Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 15:55, реферат
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі деп аталатын бұл еңбек бейнелеу өнері пәнін оқыту мәселелерін ғылыми зерттеудің және осы курсты мектептерде оқытудың көп жылғы тәрбиесін қорытудың негізінде жинақталған.
Мұнда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері, курстың тәрбиелік маңызы мен міндеттері, мазмұны, бейнелеудің білімдері мен бейнелеу дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастылады.
Сөйтіп оқыту әдістемесіне әр уақытта бейнелеу өнерінің эстетикасы өз әсерін тигізіп отырды. Мысалға алғанда кейде буржуазиялық формалистік өнер, кері әсерін берді. Сурет негізіне салғырт қарау, реалдық өмірден ауытқу, мектепті теріске шығару, жалпы білім беретін мектептегі суретті оқыту әдістемесінің дамуына елеулі нұқсан келтірді. Формалистік өнердің ең бір зиянды ұстанымы–бұл мектепті теріске шығару болатын. И.Е.Репин жас суретшілердің 1893 жылғы көрмесін аралап шыққан соң былай деп жазған: Бұл кескіндемедегі анархистердің дарынсыздығының патшалық құруы ... Бұл легионның оқу–керегі жоқ; анатомия–түкке тұрғысыз нәрсе; сурет–көнерген каллиграфия; бір жетістікке ұмтылу, соңына дейін бір нәрсені аяқтау–өзін-өзі құрту; қағаз бетіне дұрыс орналастыру–ескі үйінді деген сияқты боямалары жүрекке ерекше тиді».
Көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие берудің орнын түсінбеген жалпы білім беретін мектептердегі кейбір әдіскерлер формалдық тәсілдерді дамытумен әуестене түсті. Сонымен 1898 жылы Америкада Люберти Тэдд қолдың ептілігімен дамытуға күш салатын «көркемдік тәрбиенің жаңа жолын» ұсынды. Оның жүйесі бойынша оқушылар тақтаға бірде оң қолымен, бірде сол қолымен сурет салуы тиіс, соңынан ол екі қолымен симметриялық форманы салуға үйретілді.
Бұл кезде сурет салу жалпы білім беретін пән ретінде өз мәнін жоя бастады.Балалардың суретіне деген қызығушылық, балалардың шығармашылығын зерттеумен шектелді. Өнертанушылар оқушылардың осы шығармашылығын мадақтап, суретшілер балалар суретіне еліктеп сурет салуға ұмтылыс байқалды. Балаларды өмірді онсыз қабылдауын сақтау қажеттігі айтылып, балаларды оқыту оның дамуына кері әсер ететіндігі туралы әңгімелер жүре бастады.
Ф.Кульман «Суретті оқытудың жаңа жолдары» атты кітабында: «Мінсіз дұрыс орындалған суретке қарағанда, баланың қате салған суретінде көркемдік дүниенің ақиқаты көп берілуі мүмкін» деген жаңсақ пікір айцтылған. Кейбір мұғалімдер бұл көзқарасқа мүсе тұтты. Бұл көзқарас бойынша мұғалімнің балаларды бейнелеу сауаттылығына оқытудың қажеті жоқ болды, сабаққа дайындалудың керегі жоқ болды. Балалар өздерімен өздері ғана қалды.
Осы кезеңде балалардың шығармашылығына арналған бірқатар өнертанымдық жұмыстар пайда болды. Италияда К.Риччи, Германияда Лампрехт, Ресейде К.Лепилов, Л.Оршанский, А.Бакушинский және басқалар балалар шығармашылығына өздерінің теориялық еңбектерін арнады.
Осымен қатар биогенетиктердің теориясы кең көлемде таралды. Сол жылдардағы ғалымдардың түрлі теориялық қағидаларына қарамастан, олардың кейбіреулері мектепті түгелдей жоққа шығаруға, балалар шығармашылығының еркіндігін мойындауға, мұғалімнің басшылығын терістеу бағытына біріге бастады.
