Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 22:45, дипломная работа
Мен, диплом алды тәжірибемді 2012 жылдың қаңтар айының 7-ші жұлдызынан 2012 жылдың наурыз айының 24-ші жұлдызына дейін Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы «Жамбыл құс» ЖШС-де өттім.
Диплом алды тәжірибенің негізгі мақсаты жалпы экономика курсы бойынша жинақтаған теориялық білімізді жүйелеп, қорытындылап, тәжірибеден өту барысында қолдану, сонымен қатар барлық үйренген дағдыларымызды дипломдық жұмыста қолдану.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы - «Құс шаруашылығын инновацияның негізінде дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру».
Кіріспе....................................................................................................................3
1 «Жамбыл құс» ЖШС-нің қысқаша сипаттамасы..............................................4
2 Кәсіпорынның мақсаты мен міндеті................................................................4
3 «Жамбыл құс» ЖШС-нің басқару құрылымының сипаттамасы.....................5
4 «Жамбыл құс» ЖШС-нің қаржы шаруашылық қызметін талдау және бағалау.....................................................................................................................6
5 Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау.............................12
6 «Жамбыл құс» ЖШС-на еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесін енгізу..........16
Қорытынды.......................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................28
ТЭК-тің нәтижелері бойынша « Жамбыл құс» ЖШС-нің қызметі тиімді деуге болады. Кестеде кейбір көрсеткіштер теріс таңбамен шықты. Яғни, ол көрсеткіштер төмен болу тиіс себебі олар шығындар немесе негізгі емес қызметтен түскен табыс болып табылады. Ал, аса маңызды көрсеткіштер олар: жалпы табыс, негізгі емес қызметтен түскен табыс, қаржыландыру немесе өндіріске салынған қаржы және таза табыс болып табылады. Олар кестеден көрсетілгендей 100-ден жоғары болып тұр(пайызбен). Демек, кәсіпорын қызметі табыс әкелуде.
Әрбір көрсеткішті жеке талдайық. Өнімді өткізуден түскен пайда теріс өсу тенденциясын көрсетеді. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 95,86% немесе -400620 мың теңгеге өсімді құрады. Осы көрсеткішті оң мәнге айналдыру үшін төмендегі іс-шараларды жүргізуге болады:
- тұтынушылар базасын кеңейту (заңды және жеке тұлғалар үшін)
- Ресей, Қытай, Украина және басқа да шекаралас мемлекеттердің компанияларымен серіктесу;
- өткізілген өнім көлемінің өсу эффектісі есебінен өзіндік құнды төмендету және т.б.
Өткізілген өнімнің өзіндік құнының кемуі де өткізілген өнімнің көлемінің кемуіне байланысты қанағаттанарлықтай кему тенденциясын көрсетеді. Кәсіпорынның өткізілген өнімінің өзіндік құны -840216 мың теңгеге кемуімен түсіндіріледі. Кәсіпорынның өткізілген өнімінің өзіндік құнының төмендеуіне құрал-жабдықтар мен материалдарға бағаның төмен болуы және олардың ескі болуы әсер етеді. Және қызметтер мен тауарларға тарифтер төмендейді.
Табыс пен өзіндік құнның айырмасы ретінде есептелінетін жалпы табыс өсу тенденциясын көрсетеді, жалпы табыстың өте үлкен өсімі 2011 жылы байқалады. 2010 жылы жалпы табыс 2307793 мың теңгені құраса, ал 2011 жылы жалпы табыс 439595 мың теңгеге немесе 119,05% пайызға өсті.
Кезең шығындары. Кезең шығындарының тенденциясы теріс, мысалға 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда өсы көрсеткіштің шығындары -309249 немесе 77,48 % құрайды. 2011 жылы кезең шығындарының төмендеуі банктердің операциялық және инвестициялық қызметтерге ұсынатын несиелерімен қаржыландырудың төмендеуімен түсіндіріледі. Сондай-ақ, кезең шығындарының төмендеуі әкімшілік шығындардың төмендеуімен де көрсетіледі.
Салық салынғанға дейінгі пайда. Бұл көрсеткіш Кәсіпорынның жалпы қызметінің тиімділігінің көрсеткіші болып табылады және де менеджерлердің, басқарушылардың және барлық персоналдың жұмыстарының нәтижесінің бағасы болып келеді. Талдау кезеңінде бұл көрсеткіштің тенденциясы біршама жақсы, яғни 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 362900 мың теңгені немесе 112,83 % құрады.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің ең маңызды көрсеткіші – таза пайда. Талдау кезеңінде кәсіпорынның таза табысы қарқынды өсуде деп толық сеніммен айтуға болады. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда Кәсіпорынның таза табысының өсімі 290320 мың теңгені немесе 112,83 % құрады.
