Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 17:18, курсовая работа
Экономика нақты секторын несиелеудің жалпы өсімінде теңгемен орта және ұзақ мерзімді несиелердің озық өсімдері белгіленген. Экономика саласы бойынша несие өсімінің қарқыны өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, транспорт пен байланыстарда басқа экономика секторындағы несие өсімінің қарқынын басып озады. Қазіргі уақытта негізгі масса банк арқылы берілген несиелерді айналым капиталын толықтыруға қарыз алушылар қолданады. Несиелеу мерзімі әр түрлі, бірақ олардың ұзақтығы негізінен үш айдан өндірісік циклдың өткізу саясатына, жеткізушінің есеп айырысу қызметінің себептеріне байланысты ұзарады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
І бөлім. Несиелендіру экономика салаларын қаржыландыру көзі ретінде.
1.1 Несиенің экономикалық мәні және ролі, қызметтері мен түрлері....................5
1.2 Несиелендіру экономика салаларын қаржыландыру көзіретінде.....................9
1.3 Экономика салаларын банктік несиелендіру мәселелерінің ғалымдардың еңбектерінде қарастырылуы.....................................................................................11
ІІ бөлім. «БТА Банк» АҚ-ның ұйымдық- экономикалық сипаттамасы
2.1 «БТА Банк» АҚ-ның құрылу тарихы.................................................................14
2.2 «БТА Банк» АҚ-ның ұйымдық сипаттамасы....................................................21
2.3 «БТА Банк» АҚ-ның экономикалық сипаттамсы.............................................25
ІІІ бөлім. «Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларын несиелендіру механизмі және оны жетілдіру жолдары.
3.1 «Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларына несие беру тәртібі.……… .31
3.2 «Kaspi Bank» АҚ – ның сауда саласын несиелендіру……………………......32
3.3 Өндіріс саласын несиелендіру............................................................................34
3.4 Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: кедергілері және дамуы мен жетілдіру жолдары ......................................................................37
Қорытынды.................................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........
А.Маршал бойынша оның
Соңғы 20-25 жылдарда жаңа нарықтық экономикада шағын кәсіпкерлік рөлінің әдістемелік өзгергені айқалады. Бірігіп жұмыс істеу қарым - қатынасында орнықты және тиімді келісімдер жүргізу және тәуелсіз өндірушілер массасының өсуі байқалады. Шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындармен салыстырғанда, экономикалық тиімділіктің жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорын өндірістік және дербес тұтынудың бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Қазіргі жағдайда, экономиканы сауықтандыруға
шағын кәсіпорындардың қосқан үлесі жоқтың
қасы. Оның себебі, жалпы өндірістің төмендеуі
және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың
үзілуінен болып отыр. Сонымен бірге, шағын
кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орындала
алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан
- жақты қолдау болмаған жағдайда олар
өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды. Дүние
жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке
мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы,
Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд.доллар бюджетте
қаралады. Қазақстан жағдайында мемлекеттік
қолдау тек қана пайдаға салынатын салық
жеңілдігі ғана. Шағын бизнестің басты
проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие
тек қана кепілдеме ретінде мүліккке беріледі.
Ал кепілдікке жарайтын шағын кәсіпорында
жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың
керекті несиесіне кепілдік бере алмайды.
Сондықтан, шағын бизнесті қолдайтын арнайы
банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.
Шағын кәсіпкерлік фирмалар қәзіргі жағдайда
делдалдық сферада, сонымен қатар тез
айналатын сала сауда - саттық, қоғамдық
тамақтану, азаматтық құрылыс, техника
және машиналарды жөндеу, басқада салаларда
орын алып отыр. Шағын кәсіпорын өзінің
жеке пайдасын аттыру мақсатында және
кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне
қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен
қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік
дамуы негізінде жұмыстарын алдын - ала
жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде
тауар алушылармен және шикізат, материалдар
сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті
өнімдермен жабдықтау туралы шарттар
болуы керек. Қазіргі кезде, нарықтың жасақталуы
- көпқырлы процесс. Мұнда ірі монополистік
кәсіпорындармен қатар шағын бизнесті
дамытуға үлесін қосатын кәсіпорындардың
дамуы жалпы экономикалық тиімді шара.
