Тақырып: тауарлы-материалдық қорлар есебі және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 17:20, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі кәсіпорынның материалдық қорларын басқарудан да тәуелді, сол себепті запастарды басқару – кәсіпорын қызметінің маңызды және өте жауапты бөлігі. Запастар көлемінің оңтайлылығынан кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесі тікелей тәуелді. Запастарды ұтымды басқару капиталдың айналымдылығын жоғарылатып, оның табыстылығын арттырады, оларды сақтау шығындарын кемітеді, қаражаттың бір бөлігін айналыстан босатып, оны басқа активтерге салуға мүмкіндік береді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ....................................................................................................................4
1 Тауарлы-материалдық қорлар есебі және аудит..................................................6
1.1 Тауарлы-материалдық қорлардың жүргізілуі ..................................................6
1.2 Материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы және материалдар номенклатурасы .........................................................................................................9
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ...........................12
1.4 Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері .........................................14
2 «Төленді» ЖШС мысалында материалды қорлар есебінің ұйымдастырылуы
2.1 Кәсіпорынның қаржы экономикалық сипаттамасы .......................................16
2.2 Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен шығысының есебі ..............18
2.3 Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі ..........................................21
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................26

Содержимое работы - 1 файл

Экономика.doc

— 208.50 Кб (Скачать файл)

Негізгі материалдар  мен шикізаттар өндірілетін өнімнің  құрамына кіріп оның материалдық  негізін жасайды.

Шикізаттар деп бұрын  азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады. Бұлардың құрамына өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері – мұнай, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады[4].

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын  құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.

Өндірістік үдерістің  бір сатысынан толық өтіп әрі  қарай өңдеуді қажет ететін материалдар  жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін  әрі  қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикаты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да оны әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға  – әр түрлі химикаттар мен майлайтын  сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді.  Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді  жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың  ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы  бөлшектер, құрылыс материалдары, тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

 

 

1.2 Материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы және материалдар номенклатурасы

 

Материалдық босалқы  қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 "Материалдар" бөлімінің негізгі, активті, мүліктік шоттары пайдаланады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 "Шикізат және материалдар", 1310 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар", 1310 "Отын", 1310 "Ыдыс және ыдыстық материалдар", 1310 "Қосалқы бөлшектер", 1310 "Басқа материалдар", 1310 "Қайта өндеуге берілген материалдар", 1310 "Құрылыс материалдары".

1310 "Шикізат және  материалдар" шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне сеғптігін тигізетін көмекші материалдыр да есепке алынады.

1310 "Сатып алынған  жартылай фабрикаттар және құрастырушы  бұйымдар, конструкциялар және бөлшектер"  шотында сатып алынған жартылай  фабрикаттар және өндірілген  өнімді құрастыру үшін алынған  дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өндеуге кеткен шығындар есепке алынады.

1310 "Отын" мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын  түрлері есепке алынады.

1310 "Ыдыс және ыдыс  материалдары" ыдыстың барлық  түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды  қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.

1310 "Запас бөлшектер"  жөндеуге және машинаның тозған  бөлшектерін айырбастауға (бөлшектер,  агригаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер  т.б.) арналған запас бөлшектер  есепке алынады.

1310 "Басқа да материалдар" өндіріс қалдықтары, жөндеомейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б. есепке алынады.

1310 "Өңдеуге берілген  материалдар" шотында сыртқа  өңдеуге берілген материалдардың  және өңдеуден алынған бұйымның  өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.

1310 "Құрылыс материалдары" құрылыс бөлшектерін, монтаждау  жұмысын және құрылыс процесінде  тікелей пайдаланатын құрылыс  материалдарын есепке алады. 

Әрбір шаруашылық жүргізуші  субъектілер қажеттігінше әрбәр  шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар аша алады.

Сонымен қоса, кәсіпорын  өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарды есепке алады.

Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады[8].

Тауарлы-материалдық  запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен  бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық  қорлардың бүлінуі немесе олардың  жекелей,  әлде толықтай ескіруі  немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (өткізу) бағасы пайдалануы мүмкін.

Материалдар есебін дұрыс  ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық  тізімі мен баға көрсеткішін дайындлаған дұрыс.

Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың  аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа  көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номеклатуралық тізімде әр материалдың дұрыс  аты, оған берілен номенклатуралқ нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номеклатралық тізімде әрбір материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін бағаасы көрсетіледі. Сондықтан номеклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі бір өздерінің топтары бойынша және ішкі топтары аттары, сапалы немесе мөлшерлері бойынша жіктеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбір топқа жататын материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар  бұл материалдар жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркелімдерінде және әр түрлі кестелерде көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің (шифрлардың) және оның цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындағанда сол шифрда материалдың қай шотқа, сондай-ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсететтіндей етіп тағайындау керек. Материалдардың номенклатуралық нөмірін жеті цифрдан құрастыру ыңғайлы болып табылады. Оның алдыңғы үш цифры шоттың келесі екі цифрі қай топқа жататынын көрсетсе, соңғы екі саны материалдардың осы топ ішіндегі реттік санын көрсетеді. Номенклатуралық нөмірді бес саннан да құрастыруға болады. Ол жағдайда оның алдыңғы бірінші саны шоттың келесі екі саны қай топқа жататын, ал соңғы екі саны материалдың топ ішіндегі реттік санын көрсететіндей болып тағайындалуы керек. Номеклатуралық баға көрсеткіштерінде материалдар өздерінің статистикалық есеп берудегі қаралған тізімдердегі тәртібі бойынша топталғаны дұрыс. Номенклатуралық тізімде материалдың әр тобы бойынша жаңадан алынатын материалдарға бос рын және реттік сан қалдырылады. Егер бағаларында көп айырмашылық болмаса бір номенклатуралық нөмірге түрлері біртектес, бірақ бағасы мен сортында аздап айырмашылығы бар материалдарды біріктіруге болады. Бұл жағдайда олардың есептеу бағасы орташа бағаға сәйкес тағайындалады. Материалдарға қойылатын номеклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі ол материалдың барлық кіріс-шығыс құжаттарында, қоймадағы есеп карточкасында (үлгілі түрі М–17) жән материалдық есеп беруде көрсетіледі. Егер ұйымдарға кейбір материалдар басқа өлшем бірлігімен келіп түссе ондай материалдар номенклатуралық нөмірде көрсетілген бірлігі бойынша қайтадан саналып, кіріске алынады. Материалдардың номенклатуралық баға көрсеткіші, әсіресе материалдар есебін оперативті – (жедел) қалдық тәсілін қолдану арқылы жүргізгенде өте тиімді.     Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өндеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсіпорындарда: металлургиялық, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда қолданылады. Мысалы, мата тоқу кәсіпорындарда үш қайта жасау – иіру, тоқу және әрлеу саласы; қара металлургияда – домен пеші, болат балқыту, прокат; былғары өндірісінде – күлді, тері илеу және әрлеу саласы бар[10].

     Дайын өнім  немесе шалафабрикат шығарумен  аяқтайтын технологиялық процесті  бөлістік әдіс деп атайды. Бөлістік  әдісті өндіріске кеткен шығындар  олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы,  яғни бөлісі бойынша есептелінеді. Әрбір бөлістен кейін шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде – дайын өнім алынады. Бөлініс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнімнің сипаты мен басқа да өзіне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердің негізінде белгіленеді. Бұл орайда, бөлініс жөніндегі шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау мүмкіндігі ескеріледі.

     Тікелей  шығыстар (шикізат, негізгі материалдар,  шалафабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының  жалақысы т.б.) әдетте, бөлістер бойынша,  ал әрбір бөлістердің ішінде - әзірленген өнім түрлері бойынша  есепке алынады (шалафабрикат немесе дайын бұйым).

     Үстеме  шығыстар бөлістердің арасына  таратылады, ал олар әрбір бөлістердің  ішінде – шығарылатын өнім  түрлерінің арасына таратуға  қабылданғанкоэффициенттердің базасында  жасалуы мүмкін.

     Бөлістік  әдісін қолданған кезде нормативтік әдістің негізгі элементтері – нақты шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ақ нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қолдану керек.

    

 

1.3 Материалдар қозғалысының  есебі және оларды құжаттау

 

Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және арнайы мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келерн жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп  берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады.  Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты , көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі "келген жүкті есептеу" журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған  уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға  ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хатты бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі "снімхат" алдын ала нөмірленген парағы арқылы жіп өткізіліп тігілген, және үлгілі түрі М-3 "берілген сенімхаттарды есептеу" журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа да қызметкері М-2А түрлі "сенімхатты" алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 "кіріс ету" ордерін бір дана етіп толтырады[15].

Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық  қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (төрт) дана етіліп "тауар-көлік жүкқұжаты" (накладной) толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады: екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі (мөртаңбасы) және лауазымды адамдармен қолмен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.

Жүргізуші тауар-көлік  жүк құжатының екінші данасын материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырылады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келген материалдарды кіріске алады.

Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде  ұйымның мөрі (мөртаңбасы) басылып  және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.

Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтарды  тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс  етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.

Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына (путевой лист) тіркеліп, жүргізушіге  еңбекақы және автомобиль көлігінің  атқарған жұмысына сәйкес түрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.

Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 "қабылдау актісі" жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы (мүдделігі) жоқ ұйым өкілінің (адамның) қатысуымен жазылады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіптүскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдарды уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі М-4 "кіріс ету ордері" бойынша қабылданып, баланс сыртындағы "Уақытша сақтауға тұрған материалдық қорлар" деп аталатын шотта есептелінеді[18].

Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы (территориясы) сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15А  материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) "талап ету жүк құжаты" екі дана етіліп жазылып, оған бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.

Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда үлгілі түрі М-15А материалдарды босатуды (ішкі ауыстыруды) "талап ету жүк құжатының" бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылатын құжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға жауапты тұлғасы толтырылады.

Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске  алу үшін үлгілі түрі М-35 санды акт  толтырылады.

 

 

1.4 Материалдық қорларды бағалау әдістері

 

Өндірісте  босатылған  материалдар құнын анықталған кезде  «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» 7 БЕС  мен ҚЕБХС 2   «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін :

Орташа өлшемді құн  бойынша – есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір  түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да,өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа  құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген .

Информация о работе Тақырып: тауарлы-материалдық қорлар есебі және аудиті