Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 22:45, дипломная работа
Мен, диплом алды тәжірибемді 2012 жылдың қаңтар айының 7-ші жұлдызынан 2012 жылдың наурыз айының 24-ші жұлдызына дейін Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы «Жамбыл құс» ЖШС-де өттім.
Диплом алды тәжірибенің негізгі мақсаты жалпы экономика курсы бойынша жинақтаған теориялық білімізді жүйелеп, қорытындылап, тәжірибеден өту барысында қолдану, сонымен қатар барлық үйренген дағдыларымызды дипломдық жұмыста қолдану.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы - «Құс шаруашылығын инновацияның негізінде дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру».
Кіріспе....................................................................................................................3
1 «Жамбыл құс» ЖШС-нің қысқаша сипаттамасы..............................................4
2 Кәсіпорынның мақсаты мен міндеті................................................................4
3 «Жамбыл құс» ЖШС-нің басқару құрылымының сипаттамасы.....................5
4 «Жамбыл құс» ЖШС-нің қаржы шаруашылық қызметін талдау және бағалау.....................................................................................................................6
5 Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау.............................12
6 «Жамбыл құс» ЖШС-на еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесін енгізу..........16
Қорытынды.......................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................28
|
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Казахский экономический университет им. Т. Рыскулова
|
«Экономика және басқару» ФАКУЛЬТЕТІ
«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ
«050506 - Экономика» мамандығының
күндізгі бөлімінің 4 студенті
Сейлбек Нұрсұлтан
ҚазЭУ-нен тәжірибе жетекшісі,
оқытушы – Саржанқызы Ақтоты
Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі
Абдиев Нұрлан
АЛМАТЫ 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 «Жамбыл құс» ЖШС-нің қысқаша сипаттамасы...................
2 Кәсіпорынның мақсаты мен міндеті.......................
3 «Жамбыл құс» ЖШС-нің басқару құрылымының сипаттамасы...................
4 «Жамбыл құс» ЖШС-нің қаржы шаруашылық қызметін талдау және бағалау.......................
5 Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау........................
6 «Жамбыл құс» ЖШС-на еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесін енгізу..........16
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Мен, диплом алды тәжірибемді 2012 жылдың қаңтар айының 7-ші жұлдызынан 2012 жылдың наурыз айының 24-ші жұлдызына дейін Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы «Жамбыл құс» ЖШС-де өттім.
Диплом алды тәжірибенің негізгі мақсаты жалпы экономика курсы бойынша жинақтаған теориялық білімізді жүйелеп, қорытындылап, тәжірибеден өту барысында қолдану, сонымен қатар барлық үйренген дағдыларымызды дипломдық жұмыста қолдану.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы - «Құс шаруашылығын инновацияның негізінде дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру».
Тақырыпты кең ауқымда қарастыру үшін ғылыми жетекшімнің, сонымен қатар тәжірибе жұмысы жетекшілерімнің берген материалдарын қолдандым. Тәжірибе орнында баспа және электронды әдебиеттерден материалдар жинақтап, оларды жүйелеумен айналыстым. Тәжірибеде бакалавриат курсы бойынша жинақтаған теориялық білімімді іс жүзінде қолдануды үйрендім.
Тәжірибелік біліктілігімді нақтылау үшін кәсіпорынның атқаратын қызметімен және өзіме жүктелген міндеттермен танысып, ұйымдағы жетік мамандардан қызметті тиімді ұйымдастырудың және басқарудың әдіс-тәсілдері туралы қосымша кеңестер алдым. Тәжірибе барысында келесідей мақсаттарға қол жеткіздім:
Кәсіпорынның және оның бөлімдері мен бөлімшелерінің ұйымдық құрылымымен таныстым;
Тәжірибелік есеп беруге қажетті материалдарды жинақтадым;
Кәсіпорынның жетекші эксперт мамандарының атқаратын қызметтерін бақылап, маркетингтік зерттеулерді жақсы игердім.
Тәжірибелік қызметімді атқару үшін кәсіпорын тарапынан компьютер, интернет желісіне қолжетімділік және қосымша әдебиеттер берілді. Тәжірибеден өтуші студенттерді болашақ қызметке профессионалды түрде дайындау мақсатында жиналыстар мен консультациялар өткізілді. Диплом жұмысына материалдар жинақтауда көмектер көрсетілді.