Оның ірі кәсіпкерлік фирмаға қарағанда
тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы,
тұтынушылардың сұранысына икемділігі,
шағын мөлшерде өндіруі, қосымша жұмыс
орнының жасақталуы, жергілікті шикізаттарды
ұтымды пайдалану және тағы басқалар.
Қазақстан Республикасында экономикалық
реформа барысында алдын-ала түбегейлі
ойластырылған бағдарламаның жоқтығынан
ірі индустриалды кәсіпорындарды шағын,
орташа кәсіпорындарға жаппай көшуден
тарихта кешірімсіз қателер болды. Бұл
өрескел қателіктерді жою үшін мемлекет
ірі индустриалды кәсіпорындарды қайта
құрумен байланысты шағын кәсіпорындарға
арнайы бағдарламалар бойынша жан-жақты
көмек көрсету керек. Шағын кәсіпкерлікпен
айналысатын кәсіпорындардың әлеуметтік
қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген
жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтк қайшылықты,
қиындықтар мен жұмыссыздықты жоюға септігін
тигізеді.
ІІ
– бөлім.«БТА Банк»
АҚ-ның ұйымдық- экономикалық
сипаттамасы
2.1.«БТА
Банк» АҚ-ның құрылу және даму
тарихы
«БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды.
Өндіріс Банкі туралы (1925-1991)
Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды.
1932 жылдың
7 маусымында Республикалық
1949 жылдың
11 шілдесінде Министрлер
— КСРО Мемлекеттік банкі;
— КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;
— КСРО Сыртқы экономика банкі;
— КСРО Агроөнеркәсіп банкі;
— КСРО Тұрғын құрылыс банкі;
— КСРО Жинақ банкі.
1991 жылдың
4 наурызында КСРО Мемлекеттік
коммерциялық өнеркәсіп-
ТұранБанк туралы (1991-1997)
1991 жылдың 24 шілдесінде ҚазКСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысына сәйкес «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкі болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады. «Тұранбанк» ҚАБ филиалдар желісі 66 филиалдан құралды.1990 жылдың 23 қаңтарында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісім негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.
ӘлемБанк туралы (1992-1997)
1992 жылдың
14 ақпанында құрылтайшылар
ТұранӘлем Банкі туралы (1997-2008)
1997 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы 15.01.97 №73 қаулысына сәйкес «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалды.1998 жылдың 1 қазанында «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы «ТұранӘлем Банкі» Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.2003 жылдың 26 қыркүйегінде «ТұранӘлем Банкі» ААҚ қайта тіркелуіне байланысты «ТұранӘлем Банкі» Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.
БТА Банкі туралы (2008 жылдан бастап)
2009 жылдың 2 ақпанындағы дағдарысқа қарсы шаралардың аясында ҚР Үкіметі ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 75,1 пайыз көлемінде «БТА Банкі «Самұрық-Қазына»Ұлттық әл-ауқат қорының акцияларының бақылау пакетін сатып алу жайындағы ұсынысын қабылдады. Өтеуді төлеу банктің қосымша эмиссиясы арқылы жүзеге асты. Соның нәтижесінде банк 251 319 485 теңге мөлшерінде қосымша капитал алды. 2009 жыл бойына БТА Банкі ҚР Үкіметінің нақты экономика секторын қолдауының аясында ШОБ-ты, агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру мен тұрғын үй құрылысын аяқтауды қаржыландыру сияқты тұрақты бағдарламаларды белсенді түрде жүзеге асыруға қатысты. Шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу бағдарламасы бойынша банк 36,9 млрд. теңге Қазына-І, Қазына-ІІ және Қазына-ІІІ транш аясында қаражат иеленді. 2007 жылдан бастап БТА Банкі Әлемдік Банкпен бірлесе отырып, Ауыл шаруашылық министрлігінің «байқау гранттарының жүйесі» атты бағдарламасына қатысып келеді. 2009 жыл бойынша БТА Банкі арқылы қаржыланған грант сомасы 1,7 млрд. теңгені құрады.2009 жылы БТА тобы ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыруды табысты аяқтап, 37 млрд. теңгеден аса соманы игеріп, 10 300 заимшымен келісімшартты қайта жасады. Банк секторындағы ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру үшін мемлекеттен бөлінген 120 млрд. теңге сомасынан БТА-ның үлесі 37 млрд. теңге немесе жалпы сомадан 31 пайызды құрады. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан аймақтарының займшылары көп белсенділік танытты. «Астана және Алматы қаласы бойынша құрылыс бастамаларын аяқтауды қаржыландыру» бағдарламасының аясында банк шотына төменде аталынған жобалар бойынша 20,4 млрд. теңге қаражат бөлінді:
— «Гранд Астана» ТК, Астана қ. – 13 538 млн. теңге;
— «Сәтті» ТК, «Отандастар» ТК, Астана қ. – 1 677 млн. теңге;
— «Тау Самалы» ТК, Алматы қ. – 4 573 млн. теңге.
