Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:11, курсовая работа
Бюджет– мемлекеттің қажетті атрибуты. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және жергілікті құрылымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
- білім берудің діннен тыс сипаты;
- тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылықты дамыту;
- білім беру бағыттарының әр түрлілігі;
- оқитындарды кәсіптік бағдарлау;
Білім беру жүйесінің негізгі міндеті - ол ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірибе жетістіктеріне негізделіп, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби жаралуына бағытталған білім алу үшін қажетті шарттар жасау.
Білім беру бағдарламалар білім берудің тиісті деңгейлері мен олардың сатыларының мазмұнын анықтайды. Республикада тікелей білім беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың екі түрі – жалпы білім беру және кәсіби бағдарламалар іске асырылып жатыр.
Жалпы білім беру бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениеті және оның өмір мен қоғамға икемделуі жөніндегі мақсаттарды шешуге, кәсіп пен мамандықты сезімді таңдау мен игерудің негізін жасауға бағытталған. Кәсіби бағдарламалар кәсіп пен біліктіліктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды дайындауға және оқитындардың жалпы білімдері мен кәсіби деңгейлерін тізбекті жоғарлатуға бағытталған. Жалпы орта білім беру – үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытуды құрасады: 1-саты – жалпы бастауыш білім беру; 2-саты – негізгі жалпы білім беру; 3-саты – жалпы орта білім беру.
Кәсіптік орта білім берудің жекелеген бағдарламаларын іске асырудың өзі орта білімнен кейінгі білім беру арқылы жаңа деңгейге көтеріледі. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру тек қана жалпы орта білім беру базасында қамтамасыз етіледі және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлаудың бөлігі ретінде экономика, құқық, экология, медицина, ақпараттық технологиялар және инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегін атқаратын орта буын мамандарын басымдылықпен даярлайды. Жоғары кәсіптік білім беру республикада тиісті жоғары білім беру бағдарламалар негізінде университет, академия, институт және осыларға теңестірілген оқу орындары бойынша іске асырылады. Сонымен қоса, жоғары оқу орындары тиісті лицензиялары болған жағдайда орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндіктері бар.
Республика азаматтарынның ақысыз жалпы орта мен техникалық және кәсіптік білім алуына мемлекеттік кепіл негізі болып мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру, ал жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың – мемлекеттік білім беру гранттары табылады.
Білім беру саласына, оның басымдылығын есептей отырып, мемлекет жыл сайын бюджеттік құралдар бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы іске асырылады.
Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджетте бұл топтың үлесі жыл сайын ұлғаюда.
Бұл функционалдық топ құрамында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырыс және білім беру аумағындағы басқа да қызметтер көрсетілген. Осы келтірілген білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырылады.
Білім беру саласын бюджетік қаржыландырудың қажеттілігі ең алдымен білім беру қызметтің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің әлеуметті-экономикалық дамуындағы олардың рөлімен серттеседі. Ал бюджеттен бөлінетін құралдар көлемі практиканың талаптарына сәйкес анықталуы мүмкін емес. Себебі, мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды бюджеттік қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және әлеуметті нормативтер тағайындауды талап етеді.
Қазіргі кезеңде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктелінеді. Орталық республикалық деңгей бойынша бюджеттік құралдармен қамтамасыз ету үш бағытқа бөлінеді, яғни орталық республикалық бағыныштағы мекемелерді ұстауға, республикалық білім беру бағдарламаларды іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқтажды аймақтарға трансферттер ретінде білім беру субвенцияларға. Аймақтық және жергілікті деңгей республикалық деңгейге ұқсас, мұнда жергілікті бағыныштағы білім беру мекемелерді ұстау мен тиісті білім беру бағдарламаларды іске асыруға қажетті бюджеттік құралдар қарастырылады.
Бүкіләлемдік Банк мәліметтері бойынша қазіргі кезеңде дамыған елдерде міндетті мектептік білім беруге арналған шығындар басымды шығындар болып табылады. Дамыған елдерде мұндай шығындардың үлесі барлық білім беруге арналған шығындардың ішінде 67%-дан (АҚШ) 89%-ға дейін (Жапония) құрайды. Осы елдерде жоғары білім беруге арналған шығындардың үлесі 8%-дан (Жапония) 27% (АҚШ) пен 34%-ға дейін (Канада), ал мектепке дейінгі білім беруге - 0,3%-дан (Канада) 11%-ға дейін (Франция) толықсыды. Қазақстанда шығындар құрылымының маңызды ерекшеліктері бар. Біздің елімізде мемлекеттік қаржыландырудың ерекшелік белгісінің бірі – ол мектепке дейін білім беруге арналған шығындарды салыстырғанда жоғары үлес салмағы -27% және міндетті білім беруге арналған шығындардың төмен үлесі - барлығысы 50%, оның ішінде жалпы академиялық білім беруге - 38% жатады, кәсіптік білім беруге – қалған 12% жатады.
