Бюджетті жоспарлау және болжамдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:11, курсовая работа

Краткое описание

Бюджет– мемлекеттің қажетті атрибуты. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және жергілікті құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Содержимое работы - 1 файл

Бюджетті жоспарлау және болжамдау әдістері.doc

— 218.50 Кб (Скачать файл)

Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

      бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;

      салалар, іс әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;

      бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау;

Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылау қарастырылады.

Бюджетті жоспарлаумен бюджеттік болжамдау тығыз байланысты. Бюджеттік болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағаларын анықтау процесі түсіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы болжамдау мүмкін емес.

Бюджеттік болжамдауың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті-экономикалық шарттарды және олардың  өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.

Бюджетті жоспарлау мен болжамдау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:

      кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингенттердің болжамдық мөлшерін анықтау;

      әркеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;

      қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау;

Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс-әрекеттің негізгі шарты – ол жалпы мемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамасыз ету.

 

 

2.2. Бюджетті жоспарлау принциптері

 

Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық, теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асырылады.

Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар тізімін қалыптастыруға, бюджеттер деңгейлері арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындауға негізделеді.

Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметті-экономикалық даму болжамдарына негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркесімімен қамтамасыз етіледі.

Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субвенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

Дәйектемелік принцип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

Бюджетті жоспарлағанда аймақтар арасындағы табиғатты-климаттық және әлеуметті-экономикалық ерекшеліктерді есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер пайдаланылады. Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды нормативтер – ол бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және бекітіледі.

Жергілікті бюджеттерде қолданатын кірістерді бөлісу нормативтер – ол әр деңгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл нормативтердің тұрақты сипаты бар, себебі олар орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықталады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуге байланысты.

 

 

2.3. Жоспарлау мен болжамдаудың кезеңдері, әдіс пен тәсілдері

 

Бюджеттік жоспарлау – әр түрлі статистикалық, экономика-матаматикалық, сараптамалық және арнайы әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Негізінде бюджет – толық көлемдері бойынша барлық кірістер мен шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл әдіс бюджетпен қарастырылған кірістер мен шығындардан басқа бір де біреуі болуға тиісті еместігін көрсетеді. Жоспарлауда бюджет құрудың бюджет-брутто және бюджет-нетто атты әдістері де қолданылады. Егерде бюджетте мемлекеттің барлық кірістік және шығындық қаржы операциялары көрсетілсе, онда мұндай бюджетті бюджет-брутто деп атайды. Ал егер де бюджеттің көрсеткіштері баптары бойынша сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни кірістердің әрбір баптары бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға жұмсалған шығындарсыз анықталса, онда мұндай бюджетті бюджет-нетто деп атайды.

Мемлекеттің әлеуметті-экономикалық мақсаттарын іске асырудағы бюджеттің құрал ретіндегі рөлі өте маңызды болғандықтан, сол рөлді атқаруға сәйкес арнайы бюджеттендіру әдістері негізіндегі орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды қолдану қажет. Бағдарламалы-арнайы бюджеттелеу әдіс маңында бағдарламалық даму стратегия мен қолда бар бюджет ресурстары базасы және бюджеттік бағдарламалар жоспарлау негізі арқылы бюджеттік шығындарды жоспарлау, яғни алдымен елдің даму стратегиялық басымдылықтары анықталады, олар бюджет шығындарында көрсетіледі.

Бюджеттің жобасын құрастыру процесінде бюджеттік теңестірудің арнайы әдістері пайдаланады. Олар тікшіл (вертикальды) және көлбеулі (горизонтальды) теңестіру әдістерге бөлінеді. Мағыналары бойынша бұл әдістермен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қаржылық мұқтаждарын (жергілікті бюджеттердің шығындық бөлімі) нақты қаржы ресурстарымен (жергілікті бюджеттің кірістік бөлімі) қамтамасыз ету мақсаттары шешіледі. Мысалы, тікшіл теңестіру әдістері көмегімен шығындық функцияларды іске асырудың қаржылық базасы қамтамасыз ету мен биліктің әр деңгейлері бойынша бюджеттердің кірістік көздерін тиімді түрде бекітуге әрекеттенеді.

Бюджеттерді кірістер бойы қалыптастырудың негізгі кезеңдері ретінде түсімдердің барлық түрлері бойынша болжамдық мөлшерлерін анықтау дәйектілік есептеледі. Барлық кезеңдердің ішіндегі ең маңыздысы – ол салықтық түсімдерді болжамдау кезеңі, содан кейін – маңыздылық мәні аз емес салықтық емес түсімдерді болжамдау кезеңі. Келесі кезеңдері – ол негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжамдау, ресми трансферттердің, берілген несиелерді өтеудің, қаржылық активтер сату мен Үкіметтік займдардың түсімдерін анықтау.

Алдағы жылғы кіріске бюджетке кірістердің түсуін болжамдау Салық, Бюджет кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен  қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштері, елдің орта мерзімді фискалдық саясаттың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады.               Бюджетті болжамдауда пайдаланатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының көлемі, импортты-экспорттық операциялардың көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.

