Мектеп жасына дейінгі бейнелеу өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 15:55, реферат

Краткое описание

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі деп аталатын бұл еңбек бейнелеу өнері пәнін оқыту мәселелерін ғылыми зерттеудің және осы курсты мектептерде оқытудың көп жылғы тәрбиесін қорытудың негізінде жинақталған.
Мұнда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері, курстың тәрбиелік маңызы мен міндеттері, мазмұны, бейнелеудің білімдері мен бейнелеу дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастылады.

Содержимое работы - 1 файл

бейнелеу.doc

— 127.50 Кб (Скачать файл)
 
 

     Мектеп  жасына дейінгі бейнелеу өнері 

     Бейнелеу  өнерін оқыту әдістемесі деп аталатын бұл еңбек бейнелеу өнері пәнін  оқыту мәселелерін ғылыми зерттеудің және осы курсты мектептерде оқытудың көп жылғы тәрбиесін қорытудың  негізінде жинақталған.

     Мұнда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері, курстың тәрбиелік маңызы мен міндеттері, мазмұны, бейнелеудің білімдері мен бейнелеу дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастылады.

     Егеменді  еліміздегі мектептерде қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын оқыту, оқушылардың өз халқына сүйіспеншілігін арттырады, жастардың өз отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді. Өйткені бейнелеу өнері курсы бейнелеудің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, түстану, симметрия, өнердің даму заңдылықтарын оқытып үйретуді мақсат етіп ғана қоймайды, сонымен қатар қазақ бейнелеу өнері шығармаларын оқушыларға терең және жан-жақты таныстыруды міндет етеді.

     Бейнелеу  өнерін мектепте оқыту оқушылардың көркем мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін тәрбиелеуге лайықты үлес қосады. Оқушылар бейнелеу өнері арқылы табиғат пен қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, адам қолымен жасаған әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.

     Кітап төрт тараудан түрады. Бірінші тарауда бейнелеу өнерін оқыту тарихы, екінші тарауда оның мазмүны мен құрылымы және білімділік тәрбиелік маңызы мен міндеттері баяндалады. Үшінші тарау бейнелеу өнері сабақтарына арналады. Мұнда бейнелеу өнері сабақтарына қойылатын талаптар, оның түрлері, типтері және мұғалімнің бүкіл курсқа, жеке сабақтарға даярлану мәселелері сөз болады. Төртінші тарау сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларын өткізудің білімдері, дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру мәселесіне арналады.

     Еңбекті жазуда педагогика ғылымының, әсіресе дидактиканың соңғы жетістіктері ескерілген. Сондықтан да сабақтардың, оқыту әдіс-тәсілдерінің ең тиімді түрлерін көрсетуге көңіл бөлінген.

     Кітапта негізінен бейнелеу өнері пәнін  орта мектепте оқыту әдістемесі баяндалады. Бірақ мүнда келтірілген бір қатар әдіс-тәсілдерді 1-4 сыныптарға да қолдануға болады. Осыны ескеріп, бірқатар әдістерді бастауыш сыныптарға қолдану туралы да мысалдар келтірілді.

     Бұл кітап негізінен мектепте бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін  мұғалімдерге арналған. Сонымен қатар ол жоғарғы оқу орындарының, бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі және керкемсурет факультеттернің студенттеріне, жалпы бейнелеу өнерін оқыту мәселелерімен

шұғылданатын   оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға,

аспиранттарға және т.б. пайдалы болмақ.

     Оқу құралы мектептерде бейнелеу өнері  пәнін оқытудың негізгі мәселелерін  қамтиды. Мұғалімдермен әдіскерлердің  ұзақ жылғы бай тәжірибесіне сүйеніп  көркемдік білім мазмұнын игерудің дәстүрлі әдіс-тәсілдері мен қазіргі  заманғы оқыту технологиясы тұтас бірлікте қарастырылады.

