Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 16:13, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасында нарқытық қатынастардың даму жағдайында, ұйымдарды тиімді басқару үшін дамыған мемлекеттер өндіріс немесе қызмет көрсетудің барлық процестерін ғылыми тұрғыда және дұрыс басқарудың арқасында инновация және жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы қатарлардан көрінуде. Сондықтан да, шетел мемлекеттерінде, сондай-ақ Қазақстанда басқару проблемалары мемлекеттік деңгейде және жеке әр ұйымдарда қоғам назарындағы жалпыұлттық идея болып қалыптасты.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................... 3
1 ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мотивация ұғымы, түсінігі, маңызы................................................... 5
1.2 Кәсіпорындағыкеңбекомотивациясын қалыптастыру...................... 11

2 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУЫ
2.1«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еңбекті ынталандыру арқылы өндірістік дамуыі......................................................................................... 18
2.2«Самұрық-Энерго» АҚ еңбек өнімділігін көтеру саясаты................. 26

3 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ 31
3.1 Еңбек мотивациясын арттырудағы шетелдік тәжірибе..................... 33
3.2.Кәсіпорында пайданы арттыру мақсатында еңбек мотивациясын жетілдіру жолдары.......................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................

Содержимое работы - 1 файл

КУРСОВАЯ.docx

— 98.30 Кб (Скачать файл)

         2.1 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еңбекті ынталандыру арқылы өндірістік дамуыі 
 

    Отандық ғылымда еңбек өнімділігін көтеруге ынталандыру мәселесіне қызығушылық соңғы жылдары айқынырақ байқала бастады. Бұл мынадай екі себепке байланысты: біріншіден, 70-ші жылдарда дамыған елдердің көптеген кәсіпорындарында еңбек қатынастары қақтығысқа толы болды, еңбекті ынталандыру мен ұйымдастырудың «гуманистік» тәсілдері жұмысшылардың дәстүрлі еңбек уәждемесінің әлсіреуіне әкелді, екіншіден, экономистер дамыған капиталистік елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарас тұрғысынан зерттеді. Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті арттыруға ынталандыру жүйесінің жаңа түрі пайда болғанын жариялап отыр, олар жұмыскерді машинаның қосымша бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып, материалдық және бейматериалдық ынталандыру жүйесіне көшуді қолдайды. Демек, жалдамалы еңбек уәждемесін және «классикалық» жалдамалы  жұмысшыға тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек нәтижелерін, шығармашылық қызметтің рөлін мойындауда, өндірістік қызметтерді күшейтуде, т.б. жағдайларда жүзеге аспақ. Отандық экономикалық әдебиетте экономикалық мүдделер, еңбекке ынталандыру, еңбек күшінің ұдайы өндірісі, жалдамалы еңбек және капиталдың арақатынасы ғылыми мәселелерін зерттеу біршама қорланып қалған.

    Нарықтық  қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл  жоспарлы  жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса  алмады. Осыған байланысты, өндіріс  тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі  туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс  тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың  өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген  концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс  табыс табатын құрал ретінде  емес, иеленуге болатын байлық ретінде  қабылданады. Осының барлығы, өндіріс  тиімділігін ынталандыруға ықпал  етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым  және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру  механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.

       «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі  көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға  дайын өнім шығаруға маманданған,  біткен циклды өндірісті  меңгерген  тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату.[11]

    Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (1-кесте).

    1-кестеден көрініп тұрғандай, 2003-2009 жж. аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2008 ж. 79,3%-ды құрады, бұл 2003 ж. салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары.

    Нарықтық  қатынастардың тереңдетілуі және кәсіпкерлік  өрісінің кеңеюі жағдайында еңбек төлемін  реттеудің маңызы ерекше. Өйткені  еңбекақы ғана жұмсалған еңбек күшіне пара-пар келеді және өндірістің дамуына  ынталандырудың әсерін  күшейте  түседі. 

Кесте 1 

 «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық  қызметінің нәтижелері

Көрсеткіштер Жылдар
2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009
Сатудан түскен табыс,

мың теңге 

112699401 116625405 125221331 124219953 170492574 228817260 411176304
Өткізілген  өнімнің өзіндік құны,

мың теңге

47093088 54165092 57217269 55782536 58737406 83691000 118303824
Жалпы табыс,

мың теңге

65606313 62460313 68004062 68437417 111755168 145126260 292872480
Осы кезеңдегі  шығын,

мың теңге

19135686 19675843 17818541 26396187 44666565 23660417 30079588
Негізгі қызмет табысы,

мың теңге

46470627 42784470 50185521 42041230 67088609 121465843 262792892
Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге 3685266 3286309 4350080 832402 6833626 1629564 11979561
Салық салуға дейінгі табыс,

мың теңге

50155893 46070779 54535601 42873632 73922235 123095407 274772453
Табыс салығы,

мың теңге

17627442 15465492 16502175 17243086 26926038 37927399 80125488
Таза  табыс,

мың теңге

32528451 31016011 36880320 25600012 46996197 85168008 194646965
Негізгі өндірістің тиімділік 

деңгейі, %

70,2 57,9 66,9 51,2 64,9 82,4 104,7
Корпорацияның тиімділік

деңгейі, %

49,1 42,0 49,2 41,2 45,5  
50,3
 
55,3
 

    Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер  мен құбылыстардың жиынтығын  сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу  мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория.

    Корпорация  кәсіпорындарында 2003-2009 жж. аралығында жалақының 1 теңгесіне келетін тауарлы өнім көлемінде айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Мұның кем дегенде екі себебі бар: бірінші, еңбек ақы мөлшерінің өндірістің өнім көлеміне сәйкес өсіп отыруы, екінші жалақы төлеуге бөлінген қаржының орынды жұмсалуы. Сонымен қатар, 2009 ж. жалақы төлеудің мөлшері 2008 ж. салыстырғанда 26,6%-ға көтерілді. Бұл тауарлық өнімдер өндірудің жалақы қорына қарағанда жоғары өсу қарқындылығының әсері (2-кесте). 

Кесте 2

 «Қазақмыс   корпорациясы» шығындар мен тауар  өнімдерінің жалпы сомасындағы  жалақының үлес салмағы

 
Көрсеткіштер
Жылдар
2003 2004 2005 2006 2007  
20058
 
2009
Тауар өнімі,

мың теңге

70932717 70140555 73052511 74573932 168879478 230084292 437830139
Жалақы  қоры,

мың теңге

8522051,5 9176852,4 9412695,1 9651465,2 19775114,5 23495989 29744199,1
Өндірістік  өзіндік құны,  мың теңге 44708784,2 49259064 36532212 37031530 38257349 51557817 208890514
Шығындардың жалпы сомасындағы жалақы үлесі, %  19,06 18,63 25,77 26,06 51,7 45,6 14,25
Тауар.өнімі мөлшеріндегі жалақы үлесі, 12,01 13,1 12,88 12,94 11,7 10,2 6,79
 

    2003-2009жж., яғни 2009ж. дейінгі кезеңде «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарында жалақының өндірістік шығындардың жалпы көлеміндегі үлесі үнемі өсіп отырды (2003 ж. – 19,1%, 2009 ж. 25,4%).

    Ал, оның тауарлы өнім мөлшеріндегі үлес салмағы керісінше, біршама төмендеді. Мұндай жағдай мына төмендегілермен  түсіндіріледі:

    - салыстырылып отырған  кезеңде  өндірістік өзіндік құнның мөлшері  15,3%-ға өссе, жалақы қоры 2,7 есе,  ал тауарлы өнім көлемі 3,2 есе  арттырылды;

    - жалақы төлемдерінің салыстырмалы  көтеріңкі өсімі осы мақсатта  жұмсалған қаржының тиімділік  деңгейінің төмен екенін көрсетеді.

    «Қазақмыс корпорациясы» құрамына енетін кәсіпорындарындағы жалақының үнемі өсіп отыруы өзін-өзі  қаншалықты ақтап отыр, басқаша айтқанда, оның ынталандырғыш рөлі қандай? Мұны жұмысшылардың орташа жалақы мөлшерін, олардың еңбек өнімділігімен  салыстыру әдісімен, яғни басып озу  коэффициентін анықтау жолымен анықтауға болады (3-кесте).

    3-кесте деректерінен көрініп тұрғандай, корпорация жұмысшыларының еңбек өнімділігі мен олардың орташа айлық жалақысының арасындағы байланыс тым әлсіз. Бұл «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і қызмет көлемінің өсуінде жалақының ынталандырушы рөлінің төмен екендігін көрсетеді.

    Демек, еліміздің табысы мол, іріленген  өнеркәсіптік құрылымдарының алдында, олардың әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру бүгінгі таңда дұрыс  қойылған мәселе. 

Кесте 3

 «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-і жұмысшыларының  орташа жалақылары мен еңбек  өнімділігінің динамикасы

Көрсеткіштер 2004 ж 2003ж. салыст. 2005 ж. 2004 ж.

салыст.

2006 ж. 2005 ж.

салыст.

2007 ж. 2006 ж.

салыст.

2008 ж.

2007 ж.

салыст.

2009 ж.

2008 ж.

салыст.

Орташы  жалақының өзгеру динамикасы, % 103,4 101,9 107,6 108,4 111,2 125,8
Еңбек өнімділігінің өзгеру динамикасы, % 95,5 105,75 104,52 132,86 143,37 189,16
Басып озу коэффициенті, % 108,3 96,4 102,9 81,6 77,6 66,5

     Жалақының жалпы көлемінің өсуі, оның өндірістік шығындардағы үлесінің  өзгеріссіздігі, еңбек өнімділігінің жұмысшылардың  орташа жалақыларының мөлшеріне, тиімділіктің табыс әкелуші ретіндегі маңызына кері әсерін тигізіп отыр (4-кесте).  

Кесте 4

 «Қазақмыс  корпорациясы» жалақы пайдалылығының  динамикасы

Көрсеткіштер Жылдар
2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009
Негізгі қызметтен түскен таза табыс,

мың теңге

32528451 31016011 36880320 25600012 46996197 85168008 194646965
Жалақы  қоры,

мың теңге

8522051,5 9176852,4 9412695,1 9651465,2 19775114,5 23495989 29744199,1
Жалақының 1 теңгесіне келетін табыс мөлшері,

теңге/теңге

3,82 3,38 3,92 2,65 2,38 3,62 6,54
 

    4-кесте материалдарынан көріп отырғанымыздай, корпорация кәсіпорындарында жалақы үлесінің өндірістің жалпы шығындарындағы тұрақтылығынан, еңбек ақыға бөлінген қаржының әрбір өлшеміне келетін табыс мөлшері 2003-2009 ж.ж. аралығында үнемі төмендеп отырған (2009 ж. басқасы). Мұндағы басты себептер, біріншіден, еңбек өнімділігінің пропорционалды өспей отырғандығы, екіншіден, корпорация жұмысшыларының  орташа жалақыларының төмен деңгейі. Бұл өз кезегінде, еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдірудің, өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық қызметін жақсартудың кезек күттірмейтін, бірінші қатардағы мәселелер екендігін дәлелдейді.

Информация о работе Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру