Тақырып: тауарлы-материалдық қорлар есебі және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 17:20, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі кәсіпорынның материалдық қорларын басқарудан да тәуелді, сол себепті запастарды басқару – кәсіпорын қызметінің маңызды және өте жауапты бөлігі. Запастар көлемінің оңтайлылығынан кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесі тікелей тәуелді. Запастарды ұтымды басқару капиталдың айналымдылығын жоғарылатып, оның табыстылығын арттырады, оларды сақтау шығындарын кемітеді, қаражаттың бір бөлігін айналыстан босатып, оны басқа активтерге салуға мүмкіндік береді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ....................................................................................................................4
1 Тауарлы-материалдық қорлар есебі және аудит..................................................6
1.1 Тауарлы-материалдық қорлардың жүргізілуі ..................................................6
1.2 Материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы және материалдар номенклатурасы .........................................................................................................9
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ...........................12
1.4 Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері .........................................14
2 «Төленді» ЖШС мысалында материалды қорлар есебінің ұйымдастырылуы
2.1 Кәсіпорынның қаржы экономикалық сипаттамасы .......................................16
2.2 Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен шығысының есебі ..............18
2.3 Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі ..........................................21
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................26

Содержимое работы - 1 файл

Экономика.doc

— 208.50 Кб (Скачать файл)

Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері  номенклатуралық нөмері (коды) беріледі, содан соң барлық құжаттарда ТМҚ-дың  бары мен қозғалысы бойынша берілген нөмірі қойылады. Номенклатуралық нөмері: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмері бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасыеда есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға – номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны ТМҚ-ды кәсіпорын әр-түрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, теміржол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалда жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.

Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады.

Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты  тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға тіркеледі. Берілген сенімхатты есептеу Журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында жазылады.

Материалдардың бухгалтериядағы  аналитикалық (талдамалық) есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері еңгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтеяларында материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық нөміріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы немесе шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады.

Айырмашылығы: қоймадағы  карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықтан да бухгалтерияда карточкалармен айналым тізімдемелерін толтыру кейде кешігіп отырады. Осыған байланысты сандық карточкалардың орнына кейінгі кезде сандық, сорттық, сомалық айналым тізімдемесін пайдаланатын болды.

Шығыс етілген материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта  тікелей жинақталып қалдығы шығарылады. Ай біткеннен кейін 10-15 күн ішінде материалдардың айналымы мен қалдығы сорттық, сандық, сомалық айналым тізімдемесіне жазылады. Бұл әдісті пайдаланғанда бухгалтерлердің жұмысы сәл жеңілденгенімен кемшіліктер де кездесіп отырады. Ол кемшілікке ұйымдағы материалдардың сандық есебінің бухгалтерия мен қоймада қатар жүргізілуін жатқызуға болады. Оперативтік-бухгалтерлік есептеу әдісін қолдану үшін міндетті түрде керек жағдайлардың бірі есептеу жұмысына жоспарлы есептеу бағасын енгізу қажеттілігі болып табылады. Материалдардың ағымдағы, яғни аналитикалық есебі осы бағамен жүргізіледі. Материалдар синтетикалық шотта нақтылы өзіндік құнмен есептелінеді. Материалдардың есебін оперативтік-бухгалтерлік әдіспен жүргізуге жоғарыда аталған қоймадағы материалдардың қалдығын есептеу үшін жүргізілетін үлгілі түрі М-20 тізімдемесі пайдаланылады. Бұл тізімдеме әр қойма бойынша бөлек және бір жылға ашылады. Ай соңында қойма меңгерушісі осы тізімдемеге қоймадағы карточкалардан материалдардың тексерілген, келесі айдың басына қалған сандық қалдығын көшіріп жазады.

Кей жағдайларда кәсіпорынның қоймасы цех немесе бөлімшеден алыс жерде орналасқан жағдайда тізімдемеге  материалдардың қалдығын көшіріп жазу бухгалтерия қызметкерлеріне немесе есептеу операторына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда материалдарға жауапкер адам олардың қалдықтарының тізімдемеге дұрыс көшірілуін тексеріп шығып, қол қояды. Егер есепті ай бойы кәсіпорында материалдар кіріске алынбаған және шығыс етілмеген болмаса онда олардың бұрынғы қалдық саны мен сомасы жаңа айға көшіріліп жазылады.

Бірінші бөлімде кіріске  алынған материалдың жиынтық  өзіндік құны жайлы деректер көрсетіледі. Сонымен қатар бұл бөлімде  кіріске алынған материалдардың нақтылы өзіндік құны мен есептеу  бағасымен есептелген құнының арасындағы ауытқу мөлшері көрсетіледі.

Екінші бөлімде әрбір  қойма мен материалдарға жауапты  тұлғалар бойынша материалдардың қозғалысы (айдың басындағы және аяғындағы  қалдығы, кірісі мен шығысы) тиісті шоттар бойынша көрсетіледі.

Материаллдық  ресурстардың нақты өзіндік құны оларды сатып алу мен жеткізуге кеткен нақты шығындардың қосындысы ретінде анықталады.

Бухгалтерлік  есептің №1 «Кәсіпорынның есеп саясаты» стандартына сәйкес кез-келген ұйым запастарды бағалаудың қалаған әдісін таңдай алады және ол әдіс есеп саясатында көрсетілуі тиіс, ол жыл бойы пайдаланылады. «Төленді»ЖШС де запастар орташа өлшенген құны бойынша бағаланады және өндіріске жұмсалған материалдық ресурстардың құнын түрлі әдістермен есептеу нәтижесі 7 –кестеде келтірілген.