     Көркемдік білім беру мазмұнының заман талабына сай күрделі өзгерістерге түсуі  оны оқытудың әдіс-тәсілдерін де жаңартуды  қажет етеді. Осы мақсатқа сәйкес оқу құралының бөлімдерін, тақырыптарын жаңа мазмұнмен байытуда педагогика мен психология ғылымдарындағы концептуалдық жаңа бағыттар, идеялар басшылыққа алынды. Бұл жағдай оқу құралына теориялық сипат береді.

    Жоғары  оқу орындары студенттеріне арналған бейнелеу өнерін оқытудың әдістемесі пәні бойынша қазақ тіліндегі  окулық осы кезге дейін жасала қойған жоқ. Оқу процесінде пәнді жетік игері үшін дайындалған осы оқулық аталған оқу әдістемелік кешеннің алғашқы теориялық бөлігі ғана.  Автор осы оқу қүралы жоғарғы оқу орындарында білікті суретші педагогтарды дайындауға көмек көрсетеді деп үміт артады. 

БЕЙНЕЛЕУ  ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТАРИХЫ 

Ертедегі  бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.

      Сурет салу адам үшін маңызды орын алған  және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде  қолданылады.

     Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады.

     Алғашқы адамдар суретті көмірмен, үшкір  тастармен салған. Неолит дәуіріндегі  еңбектің жер өңдеу мен қол  еңбегі – өндірістік сипаты адамның өнерге деген қатынас сипатын өзгертті. Адамның сурет салуға үйренуі, өз қол еңбегіндегі өнімдерін  безендіруге бағытталды. Бұл әсіресе қыш өңдеу өнерінде көрініс тапты. Осыған байланысты оқыту әдістері де пайда бола бастады. Қолөнер шеберлері өзінің шәкірттерінің еңбегіне бейжай қарай алмады. Ол үшін керегі шәкірт, ұстаз өнерін үйреніп, оны жалғастырғаны, көмекшілікке жарағаны болды. Ұстаз шәкіртіне қолөнер бұйымдарын жасау жолдарын, өрнектермен безендіруді бірнеше рет қайталап көрсетуіне тура келді.

     Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде оқытудың әдіс-тәсілдері шыға бастады. Бірақ, бұл кезде қалыптасқан оқыту  принциптері болған жоқ. Нағыз өнерге оқыту, мектептерді ұйымдастыру  тек қана цивилизация дәуірінде  пайда болды.

     Сурет салудың әдіс-тәсілдері туралы сөз сөз болғанда, жоғары дамыған Ежелгі Еипет мәдениетін қарастыру орынды. Тарихи мәліметтерге қарағанда Ежелге Египетте мектепте суретті сызумен бірге оқытқан. Мектепті бітірген жасөспірім дала алаңын сызып өлшеуге, үй ішінің планын салып, каналдың сызбасы мен суретін бейнелеуге тиіс болған. Мұнан сурет салудың жалпы білім беретін мектептерде пән ретінде оқытылу үлгісін Ежелгі Египеттіктерден көруімізге болады.

      Балаларды сурет сауаттылығына оқыту барысында  олар әр түрлі заттарды иероглиф жазуы сипатында бейнелеуге аса көп мән берген. Олардың оқыту мен тәрбие жүйесі қатаң тәртіпке негізделді. Қабылданған ережеден сәл ғана ауытқуына байланысты оқушыға шара қолданып, оған жаза қолдануға дейін барған.

     Ежелгі  Египетте сурет салуға оқыту қоршаған ортаны танып білуге емес, схемалар мен белгілі канондарды көшіруге құрылды.  Суретті оқыту барысында суретші педагогтар оқушыны табиғатты оқып үйрену мен бақылауға үйретуге емес, заттар формасын бейнелеудің белгілі шаблондық ережелерін жаттап алуға негізделді.

     Ежелгі  Грек суретшілері шәкірттерін өмір шындығын оқып үйренуге, ондағы әсемдікті  таба білуге үйретті. Өмірдегі ең сұлу құбылыс–адам деп таныды. Олар өмір қатал заңдылықтарға бағынған, сұлулықтың мәні симметрия, жеке бөліктердің, тұтас форманың гармониясына, дұрыс математикалық қатынастарға біріктірілетіндігін көрсетті.

