Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 20:30, курсовая работа
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік кұжаттары құрайды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................5
1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІПНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ.........................................7
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері .....................7
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері.....13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар......................19
2 «МАВИД» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ.....................28
2.1 «Мавид» ЖШС-нің сипаттамасы және өндірістік–шаруашылық қызметін талдау..........................................................................................................................28
2.2 Өнім ассортиментін және өндіріс ырғақтылығын талдау...............................32
2.3 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.......................................................35
2.4 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, еңбек өнімділігін талдау..........................................................................................................................37
2.5 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау............................................39
2.6 «Мавид» ЖШС-нің бәсекелік ұстанымын бағалау..........................................43
3 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.....................................................................................48
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту..48
3.2 «Мавид» ЖШС-ғында бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру..58
3.3Ұсынылған шаралар тиімділігінің жинақ есебі.................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................65
Бәсеке қабілеттілік көрсеткіштері | Тәтті | Феникс нан | Тағам дән | Мавид |
1.Ұсынылатын өнімдердің ассортименті | 5 | 2 | 3 | 2 |
2.Өнімдердің сапасы | 5 | 5 | 3 | 4 |
3.Бағалар деңгейі | 2 | 3 | 4 | 4 |
4.Тұтынушылар сұранысына ассортименттің сәйкес келуі | 5 | 2 | 3 | 3 |
5.Жарнама және өткізуді ынталандыру | 5 | 4 | 1 | 1 |
6.Өнімнің қорабы | 5 | 3 | 2 | 2 |
Фирма қызметінің профилі мен бәсекелестердің позициясын зерттеу “Мавид” ЖШС-гінің қызметін тек бір атрибут бойынша жетілдіруге болатынын көрсетеді. Ол бағаның жоғары деңгейі. Сонымен қатар, оның мынадай көрсеткіштер бойынша артықшылығы бар: тауар сапасы, тұтынушылар талғамы мен сұранысына ассортименттің сәйкес келуі, өнім ассортиментінің кеңдігі мен әртүрлілігі. Негізгі бәсекелестердің қызметін талдайық. “Тағам дән” фирмасы белгілі орташа көрсеткіштерді алады. Барлық көрсеткіштер үш баллмен бағаланған, тек қорабы және өткізуді ынталандыру құралдары ғана төмен баллды қамтиды. “Тәтті” ЖШС-нің өзінің бәсекелестерінен айырмашылығы бар. Ол төменгі бағалар-бұл олардың бәсекелестік артықшылығы, сонымен бірге кәсіпорын жеткілікті мөлшерде әртүрлі ассортиментті қамтиды. Бұл кәсіпорын өнімінің сапасы бойынша көбінесе ат қою, сондықтан бұл өнімді пайдаланбайтын тұтынушылар бар. Алайда, халықтың төменгі төлем қабілеттілігінен, “Тәтті” ЖШС-гі Қаскелен қаласында белгілі.
3 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін
жақсарту
Бәсекелік саясатта тауарға қатысты, ең алдымен, оның функционалдық тағайындалуын, сенімділік, қолдануындағы ыңғайлылық, сыртқы келбетің эстетикалығы және басқа сипаттамалары, яғни берілген тауардың үлгі тауарларға қарағандағы тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері назарға алынады. Берілген тауардың жиынтық қасиеттерін қосатын тауардың мұндай тұтынушылық құндылықтарын қалыптастыру нарықта өмір сүріп қалудың маңызды шарты болып табылады. өндіруші бәсекеге қабілетті тауарды өндіргенде әртүрлі стратегияны қолданылады:
Халықаралық еңбек бөлінісі мен ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен бәсекеге қабілеттіліктің кең таралуы өндірушілерді жаңа бәсекеге қабілетті тауарларды мен оны өткізудің жаңа нарықтарын көбірек іздеуге мәжбүр етеді. Халықаралық тәжірибе бір ғана өнім емес, ассортименттік наборды құрастыратын кең параметрлік қатарды өндіру тиімді екенін көрсетеді. Параметрлік қатар мен ассортименттік набор кең болған сайын, тұтынушы өзі үшін сатып алудың оптималды нұсқасын табатынына ықтималдылығы жоғары болады. Мысалы, бір-бірінен жүккөтерімділігі, жылдамдығы, айналу радиусы және басқа айырмашылығы бар бір типті автотиеуіштерді шығару. Әрбір сатып алушыға оның жұмыс жағдайы есебінен сатып алынатын автотиеуіштердің кейбір анықталған эксплуатациялық параметрлері қажет болады. Егер сатушы ол қажеттіліктерді қанағаттандырса, тұтынушы оны сатып алады; егер қанағаттандырмаса, тұтынушы басқа сатушыны іздейді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін, ең алдымен, бәсекелестері өнімді сатып жатқан немесе өткізуге мақсат қойған нарықтар туралы объективті ақпаратты алуы керек. Нарықтарды талдауға ерекше назар аударылады. Әсіресе берілген тауар қанағаттандырмайтын қажеттіліктер және тұтынушылар атап өткен тауардың жақсы қасиеттері бағалану керек. Ең соңында техникалық деңгейі және сапасы бойынша өндірілетін өнімнің ақырғы тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетіні туралы мәселе шешіліп, нарықты комплексті зерттеуі нәтижесінде оның бәсекегқабілеттіліг бағаланады.
Тауардың қазіргі және болашақтағы бәсекеге қабілеттілігін бағалаудан кейін одан әрі өндірістік-өткізу саясаты туралы шешім қабылданады:
Өнеркәсіптік кәсіпорын жағынан өндіріс рентабельділігі мен өткізуін қамтамасыз ету мақсатында нарықтың жоспарланған үлеске ие болуға мүмкіндік беретін тауарлардың өндіріс көлемін туралы мәселе шешілуі тиіс.
Сонымен бірге, кәсіпорынды ресурстық қамтамасыз ету ─ қажетті материалдар, жинақтайтын бұйымдар, жартылай фабрикаттар сатып алу мүмкіндігі, қажетті қаржылық ресурстар мен квалификациялық деңгейі жоғары кадрларды тарту да өте маңызды мәселе болып табылады. Көптеген бәсекелестерге қатысты нарықта ұстанымды жаулап алудың негізгі сәті - өндірілетін өнімдердің уақытылы жаңаруы, өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру мен даярлау. Қазіргі жағдайдағы нарықта кәсіпорынның гүлденуі үшін жаңа өнімдердің өндірісі мен қалыптастыру шешуші мағынаға ие. Статистикалық мәліметтер бойыншаөндірістің негізін қалайтын жаңа өнімді игергеннен кейін оның өткізуінің өсу темпі бәсекелестерге қарағанда 2 есе артық. Жаңа өнімді шығарғанда және тауарлардың ассортиментін кеңейткенде кәсіпорын нарықтың болжанбайтын өзгерістер есебінен банкротқа әкеле алатын бір өнімнің тәуелділігін азайтуға тырысады. Нарыққа шығарылған жаңа тауарлардың бірталайы коммерциялық сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі: шамалас 10 өнімнен 8 өнім өндірушілер оларға артқан сенімділігін ақтамайды. Негізгі себептері: берілген тауарларға сұраныскөлемінің жеткіліксіздігі, тауардың техникалық және эксплуатациялық кемшіліктері, тиімсіз жарнма, жоғары баға, бәсекелестердің болжанбайтын жауапты қимылдары, нарыққа шығу үшін таңдалған дұрыс емес уақыт, өндірістің шешілмеген мәселелері, жалпы алғанда бәсекелес саясаттың дұрыс емес болжануы.
Жаңа тауарларды шығару тұжырымдамасының негізінде тек жаңа техникалық және техникалық-экономикалық параметрлерге жетудегі дәстүрлі ұмтылысты сақтау ғана емес, сонымен бірге басқа аналог тауарларға қарағанда бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейлі «нарықтық жаңалық тауарды» құруға талпыныс болып табылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату жолдарын таңдаған кезде жаңа өнім шығару емес, өндірістен моральдық ескірген өнімді шығару емес, тауардың модификациясы туралы уақытылы шешім қабылдау жиі жақсы нәтижеге әкеледі. Өнімнің модификациясы туралы шешім үлкен пайда алу үшін тұтынушының ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қабылданады. Сонымен қатар, машина, құрал-жабдық және басқа өнеркәсіптік өнімді қолдану мен өткізумен байланысты комплексті қызметті көрсету, олардың жоғары тиімділікті эксплуатацияға әрқашан дайын болуы, яғни сервистік немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға дұрыс бағыт болып табылады. Білікті ұйымда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың шешуші факторы сервис болып табылады, өйткені қосалқы бөлшектерге баға өндірісте қолданылатын жинақтаушы бөлшектерге қарағанда 1,5-2,0 есе төмен.
Өнімнің бәсекеге қабілетілігін жоғарылату міндетін шешуінде таңдау мәселесі мен жаңа өткізу нарықтарын игеру мағынасы жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты әрбір кәсіпорында бұл салады талдау-іздеу жігері өте маңызды. Жаңа өткізу нарықтары тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен өткізу қызметінің рентабельділігін күрт өзгерте алады. Жаңа нарыққа тауарды еңгізіп, оның өмірлік циклін ұзартуға болатыны түсінікті. Әлемнің әрбір түкпірінде сұраныстағы маусымдық ауытқулар тауардың сәтті өтуіне себеп бола алады. Ал жаңа нарықтарда сату көлемінің өсуі бірлік өнім өндірісіне кеткен шығынды азайта алады, бұл ең алдымен арзан жұмыс күші, салықтың төмен деңгейі және кеден баждары мен өткізу жаңа нарықтардағы басқа факторлар есебінен болуы мүмкін. Осыған байланысты, егер ішкі нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігі күрт төмендесе, тауардың бәсекеге қабілеттілігі әрі қарай дамуы үшін (оның модификациясын жасамас бұрын, жаңа өнім немесе ескі өнімді өндірістен шығармас бұрын) онымен өткізу жаңа нарығына шығуға әрекет жасау керек.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың келесі жолдары қабылдануы мүмкін:
Қорытындылай келіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың 3 негізгі жолдарын көрсетуге болады:
1. тауардың сапасын жоғарылату;
2. тауардың бағасын арзандату;
3. тауардың өткізуін өрістету.
Соңғысына біз ашып қарастырайық.
Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі, евро курсының жоғарылауы мен доллардың төмен түсуі өндірушілерді өз өнімін өткізуінде тұтынушылар мен делдалдарға жол беруге тура келеді. Одан басқа, жарнама тиімділігі өсіп жатқан шығындар есебінен төмендейді. Сондықтан, соңғы кездері көптеген кәсіпорындар жарнама ЖШС-гіна тиімді сүйеу болатын өткізуді ынталандыруға сүйенеді.