2010 – 2011 жылдар арлығында сату рентабельділігі тұрақты өсуді көрсетеді, мысалға 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 106,67 % құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне жоғарыда көрсетілген барлық шығындардың құрамасы әсер етеді, яғни кезең шығындарын рационалды қарым қатынас, кәсіпорынның көрсететін қызметтерінің көлемінің есебінен өзіндік құнды төмендету. Талдау кезеңінде өндіріс рентабельділігінің біршама жоғары өскенін байқаймыз. Бұл көрсеткіштің мәні 2010 жыл мен 2011 жылды салыстырғанда 114,52 % жоғарлады. Өндіріс рентабельділігі өндірістік үрдістегі активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды. Яғни, негізгі өндірістік қорлармен айналым қорларының әрбір теңгесіне келетін жалпы(таза) табыс мөлшерін көрсетеді.
Ал өнім рентабельдігінің мәні өнімді өндіру мен сату бойынша жұмсалған шығынның әрбір теңгесіне келетін таза табыс мөлшерін көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2010 жыл мен 2011 жылды салыстырғанда 203,14 % - ға артты.
Қор қайтарымдылығының мәні 2011 жыл мен 2010 жылды салыстырғанда 92,11пайызды құрады. Ал қор сыйымдылығы қор қайтарымдылығының кері көрсеткіші болып табылады. Осы көрсеткіш сатылған өнімнің 1 теңгесіне келетін негізгі қорлардың үлесін сипаттайды. 2011 жылы қор сыйымдылығының мәні 2,86 болды, 2010 жылмен салыстырғанда 0,25 немесе 109,58 % өсті. Қормен қарулану – кәсіпорынның техникалық қарулануын сипаттайтын көрсеткіш, сәйкесінше артуы мен төмендеуі еңбек өнімділігіне әсер етеді. Талдау кезеңінде берілген көрсеткіш өзгермелі сипатқа ие болады , мысалға бұл көрсеткіш 2011 жылы бір жұмысшыға 6632 мың теңгеге келеді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 81,96 % төмендегенін көрсетеді.
Нарық қатынастары жағдайында кәсiпорынның қызметi және оның дамуы көбiне өзiн - өзi қаржыландырумен, яғни меншiктi капиталдың көмегiмен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен тартылады. Меншiктi капиталдың көлемiн анықтаумен қатар капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау қажет. Бұл көрсеткiш – тәуелсiздiк коэффициентi, оның мәнi бiреу ғана - бұл коэффициентке қарап кәсiпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсiз екендiгiн және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Қазіргі жағдайда кәсіпорынның қаржы-экономикалық талдау үлкен мәнге ие. Сондықтан қарастырып, талдап, зерттеп отырған кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау өте маңызды.
Себебі – бұл кәсіпорынның тәуелсіздігі, меншік иелерінің пайызы, жұмыскерлер мен басқа да инвесторлардың алдында өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің толық түрде мағлұматтар, деректер беретін көздері болып саналады.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей жіктеуге болады:
Ішкі және сыртқы ортаға байланысты;
Маңыздылығына қарай – басыңқы және басыңқы емес;
Қарапайым (жәй) және күрделі;
Тұрақты және уақытша;
Кәсіпорындағы ішкі факторлар өзінің қызметіне байланысты болады. Қаржылық – экономикалық талдау нәтижесі сондай-ақ сыртқы факторларға да байланысты болатыны анық. Кәсіпорында өндірілетін өнім және өндірістік технологиясымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы болып – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ қаржылық стратегияның негізінде инвестиция тарту мәселесін болжап білу болып табылады.
Қаржылық жағдайды талдаудың басты міндеті кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу болып табылады.
