Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 22:45, дипломная работа
Мен, диплом алды тәжірибемді 2012 жылдың қаңтар айының 7-ші жұлдызынан 2012 жылдың наурыз айының 24-ші жұлдызына дейін Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы «Жамбыл құс» ЖШС-де өттім.
Диплом алды тәжірибенің негізгі мақсаты жалпы экономика курсы бойынша жинақтаған теориялық білімізді жүйелеп, қорытындылап, тәжірибеден өту барысында қолдану, сонымен қатар барлық үйренген дағдыларымызды дипломдық жұмыста қолдану.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы - «Құс шаруашылығын инновацияның негізінде дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру».
Кіріспе....................................................................................................................3
1 «Жамбыл құс» ЖШС-нің қысқаша сипаттамасы..............................................4
2 Кәсіпорынның мақсаты мен міндеті................................................................4
3 «Жамбыл құс» ЖШС-нің басқару құрылымының сипаттамасы.....................5
4 «Жамбыл құс» ЖШС-нің қаржы шаруашылық қызметін талдау және бағалау.....................................................................................................................6
5 Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау.............................12
6 «Жамбыл құс» ЖШС-на еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесін енгізу..........16
Қорытынды.......................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................28
Екі жақта келісімге келмесе онда кейбір елдерде , мысалы, Германияда, татушылық реттеу туралы келісім жасайды. Ал енді бұл шара да нәтиже бермесе, онда ереуілді ең соңғы құрал ретінде қолданады. Ереуілді жариялау үшін оны алдын-ала 75% кәсіподақ мүшелері қолдау керек.
Тауар нарығымен салыстырғанда еңбек рыногында тарифтік серіктестер еңбек ақысына жұмыс шығынынан бас тарту опционы жоқ. Бұл жұмыс істеушілердің басым бөлігі еңбек табысына мұқтаж болуымен, ал кәсіпкерлер қызметкерді тек сирек жағдайда негізгі капиталмен орнын баса алатындығымен байланысты. Сондықтан бұрынғы дәстүр бойынша, келіссөз басты тақырыбы жалақы деңгейі болатын, ал фирма өз жағынан жұмыс істеушілер санын анықтайтын. Бірте-бірте келіссөз тиімді болу үшін жалақы деңгейі мен жұмыс істеушілер санын бір уақытта щещу қажет екені туралы ой туады.
Тағы бір айта кететін жайт, ол фирма тарифтік келісімде қосымша төлемдер мәселесін көтермелеуін қалайды, өйткені өз қызметкерлерінің мерзімнен тыс жұмыс сағатын ұсынуы, демалыс және мейрам күндерінде жұмыс істеуге ынталы болуы оған пайдалы болып келеді.
Сонымен, келіссөз жүргізушілердің екі жағына да өздерінің жалақы мен жұмыс істеушілер саны туралы талаптарын анықтау өте қиынға түседі. Іс жүзінде теориялық келіссөз моделі елдің тарихи дәстүрі, халық менталитеті, бұрынғы тоталитарлық ойлау инерциясы, нарықтық көзқарасының және нарықтық қатынастарының кемелге келуін көрсететін толып жатқан егжей-тегжейлі құбылыстармен қапталынып кетеді. Осыған байланысты Қазақстанда әлі де еңбек рыногының институттары мен ұйымдары жете дамымаған, заңдарда кәсіподақ пен жұмыс берушілер арасындағы қатынастар реттеу мүмкіншілктері тиісті деңгейде толық ескерілмеген және жөнге салына қоймаған. Көлеңкелі секторда жұмыс істеушілерді ресми күйге келтіруге ерекше көңіл бөлу қажет, мұндай шара экономика мен әлеуметтік саланы жақсартуға алып келеді.
Тарифтік келісімнің келесі елеулі жағы – жұмыс жағдайына ең төменгі деңгейдегі стандарт орнату. Кәсіпорын деңгейінде, келісіммен бекітелген уақыт мерзімінде, тарифтік келісімнің мазмұны өзгермеуге тиіс.
Сонымен, тарифсіз еңбекақы төлеу жүйесі бойынша еңбек нәтижесі мен мамандықта бағалау, еңбекақыны үлестіру арнаулы коэффициенттер негізінде жүзеге асырылады. «Жамбыл құс» ЖШС-дағы әр бөлімшенің еңбекақы қоры оның белгілі бір табыс бөлігін құрайды. Кәсіпорын басшысынан бастап, жұмыскерге дейінгі еңбекақы мөлшері кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының бір үлесі болып табылады. Ол қызметкердің мамандық деңгейіне, оның еңбекке қатысу коэффициентіне және жұмыс атқарған уақытына тәуелді. Тарифсіз жүйенің негізі болып саналатын мамандық деңгейі қызметкердің іс жүзіндегі өнімділігін көрсетеді. Ол кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне белгіленеді.