     Біздің  эрамызға дейінгі ІҮ ғасырда Грецияда сурет салудың Сикион, Эфесс және Фиван мектептері болған. Соның ішінде Сикион мектебінің даңқы ерекше шықты. Бұл мектеп, оқушыларды табиғатқы жақындатуға, оның заңдылықтарын ашып көрсетуге ұмтылып, табиғатты оқып-үйренуге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге көңіл бөлді.

     Сикион  мектебін Панфил басқарды. Панфил сурет  салуға, жалпы білім беретін пән  ретінде мән беріп, оны барлық Грек мектептеріне кіргізуге көп күш салды. Панфилді суреттің оқыту курсы 12 жылға созылды. Гректің суретіші-педагогтары өз оқушыларын табиғатты бірізділікпен оқып үйренуге, сұлулықты бақылауға, сұлулықтың мәнін түсінуге шақырды. Грек суретші педагогтары бірінші рет нұсқаға қарап, сурет салуға негізделген, сурет салуға оқыту әдісінің негізін қалады. Грек суретші педагогтары суретті оқытудың тәрбиелік мәніне көп көңіл аудару қажеттігін көрсетті.

     Орта  ғасыр дәуірінде реалистік өнердің  жетістіктері теріске шығарылды. Орта ғасыр суретшілері гректер жасаған бейнені жазықтың бетіне құрастыру принципін білген жоқ. Шіркеулердің мракобестері гректердің ұлы шеберлерінің теориялық еңбектері мен бейнелеу өнері шығармаларын талан-таражға салып, құртып жіберді.

     Орта  ғасырдағы өнердің көркемдік ерекшеліктері мен өзіндік сипатын атап көрсететін көптеген кітаптар жазылған. Бұларды талдау, бейнелеу өнерінің негізін, суретті меңгерудегі кемшіліктер болғандығын, сонымен бірге суретті оқыту мәселесінің дамуының тоқтап қалғандығын көрсетеді. Бұл кезеңде бейнелеу өнерінің теориялық талдаулары мен нақты оқыту әдістемесінің болмағандығын айқындайды. Бұл істі қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бастап, оны алға алып барды.

     Қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің даму тарихы мен суретті оқыту әдістемесі саласында жаңа дәуірді ашты. Бұл кез сурет салу оқу пәні ретінде мектеп курсына ендірілмесе де, сурет салуға оқыту әдістемесінің дамуына белігілі дәрежеде үлес қосты. Сурет салу мен оны оқыту мәселелерімен бейнелеу өнерінің белгілі шеберлері Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дьюрер және басқалар айналысты.

     Суретті оқыту саласында қайта өрлеу  дәуірінің суретшілері бағалы пікірлер айтты. Олар суретті салуға үйретудің  негізі – нұсқаға қарап сурет  салу екендігін көрсетті. Ченнини  Ченнино мұғалімге әдістемелік  басшылық көрсетуге  үлкен мән берді. Ол «Кескіндеме туралы трактат» еңбегінде «егер сен кітапты күн-түн оқығаныңмен, практика алуға мұғалімге бармасаң, шеберлер қатарына қосыла алмайсың» - деп көрсеткен.

     Альберти  оқыту әдістерін ғылыми негіздей отырып, сурет салу механикалық жаттығу емес, ол ойдың жаттығуы екендігіне мән берген. Бұл ойды кейіннен Микеланджело да дамыта отырып, «Суретті жай салмай, ой арқылы салу керек» деген пікір айтқан. Альберти өзінің «Сәулет туралы 10 кітап» еңбегінде суретті оқытудағы өзіндік жүйені ұсынады. Ол ең алғаш шәкірттерге нүкте мен түзу сызықтарды көрсетіп, онан соң әр түрлі бұрыштармен, ең соңында көлемді заттармен таныстыруды қарастырады.

     Бірізділікті  сақтай отырып ол, оқушыларды сызықтық және ауа перспективаларымен таныстыруды, көру сызықтарының қасиетін түсіндіруді ұсынды.