2- кесте. «Жамбыл құс» ЖШС-нің 2010-2011 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын бағалау, мың теңгемен
Көрсеткіш атауы | Көрсеткіш мәні
| Өзгеріс
| ||
2010 ж. | 2011ж. | -\+ | %-бен | |
1. Өзіндік қаражаттар көздері | 1462112 | 1599660 | 137548 | 109,41 |
2. Ұзақ мерзімді активтер | 2103175 | 2279897 | 176722 | 108,4 |
3.Меншікті айналым қаражаттары | -641063 | -680237 | -39174 | 106,11 |
4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 0 | 0 | - | - |
5. Запастар мен шығыстарды құру үшін меншікті айналым қаражаттары және ұзақ мерзімді міндеттемелер болуы | -641063 | -680237 | -39174 | 106,11 |
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер | 918120 | 904030 | -14090 | 99,53 |
7. Запастар мен шығыстардың құрылуының негізгі көздерінің жалпы көлемі | 277057 | 223793 | -53264 | 80,22 |
8.Запастар мен шығыстар көлемі | 115835 | 79898 | -35937 | 69,02 |
9. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы (жеткіліксіздігі) | -756898 | -760135 | 3237 | 100,43 |
10. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін негізгі құралдардың артықшылығы (жеткіліксіздігі) | 161222 | 143895 | -17327 | 89,75 |
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау №2 кестеде көрсетілген. Есептеу мәліметтері кезең басында кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес екенін көрсетеді. 2010 жылдың соңында қаржылық жағдайы нашарлаған және қаржылық тұрақсыздық жағдайды тұр. Бұл қорытынды келесілер негізінде жасалады:
- запастар мен шығыстар өзіндік айналым қаражаттарымен өтелмейді;
- кәсіпрын қаржылық жағдайынынң тұрақсыздығын ұстап тұрған басты себеп – запастар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда болу көздерінің жалпы көлемі 80,22%-ға төмендесе, запастар мен шығыстар құны 69,02% төмендеді.
3- кесте. «Жамбыл құс» ЖШС-нің 2010-2011 жылдардағы дебиторлық қарызын талдау
Атауы | 2010 ж | 2011 ж | Ауытқу(+,-) | |||
Сома, Мың тг | Үлес салмақ | Сома, мың тг | Үлес салмақ | +/- | % | |
Алынуға тиісті шоттар | 138051 | 91,19 | 133234 | 93,18 | -4817 | 96,51 |
Басқа дебиторлық қарыз | 13330 | 8,81 | 9692 | 6,82 | -3638 | 72,70 |
Барлығы | 151381 | 100 | 142034 | 100 | -9347 | 93,95 |
Дебиторлық қарыз кәсіпорын активтерінің негізігі бөлігі болып табылады. Дебиторлық қарыз жағдайын талдау 3 кестеде көрсетілген. Кесте мәліметтері бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырусулар негізгі бөлікті құрайды. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары қарыздардың жалпы сомасынан 2010 жылға 91,19% және 2011 жылға 93,18% құрайды. Дебиторлық қарыздың 9347 теңгеге немесе 6,2% төмендеу қаржылық тұрақтылық өсуін көрсетеді.
Кез келген кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі қажетті табыс әкелу мүмкіндігіне тәуелді екені белгілі. Бұл мүмкіндікті бағалау рентабельділікті талдау арқылы жүргізіледі, ол келесі сұрақтарға жауап беруге көмек береді: алынған табыстар мен шығарылған шығыстар қаншалықты тұрақты; жүргізілген шығыстардың қаншалықты өндірістік; кәсіпорынға капитал салымының тиімділігі; кәсіпорынды басқару қаншалықты тиімді және т.б.
Өткізілген талдау негізінде кәсіпорын қызметінің жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетуге болады. «Жамбыл құс» ЖШС-нің қызметінің жағымды жақтары келесілер болып табылады:
- жұмыс тәжірибесі үлкен мамандардың жоғары дәрежелілігі;
- негізгі өнімді өндіру және өткізу процесінің ұйымдастырылғандығы;
- өндірілетін өнімнің жоғары сапасы;
- кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін әрқашан жетілдіру.
Кәсіпорын қызметінің жағымсыз жағы:
- ұзақ мерзімді активтердің жоғары үдемелі салмағы және оның сомасының өсуі кәсіпорынның меншік қаражаттарын ағымдағы активтерге емес, айналымнан тыс активтерге салатынын куәландырады.
5 Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау
Тәуекелді бағалау тәуекелді басқарудың жалпы жүйесінінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол тәуекел көлемін (деңгейін) сапалық не саналық әдіспен анықтау процесін білдіреді.
Тәуекелді сандық бағалау нақты шешімдерді алу мүмкіндігін береді. Алайда сандық бағалауды жүргізу ол үшін сәйкес келетін алғашқы ақпаратты алумен байланысты көптеген қиындықтар кездеседі. Қазақстанда ақпараттық қызмет нарығы дамымағандықтан, көбіне фактикалық ақпараттарды алу қиын. Ақпараттардың, уақыттың жеткіліксіздігімен, кейде қажетті мәліметтердің байланысты бұл қиындықтар себебінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде тәуекелді қатысты бағалау ерекше қызығушылықты тудырады. Бұл фирма иесі кәсіпкер, сонымен қатар оның серіктестері үшін тәуекелді бағалаудың ең қолайлы әдістердің бірі болып табылады.
Информация о работе Жамбыл құс ЖШС-нде өндірістік тәжірибені өткені жөніндегі