19
ғасырдың басында Георг
Г.Кершенштейнер өзінің теориясының негізі ретінде балалар бейнелеу еңбегін дамыту процесінің биогенетикалық түсінуін алды. Биогенетиктердің теориясының қағидаларына сай, балалардың бейнелеу шығармашылығы, даму барысында адамзат дамуының жолын қайталайтынын көрсетеді, айырмашылығы тек қана адамзат мәдениетінің дамуы, белгілі тарихи, әлеуметтік экономикалық жағдайларымен байланысты болғандығы бірақ балалар суреті оған байланысты емес деп тұжырымдайды. Олар бала сурет салу барысында дамудың белгілі бір сатысынан өтеді, бірақ бұл өту, қоршаған ортаның әсеріне бағынышсыз, бұл тек қана биологиялық факторларға байланысты деп түсіндіреді.
Мұнан шығатын олардың талабы–баланың даму процесіне баланың бейнелеу қызметіне үлкендердің араласпауы болып табылады.
19
ғасырдың 30 жылдарында балалардың
көркемдік тәрбиесі
Бұл көзқарас алыс шет елдерде әлі күнге дейін сақталып келеді. Еркін тәрбие теориясын жақтаушылар бұрынғыдай оқушыға толық бостандық беріп, педагогтың қызыметін соңғы жоспарға ысыру мәдениеті үстемдік құрды.
Бұларда нұсқаға қарап сурет салу қорғаған дүниені тану мүмкіндігі екендігі, сурет бейнелеу өнерінің негізі екендігінің жыл сайын мәні жойылуда. Балалар шығармашылығының кейбір теоретиктері жалпы білім беретін мектептерде балаларды бейнелеу, графикалық сауаттылықтарына оқытудың қажеті шамалы, тек олардың жалпы эстетикалық дамуына ықпал жасау қажет мәлімдейді. Сондықтан олар балаларды бейнелеу өнеріне тартуда, оларға өз бетінше шығармашылықпен айналысуға көп мүмкіндік туғызу керек деп есептейді. Оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі балалар психологиясы, балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу болуы тиіс. Бірақ осы кезде өткізілген балалар суретінің халықаралық көрмесі, көрсеткендей жаңа әдістеменің теориялық қағидаларының логикалығы мен құрылымдылығы , практикада жарамсыздығын айқындайды.
Көрмедегі балалардың салған суретіне психолог – педагогикалық тұрғыда жасалған талдау мынаны көрсеткен: мектеп оқушыларының бейнелеу қызметінде жас ерекшелік мүлдем білінбейді; олар өнерде талғамсыздық пен дәрменсіздіктері жағынан айырмалары жоқ; олардың жұмыстары тек қана «балалар суреті» деген терминге ғана бірігеді.
Әр
түрлі жастағы балардың суреттерінде
айтарлықтай айырмашылық жоқтың
қасы. Басқа сөзбен айтқанда мектепке
дейінгі жастағы балалар
Олар
іс жүзінде керісінше көрінеді: олардың
әдістемесі «кішкене суретшіге» арналған;
көпшілік жағдайда олардың ұйымдастырған
балалар шығармашылығының көрмесінің
«үлкен суретшілердің кішкене
Жоғарыдағы
айтылғандардың барлығы шет елдердегі
оқытудың қатаң жүйесі бұзылып, сурет
жалпы білім беретін пән
Ал шын мәнінде балалар еркіндігін сақтай отырып, оларды басқа ықпалдардан қоршай отырып, баларды өздерінің мәнерлерімен шектеп, тұйықтап қойғандығын айтқан.
Формалистік өнер кейбір орыс суретшілеріне де өз ықпалын тигізумен қатар жалпы білім беретін мектептегі оқыту әдістемесіне де әсері болды.
Шет
елдердегі бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесінің қазіргі
Халықаралық
симпозиумдардың басты
Эстетикалық тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің ролі үлкен, педагогика ғылымы эстетикалық тәрбие беру проблемасын өнер арқылы тәрбиелеумен шектеп қоймай, оны кең көлемде қарастырады. Эстетикалық тәрбие берудің мүмкіншіліктері қоршаған өмір шындығы, табиғаттың объективті заңдарын ашып көрсететін ғылыми таным, еңбек, адамдардың қоғамдық қаынастары, тұрмыс болып табылады.
Германия,
Польша, Чехословакия, Ресей, Өзбекстан,
Азербайжан, Тәжікстан елдерінде
бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі түбірімен
қайта құрылуда, ол өмірдің жаңа міндеттеріне
байланысты жаңа әдіснамалық негіздерге
сүйене отырып дамуда.
