Тақырып: тауарлы-материалдық қорлар есебі және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 17:20, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі кәсіпорынның материалдық қорларын басқарудан да тәуелді, сол себепті запастарды басқару – кәсіпорын қызметінің маңызды және өте жауапты бөлігі. Запастар көлемінің оңтайлылығынан кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесі тікелей тәуелді. Запастарды ұтымды басқару капиталдың айналымдылығын жоғарылатып, оның табыстылығын арттырады, оларды сақтау шығындарын кемітеді, қаражаттың бір бөлігін айналыстан босатып, оны басқа активтерге салуға мүмкіндік береді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ....................................................................................................................4
1 Тауарлы-материалдық қорлар есебі және аудит..................................................6
1.1 Тауарлы-материалдық қорлардың жүргізілуі ..................................................6
1.2 Материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы және материалдар номенклатурасы .........................................................................................................9
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ...........................12
1.4 Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері .........................................14
2 «Төленді» ЖШС мысалында материалды қорлар есебінің ұйымдастырылуы
2.1 Кәсіпорынның қаржы экономикалық сипаттамасы .......................................16
2.2 Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен шығысының есебі ..............18
2.3 Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі ..........................................21
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................26

Содержимое работы - 1 файл

Экономика.doc

— 208.50 Кб (Скачать файл)

ФИФО- есепті кезең  соңында есепте тұрған материалдардың құнын есепті  кезеңде  алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды яғни алдымен есепті кезең соңында пайдаланылмаған өзіндік құны  анықталады.

ЛИФО- кейінгі сатып алулардың  өзіндік құны бойынша  материалдарды  есептен шығару ағымдағы  кірістер мен шығындардың  сәйкестерін қамтамасыз етеді және инфляцияның  құрылыс қызметі  нәтижелеріне ықпалын ескеруге мүмкіндік береді.

Ерекше теңестіру, ұқсастыру- әдетте өзара  бірін-бірі ауыстырмайтын  және арнайы жобалар, тапсырыстарға  арналған  тауарлық-материалдық қорлар  бірлігінің  өзіндік  құны  есептелінеді (жұмсалған материалдарды  бағалау  мақсатымен әрбір  партияны түгендеуді өткізуге жалғасқан,материалдарды партиялық есептеуді ұйымдастыру мүмкіндігі  бар болса, қолданылады).

Есеп  саясатына сәйкес  тауарлы-материалдық қорларды  өзіндік бағалауы-орташа  өлшенген құн әдісімен  бағалайды.

Басқа тәсілдер : ФИФО,ЛИФО, ерекше теңестіру,ұқсастыру – қолданылмайды.

Тауарлы-материалдық қордың орташа өлшенген құны  бастапқы есеп беру мерзіміндегі және алынған  немесе нақты мерзіміндегі өндірілген орташа құнын анықтаумен бағаланады.

 Тауарлы-материалдық қордың  өзіндік құнына  кіреді :

  1. Қорларды иелену шығыны, оларға :

- тауар бағасы 

- әкелгені үшін баж салығы 

- қосалқы ұйымдарға  жабдықтаушыларға  комиссиондық сыйақы

-тауарлы-материалдық қорларды  иеленуіне байланысты көліктік  және басқа да шығындар.

2. Нақты уақыттағы  материалдарды  жеткізуі үшін көліктік және  оларды қалпына келтіруі үшін  шығындар 

3.Қайта өндеу шығындары 

4. Саудалық жеңілдіктер,қайтарымдар, тауарлы-материалдық қордың өзіндік құнынан есептеліп алынады.

Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі:

Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен  бірін алмастыруға болмайтын  немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен  пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын  есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға  кіріске алынған әрбір материалдық  қорлардың бағасы олардың кіріске  алынғандағы шоты бойынша бағасын  анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материлдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

ФИФО әдісі:

ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы  кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау  әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың  бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

ЛИФО әдісі:

ЛИФО әдісі кәсіпорынға  ең соңғы кезекте кіріске алынған  материалдар тобы бірінші болып  шығыс етіледі немесе жұмсалады  деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы  жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар  кәсіпорынға ең соңғы кіріске  алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай соңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

 

2. «Төленді» ЖШС мысалында тауарлық-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы.

 

 

2.1 Кәсіпорынның қаржы-экономикалық сипаттамасы

 

«Төленді» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Наурзым ауданында орналасқан және қызметінің негізгі бағыты – құрылыс жұмыстарын жүргізу.

Серіктестіктің ќазаќ  тіліндегі атауы: "Төленді" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ќысќаша ќазаќ тіліндегі атауы: ЖШС" Төленді ".  Серіктестіктің заңдық мәртебесі:

Серіктестік белгісіз мерзімге ќұрылѓан. Серіктестік мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып саналады және заңды тұлѓа құқығына ие болады. Серіктестіктің мөрі, дербес балансы, банктік шоттары, өз атауы бар бланкілері болады. Серіктестік қызмет мақсаттарына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға,  мүліктік емес ќұқықтарды иеленуге, мойынына міндеттемелер алуға, сотта талапкер немесе жауапкер болуға құқылы.

Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдерде филиалдар  ашуға, басќа заңды тұлғалармен бірлестіктерге  бірігіп және де басќа заңды тұлғалардың ќұрылтайшысы болуға құқылы.

Серіктестік өзіне тиесілі  барлық мүлкімен өзінің міндеттері бойынша жауапты. Қатысушылар серіктестіктің міндеттері бойынша жауапты емес. Олар серіктестікке байланысты өздері енгізген жарна көлемінде шығынға ұшырауға тәуекел етеді[20].

Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері:

-жарғыда  белгіленген  тәртіппен серіктестіктің істерін басќаруѓа қатысуѓа;

-серіктестіктің ќызметі туралы ақпарат алуға және осы жарғыда белгіленген тәртіппен оның бухгалтерлік есеп шотымен және басқа да құжаттарымен танысуға;

-заңѓа, серіктестік  жарғысына және жалпы жиналыстың  шешіміне сәйкес серіктестіктен пайда алуға;

-серіктестік таратылған  жағдайда несие берушілермен  есеп айырысқаннан кейін барлық  қатысушылардың келісімі бойынша,  қалған серіктестік мүлкіндегі  үлесіне  сәйкес мүліктің бір  бөлігін немесе оның ќұнын  алуға;

-заңды белгіленген тәртіп бойынша өзініњ үлесін ала отырып серіктестіктен шыѓуѓа ќұќыѓы бар.

Серіктестік қызметінің мақсаты мен түрлері:

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты пайда табу болып табылады.

Аталған мақсатына қол  жеткізу үшін заңмен тиым салынбаған мына міндеттерді жүзеге асырады:

-құрылыс, құрылыс-жөндеу, құрылыс жобалау жұмыстары, құрылыс учаскілерін дайындау, құрылыс материал, жабдықтау сатып алу және сату, ғимараттарды жабдықтау және көркемдеу, әрлеу жұмыстары, жол құрылыс техникасын, құралдарды, машиналарды, агрегаттарды, механизмдерді құрылыс жєне жолқұрылыс материалдарды өндіру үшін, құрылыс және жеке ғимараттарды жалға алушылар үшін жеткізу және тарату;

-жиһаз техникасын, ағаштан,  металл өндеу, пластмасса, пенополистеролдан жасалған бұйымдар және басқа да жабдықтарды өндіру, сатып алу және сату, безендіру материалдарын өндіру, сатып алу және сату, инновацияларды өндеу және енгізу, жоғары техникалыќ өнімдерді өндіру және сату;

- Қазақстан Республикасының  заңдарымен тиым салынбаған басќа  да қызметтер. 

Қандай да бір қызметті атқару үшін өкілетті ұйымдардың арнайы рұқсаты болса (лицензия, сертификат), ондай рұқсаты серіктестік алып болғаннан кейін сол қызмет түрімен айналысады.

Жарғы капиталындағы  барлық қатысушылардың үлестері оған сәйкес серіктестік мүлкіндегі үлестері серіктестіктің жарғы капиталындағы олардың салымдарына сәйкес болады және пайыздық көрсеткіште төленеді. Серіктестік мүлкіндегі қатысушының үлесі оның әлдеќашан төлеген жарғысына немесе ақшаны толықтай төлегенге дейін бөлігіне ғана кепілдік алуға немесе алып қойылуы мүмкін. Серіктестік қатысушының мүлкіндегі өзінің үлесін сатуға немесе басқа жолмен беруге құқылы немесе оның бөлігін осы серіктестіктің 2- қатысушына беруге құқылы. Серіктестік қатысушылары басқа қатысушының үлесін сатып алуға басқа 3-ші адамға қарағанда артықшылыққа ие болады. Қатысушының  үлесін сатып алуға байланысты басқа да сұрақтар қолданылып жүрген заңдармен реттеледі.

Серіктестік мүлкіндегі қатысушылар үлестері құрылтай келісімі бойынша анықталады. Серіктестікке  жаңа қатысушы қабылдау немесе шығуға байланысты кез келген өзгеріс бойынша жарғы капиталындаѓы үлестердің пайдасынан есептелінеді. Серіктестік мүлкі құрылтайшылардың үлестері есебі серіктестікке түскен кірістерден және да заңмен тиым салынбаған басқа да көздері түскен кірістерден ќұрылады.

2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы негізгі қорлардың құны 13720 мың теңгеге немесе 9,4 процентке жоғарылаған. Негізгі қорлар ішінде машина мен жабдықтар, көлік құралдарының құны жоғары қарқынмен өсіп отыр.  3 жылы да негізгі құралдардың құрылымында басты үлесті – машина мен жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар алады.

Кәсіпорынның өндіріс  көлемінің өсуі кәсіпорында жұмыскерлер  санының өсуіне алып келіп отыр. Сол себепті келесі 2 -кестеде  еңбек ресурстарының динамикасы келтірілген.

