Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 15:55, реферат
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі деп аталатын бұл еңбек бейнелеу өнері пәнін оқыту мәселелерін ғылыми зерттеудің және осы курсты мектептерде оқытудың көп жылғы тәрбиесін қорытудың негізінде жинақталған.
Мұнда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері, курстың тәрбиелік маңызы мен міндеттері, мазмұны, бейнелеудің білімдері мен бейнелеу дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастылады.
Академия сурет, кескіндеме, композицияларды оқыту саласында көп істерді атқарды. Академия оқытушылары оқыту әдістерін жетілдіріп, оқу материалдарын тез меңгеру мәселелерімен шұғылданды. Олар «Суретшінің жетістігі–ғылыми таным мен үлкен еңбектің нәтижесі» деп көрсетіп оқыту мен тәрбие ғылыми негіздерге сүйеніп құрылуы тиіс екендігін көрсетті.
Академиялық
жүйенің оқыту жүйесінің
Көркемдік
білім берудің нақтылы
Суреттің
жалпы білім беретін пән
Суреттің жалпы білім беретін пән ретінде қарау туралы нақтылы ой айтқан француздың ойшылы Жан Жак Руссо болды. Ол өзінің «Эмиль» атты еңбегінде «балаға табиғаттан артық ұстаз жоқ, заттардың өзінен артық үйренетін үлгі жоқ деп көрсеткен. Ол нұсқаға қарап сурет салуға үлкен мән берген. Руссо сурет сабағын табиғат арасында өткізу, оларға перспектива құбылысын көрнекті түрде көруіне жағдай туғызатынын, оның заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік беретінін айтқан. Мұнымен қатар, ол табиғатты бақылау оқушының көркемдік талғамын арттырып, табиғатты сүюге, оның сұлулығын түсінуге тәрбиелейтіндігін білдірген.
Суретті оқыту әдістемесі туралы бағалы ойлар айтқан Иоганн Вольфганг Гете болды. Гетенің өнер, сурет және оны оқыту әдістемесіне қатысты айтқан ойлары жалпы білім беретін мектептер үшін де маңызды орын алады.
Кейде
реалистік өнердің заңдары мен
ережелерін оқытудың қажеті жоқ, көркемдік
білім беру мектептегі балалардың шығармашылығына
кедергі жасайды деп
Гете суретке жалпы білім беретін пән ретінде мән берген. Оның ойынша сурет салу әсіресе ақынға өте қажет, сурет дүниені терең де кең тануға оның әсемдігін тануға мүмкіндік береді. Гете әрбір педагог сурет сала білуі тиіс, ол сонда ғана өз пәнін жақсы ашып көрсете алады деп айтқан.
Коменскийдің, Локтың, Руссоның, Гетенің педагогикалық идеялары сурет салуға оқытудың теориясы мен практикасын байыта түсті. Бүгін олардың еңбектері өнер теориясын педагогика теориясымен қосуға, өнер принциптерін, дидактика принциптерімен толықтырып, суретті оқыту әдістемесін, арнаулы көркемсурет мектептеріндегі пәндерді оқыту әдістемелерін байыта түседі.
Бірақ суреттің ролі туралы қаншама беделді пікірлердің болғанымен ХҮІІ ғасырда да, ХҮІІІ ғасырда да сурет мектептегі жалпы білім беретін пәндердің қатарына қосылған жоқ. Ол тек қана ХІХ ғасырда барып мектеп сабақтарының шеңберінен орын ала бастаған. Суретті жалпы білім беретін мектепке енгізудің бастамашысы щвейцар педагогы Иоганн Генрих Пестолоций болды. Пестолоцийдан соң сурет жалпы білім беретін мектептен берік орын алды. Сондықтан да сурет мұғалімдері оны мектеп әдістемесінің әкесі деп атауы кездейсоқтық емес.
Пестолоций алғашқы суретті тақтаға салуға кеңес берген, оқушы осыдан бейнелеу дағдыларын меңгерген соң оған қағаз бен қалам беріп нұсқаға қарап сурет салуға көшуді ұсынған. Сурет салу жазуға ұласуы тиіс, сурет салу әріптерді сызуға жәрдемдесетінін, және оны меңгеру де жеңілдей түсетіндігін айтқан. Ол жазуды жақсы меңгеру үшін, баланы екі-үш жыл бойы сурет салуға үйретіп, онан соң жазуды бала тез меңгеретінін көрсеткен.
Пестолоцийдің еңбегі ең бірінші ғылымды мектептегі өнерді оқытумен байланыстырып, суреттің салудың әрбір түрі үшін жеке әдістемелік талдаулардың қажеттігі туралы мәселе көтеруінде болып табылады. Пестолоций көру қабілетін дамыту үшін бір әдіс, форманы түсіндіру үшін екінші әдіс, техниканы меңгеру үшін – үшінші әдіс, қажет деп ойлайды. Бұл жұмысты оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды.
Пестолоцийдің идеясын кейінен жалғастырған оның шәкірті – Иосиф Шмид болды. Ол «Пестолоцийдің идеясы бойынша сурет салу элементтері» деген еңбегінде, сурет салуға оқытудағы жаттығулардың орнына аса көп мән береді. Ол қолды дамыту мен оны сурет салуға дайындау, әсем форманы табуға және оны жасауға арналған жаттығу, қиялды дамытуға арналған жаттығу, заттарды геометриялық әдіспен салу жаттығуы, перспективаны үйретуге арналған жаттығуларды ұсынады.
Оқушының бейнелеу жұмысын жеңілдету үшін, Иоган Шмид нұсқа ретінде қосылатын заттың арғы жағына клеткаға бөлінген бір бет картон қойған. Картон бетіндегі сызылған клеткалар нұсқадағы сызықтардың бағыттырын айқындауға балаға жәрдемдесетіндігін айтқан. Оқушы берілген моделдің суретін салу барысында осы құралдың көмегімен нұсқадағы горизонталь, вертикаль және қиғаш сызықтардың сипаттарын оңай анықтаған.
Мектептегі суретті оқыту әдістемесінің дамуына белгілі үлес қосқан Берлиннің сурет мұғалімі Петр Шмид болды. П.Шмид геометриялық моделдерді қолдануға көп көңіл бөлген. Ол «геометриялық әдіс» деп аталатын әдістің негізін салды. Петр Шмидтің пікірінше сурет салу, тек қана қолдың механикалық жаттығуы емес, ол ойдың гимнастикасы, байқампаздықты арттыру, форманы сезуге дағдылану, қиялды арттыру болып табылады. П Шмид суретке оқытудың өзіндік бірізділігін ұсынды: оның бағдары бойынша ең бірінші – қарапайым формаларды – паралелипед, онан соң қисық сызықты формаларды соңына қарай, бала гипстен жасалған басты және кеуде мүсіннің суретін салуға үйретілуі тиіс болған. Бұл жатттығуларды орындауда, әрбір тапсырма оның алдындағы тапсырмадағы міндеттерді шешумен байланысты болып, ол тапсырманы орындау оның да алдында өткен тапсырманы орындаумен байланыстылығына құрылғандығымен ерекшеленіп отырды.
Шмид картиналарды көшіріп салу оқушыға ешқандай пайда әкелмейді, ол тіпті зиян әкеледі деп есептеген. Ол көшірме тек қана механикалық дағды жинауға жәрдемдесіп, баланың ой дамуына ықпалы болмайды деп көрсеткен.
П.Шмидттің әдісіне қарсы шыққан Франбург семинариясының мұғалімі К.Солден болды. Ол Петр Шмидтің геометриялық әдісі тек қана талантты балаларға лайық, геометриялық фигуралар «Абстрактілі бос нәрсе» балалардың назарын аудармайды, өмірдегі формалармен ешқандай ұқсастығы жоқ. Балаларды өмір әсемдігінен алшақтататын геометриялық формаларды салдырмай, онан да артығы үлгілерді көшірумен айналысу қажет деп есептеді.
Суретті оқыту әдістемесінің даму барысында ағайынды Дюпюлердің орны ерекше. 1835 жылы Парижде Александр және Фердинанд Дюпюи қолөнершілер мен оқушылар үшін тегін оқытатын сурет мектебінің негізін қалады. Бұл мектепте ағайынды ұстаздар арнаулы модельдер бойынша оқытудың негізін салды. Фердинанд Дюпюи бастауышты оқыту әдістемесімен айналысса, Александр адам басы мен фигурасын салуға үйретуге арналған модельдерді жасаумен шұғылданды.
Фердинанд Дюпюидің модельдері бес категорияға бөлінді. Біріншісіне сым темірден жасалған сызықтардың, бұрыштардың, шектелген фигуралардың, геометриялық денелердің каркастары, модельдері болды. Бұл модельдер жуандығы 5 мм, ақпен боялған, қосымшалары қызылмен боялған болды. Екінші топтағылар ақ бояумен боялған қиылған ағаштан жасалды.
Үшінші топтағы модельдер–ақ түсті тақтайшалардан құралды: олар үшін тақтайдан құралған бұрыш, майысқан жазықтық түрлерін көрсетуге арналды. Төртінші топ – куб, шар, призмадан тұратын геометриялық денелер болды. Бесінші топта–арка, колонна, лесница, қарапайым мебель модельдерін біріктірді.
Дюпюи мектебінің оқушылары қарамен лактеліп, керілген кенептің бетіне бормен салған. Сонымен қатар, Ф.Дюпюи перспектива құбылысын, зат формасын талдауға арналған, бейненің құрылымын салудың әдістемелік бірізділігін көрсететін модельдер жасаған.
А.Дюпюи
бейнені жеке бөліктерінен бастап салуды
емес, үлкен формаларынан бастауды
ұсынған. Ол міндеттерді шешу үшін ол
арнаулы модельдер тобын
Арнаулы модельдердің көмегімен, нұсқаға қарап сурет салуға оқытуға арналған әдістердің әрі қарай дамуына Гальярдың еңбектері үлес қосты.
1844 жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және құралдардың көмегімен бастапқы сурет салудың толық курсы»еңбегін жарыққа шығарды. Галрдың сурет курсы екі бөлімге бөлінді. Бірінші бөлімде – әр түрлі жағдайдағы сызықтарды перспективадағы шеңбер мен квадратты заттарды нұсқасына қарап, көз өлшемімен салу мәселелері қарастырылса, екінші бөліміде – жазық геометриялық денелерден құралған материалдар туралы сипаттама беріледі.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мектептің оқыту әдістемесі тереңірек талданып, жаңа әдіс-тәсілдермен толыға түсті. Бірақ бір әдістің екіншісіне қарағанда ұтымдылығы туралы әдіскерлер арасында әртүрлі пікірлер көптеген таластар болды. Бұл оқыту әдістемесімен кең түрде қызығушылардың көбейе түскендігін көрсетеді. Осы кезде суретті оқыту әдістемесінің теориялық мәселелерін талдауға суретшілермен қатар, өнертанушылар психологтар, дәрігерлер араласа бастады.
ХІХ ғасырдың соңында мектептегі сурет салуды оқыту саласындағы мамандар ек лагерьге бөлінді: бір топтағылар геометриялық әдісті жақтаушылар болса, екіншісі–натуралдық әдісті жақтаушылар болды. Геометриялық әдіс бойынша суретке оқыту әдісі–геометрияға негізделді. Бұл әдісті жақтаушылар геометрия суреттегі нақтылық пен дәлдікке жеткізгендігін және бейнені өлшеп тексеруге мүмкіндік береді деген пікірде болған. Бұл әдіске сәйкес қоршаған ортадағы барлық заттарды бейнелеуде геометриялық көзқарас тұрғысынан қарайды: қандай зат формасы негізінен олар, геометриялық фигураны немесе геометриялық денені тауып отырады. Мысалы алманы салу барысында, оқушы ең алдымен шардың суретін жобалап алып, онан соң шелектің суретін салу барысында, оқушы алдымен қиық конусты жобалап, онан соң оны нұсқадағы форма бойынша ұқсата түседі.
1888
жылдан бастап геометриялық
Әрі қарай геометриялық әдіс бойынша оқыту онан әрі теріс өзгерістерге ұшырай бастады. Тіпті бейнені алдын ала белгіленген нүктелер арқылы құрастыру бойынша суретті салу кең тарала түсті. Мұның бәрі сурет мұғалімдерінің көпшілігінің натуралдық әдісті жақтаушылардың тәжірибесіне жүгінуге әкеліп соқты.
Оқытудың натуралдық әдісі бойынша оқушы заттарды ешқандай қысқартусыз, оны қалай көріп тұрса осындай етіп салуды талап ететін болған. Бұл әдісті жақтаушылар, геометриялық әдіске қарағанда, натуралдық әдіс, оқушыларды өмірге, табиғатқа жақындата түсетіндігін дәлдеді. Олар геометриялық әдіс тек қана кәсіптік оқыту үшін жарамды, балалардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары есепке алынатын болғандықтан ол жалпы білім беретін мектеп үшін жарамсыз деп есептеді.
Натуралдық әдісті жақтаушылардың пікірінше абстрактілік геометриялық формалар, қоршаған ортадан алған өз әсерін графикалық мүмкіндіктер арқылы беруге сәйкес келмейді деп ойлады. Бірақ геометриялық әдісті теріске шығара отырып олар бұл әдістің бағалы жақтарын көре алмады.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында оқытудың натуралдық әдісінің өкілдері–Кульман, Пранг, Эльснер, Баумгарт, Аусберг, Брауншвиг, Тэдд суретті оқыту әдістемесі бойынша кең көлемді әдебиеттерді бастырып шығарды. Бұл авторлардың әдебиеттері негізінен сурет салу ережелерін қағидаларын, сонымен қатар көрсетілген әдістемелік тұғырды теріске шығарды. Олардағы кейбір авторлар (Браумгарт, Брауншвиг) оқытудың қатаң бірізділігінің болуын айтса, басқалары көбірек шұғылдануды, еркіндікті, қызықты болуы принципін насихаттап, оқытудың қатаң жүйелі болуынан бас тартты (Кульман). Сөйтіп оқытудың натуралдық әдісінде ортақ көзқарас болған жоқ.