2009 ж. 23 сәуірінде банк борыштық міндеттерін мезгілінен бұрын өтеу талабына байланысты БТА Банкі 20 сәуірден бастап төлеу уақыты келгендерді де қоса, борыштың негізгі сомасымен барлық төлемдерді тоқтатты. Бұл шешім барлық кредиторлармен біркелкі қарым-қатынас жасау мақсатында құрылған болатын. 2009 жылдың 30 маусымында БТА Банкі банк міндеттерін қайта құрылымдау сұрақтары бойынша ҚҚА-мен келісім бекітті.2009 жылдың 17 шілдесінде БТА Банкі ХҚЕС-на сәйкес Ernst & Young LLP компаниясымен тексерілген қаржы есептілігінің бірігуін жариялады. Бір уақыт ішінде KPMG LLP және Deloitte аудиторлық компаниясымен бірге банктің кредит портфеліне және басқа қаржы инвестициясына бағытталған Банк қызметтеріне тәуелсіз қаржылық тексеріс жүргізілді (due diligence). Тексерістің нәтижесі БТА Банктің қайта құрылымдау берешегі бойынша шешім қабылдау уақытында қаржы жағдайының тәуелсіз расталуы ретінде қолданылды. 2009 жылдың 3 қыркүйегінде «БТА Банкі» АҚ қайта құрылымдаудың негізгі ұстанымдары жайында Келісімге (Agreement on Principles) және төменде аталған құрам бойынша Кредиторлар Комитетін тағайындау Келісіміне (Appoinment Letter) қол қойды: RBS (ABN AMRO Bank N.V.), Commerzbank Atkiengesellschaft, D. E. Shaw group, KfW (DEG - Deutsche Investitions-und Entwicklungsgesellschaft mbH және KfW IPEX-Bank сияқты өз бөлімшелерін ұсынатын), Euler Hermes Kreditversicherungs AG (Германия Федеративті Республикасының атынан қызмет атқарушы), Export-Import Bank of the United States, Fortis Investment Management UK Limited, Gramercy Advisors LLC, ING Asia Private Bank Limited, JPMorgan Chase Bank, N.A., Mediobanca - Banca di Credito Finanziario S.p.A., Standard Chartered Bank және Wachovia Bank N.A. Кредиторлар комитетінің қаржы кеңесшісі ретінде Deloitte LLP компаниясы, ал заңды кеңесшісі Baker&McKenzie компаниясы белгіленді. 2009 жылдың 18 қыркүйегінде БТА Банкі Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агенттігіне (ҚҚА) банк Директорлар Кеңесінің қайта құрылымдау мен қайта құрылымдау Жоспарын және банктің қайта капиталдандыру туралы шешімін ұсынды. 2009 жылдың 21 қырқүйегінде қаржы берешегін қайта құрылымдалуына байланысты Кредиторлар комитетімен өзара түсінушілілік Меморандумына және «БТА Банкі» АҚ мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ арасындағы қосымша өзара түсіністік Меморандумына қол қойды. 2009 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР ҚҚА басқармасы БТА Банктің қайта құрылымдау жоспарын банк редакциясында мақұлдады. 2009 ж. 16 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты «БТА Банкі» АҚ-ның қайта құрылымдау туралы өтінішін толық қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының «Банк және банк қызметі туралы» заңына сәйкес Банктің қайта құрылымдау туралы шешімі негізделген заңнаманың барлық талаптарына сәйкес деп танылды. 2009 ж. 7 желтоқсанда Лондонда БТА Банкі кредиторларымен жүргізген негізгі келіссөздердің кезеңі аяқталды. ҚҚА белгілеген уақытта банк жүргізіп жатқан қаржыны қайта құрылымдауға байланысты «Негізгі коммерциялық талаптар»-ға (Principal Commercial Terms Sheet) қол қойылды.
2009 ж. 18 желтоқсанда БТА-ға байланысты талаптандырылған қайта құрылымдау жұмысының негізгі шетелдік сот ісін жүргізу Ұлыбританияда деп танылуы Алматы қаласының Мамандандырылған қаржы сотында бекітілді.Бұл негізінен Англия мен Уэльстің Жоғарғы сот төралығының талабы бойынша ЮНСИТРАЛ Типтік Заңының Трансграниттік Дәрменсіздік туралы 2006 ж. Трансграниттік Дәрменсіздік туралы Ахуалына байланысты деп алынған болатын.2010 ж. 17 ақпанында Киевтің Соломенский аудандық соты БТА Банктің қайта құрылымдау жұмысына байланысты 2009 жылдың 16 қазанында Алматы қаласының Мамандандырылған қаржы соты Украина аймағында заңды деп қабылдады. Соған сәйкес шешім 2010 жылдың 23 ақпанында заңды күшіне енді.
2010 жылдың 2 наурызында АҚШ –тың Нью –Йорк штатының оңтүстік округі қаржылық дәрменсіздік мәселелерін реттейтін соты БТА Банктің қайта құрылымдауына байланысты Алматы қаласының Мамандандырылған қаржылық сотының банктің қаржылық қарыздарын қайта құрылымдау туралы ісін шетелдегі жүргізілген сот істерінің ішіндегі негізгі ісі деп танылды.2010 ж. 18 сәуірінде БТА Банкі Кредиторлар Комитетімен қайта құрылымдаудың (Detailed Terms relating to Restructuring of Financial Indebtedness of JSC BTA Bank) келісіміне қол қойды. Аталмыш келісім банктің кредиторларына ұсынып отырған барлық операцияларын қамтып, құқықтық, қайта құрылымдауға қажетті құжаттарды әзірлеу және ішкі корпоративті басқару нұсқауларынан тұрады.2010 ж. 28 мамырында «БТА Банкі» АҚ өзінің 2 442 млрд теңге (16,65 млрд АҚШ доллары) сомасындағы қаржылық берешегінің жалпы мөлшерінің 92,03 пайызын құрайтын 2 247,4 млрд тенге шамасындағы банктің міндеттеріне иелік ететін қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдады. Дауыс беруге БТА-ның сыртқы және ішкі облигациялары бойынша, екі жақты және синдикацияланған займдар бойынша, исламдық және сауданы қаржыландыруды, сонымен қатар деривация бойынша борыштық құралдардың барлық түрлері бойынша кредиторлар қатысты.
2010 ж. 9 маусымында №83 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық ұйымдар мен нарықты қадағалау және реттеу агенттігі (ҚҚА) БТА Банктің ұсынған қайта құрылымдау Жоспарын бекітті.Банктің қайта құрылымдау саласында қаржылық кеңесшісі Deloitte LLP компаниясы, ал заңды кеңесшісі Baker&McKenzie компаниясы болып табылады. 16 маусым 2010 ж. БТА Банкі аймақтық кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. «Бизнестің жол картасының» мақсаты – аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету мен істеп жатқан жұмысты сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру. Қарастырылған Бағдарлама міндеттерін шешу жаңа бизнес-ынталандырушыларды қолдау, кәсіпкерлік секторды қалпына келтіру, экспорттық – бағдарлық өндірісті қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады.
Информация о работе Коммерциялық банктерді тәукелдерді басқару әдістері