  Заңдар арқылы немесе серіктестік жарғысымен резерв капиталы және басқа да қорлар қарастырылады. Серіктестік мұлкі оның балансында есептелінеді. Қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қосымша жарна қосу туралы шешім қабылдай алады. Серіктестік мүлкіне ќатысушылардың қосымша жарнасы жарғы капиталының және серіктестік қатысушыларының  үлесінің көлемін өзгерте алмайды.  

"Төленді" ЖШС-сі  құрылыспен  айналысатындықтан кәсіпорын  үшін негізгі ќорлар өндіріс  үрдісін анықтаушы негізгі фактор  болып табылады. Төмендегі кестеде кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы көрсетілген:

 

 

2.2 Материалды құндылықтардың келіп түсуі  мен шығысының есебі

 

      Материалдық  активтерді  негізгі құралдар деп танитын  тұста бағалауға  бірыңғай  қарау қажетті  шарт  болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі»БЕС  мен  16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар  мыналар бойынша  бағаланады:

  • бастапқы құн немесе  өзіндік құнмен – активті немесе ғимаратты  алуға  сол сәтінде  берілген, басқа  өтелген әділ  бағаның  немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның  баламасының сомасы
  • ағымдағы құнмен белгілі  бір күнде  қолданыста  жүрген нарықтық баға  бойынша  негізгі  қаражаттық құны
  • өткізу құнмен – мәмәлеге дайын  және жақсы хабарлар  тәуелсіз тараптар арасында  жасалған операциялар кезінде активті  ауыстыруға  болатын сома
  • жойылу құны- шыққан шығынды тастап пайдалынған мерзім соңында  субъект  актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе  сынған қалдықтардың қосалқы  бөлшектерінің  көзделетін бағасы
  • амортизациялық құны- жойылу құнын  алып тастағандағы  өзіндік  құнның орнына есеп беруде  көрсетілген басқа сома  мен активтің  өзіндік құны
  • баланстық құнмен- жинақталған  тозу  және  баға түсуден  жинақталған сомасын  алып тастағанда  бухгалтер  баланста  актив  мойындалатын  сома

Негізгі құралдардың  есебінде алғашқы қозғалыс  болғаннан  кейін қайта  бағалау күніне  объект құнына  жинақталған тозуды есептен шығару  мен келесі  кез келген  құнның құнсыздануын қайта бағаланған  құн бойынша  өткізіледі, өйткені негізгі құралдардың баланстық құны мен есеп беру  күніне байланысты олардың есепті күні арасындағы болжанатын құн болмауын  білдіреді .

 Егер активтің баланстық  соммасы  қайта бағалау кезінде   жоғары болса, онда бұл  жоғарлау  капиталда «қайта бағалау кезіндегі  жоғарлау» көрсетілуі тиіс.Бірақ бұл жоғарлау  кіріс немесе  шығыс  дәрежесінде  көрсетілуі керек,өйткені бұл қайта  бағалау барысында сол актив бойынша  шығынды немесе  кірісті көрсетеді.

 Егер активтің баланстық  құны қайтабағалау  нәтижесінде  төмендетілсе,онда бұндай төмендеу кірістік немесе шығындық көрсеткіште көрсетілуі керек . Кез келген  қайта бағалау күніне  жинақталған амортизация келесі тәсілдермен ескеріледі:активтік жалпы баланстық құнын пропорционалды  өзгеруі активтің баланстық құнын қайтадан  бағалай  нәтижесінде оның қайта  бағаланған құнына  тең болуы үшін  қайтадан бағаланады.

Жыл сайынғы  қайта  бағалану  барысындағы  жоғарлатуды  кейінгі  қалтыру амортизация  сомасы арасындлағы  айырмашылығын  жүзеге асыру, активтің  баланстық құнын  қайта бағалау  негізіне есептелініп және амортизация сомасы  оның алғашқы  құнына  негізделіп  есептелінеді.

 Кәсіпорын негізгі  құралдарын  аналитикалық шот  бойынша  қамтамасыз ету: 

  1. негізгі құралдардың тізімі мен қозғалысы
  2. негізгі құралдардың тобы бойынша
  3. негізгі құралдардың амортизациясын есептеу және сол соманы шығын есеп шотына  еңгізу .

Өндіріс үшін пайдалану  мақсатымен немесе қызмет пен тауарды  жеткізу,басқа ұйымдарға немесе  бір жылдан артық  әкімшілік мақсаттарымен  жалға  беру үшін алынған  материалды активтер негізгі құралдардың құрамына  кіреді. Сату мақсаты үшін құралған-ұзақ мерзімді  активтер құрамы немесе  тауарлық-материалдық қорларды  сату мақсаты үшін алынған материалды активтер негізгі құралдардың құрамына кірмейді. 

 Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық қорлардың (ТМҚ) тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

Информация о работе Тақырып: тауарлы-материалдық қорлар есебі және аудиті