Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 20:30, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік кұжаттары құрайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................5

1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІПНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ.........................................7
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері .....................7
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері.....13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар......................19

2 «МАВИД» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ.....................28
2.1 «Мавид» ЖШС-нің сипаттамасы және өндірістік–шаруашылық қызметін талдау..........................................................................................................................28
2.2 Өнім ассортиментін және өндіріс ырғақтылығын талдау...............................32
2.3 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.......................................................35
2.4 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, еңбек өнімділігін талдау..........................................................................................................................37
2.5 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау............................................39
2.6 «Мавид» ЖШС-нің бәсекелік ұстанымын бағалау..........................................43

3 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.....................................................................................48
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту..48
3.2 «Мавид» ЖШС-ғында бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру..58
3.3Ұсынылған шаралар тиімділігінің жинақ есебі.................................................61

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................65

Содержимое работы - 1 файл

Дипломка.doc

— 700.00 Кб (Скачать файл)

 

«Мавид» ЖШС-ғында өндірістік қуаттылықты пайдалануды жақсартуға ұсынылған іс шаралар нәтижесі бойынша келесідей қорытынды жасауға болады:

Біріншіден, жаңа өнім түрін енгізе отырып біз бұрын көп уақыт тоқтап тұрған БН – 50 пешін толық іске қостық. Соның нәтижесінде өндірілетін өнім көлемі 73,2 тоннаға ұлғайған және сәйкесінше жабдықтарды интенсивті пайдалану коэффициенті де ұлғайды.

Іс шаралар енгізгеннен кейін жабдықтарды интенсивті пайдалану коэффициенті 0,63 ке тең болды.

Ки = 22432 / 35392,5 = 0,63

Бұл іс шаралар ұсынылғанға дейігі коэффициентпен салыстырғанда 0,07 көп.

Екіншіден, нақты уақыт қоры ұлғайды, яғни жөндеу жұмысына арналған нақты уақыт қысқарды және кәсіпорынның жұмыс уақыты ұлғайды. Нәтижесінде, жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициенті ұлғайады. Ол 0,88 ке тең болады.

Кэ = 230 / 259 = 0,88

Экстенсивті және интенсивті коэффициенттердің ұлғаюынан жалпы коэффициентте ұлғайды.

К жалпы = Ки*Кэ = 0,63*0,88= 0,71

 

 

3.3 Ұсынылған іс-шаралар тиімділігінің жинақ есебі

 

Осылай, осы іс-шараларды енгізгеннен кейін кәсіпорынның барлық техникалық-экономикалық көрсеткіштері өзгереді (кесте 24), яғни:

1)     өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту                              

2)     «Мавид» ЖШС-ғында бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды

Осылай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту және өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалану бойынша шараларды іске асырғаннан кейін кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі көпкөрім тиімді болды. Осыменен, НӨҚ-ды толық жүктеу есебінен өнімді шығару және өткізу көлемдері артты.

 

  Кесте 24

Іс-шараларды енгізгеннен кейінгі кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы жинақ есебі

 

Көрсеткіштер

 

 

Өлш бірлік

 

Іс-шараны енгізген

ге дейінгі

Іс-шараны енгізгеннен кейінгі

Ауытқу

+/-

%

1

Өнімді өндіру көлемі

тонна

616

689,2

+73,2

111,8

2

Өнімді өткізу көлемі

Мың теңге

31030,0

33660,8

+2630,8

108,4

3

Адам саны

адам

34

36

+2

105,8

4

Еңбек ақы қоры

мың

теңге

11971,5

12674,7

+703,2

105,8

5

Бір адамға еңбек өнімділігі

Мың теңге

912,6

935,0

+23,6

102,5

6

Орта айлық жалақы

теңге

29342

29342

-

100

7

Өнімнің толық өзіндік құны

Мың теңге

27910,0

34303,6

+6393,6

122,9

8

1 теңгеге шаққандағы ӨӨҚ

тиын

89,9

86,3

-3,6

95,9

9

Негізгі қорлар

Мың теңге

9092,0

9092,0

-

100

10

Қор қайтарымдылығы

теңге

3,4

3,7

+0,3

108,8

11

Пайда

Мың теңге

3120,0

4331,6

+1211,56

138,8

12

Өнім рентабельділігі

%

11,18

18,63

+7,55

167,8

Осыған орай, ұсынылған шараларды іске асыру кәсіпорынның өнімді өткізу көлемін 2630,8 мың теңгеге өсіруге мүмкіндік береді. Осыдан кәсіпорынның барлық экономикалық көрсеткіштері жақсарады. Ал кәсіпорынның жұмысын мінездейтін негізгі жалпы көрсеткіш – жалпы табыс 1211,56 мың теңгеге немесе 38,8 пайыздық пунктке өскен.

Кәсіпорын бойынша жұмысшылардың саны 2 адамға артты, олардың орташа айлық жалақыларында өзгеріс болған жоқ, ал еңбекақы қоры жұмысшылардың санының көбеюіне байланысты 703,2 мың теңгеге жоғарылады.

НӨҚ-дың орташа жылдық құндарында өзгерістер болған жоқ. Бірақ өндірілген өнім көлемінің өсуіне байланысты қор қайтарымдылығы көрсеткіші 0,3 теңгеге артып, 3,7 теңгені құрады.

Енгізілген іс-шаралардың нәтижесінде табиғи түрдегі өндірілген өнімнің көлемінің артуы өткізілген өнім көлемін 2630,8 мың теңгеге, өнімнің толық өзіндік құнын 6393,6 мың теңгеге және де жалпы табыстың 1211,6 мың теңгеге өсуіне алып келді. Осы іс-шараларды кәсіпорынға енгізгеннен кейін НӨҚ-лардың интенсивтілігі жоғарылап, кәсіпорын ырғақты жұмыс істей бастаған.

Осыдан барып, кәсіпорын өнімінің рентабельділігі 7,53 %-ға жоғарылап, 18,63 %-ды құраған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.

Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде колда бар жетістіктерге канағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарык өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік кауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді. Нан өндірісі саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру  біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне  сай  болуы  тиіс.

Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз  болады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру іс-әрекеттерінің жиынтық   көрінісі  ретінде   оларды  жүзеге  асыратын  бірнеше  тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктер диплом жұмысымда  өзіндік сипаттары бойынша төрт топқа бөліп қарастырылады:

бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;

екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;

үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;

төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.

Әлемдік  нарықтың  қатаң  талаптары  мен  бәсекелік  шарты отандық нан өнімін  өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын  қалайды.  Өйтпеген  жағдайда  әлемдік  нарықта  осы  өнім  түрлері бойынша  негізгі  өндірушілер  саналатын  АҚШ,  Израиль,  Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің  нарықтарын  игеріп  алуы  қиын  емес.

Сондықтан да ішкі нарықтағы нан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен,  олардың  сапасына  байланысты.

Қорытындылай келсек, «Мавид» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынғым келіп тұр:

      Дамыған  елдер,  сонымен   қатар  Ресейдің тәжірибесіне сүйеніп «Мавид» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация  жағдайында  нан өндірісі өнеркәсіптерінің  интенсификациясын өткізу керек, ол тамақ өндірісінің озық өсу, нан  өндірісі процестерінің механизациясы есебінен асуы қажет.

      «Мавид» ЖШС-де инновациялық қызметті дамыту өте маңызды болып келеді, ол үшін келесі негізгі мәселелердің шешімін табу керек: ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, меншік қаражаттар жеткіліксіздігі, т.б.

      Нан өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;

      Өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;

      Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және                  олардың бәсекеге  қабілеттілігін  қалыптастыру  мақсатында  мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің  осы  салаға  қатысты  тәжірибелерін  негізге   алу;

        Өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;

        Тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне  сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;

        Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту; т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.   Қазақстан Респу6ликасының еңбек туралы заңы. Алматы «Іргетас»,2000 ж.

2.        Н.Ә. Назар6аев «Қазақстанның егемендi мемелекет ретінде қалыптасуы жане дамуының стратегиясы». Алматы. Дауір 1992Ж.

3.        Н.Ә. Назарбаев «Казахстан-2030» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. 1 казан 1997 ж.

4.        Акбердин Р. З., Стерлигова А.Н., Федотова М.А. Экокомика организации: учебное пособие. Часть 1. М:ГУУ 2001 г

5.        Безруких П.С., Кашаев А.Н. Учет затрат и калькулирование в промышленности (вопросы теории, методологии и организа­ции). - М: Финансы и статистика. 1989 г

6.        Богатин Ю.В., Швандар В.А. Оценка эффективности бизне­са и инвестиции. - М: Финансы, 1997 г

7.        Бусигин А.В. Предпринимательство. Учебник для вузов. - М: Дело, 2000 г

8.        Виноградов Е. Экономика в задачах. М.: Начало-пресс, 1995 т:

9.        Гончарук В.А. Развитие предприятия. М.: Дело, 2000 г

10.   Грузинов В.П. и др. Экономика в задачах. М.: Банки и 6ир­жи, ЮНИТИ, 1998 г

11.   Дауренбекова А Н. Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудiң экономикалық механизмі: монография. Алматы: Экономика, 2005 ж.