Әр түрлі мамандығы бар және лауазымды қызметкерлерге қойылатын мамандық талаптарды ескере отырып, мамандық деңгейі бойынша олардың тобына бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз мамандық деңгейі бойынша белгіленген.
Тарифсіз еңбекақы төлеу жүйесінде мамандық деңгейін белгілеу қызметкерге тарифтік мөлшерді белгілеу дегенді білдірмейді. Мұндай жүйе еңбекақыны толығымен кәсіпорынның негізгі жұмыс нәтижелеріне тәуелді етеді. Мамандық деңгейді белгілеу өте жауапты сәт болып табылады. Еңбекке қатысу коэффициенті қызметкердің еңбек өнімділігін бағалау үшін емес, еңбекақы төлеу деңгейін қалыптастыруға пайдаланылады. Қызметкерлерге сыйақы тағайындау ережесін кәсіпорын өз бетінше жасайды. Онда, әдетте, сыйақы беру көрсеткіштері, шарттары мен қаржы көздері, әр сыйақы көрсеткіші бойынша жеке және жалпы сыйақы қоры, сыйақы алатын қызметкерлер тізімі, негізгі көрсеткіштердің рындалу деңгейін белгілеу тәртібі, есептік сыйақы беру және оны төлеу реті немесе төлемеу себептері көрсетіледі. Тарифсіз еңбекақы төлеу жүйесінің кемшілігі әр топ мүшесінің еңбегін бағалау қиынға соғады, ал артықшылығы топ мүшелерінің жалақысын арттыруға қызығушылық танытады, яғни ұжымдық еңбек тиімділігі арта бастайды.
Бұл жүйе ЖШС «Жамбыл құс» зауытындағы қолданылатын тарифтік разрядтар жүйесіне қарағанда, қызметкердің мамандығының өсуін бағалауға көбірек мүмкіндік береді. Егер осы тарифсіз еңбекақы төлеу жүйесін кәсіпорынға енгізсе, оның еңбекақыға кететін өндірістік шығындары азайып, өндіріс пен еңбекті жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік беретін еді. Себебі, тарифсіз жүйені қолдану арқылы әрбір жұмысшының қосқан нақты еңбек үлесін білуге болады. Осы арқылы норманы орындай алмайтын жұмысшылардың санын қысқартып, жұмыс уақытын өзгертіп, мамандану деңгейін жоғарылату арқылы басқару құрылымын жетілдіруге болады.
Қорытынды
Тәжірибе жұмысының мақсаты бакалавриат курсы бойынша жинақтаған теориялық білімімізді қорытындылап, жүйелеп, қоғам қызметінде пайдалана білу және дипломдық жұмысқа материалдар жинақтау болып табылады.
«Жамбыл құс» ЖШС-ң өндірістік практиканы өту барысында мен тәжірибе жинап қана қоймай, кәсіпорынның жағдайы жайлы біраз мәліметтермен таныстым. Олар:
1. Кәсіпорынның миссиясы, мамандануы және мақсаты.
2. Екі жылғы 2011-2011 жж кәсіпорын қызметінің техника-экономикалық көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы.
3. Кәсіпорындағы басқару процесі, басшылықтың негізгі қағидалары мен әдістері: талдау және даму бағыттары.
4. Кәсіпорынның сыртқы орта факторлары, олардың мақсатқа жетудегі қызметке әсер ету дәрежесі.
5. Басқару шешімдерінің түрлері, оларды әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру процесі.
6. Ұйымдық тәртіп немесе іс-әрекет моделі, ұйымдастырушылық мәдениет сипаттамасы.
7. Кәсіпорынды басқару құрылымы.
8. Кәсіпорынның қаржылық және сыртқы экономикалық қызметі.
Тәжірибе жұмыстық есебімді қорытындылай келе, тәжірибеден басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілет жинақтағанымды, жалпы экономика курсы бойынша кәсіби білім және болашақ қызметке деген үлкен мотивация алғанымды айтқым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан 2030» даму
2 Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы».
3 Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Дағдарыстан шығу кілті» атты тұжырымдама жұмысы.
4 Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы–Алматы: Экономика.2001 ж.
5 Кәсіпорын мәліметтерінен алынған.
2
Информация о работе Жамбыл құс ЖШС-нде өндірістік тәжірибені өткені жөніндегі