1 «Жамбыл құс» ЖШС-нің қысқаша сипаттамасы
«Жамбыл құс» ЖШС-гі 2011 жылдың 25 наурыз айында құрылған және Тараз қалалық Әділет басқармасында тіркелген. «Жамбыл Құс» ЖШС Байзақ ауданында «Құс фабрикасы құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру үстінде. Жобаның жалпы құны 6000,0 миллион теңге. Жоба іске қосылғанда 250 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделуде.
Оны іске қосу мерзімі 2011-2012 жылдар. Жобаны іске асыру барысында германдық инвесторлармен біріккен кәсіпорын «Каzakһ German Production» БК» құрылды.
Жобаны үйлестірушілер германиялық құс етін тереңдетіп қайта өңдейтін сомасы — 123,9 миллион теңге құрайтын, қуаттылығы сағатына 2000 бас тауық өндіретін құрал-жабдықтар «ЕМҒ» орнатқан. Сонымен қатар, құны 98,5 миллион теңгені құрайтын, қуаттылығы сағатына 10 тонна құрама жем өндіретін испандық «EXAҒAN» зауыт құрылысын салу жүргізілуде. Сомасы 90 миллион теңге құрайтын голландиялық инкубатор сатып алынды. Құс ұстауға арналған сомасы 178,5 миллион теңге құрайтын испандық «EXAҒAN» жабдық, сомасы 487 миллион теңге құрайтын арнайы аналық тауықтарды ұстауға арналған итальяндық «ҒАССО» жабдық және сомасы 271,9 миллион теңге құрайтын тағы басқа да қондырғылар алынды. Ғимарат тұрғызу құрылысына инфрақұрылымдар тартуға және шеф-монтажға, 647,4 миллион теңге, айналым қаражатына 115,5 миллион теңге қарастырылған.
2 Кәсіпорынның мақсаты мен міндеті
Кәсіпорынның мақсаты: сапалы құс еті мен жұмыртқа өндіру және оны өткізіп орнына жеткізу, сервистік қызмет көрсету, «Жамбыл құс» ЖШС-гі бәсекелестік ортадағы маркетингтік қызметін талдау және өнімді өткізу саясатынын жетілдіру жолдарын қарастыру. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалынды:
Бәсекелестік ортадағы кәсіпорынның маркетингтік қызметінің және де соның ішінде өнімді өткізу саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттей отырып, оның отандық кәсіпорындарда қолдану деңгейін анықтау;
Қазақстан нарығындағы құс еті және жұмыртқа өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды зерттеу;
Кәсіпорында өнімді өткізу саясаты үрдісін қарастыру;
Өнімді өткізу саясатын зерттеу барысында әдістемелерді әзірлеуді зерттеу;
құс еті және жұмыртқа өндіру кәсіпорыны «Жамбыл құс» ЖШС-ң саясатына шолу және оны жетілдіру жолдарын көрсету.
3 «Жамбыл құс» ЖШС-нің басқару құрылымының сипаттамасы
Серіктестіктің басқару органдары:
1. Серіктестіктің жоғары органы – оның қатысушыларының жалпы жиналысы;
2. Атқарушы органы – директор;
Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы, өзінің құзыреті серіктестік жарғысында қалай белгіленгеніне қарамастан, серіктестік қызметіне байланысты кез-келген мәселені қарауға алуға құқылы. Жалпы жиналыс өзінің ерекше құзыретіне жатпайтын өкілеттіктерді серіктестіктің атқарушы органына беруге құқылы. Серіктестіктің атқарушы органы – жеке-дара басқаратын, қатысушылардың жалпы жиналысы шешімімен тағайындалған, оның директоры болып табылады. Серіктестіктің бас директоры, қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатпайтын, серіктестік шаруашылық қызметіне байланысты мәселелердің барлығын сенімхатсыз басқарады.
Серіктестіктің директоры серіктестік атынан сенім хатсыз жұмыс жүргізеді. Серіктестікті басқарудың жоғарғы органының ерекше құзыретіне мыналар жатады:
1) серіктестік Жарғысын өзгерту, сонымен қатар жарғы капиталының мөлшерін, орналасқан мекен-жайын, фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату;
3) серіктестіктің тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің өкілеттігін тағайындау және мерзімнен бұрын тоқтату;
4) жылдық қаржы есебін бекіту және таза табысты бөлу;
5) серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім қабылдау және т.б. сұрақтар қаралады.
Шарттар, міндеттемелер, сенімхаттар және басқада қаржы құжаттарына серіктестік атынан директор қол кояды. Серіктестік қатысушылардың жалпы жиналысынын ерекше құзыретіне жататын мәселелерді, ол атқарушы орғанның шешуіне бере алмайды. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін қадағалау үшін серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен тексеруші тағайындалады.
Атқарушы органның мүшесі ревизор болып тағайындала алмайды.
1 - сурет «Жамбыл құс» ЖШС-нің басқару құрылымы
4 «Жамбыл құс» ЖШС-нің қаржы шаруашылық қызметін талдау және бағалау
«Жамбыл құс» ЖШС-гі 2011 жылдың 25 наурыз айында құрылған және Тараз қалалық Әділет басқармасында тіркелген. «Жамбыл Құс» ЖШС Байзақ ауданында «Құс фабрикасы құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру үстінде. Жобаның жалпы құны 6000,0 миллион теңге. Жоба іске қосылғанда 250 жаңа жұмыс орны ашылуы көзделуде.
1-кесте. «Жамбыл құс» ЖШС-нің техника-экономикалық көрсеткіші (мың.тг)
Көрсеткіштер | 2010 ж | 2011 ж | Ауытқу | |
+/- | % | |||
Өнімді өткізуден түскен пайда | 9684546 | 9283926 | -400620 | 95,86 |
Өнімнің өзіндік құны | 7376754 | 6536538 | -840216 | 88,61 |
Жалпы пайда | 2307793 | 2747388 | 439595 | 119,05 |
Негізгі емес қызметтен түскен пайда | 1894218 | 1508274 | -385944 | 79,63 |
Кезең шығындары | 1373374 | 1064125 | -309249 | 77,48 |
Негізгі қызметтен түскен пайда | 934419 | 1683263 | 748844 | 180,14 |
Қаржыландыру сомасы | 863874 | 1638415 | 774541 | 189,65 |
Салық салуға дейінгі жиынтық пайда | 2828637 | 3191537 | 362900 | 112,83 |
Корпоративтік табыс салығы бойынша үнемдеу | 14827 | 7307 | -7520 | 49,28 |
Таза пайда | 2262910 | 2553230 | 290320 | 112,83 |
2-кестенің жалғасы | ||||
Сату рентабельділігі (%) | 0,9 | 0,96 | 0,06 | 106,67 |
Өнім рентабельділігі | 12,7 | 25,8 | 13,1 | 203,14 |
Өндіріс рентабельділігі | 6,2 | 7,1 | 0,9 | 114,52 |
Өткізілген өнімнің бір теңгесіне кеткен шығын(тг.) | 1,2 | 1,16 | -0,04 | 96,67 |
Жұмыскерлер саны(адам) | 3118 | 4000 | 882 | 128,29 |
Жұмыскерлердің айлық жалақы қоры(тг.) | 230961 | 296336 | 65375 | 128,31 |
Бір жұмысшының орташа айлық еңбекақысы (тг.) | 74073 | 74084 | 11 | 100,01 |
Негізгі құралдардың орташа құны | 25231939 | 26529500 | 1297561 | 105,14 |
Айналым құралдарының орташа құны | 12036586 | 12316858 | 280272 | 102,33 |
Бір айналым ұзақтығы (күн) | 335 | 358 | 23 | 106,87 |
Айналымдық коэффициенті | 0,8 | 0,8 | 0 | 100 |
Қор қайтарымдылығы (мың тг.) | 0,38 | 0,35 | -0,03 | 92,11 |
Қор сыйымдылығы | 2,61 | 2,86 | 0,25 | 109,58 |
Қормен қарулану | 8092 | 6632 | -1460 | 81,96 |
Амортизация сомасы | 235061 | 142554 | -92507 | 60,64 |
Информация о работе Жамбыл құс ЖШС-нде өндірістік тәжірибені өткені жөніндегі