Суретшімен кездесу ұйымдастыру.
Мұғалімнің бейнелеу өнері арқылы жүргізілетін тәрбие жұмысының бір түрі – музейлерге оқушыларды экскурсияға апару болып табылады. Қазіргі кезде үлкен қалалардағы өнер музейлеріне ұқсастығы бар шағын галереялар селолық жерлерде де ашылуда. Мұндай галереялары экспонаттар өнер шығармаларының оригиналдарын түп нұсқасы көруге мүмкіндірі аз ауыл мектептері оқушыларын апарып көрсетуге қолайлы.
Әңгіме сабақ тақырыбы: Суретші Молдағали Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығы.
Әңгіме сабағының мақсаты: 1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру; 2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану түсініктерін беру:
Әңгіме сабақ мұғалімнің әуесқой суретші М.Қалдыбаевтың өмірін оқушыларға таныстырудан басталды. Мұғалім М.Қалдыбаевтың осы өлкеде туғандығы, оның ата-анасынан ерте жетім қалып, балалар үйінде өскендігі туралы мәліметтер берді. Мұнан соң балалар суретшіден өзінің балалық шағы туралы айтып беруін сұрады.
Суретші жасьық шағын еске ала отырып, өзінің Ташкент қаласындағы балалар үйінде тәрбие алғандығына тоқталды. Балалар үйінде ол сурет салуға ерекше құмар болғандығы туралы айтты. Ол үнемі анасының бейнесін көз алдына елестетіп, ана суретін салуды армандаған. Бір түні, түнде тұрып ерекше шабытқа бөлендім, дейді ол. Сонан соң төсегімнен тұрып, терезеден түскен ай сәулесімен төсегімнің тұсына тұрып, терезеден түскен ай сәулесімен төсегімнің тұсына сурет сала бастадым. Өз санамдағы қалған бұлыңғыр ауыл өмірін қағаз бетіне түсіре бастадым. Мейірімді ана бейнесі... Осы есте қалғандарын қара күйемен аппақ қабырғара баттастыра салып жатып, таңның қалай атқанын да байқамаппын. Таңертең шуылдап оянған балалар қабырғадағы суретке қарап таңырқап қалыпты. Осы кезде кіріп келген тәрбиеші апай маған ұрыса бастады. Бірақ кейіннен суреттің мәнін ұққан ол аппак қабырғаның қара көмірмен ластанғанын айтты. Әйтпесе ұрыспас па еді, — дейді ол. Жас суретші өнер жолындағы алғашқы соққыны да сол үшін алған болатын. Балалар үйінде өткізген балалық шағы- соғыстың бастауымен аяқталды. Балалар үйіндегі еңбекке жарайтындары жұмысқа бөлінді. Мені өзім тәрбиеленген Өзбекстанның Ферғана облысындағы Куба ауданында слесарь болып жұмысқа қалдырды.
Сұрақ: — Сіз өлең де жазасыз ба?
Иә, мен колхоздың жұмысымен де, шығармашылық жұмыспен де айналыстым. Менің қылқаламымнан туған бояулы қанық, айшықты, суреттері көпшілік көңілінен шыға бастады. Соғыс бітсе, оқуға түсіп, әдебиетші ұстаз немесе ақын боламын деп ойлаушы едім. Бірақ мен ойлағандай жақын маңда соғыс біте де қойған жоқ, әдебиетші де, ақын да бола алмадым. Ойымнан шыға алмаған бала қиял артта қалып, туған ауылым Қарасорға қайта оралдым. Көп ұзамай әскер қатарына шақырылып, 1944 жылы 14 мартта соғысқа аттандым. Қан майданның ортасында жүріп те ол баяғы ақын болам деген қиялым орындалмады. Өлең де жаздым, мен өлеңді өзбек тілінде жазатынмын. Қатардағы жауынгерлер қолы бос кезде оның лирикалық өлеңдерін қызыға тыңдаушылар да көп еді. Менің поэзиямен айналысатынымды штаб бастығы А. Алтунин де білетін. Сондағы өлеңімді сендерге айтып берейін. Ол «Он үш жас» деп аталады. Соғыс жылы кемпір, шал, бала қалды, Бар батырын шығарып дала қалды. Он үштегі жас едік, ойын құмар, Бірақ біздің ұйқымыз шала қанды.