Жыл ішінде материалдық қорларды бағалау  әдісін өзгертуге кәсіпорынның құқығы жоқ. Тек материалдардың сапасы жоғалса не моральдық тозуға ұшыраса ғана жыл соңында бухгалтерлік баланста мүмкін сату бағасы бойынша көрсетіледі, егер ол баға материалдардың алғашқы бағасынан төмен болса, онда оның нәтижесі шаруашылық қызметінің нәтижесінен көрініс табады, яғни 1300 «Материалдар» шотының кредитінен 6280 «Басқа да» шотының дебетіне. Мұндай іс-әрекет кәсіпорында 2009 жылы орын алған жоқ.

Материалдар қалдығының қоймалық карточкаларынан үлгілі түрі М-20 түрлі тізімдемеге дұрыс толтырылуын бухгалтерия қызметкері міндетті түрде тексеріп қол қояды. Ай сайын үлгілі түнрі М-20 санды тізімдемесінде көрсетілген материалдар қалдығы олардың жоспарлы бағасына көбейтіліп, материалдардың есептеу топтары және синтетикалық (топтамалық) шоттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Жоғарыда айтылғандай бухгалтерияда матриалдардың сомалық есебі синтетикалық шоттар бойынша олардың ішінде әрбір қоймадағы материалдардың топтары бойынша бөлек жүргізіледі[21].

 

 

2.3   Материалдық  құндылықтардың қоймадағы есебі

 

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын  қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептеледі. Материалдық қорлардың  қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы  жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймадағы материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немес жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материлдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық нөмірі және есептеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған материалға кәсіпорынның бухгалтериясы длайындап, одан кейін кріс ету ордерімен тізілім (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма құызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материладарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебі жүргізу жұмысы басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық нөмірі аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында қойма есебінің корточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материлдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыруы керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдың алынған немесе алынып болмағанына қарамастан шектік-заборлық карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Толық алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік-заборлық карта жазылып береді. Қоймашы материлдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номнклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайлы деректер беріп отырады. Қомалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылап отырылуы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын) қоймашы мен қомадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Картоскадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық карточкалардағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А "құжаттарды қабылдау–өткізу құжатына " тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау – өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізу орталық бухгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары белгіленген уақытта тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгерісі (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы қол қояды. Дұрыстығын тексеріп алғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қоя арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточкасының орнына ай сайын материалдардың кіріс, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігінде материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар (кіріс ету, босату, түгендеу) негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгаотерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған (жұмсалған) материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кәсіпорынның шикізат  пен материалдармен қамтамасыз етілу  деңгейі,  сатып алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігі өндіріс үрдісінің үздіксіз жүруі мен кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін анықтаушы факторлар болып саналады. Себебі материалдық ресурстар шығындардың елеулі бөлігін құрайтын шығын элементі, оның өзгерісі шығын динамикасы мен өнімнің өзіндік құныны үлкен әсер етеді. Сол себепті материалдық ресурстарды үнемді па йдалану мен оны пайдалану тиімділігін арттыру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды. «Ерназар» ЖШС де материалдық ресурстар есебінің ұйымдастырылуына баға  беру мен оларды пайдалану тиімділігіне жүргізілген талдау негізінде келесідей қорытындылар жасауға болады:

Кәсіпорында материалдық  қорлар есебі қазіргі кездегі  бухгалтиерлік есеп

аясындағы заңдар мен  нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 "Материалдар" бөлімінің негізгі, активті, мүліктік шоттары пайдаланады.

Өнім өндірісі жоспарын орындау мен өнімнің өзіндік  құнын төмендетудің, пайда мен  рентабельділік деңгейін жоғарылатудың қажетті шарттарының бірі - өндірісті қажетті шикізат пен материалдармен толық әрі уақтылы қамтамасыз ету болып саналады. Кәсіпорында қор нормасы сақталмайтындығын көрсетеді,  1-материал түрінің қоры нормативтен 4 күнге, 2-материал түрінің қоры 5 күнге кем. Яғни кәсіпорында өндіріс үрдісі қалыпты жүруі үшін цементтің запас  нормасы 100 тонна болуы, яғни 10 күнге жетуі керек болса, талданып отырған сәтте кәсіпорында цемент қоры 6 күнге ғана жетеді. Демек, материалдарды жеткізу үрдісі бұзылса, онда кәсіпорында материалдардың жетіспеушілігі байқалуы мүмкін деген сөз.

Материалдық ресурстар  өндіріс шығындарының елеулі үлесін алады, сол себепті оларды пайдалану  тиімділігін талдау мен оны арттыру  жолдарын іздестіру кез-келген кәсіпорын  үшін маңызды мәселе. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігіне сипаттама беру үшін жалпылаушы және жеке көрсеткіштердің жүйесі қолданылады.

Кәсіпорында  материалдық  ресурстарды пайдалану тиімділігі ең жоғары жыл 2007 жыл. Себебі бұл жылы материал қайтарымы ең жоғары, материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда да ең көп жыл. Себебі кейінгі жылдары материалдық шығындардың арту қарқыны түсім мен жалпы табыстың арту қарқынынан алда. Мысалы, 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы орындалған жұмыстардан түскен түсім сомасы 13,7 пайызға, ал жалпы табыс 2,9 пайызға өсіп отыр, ал осы кезеңде материалдық шығындар сомасы 44,8 пайызға өсткен .Сол себепті материал қайтарымы кеміп, өнімнің материал сыйымдылығы өсіп отыр. 

Информация о работе Тақырып: тауарлы-материалдық қорлар есебі және аудиті