Қазіргі уақытта білім беруді қаржыландыру республикалық деңгейден келе-келе жергілікті деңгейге беріліп жатыр. Мұндай процесс ең алдымен кәсіптік білім беру мекемелерінің мүддесін қозғайды, себебі орталықтан қаржыландыру болған жағдайда аймақтық және жергілікті еңбек нарығына қажетті кадрлар дайындауды есептеуі өте қиын. Тағы бір себеп – ол білім беру мекемелерді кәсіпорындар мен ұйымдардың құралдары арқылы қаржыландырудың жоқтығы. Мысалы, 1990 жылдарының басында бюджеттердің барлық деңгейлерінің құралдары арқылы білім беруге арналған шығындары осы сала бойы қажетті барлық шығындардың 84% құраған, ал қалған 16% кәсіпорындар мен ұйымдардың құралдары арқылы қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің дамуының жаңа беталыстарына сәйкес білім беру саласында жеке кәсіпкерлік жүйесі орын ала бастады. Білім беру процесіне қалыптасып жатқан кәсіпкерлер класымен бірге әр түрлі қоғамдық қозғалыс пен ұйымдардың, Ұлттық бірлестіктердің, дін қауымдарының өкілі қосылуда. Олардың білім беру жүйені өз мүдделеріне сай көркейту жөніндегі талпыныстары мемлекеттік емес оқу орындарын ашуға және мемлекеттік мекемелерге қаржылық жәрдем жасауға ниеттендіреді. Бұл арада мемлекеттік мекемелер де өздігінен білім беру бағдарламалар таңдауды іске асыруға және халыққа төлемақы негізінде білім беру қызметін көрсетуге құқы бар.
Демек, білім беруді қаржыландыру қосымша көздер тартылу арқылы іске асырылуы мүмкін, яғни білім беру мекемелерінің өзінің кәсіпкерлік іс-әрекеті және оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен арақатынас құру.
Білім беру дамуының мемлекеттік қаржылық көмекпен қамтамасыз ету қажетті басымдылық бағыттарын таңдау – ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындар арасалмағын анықтауды талап етеді. Бұл арасалмақ қазіргі уақытта білім беру деңгейлері бойынша шығындардың 4%-ға жуығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, 70%-ға жуығы орта білім беруге, 3%-дан аса кәсіптік білім беруге, 4%-ға жуығы колледждерге, 10%-дан аса жоғары білім беруге жұмсалады. Қазіргі кезеңде білім беру деңгейлері бойы шығындар құрылымы елдегі экономикалық ахуалды көрсетеді.
Білім беруге арналған мекемелерге кететін шығындар құрамына:
оқытушылар, қызметкерлер мен басқа да персоналдың еңбекақысы;
қосымша ақшалай төлемдер мен еңбекақының сағаттық қоры;
студенттердің кәсіптік практикасына арналған шығындар;
коммуналдық шығындар;
оқу-әдістемелік әдебиеттер алуға арналған шығындар;
басқа да шығындар жатады.
3.2. Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі
Білім беру саласының қаржылық қамтамасыз етуінің тиімділігі бюджет құралдарының нақты қажеттілігінің есептемелері мен оларды дәйекті жоспарлау тәртібіне негізделеді. Мемлекет жыл сайын білім беру шығындарын қаржыландыруға бюджет құралдарын бөлуді кепіл етеді. Бұл құралдардың мөлшері бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша кірістер көлемімен реттеледі. Сондықтан, білім беруге арналған шығындарды бюджетке енгізу олардың қажеттілігімен қоса сол шығындарды іске асыру қаржылық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Білім беру саласына арналған бюджет құралдары бюджеттік жіктелуге сәйкес бөлінеді. Бұл саланы ұстауға арналған бюджеттік ақшаны жоспарлау тәртібі әрбір мекеме үшін іс-әрекетінің белгіленген өндірістік көрсеткіштерін есепке алуға мүмкіншілік жасайды. Мысалы, осындай көрсеткіштер болып мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін балалар мен топтар саны, мектеп үшін – оқушылар мен сыныптар саны табылады. Шығындарды есептеу, белгіленген формаларды пайдалана отырып, шығыстардың экономикалық жіктелу ерекшеліктері бойынша анықталады.
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік қызметкерлер емес жұмыскерлерінің негізгілік еңбекақысына арналған шығындар есептемелерін құру үшін 02-111 және 03-111 формалары толтырылады. Бұл формаларда мамандық пен қызмет атаулары, жұмыскерлердің категориясы мен стаждары бойынша мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің айлық еңбекақы сомалары анықталады.
Білім беру мекемелерінде тамаққа арналған шығындар есебі үшін 01-131 форма толтырылады. Бұл формада бір оқушы немесе бір балаға шаққандағы тамақ нормасы мен олардың орташа жылдық саны негізінде тамақ азықтарын алушылардың атаулары көрсетіледі. Үкімет тағайындаған нормативтер негізінде коммуналдық және электрқуатқа арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-141 және 01-144 формалар толтырылады. Сонымен қатар, ғимараттар, құрал-жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды ұстау, күту және жөндеуге арналған шығындар көлемін есептеу үшін 01-146 форма толтырылады.
Нәтижесінде, осындай есептемелер негізінде қажетті бюджеттік құралдар көлемі анықталып, білім беру мекемесінің қаржыландыру жоспары қалыптастырылады. Бұл құжатта мекеменің аты мен мекен-жайы және бюджеттік жіктелудің кодтары, бюджетке шамаланған кірістер түсуіне сәйкестік тоқсан сайын қаржыландыру көлемін бөлуімен экономикалық жіктелудің әрбір ерекшеліктері бойы бекітілген құралдар сомасы көрсетіледі.
Білім беру мекемелерінің шығындарын есептейтін әдістерінің бірі – ақпараттық жалпы қаржылық көрсеткіш болып есептеледі. Ол оқушылардың біріне шаққандағы шығындар мөлшерін пайдалануға негізделеді. Бұл көрсеткіштің мағынасын анықтағанда басқа да функционалдық көрсеткіштердің деңгейін есепке алу қажет, мысалы, мұғалімдер кадрлары мен олардың саны, оқушылардың сабақ үлгеруін, орта мектепке білім алудың мүмкіндігін, негізгі құралдардың көлемі мен жағдайын және тағы басқаларын.
Экономикалық әдебиет беттерінде білім беру мекемелерінің шығындарын есептейтін әр түрлі әдістер ұсынылады. Солардың бірін мысал ретінде қарастырсақ, бұл әдістің негізінде оқушылардың біріне шаққандағы орта білім беруге арналған шығындар мөлшері алынған. Республика бойынша осы көрсеткіштің деңгейі орташа есеппен алғанда 156 АҚШ долларын құрайды. Бұл мөлшерді бастапқы (Сб) ретінде пайдаланғанда, оның жеткілікті деңгейін анықтау үшін қор коэффициентін (Кқ) енгізу қажет. Осы коэффициенттің мөлшері, макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісінің негізінде білім беруге арналған шығындар сомасы объективті түрде өсу мүмкіндігін есептегенде, мысалы, 30%-ды құраса, онда 1,3-ке тең болады. Демек, орта білім беру деңгейі үшін жеткілікті шығындар мөлшерін (Сж) келесі формула арқылы анықтауға болады:
Сж = Кқ * Сб = 1,3 * 156 = 202,8 АҚШ долл./адамға
Бұл нәтиже республика бойынша көрсеткіштің орташа мөлшерін көрсетеді. Осы әдісті қолдана отырып, республика бойынша барлық білім беруге арналған шығындар көлемін анықтауға болады. Білім беру саласын қаржыландыру көлемін жеткілікті шығындар мөлшерін есептеу арқылы анықтау аймақтар мен тұрғын жер бойынша диспропорцияны жою мен әлеуметтік жағдай жасауды іске асыруға мүмкіндік береді.
3.3. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы төлеу ерекшеліктері
Білім беру мекемелерін ағымды ұстауға арналған шығындардың негізгі бөлігін еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар құрайды. Олар педагогикалық, әкімші-шаруашылық және оқу-көмектесуші персонал бойынша анықталады. Үкімет бекіткен бірыңғай тарифтік кесте негізінде анықталған осы еңбекақы мен оған қосымша және басқа да төлемдер түрлеріне арналған шығындар қосындысы білім беру мекеме жұмыскерлерінің еңбекақы қоры болып табылады.
Білім беру саласының мемлекеттік мекеме жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі Республика Үкіметінің 2003 жылы бекіткен №91 «Мемлекеттік қызметкерлер және қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлері емес мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі жөніндегі» қаулысымен реттеледі. Осы қаулыға сәйкестік білім беру мемлекеттік мекемелерде сағаттық еңбекақы жүйесі тағайындалған және осындай мекемелердің жұмыскерлері мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметтері тізілімінің G санат тобына апарылған.
Еңбекақы қорын анықтау маңында негізгі табыстық ақымен қоса жалпы білім беру, жоғары білім беру мен мемлекеттік ғылыми мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне еңбектің айрықша шарттары үшін заңнамалармен тағайындалған қосымша төлемдер есептеледі. Мысалы, мектеп мұғалімдерінің еңбекақы қоры қосымша төлемдерді қоса бірыңғай тарифтік кесте негізінде есептелген педагогикалық мөлшерлемелер саны мен мұғалімнің айлық орташа мөлшерлемесі арқылы анықталады. Ал педагогикалық мөлшерлемелер саны әрбір сыныптар тобы бойынша есептелген оқу сағаттарының жалпы көлемін мұғалімнің белгіленген оқу сағат нормасына бөлу арқылы анықталады.