Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:11, курсовая работа
Бюджет– мемлекеттің қажетті атрибуты. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және жергілікті құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Білім беру мекемелерінің еңбекақы жүйесінің айрықша ерекшелігі – ол оқу жылы мен қаржы жылы басының түйіспеуі. Сондықтан, ағымдағы және жаңа қаржы жылғы айлар үшін еңбекақы қордың айлық сомасы мен сыныптар топтарының саны негізінде 1-ші қаңтар мен 1-ші қыркүйекке мұғалімнің орташа мөлшерлемесі мен еңбекақы қоры есептеледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, мемлекеттік бюджет – қоғамның дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған және осы мақсатты шараларға жұмсалынатын мемлекеттің ақша қоры. Яғни бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждықтарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждықтарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынасымен көрінетін экономикалық категория, қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын құрудың экономикалық нысаны және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Мемлекеттік бюджетте ең бастысы мемлекеттің жоспары. Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бюджеттік жоспарлау – жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үдерісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының алдағы уақыттарда мемлекеттік бюджет жоспарларының негізгі бағыттары болып әлеуметтік саланы бірінші орынға қоя отырып, өндірістің бәсекеге қабілетті салаларын қолдап, инновациялы экономикаға өту және әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуға бағытталған шаралар жиынтығынан тұрады. Әрине бұл нәтижеге жету үшін қажырлы еңбек пен жоғарғы қарқынды жан-жақты экономикалық дамуға қол жеткізуіміз керек.
Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сейкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда ереулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы басқарудың маңызды да әсершіл құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат, экономикалық тұтқа болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Б.С.Өтебаев «Мемлекеттік бюджет» Алматы Экономика 2006 жыл
2. С.С.Сартаев, С.М.Найманбаев «Бюджеттік құқық» Алматы «Жеті жарғы» 2006 жыл
3. С.Құлпыбаев «Қаржы» Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық Алматы 2007 жыл
4. «Қаржы қаражат» журналы №4, 2003 жыл
5. Р.О.Смағұлова, Қ.Ә.Мәдіханова, Ж.Ш.Сатыбалдиева, Ә.Қ.Тұсаева, «Қаржы, ақша айналысы және несие» Алматы Экономика 2008 жыл
6. Д.О.Абленов «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит» Теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі, Оқулық, Алматы Экономика 2007 жыл
7. Қ.Ілясов «Қаржы» Алматы 2005 жыл
8. А.М.Драгозина «Қаржы.Ақшалық айналым» 1999 жыл
9. Маниловский «Экономикалық терминдерге қысқаша сөздік» 1997 жыл
10. В.В.Ковалев «Қаржыны басқару» 1998 жыл
11. «Атырау» газеті 2005 жыл.07.07, 5-бет
12. Н.В.Колчина, Л.П.Павлова Финансы предприятий: Учебник для вузов, 2001 год
13. Г.П.Коптаева «Қаржы және қаражат» Алматы 2007 жыл
14. «Атырау» газеті 2009 жыл.09.
ҚОСЫМШАЛАР:
ҚОСЫМША 1. Бюджетті жоспарлау принциптері
ҚОСЫМША 2. Білім беру деңгейлері бойынша шығындардың жұмсалуы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1. Бюджет түсінігі. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны....5
1.2. Мемлекеттік бюджет экономикалық басқару құралы......................10
1.3. Бюджеттік жүйенің түрлері, ерекшеліктері.................
II. БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ
2.1. Бюджетті жоспарлау мен болжаудың рөлі және мақсаттары........16
2.2. Бюджетті жоспарлау принциптері...................
2.3. Жоспарлау мен болжамдаудың кезеңдері, әдіс пен тәсілдері........24
III. БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3.1. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері.......................
3.2. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі.......................
3.3. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы төлеу ерекшеліктері.................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
ҚОСЫМШАЛАР....................
39