Кірістер түсімін болжамдаудың негізінде келесі принциптерді айтуға болады:

-         Республика бойынша болжамдық көрсеткіштердің есептемелер қалыптасуының бірыңғайлығы;

-         Болжамдық көрсеткіштердің анықтығы мен объективтігі;

-         Барлық бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша әр ай мен тоқсанға бөлінген және жалпы жылға болжамдаған бюджет түсімдерінің есептемелері;

Болжамдайтын бюджеттік көрсеткіштер есептеуі жылдық бюджет көрсеткіштерінің есептеуінен біраз ерекшеліктері бар, себебі жылдық көрсеткіштер тікелей есептеулер әдістерімен анықталады. Ал мұндай әдістер қажетті мәліметтер жоқтығынан болжамдауда қолдануы қиын. Сондықтан бюджет кірістерінің болжамдауы көбінесе әр түрлі динамикалық сипаттары бар әдістер пайдалануы арқылы іске асырылады. Сондай әдістердің бірі – ол бюджеттің тұрақты сипаты бар кірістерді болжамдауда қолданатын экстраполяция әдісі, екіншісі – эксперт-мамандар жасап дәлелдеген тұжырымдар негізінде пайдаланатын эксперттік бағалау әдісі. Тәжірибеде, объективтік болжам алу үшін осы екі әдісті бірге қолданады.

Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімді бюджеттік жоспарлау негізінде бюджеттік процесті іске асыруын анықтайды. Ал бюджеттік жоспарлауға стратегиялық бағытты беретін Үкімет тарапынан жасалып, алдымыздағы үшжылдық мерзімге салықтық-бюджеттік бағдарламаны анықтайтын арнайы құжат – ол Үкіметтің Орта мерзімді фискалдық саясат атты құжат. Бұл құжат елдің Орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспары мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын бір жылға ұзартылып отыратын үшжылдық мерзімге жасалады. Бұл құжаттың маңыздылығы мен қажеттілігі, ең алдымен елдің экономикалық дамуы көп жағдайда оның қаржы жүйесінің даму бағыттарына тәуелді екенімен, екіншіден, жүргізіп жатқан салықтық-бюджеттік саясаттың ахуалы мен оның бүгінгі талаптарға сәйкестігімен дәлелденеді. Келесі қаржы – жылға бюджет жасаудың негізі болғандықтан, фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдыру мен оларды тиімді пайдалануға, экономиканың басымдылық секторларын ынталандыру арқылы мемлекеттік билік оған нақты әсер етуге және халыққа әлеуметтік  демеуді қамтамасыз етуге себепші болады. Бұл құжат мәнінен ел экономикасын басқарудың, яғни макроэкономикалық тиянақтылықты қамтамасыз ету мен қаржы ресурстарын қайта бөлісу құралдарының бірі болады.

Орта мерзімді фискалдық саясатты жасауда келесі негізгі мақсаттарға көңіл бөлінеді:

- алдағы үшжылдық мерзімге қажетті қаржы ресурстар көлемін анықтау;

- стратегиялық басымдылықтардың негізінде бюджеттік құралдарды бөлісу бағыттарын анықтау;

- мезгілінде жоспарлауды іске асыруға қажетті болжамдық бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

- бюджеттік процестің тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны ретке келтіру;

- бюджеттік процестің жалғастырушылығын қамтамасыз ету;

Орта мерзімдік фискалдық саясат мазмұны бойынша өз алды тізбекті түрде фискалдық саясаттың нысаны мен мақсаттарын, негізгі бағыттары мен оларды іске асырушы механизмдерін баяндайтын құжат. Бұл құжатта республиканың әлеуметті-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын іске асыру әдістері, бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері, бюджеттік құралдарды жұмсайтын басымдылық бағыттары, бюджетаралық қатынастардың даму бағыттары, фискалдық мүмкіндік тәуекелдер анықталады.

Демек, бұл құжат  мемлекеттің алдыңғы үшжылдық мерзімге арналған салықтық-бюджеттік саясатын баяндайды, яғни салықтық пен кірістер саясатын, шығындар саясатын, бюджеттік несиелеудің саясатын, қаржылық активтер саласының саясатын, бюджетаралық қатынастар саясатын, мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі қарыз алу мен борыш саясатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

3.1. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері

 

Қазақстан Республикасының дамуы қазіргі кезеңде білім беру саласына әсері бар өте маңызды өзгерістермен сипатталады. Олардың қатарында өсіп келе жатқан түлектерді тәрбиелеу мен оқытуға қажетті шарттар жасау мемлекеттік білім беру жүйесінің негізгі мақсаты және бұл жүйенің жас түлектердің ойдағыдай дамуына әсер ететін факторлар ішіндегі рөлі өте зор. Сондықтан, білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі – ол білім берудің осыған дейін жеткен деңгейін, сапасын және базалық білім алудың мүмкіндігін келешекте сақтап қалу және әрі қарай дамыту.

Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстық негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы рет алып отырса.

Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік  қаржыландыру немесе мемлекеттік гранттар беру арқылы іске асырылады.

Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар:

-         барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;

-         әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүмкінділігі;

Информация о работе Бюджетті жоспарлау және болжамдау