     Альберти  мұғалімнің жеке көрсетуіне үлкен мән  берді. Сонымен қатар, оның көзқарасында уақыт жағдайына байланысты кейбір кемшіліктері де болды. Ол Альбертидің  нұсқаға қарап сурет салуға қарсы суретті жазықтық бетіне механикалық проектілеу идеясы. Бұл әдіс бойынша нұсқа мен суретші арасына мөлдір калька керілген жазықтық орнатылып, нұсқаны сол арқылы көріп салу әдісі қолданылды. Басқа жағдайда мөлдір калька орнына тор керілген жазықтық орнатылды. Бірақ бұл әдіс баланы перспективаны бейнелеуге үйреткенімен, сурет салуды механикалық көшіріп салуға алып келетіндіктен өз мәнін жойды.

     Сурет салуға оқыту әдістемесінің дамуына  бірден бір үлес қосқан, осы кездегі  еңбектің бірі Леонардо до Винчидің «Кескіндеме туралы еңбек»атты кітабы болды. Бұл кітапта суретші сурет теориясын ғылыми негіздеуге көп уақыт бөлген. Ол анатомиялық зерттеулерге мән беріп, адам фигурасының пропорциялық қатынастарының заңдылықтарын табумен, бейнелеу өнерінің басқа да проблемаларымен айналысты.

     Қайта өрлеу дәуіріндегі немістің ұлы  суретшісі Альбрехт Дюрер оқыту  әдістемесі саласы мен өнер мәселелері бойынша үлкен құндылығы бар  теориялық еңбектер қалдырды. Өнерді ол сезім мен көру ретінде түсінбеу керек, өнерді түсінуде нақты ғылыми білімге сүйенудің қажеттігін көрсетті. Ғылыми білім деп көрсетеді Дюрер жұмыста кездейсоқ үлгерім орнына, берік және нақтылы үлгерімді қамтамасыз ететіндігін айтқан.

     Суретті оқыту әдістемесі саласында Дюрер  ұсынған форманы жалпылау әдісі  маңызды орын алады. Оның бұл әдісін кейіннен А.П.Чистяков, Д.Н.Кардовскийлер жалғастырған. Нұсқадағы күрделі форманы майда геометриялық жазықтықтарға бөлу жас суретші міндетін шешуге жәрдемдеседі. Бұл әдіс тәжірибелі суретшіге де жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Дюрер адамның басын бейнелеудің алғашқы сатысында оны бірнеше майда жазықтықтардың жиынтығы ретінде қарастырады. Сурет салушы үлкен форманың бейнесін шығару үшін, мүсінші ағаштан бас формасын жасау үшін, ағашты жазықтықтарға бөліп, бет бейнесіне ұқсатып шабуы сияқты етіп, бейнелеуді ұсынды. Дюрердің адам басының көлемді – конструктивтік құрылымын талдау үлгісі бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.

     Ғылымның  көмегімен Қайта өрлеу дәуірінің  өнері бұрын соңды болмаған биіктікке  жетті. Олар бізге суретті оқыту әдістемесін дамытуда шексіз көркемдік құндылық болып табылады.

     Қайта өрлеу шеберлері суретші-педагогтарға да қажетті жоғары үлгілерді қалдырды. Олар өнердің көкейкесті проблемаларын  негіздеп қана қойған жоқ, сонымен қатар  оның қажеттігін практикада дәлелдеді.Қайта өрлеу суретшілері болашақ ұрпаққа суреттің оқу пәні ретінде қалыптасуы мен дамуының дұрыс жолын көрсетті.

     Он  жетінші ғасыр суретті оқыту  әдістерінің даму тарихында жаңа педагогикалық жүйенің–академиялық  жүйенің қалыптасу кезеңі болып  табылады.  Жаңа жүйе оқушылармен қатар, педагогтарға да нақты талаптар қойды. Бұл кезең арнаулы оқу орындарының көркемсурет академиясының және көркемсурет мектептерінің ашылуымен сипатталады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі бейнелеу өнері