12.   Долан Э.Дж., Кэмпбелл, Брю Стенли Л. Экономикс: При­нципы, проблемы и политика. В 2т / пер. с англ. - М: Республика, 1994 г,

13.   Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия: Учебник - 3-е изд., перераб. и доп., - М: ИНФРА, 2000 г

14.   Ералы А.Қ., Кабылбеков М.Г. Кәсіпорын экономикасы, КазҰТУ, 2004 ж.

15.   Есайдар У.С. Анализ деятельности хозяйствующих субъек­тов: Учебное пособие - Алматы: Дәуір, 2001 г.

16.   Инновационная экономика. 2 изд. Исправленное и допол­ненное - М: Наука, 2004 т,

17.   Казанцев А.К., Подлесных В.Н., Серова Л.С. Практичес­кий менеджмент. - М: ИНФРА, 2000 г

18.   Курс предпринимательства: Учет/ под. ред. В.Я. Горфинке­ля, В.А. Шавандра - М.: ЮНИТИ, 1997 г

19.   Коволев В.В., Волкова О.М. Анализ хозяйственной де­ятельности предприятия. - М: «Проспект», 2000 г

20.   Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической де­ятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. - М: ЮНИ­ТИ, 2000 г

21.   Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: Казахстанская мо­дель. Алматы: Қазақ экнциклопедиясы, 1998.

22.   Мамыров Н.К. Тілеужанова М.А. Микроэкономика: Оқулық - Алматы: «Экономика» , 2003.

23.   Мацкевич А. Экономика в задачах и тестах - М: Вита-пресс, 1995.

24.   Мейірбеков А.К., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2003.

25.   Муравьева Т.В. и др. Экономика и фирмы: уч. пособие /под ред. Т.В.Муравьевой - М: Мастерство, 2002.

26.   Ниязбеков Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы /Алматы: Экономика, 2008.

27.   Сейтказиева А.М. и др. Инновационная деятельность пред­приятия. - Алматы: Экономика, 1998.

28.   Слепнева Т.А. и др. Цены и ценообразования. Уч. пособие: М: ИНФРА - М, 2001.

29.   Оразалин К.Ж., Жантасов М.М. Русско-казахский толко­вый словарь по современной экономике (2100 популярных слов) - Алматы: «LЕМ» , 2001.

30.   Оразалин КЖ., Есайдар УС., Төлегенов Б.Т. Кәсіпорын экономикасы (теория, тест сұрақтары, есептер). Оқу құралы : Алматы: АТУ баспасы, 2008.

31.   Организация и планирование и управление предприятием машиностроения. И.М. Разумов, Л.А. глаголева, М.И. Ипатов. - М: Машиностроения, 1992.

32.   Организация и планирование на предприятиях машино­строения (под ред. М.И. Ипатова) - М: Машиностроения, 1992.

33.   Пелих А.С. Бизнес-план или как организовать свой бизнес. Анализ, методика, практикум - М: Ось - 1989, 1996.

34.   Прикладная экономика: Сб. задании /перевод с англ. -М: Просвещение, 1993.

35.   Рефераты на казахском www.temakosan.net www.refik.ucoz.kz

36.   Сергеев И.В. Экономика предприятия: уч. пособие. 2-е изд перераб. и доп. М. Финансы и статистика, 2002.

37.   Төлегенов Б.Т., Карбетова З.Р., Адильханова С.А. Особенности разработки внутрифирменного планирования на предприятиях легкой и пищевой промышленности. -Алматы: АТУ баспасы, 2003.

38.   Төлегенов Б.Т. Ішкі фирмалык жоспарлау: АТУ баспасы 2003.

39.   Экономика предприятия: Учебник для вузов (под ред. проф В.Я. Горфинкеля, В.А.Шавандра - 3-е изд. перераб. и доп.) – М: ЮНИТИ, 2002.

40.   Экономика предприятия: Учебник (под ред. О.И. Волкова 2-е изд. перераб. и доп.) - М:,ИНФРА-М, 2001.

41.   Экономика предприятия (фирма). Учебник (под ред. О.И Волкова. О.В. Девяткина 3-е изд. перераб. и: доп.) - М: ИНФРА. М, 2003.

42.   Экономика предприятия (фирма). Учебник (под. ред. О.И Волкова, В.Я. Поздняковой) - М: ИНФРА-М, 2003.

Информация о работе Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі