына қамқорлық жасап, колхоз есебінен бес бөлмелі жаңа үй салып берді.
Сұрақ: Кейбір шығармаларыңыздың көркемдік ерекшеліктері туралы айтсаңыз?
— Мен қазір жаңа ізденіс үстіндемін. Өзім тұратын колхозда шаруашылық науқанына көмек ете жүріп, шығармашылық жұмысымды жалғастырудамын. Менің шығармашылығыма арналған галерея залынан еңбек адамдарының портреттерімен бірге шығармашылық адамының да бейнелерін көруге болады. Бір картинамда белгілі ақын Омарбай Малқаров пен сатира сарбазы Садықбек Адамбековтың ат үстінде әңгімелесіп бара жатқан картинасын бейнеледім. Бұлар соңғы кездегі сәтті туындыларымның бірі дерлік. Сондай-ақ суреттерімнің әлі бояуы кеппеген жаңа туындыларымның бірі — «Біз де жас болғанбыз» деген картинамда тағы табиғат байлығын кең жазықтықта демалыс уақытында тыныстап отыр-ған аға буын өкілдері мен қатар оларға әңгімелесуге келген жастар. Бұл бояулы картинамды да аяқтауға жақынмын.
Осы «Туған ауыл» және «Автопортрет» аталған картиналарым 1977 жылы Лондонда өткен «КССРО халықтары шығармашылығының» халықаралық көрмесіне қатысып, лауреат деген атаққа ие болдым. Алтын медаль алдым. 1975-1977 жылдары өткізілген Бүкілодақтық фестивальдың лауреаты атандым. Москвада кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Же-ңісінің 40 жылдығына арналып әуесқой суретшілердің Бүкілодақтық көрмесі ашылды. Осы көрмеге екі еңбегім қойылды. Олар «Мейірбан жан» және «Майданнан келген соңғы хат» деп аталады. Мұның екеуі де соғыс кезіндегі тылдағы әйелдер ерлігін көрсетуге арналған. Мұның біріншісінде соғыс ке-зінде эвакуациямен әкелінген панасыз қалған балалардың, екіншісі оларға ана болған әйелдердің жиынтық бейнесі көрсетілген, соғысқа кеткен боздағынан айырылған ананын мәңгі айықпас қайғы-азасы бейнеленген.
Бұл еңбектер көрмеге келушілер мен сарапшылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды және аталмыш көрменің лауреаты деген атақ берілді. Бүкілодақтық әуесқой суретшілер көрмесінде мұндай жоғары атаққа осымен екінші рет ие болдым.
Суретшінің әңгімесінен соң оқушылар жеке шығармалардың идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, колориті және орындалу техникасы туралы өздері әңгімелеп берді.
1-оқушы:
«Жана жердегі көктем» атты
майлы бояумен салынған
2-оқушы: «Танысу» атты суреттің де өзіндік шертер сыры бар. Мұнда малшы ауылдың жастары бейнеленген. Әскер қатарындағы қызметтен соң шопан болған жас жігіт көк майсалы қия беткейде қой жайып жүріп, көркі көз тартар бір сүйкімді қызға кездеседі. Қыз жігіт көйлегіндегі түйменің үзілгенін көреді. Бірақ таныстығы жоқ жігіттен ұялады. Балғасын тастамайтын жақсы ұста сияқты бұл қыз да кестесі мен ине жібін тастамайды екен. Әңгіме үстінде танысқан соң жігіт көйлегінің түймесін қадауға кірісті. Екеуі де сыр білдіргісі келмейді. Алайда бірі екіншісінен өз бақытын табатындай сезімде. Екеуінің де бүкіл тұлғасынан уәдеге берік, адал жандар екенін байқайсың. Оларға еріксіз бақыт тілейсің.
Қорыта айтқанда автор бұл сурет арқылы шынайы махаббат пен асқақ, адамгершілікті дәріптейді. Иә, махаббат пен адамгершілік қатар жүрсе, мұнан асқан сұлу да жарасымды өмір жоқ.
3-оқушы:
«Сауыншы» атты майлы бояу
мен салынған картинасы
4-оқушы:
«Сауыншы», «Автопортрет»
Экскурсия барысында балалардың назарын суретші шығармашылығы жайлы пікірлер жазылған кітапқа аударып, оның кейбірі оқып берілді. Қ.Жұбасова пікір кітабына былай деп жазыпты: «Өнер игілікті әсер етеді, өнер тәрбиелейді. Селолық көркем-сурет галереясын жасаудын инициаторларына шын жүректен алғыс айтамыз. Молдакең Бүкілодақтық фестивальға дейін «Менің ауылым», «Сауыншы», және «Автопортрет» суреттерін ғана салған еді. Ал содан бері бес жыл ішінде іске асқан мынадай көп еңбекке көз сала отырып, еріксіз таңданасың. Молдакеңнің алға қойған мақсатқа жету жолындағы табандылығын қиынылыққа тайсалмай қарайтын қайсарлығын, шаршап шалдығуды білмейтін қажыр қайратын айтпай-ақ аңғарасың».
Көркем сурет галерсясындағы экскурсия ксзінде оқушыларға өнер шеберлері Ф. Потехин, Б. Талқанбаев, Б. Байменов, У. Көшкінбаев, А. Оспанов, Ю. Евсеевтердің суретшіге сыйлаған енбектері таныстырылды. Мұнан соң балаларды қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер бұйымдары көрсетілетін залға апарып, ою-өрнектердің тұрмыс заттарын әсемдеуге колдану жолдары, халықтың әсемдік талғамы, жайлы әңгіме қозғалды.
Кездесу
соңында мұғалім: суретші шығармаларда
туған ауылын бейнелей келе халықтың
өмірін, тұрмысын көрсетіп, оны кейінгі
ұрпақтың көз алдына елестете білген,
еңбек адамдарынын шынайы образын
жасағандығы туралы айтты. Балалар,
біз өзінің қымбат уақытын бөліп кездесуге
келіп, өнер жайлы қызықты әңгімесін айтқан
Молдағали ағаға көп-көп рахмет айта отырып,
зор денсаулық, шығармашық табыс тілейміз
деп аяқтады.Сабақтыңың соңында оқушылар
суретшіге алғыстарын айтып, өз шамаларынша
шағын концерт көрсетті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б.Древний Отрар Алматы, 1972.
2. Акышев П. Древнее золото Казахстана. Алматы,Жалын, 1983.
3.Агапов
П.,Кадырбаев М.Сокровищи
4.Акышев К.А.
Искусство и марфология саков,
5.Акышев К.А. «Курган Иссык», М., «Искусства», 1978.
6.Антошенко- Оленов В. Альбом(сост. А.Амиров), Алматы, Өнер,1983.
7.Архитектура Советского Казахстана, М.,Искусство, 1985.
8.Абубакир Исмаилов Альбом. (сост. А.Синенький),Алматы, Өнер1986.
9.Басенов Т.К.
«Прикладное искусство
12.Баранов К. Альбом (сост.Р.Аширов)- Алматы, 1988.
13.Басенов Т. «комплекс Мавзолея Ахмеда Ясави»,Алматы, 1981.
14.Бронислав З. «Жизнь казахских степей»- Алматы, 1991.
15.Брякин Иван. Альбом (сост Ш.Тоқтабаева) Алматы, 1989
16.Валиханов Ш. ІІ собр. Сочинений в5- ти томах.Алматы. 1984-86.
17.Ғабитов
М.Г. «Пейзаж в творчестве
18.Гаврилова
Е.П. «Акварель Казахстана»
19.Гаев Николай.
Альбом(сост Л,Марченко)-М.,
20.Ғалымбаева Айша. (сост. И.Рыбаков)- Алматы.Өнер 1981.
21.Ғалымбаева Айша. Казахская национальная одежда.Алматы, 1976.
22.«Государственный музей Казахской ССР»- Алматы, 1981.
23.Джанабеков
У.Д. «Культура казахского
24.Джанабеков У.Д. «Эхо»- Алматы, «Өнер», 1990.
25.Жармағанбетов Г. «Альбом»(сост. М.Алимбаев).Алматы «Өнер», 1988.
26.Зальцман П. «Альбом»(сост. В.Бучинская),-Алматы, 1989.