Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:11, курсовая работа
Бюджет– мемлекеттің қажетті атрибуты. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және жергілікті құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
КІРІСПЕ
Бюджет– мемлекеттің қажетті атрибуты. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және жергілікті құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты арналымды орындайды – жалпықоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді.
Қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен оны жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік қатынастардың бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің өтпелі экономикалық негіздігі нарықтық қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып, әлемдегі жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшін макроэкономикалық реттеулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын бюджет жүйесінің маңыздылығын, оның құрылымы мен түрлерін, оның экономикаға әсерлерін қарастыру және еліміздегі бюджет жүйесінің даму барысына тоқталып өту болып табылады. Сонымен қатар, бюджеттің ақша қаражаттары қорының тиімді бөліну үшін жағдай жасайтын бюджетті жоспарлау мен болжамдауға, онда қолданылатын әдістерін, кезеңдерін қарастыру болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
Бюджеттік жүйе, оның түрлері мен ерекшеліктерін басқа елдердің құрлымымен салыстыру;
Бюджетті экономиканы басқару құралы ретінде алу;
Бюджетті жоспарлау мен болжамдаудың әдістеріне тоқталу;
Бюджетті жоспарлау және болжамдауда қолданылатын принциптерді қарастыру;
Білім беру саласындағы мекемелерді мысал ретінде алып, оған жұмсалатын шығыстарды қалыптастыру, оларды қаржыландыру, қызметкерлерге еңбекақы төлеу ерекшеліктеріне тоқталып өту болып табылады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1. Бюджет түсінігі. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асырылуын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар, материалдық негізі орталықтандырылған қор, экономикалық негізі жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі заң болып табылады.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажет. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, зайымдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатыныста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланылады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет – ол қаржылық жоспар; бюджет – ол басқарушылық жоспар; бюджет – ол заңнамалық құжат деген. «Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
ол экономиканы реттеуге арналған құрал;
ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң;
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажетті болып табылады.
Сондықтан, мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген – ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині – мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік бюджет өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды-құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры – бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) – ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларынан өткен, қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды.
Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы жүргізіледі. Бұлар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс – мемлекетті бюджеттік ресурстармен қамтамасыз етуге арналған, ал шығыс жалпымемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға арналған, қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары.
Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негіздегі салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, ресми трансферттердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
Салықтық түсімдер деп мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдерді айтамыз. Олар нақты әрекеттегі ақшалай қатынастармен дәлелденеді және қаржы қатынастарының бөлігі ретінде үнемі қозғалыста болады.
Салықтық емес түсімдерге республикалық меншіктен алынатын кірістер, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін түсімдер, мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, өндіріп алулар, мүлікті жария етуі үшін алым және де бюджетке түсетін салықтық емес басқа түсімдер жатады. Салықтық түсімдерге қарағанда салықтық емес түсімдердің тағайындалған мөлшерлемелері жоқ, басқаша айтқанда, олар фискалды-тұрақты сипатта емес, сондықтан мұндай түсімдер мөлшерін өткен жыл деңгейінде жоспарланады.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекет меншігіндегі тауарларды, жер учаскелерін сату немесе жалға беруден түскен табыстар және мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Трансферттер түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін түсімдері.
Бюджет қаржыны шоғырландыра отырып, оны қажеттіліктерге жұмсауды көздейді. Сондықтан да бюджет шығыстары келесідей түрлерге бөлінеді: мемлекеттік мекемелердің қызметтерін қамтамасыз ететін шығыстар, мемлекеттік шараларды жүргізу мен ұйымдастыруға арналған шығыстар, заңды тұлғаларға субсидия беру, ресми трансферттер және басқа да шығыстар жатады.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамында салықтық және салықтық емес түсімдердің рөлі мен мәні өте зор, себебі барлық кірістер ішінде 80-90 пайызы осы түсімдер үлесіне жатады, ал салықтық түсімдердің жыл сайынғы өсуі орта есеппен 12-13 пайызға жетеді.
1.2. Мемлекеттік бюджет экономикалық басқару құралы
Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады.
Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарылатуға, қоғам мүшелерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген. Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы оған өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.
Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдарды (қаржы, бюджет, несие) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі – бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.
Мемлекеттік бюджетті – экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.