Коммерциялық банктерді тәукелдерді басқару әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 17:18, курсовая работа

Краткое описание

Экономика нақты секторын несиелеудің жалпы өсімінде теңгемен орта және ұзақ мерзімді несиелердің озық өсімдері белгіленген. Экономика саласы бойынша несие өсімінің қарқыны өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, транспорт пен байланыстарда басқа экономика секторындағы несие өсімінің қарқынын басып озады. Қазіргі уақытта негізгі масса банк арқылы берілген несиелерді айналым капиталын толықтыруға қарыз алушылар қолданады. Несиелеу мерзімі әр түрлі, бірақ олардың ұзақтығы негізінен үш айдан өндірісік циклдың өткізу саясатына, жеткізушінің есеп айырысу қызметінің себептеріне байланысты ұзарады.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
І бөлім. Несиелендіру экономика салаларын қаржыландыру көзі ретінде.
1.1 Несиенің экономикалық мәні және ролі, қызметтері мен түрлері....................5
1.2 Несиелендіру экономика салаларын қаржыландыру көзіретінде.....................9
1.3 Экономика салаларын банктік несиелендіру мәселелерінің ғалымдардың еңбектерінде қарастырылуы.....................................................................................11
ІІ бөлім. «БТА Банк» АҚ-ның ұйымдық- экономикалық сипаттамасы
2.1 «БТА Банк» АҚ-ның құрылу тарихы.................................................................14
2.2 «БТА Банк» АҚ-ның ұйымдық сипаттамасы....................................................21
2.3 «БТА Банк» АҚ-ның экономикалық сипаттамсы.............................................25
ІІІ бөлім. «Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларын несиелендіру механизмі және оны жетілдіру жолдары.
3.1 «Kaspi Bank» АҚ – ның экономика салаларына несие беру тәртібі.……… .31
3.2 «Kaspi Bank» АҚ – ның сауда саласын несиелендіру……………………......32
3.3 Өндіріс саласын несиелендіру............................................................................34
3.4 Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: кедергілері және дамуы мен жетілдіру жолдары ......................................................................37
Қорытынды.................................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........

Содержимое работы - 1 файл

Коммерциялық банктерді тәукелдерді басқару әдістері (ДУРЫСЫ).doc

— 490.50 Кб (Скачать файл)

Ол  оның иесіне белгілі бір уақыт  өткеннен кейін, борышқордан вексельде  корсетілген ақшалай соманы талап  етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің шектелген денгейі бар. Біріншеден,ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әр қайсысы коммерциялық несиені тек өзіне,сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады.

Екіншеден, коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша  шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құралжабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керсінше емес. Мысалы: машина құрылыс кәсіпорынның иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал – жабдығы бола алмайды.

      Коммерциялық  несиенің ерекшелігі мынада: қарыз  келісімі – аясы тар мақсат емес, ол сатып алу- сату келісіміне қосақталып жүреді.

      Әдетте  төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғарғы  мерзімі 90 күнге белгіленеді.

      Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие – қаржылық мекемелерінің  қарыз алушыларға ақшалай қарыз  түрінде беретін несиесі. Банктік  несие коммерциялық несиенің шектеулерін  жояды. Бос ақшалай капиталдар кез  келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорынның қарызға береді.

      Банктік несие сферасы коммерциялық несие  сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналымына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлауына қызмет етеді.

      Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу.

      Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік  және пайыз төлеу жағдайларында  қарыз капиталын және пайыз төлеу  жағдайларында қарыз капиталын  ұсынушы, банктік мекеме кредитор ретінде  көрінеді.

      Несиенің  тағы бірнеше формалары бар. Олар: тұтыну несиесі, ипотекалық несие, мемлекеттік, халықаралық несие.

      Тұтыну  несиесі – бұл тұрғындарға  тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу  үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие.

      Ипотекалық  несие – жылжымайтын мүліктерді, жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін  қарыз.

      Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы.

      Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайыздар  төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.

      Несиенің  түрлері бұл белгілі бір түрдегі  экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір  қасиеттерге ие оның бір түрі.

      Түрдің  формадан айырмашылығы  - диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсунуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады. Осыған байланысты несие түрлері төменгідей жіктеледі:

  1. Мерзімдері бойынша:

                а) Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

                ә) Орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);

                б) Ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары).

    2. Несиелеу  объектілері бойынша:

                а) Негізгі қорларға берілетін несие;

                ә) Айналым қорларына  берілетін несие.

    3. несиелеу әдістері бойынша:

                а) Қалдық бойынша несиелеу;

                ә) Айналым бойынша  несиелеу.

    Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы  өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында  айналым бойынша да, қалдық бойынша  да несиелеудің элементтері бар. Мысалы: Тұтыну несиенің түрлері тауарлы  және ақшалай болуы мүмкін, ал халық аралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:

    1. несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
    2. Экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен  байланысты коммерциялық және қаржылық кез келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау);
    3. несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;
    4. Мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
 

1.2  Несиелендіру  экономика салаларын қаржыландыру көзі ретінде. 

         Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын  кәсіпорындар үшін ең  өзекті  мәселе болып меншік құралдары  мен капиталдың ұзақ мерзімді  көздер есебінен туындайтын қаржылық  стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының  жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады.

         Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде келісім бойынша кепіл заты болуы қажет. Кепілхаты мыналар болуы мүмкін: есеп құжаттарының материалдық бағалылығы; бағалы қағаздар; валюталық құндылықтар;. Сондай-ақ, кепіл зат ретінде тек қана өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады.  Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері табылады. Клиенттің мүлік кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі;  вексельдер кепілі; депозиттер келілі (сол бөлікте болып саналатын); ипотека; аралас кепіл. Құқықтық  кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі.

        Қазақстан Республикасында «Казкоммерцбанк» АҚ-мы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға несие беру бағдарламасын жүргізеді. Сондай-ақ, тауар айналымын өсіру, айналым капиталын толықтыру, көрсетілген қызметтер көлемі немесе өндіріс көлемін ұлғайту, машина сатып алу, құрылғылар, шикізаттар мен материалдар, құрылыс және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізу сияқты кәсіпкерлік қызметтер субъектілерін несиелендіреді. Несиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында жүргізіледі. Несие мөлшері 500 АҚШ долларынан 30000 АҚШ долларына дейін 12 айға, ал пайыздық ставка мөлшерінде айына 2- 2.6 % мөлшерінде беріледі.

       Халықтық Жинақ Банкі орта  және шағын бизнес субъектілерін  несиелендіру бағдарламасын, сондай-ақ  орта және шағын агробизнесті  қаржыландыру бағдарламаларын жүргізеді.   Бұл бағдарлама несиелік қызметтер комплексін ұлғайту, шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың қызметтік инфрақұрылымдық, транспорттық, өндірістік сферасындағы орнын ұлғайту мәселелерін орындайды. Несиелендіру заңды және жеке тұлғаларға жүргізіледі. Кепіл ретінде ғимараттар, құрылғылар, пәтерлер, тұрғын үйлері, автокөлік түрлері, тұтыну тауарлары, шаруашылық субъектілерінің бағалы қағаздары қойылады. Несиелендіру мерзімі 6-15 айға дейін беріледі.

       Ал БТА Банкін алатын болсақ, несиелендіру бағдарламасы құрылысқа және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізуге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге, айналым капиталын толықтыруға, сауда келісімдерін жүргізуге, материал және шикізаттар сатып алуға, машинамен жабдықталуға жүргізіледі. Несиелендіру сомасы 30000 АҚШ долларынан 200000 АҚШ долларына дейін беріледі. Пайыздық ставкасы 1,33-2,16 % мөлшерінде. Мерзімі 4 айға дейін. Кепіл ретінде  қозғалмайтын мүлік, құлылғылар, автотранспорт, жеке мүліктер, тауарлық запастар алынады. Сондай-ақ, жеке тұлғаларды микронесиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Несие сомасы 500-30000 АҚШ долларына дейін. Мерзімі 2-13 айға дейін. Пайыздық мөлшерлемесі 1,75-2,33 %  шетел валютасында, 2,33 - 2,75 % теңге мөлшерінде.

      Сонымен қатар, Еуропа Қайта  Құру және Даму Банкі (ЕБРР) ірі масштабты жобаларды тікелей қаржыландырады, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландырады. Қаржыландыру негізінен несие түрінде жүргізіледі. Қазіргі кезде Еуропа Қайта Құру және Даму банкі Қазақстан Республикасындағы кіші бизнесті қолдауға атсалысып, шағын бизнесті несиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімдік несиемен қамтамаыз ету. Несие жолағының көлемі 775 миллион АҚШ долларына шақ келеді. Сондай-ақ, бағдарламаның негізгі тапсырмаларының бірі болып, шағын кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамыту үшін тұрақты қаржыландыру көздерін ашу табылады. Бағдарлама айналым капиталын толықтыруға, шикізат сатып алуға, қосымша құрылғыларды сатып алуға шағын инвестициялар тарту, автотранспорт, өндірістік ғимараттар, ғимараттарды жөндеуден өткізу, қаржыландыру сияқты несиелендіру түрлерін жүргізеді.  Бұл бағдарлама несиенің үш түрін жүргізеді:

1. micro (10000 АҚШ долларына дейін)  12 айға дейін теңгеде және шетел валютасында жүргізіледі;

2. Largt-micro (10000-нан 30000 АҚШ долларына дейін) 12 айға теңге бірлігінде, шетел және теңге бірлігінде 18 айға дейін жүргізіледі;

3. small  (30000-нан 125000 АҚШ долларына дейін) теңге бірлігінде 12 айға, шетел және теңге бірлігінде 30 айға дейін жүргізіледі.

     Осы  бағдарлама бойынша, сондай-ақ  «Алматы Сауда-Қаржы банкі», «Тұран  Әлем банкі» АҚ, «Центркредит  банкі», «Казкоммерцбанкі», «Қазақстанның  Халық банкі», «Цесна банкі» және  «Темір банкі» де жүргізеді.

     Қазіргі  таңда, шағын бизнесті жүргізуде несиенің орны маңызды болып табылады. Президентіміздің биылғы Жолдауына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік жағдайға  өз әсерін тигізеді. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты әртүрлі несиелендіру көздері қарастырылып жатыр. 

1.3 Экономика салаларын банктік несиелендіру мәселелерінің ғалымдардың еңбектерінде қарастырылуы. 

Көптеген ғалымдар өркенияты базарлы экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында  ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншік пошымдарын мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез-келген пошымы, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық  пошымы үшін бірдей базар шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы олып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.

         Қазақстан Республикасындағы шағын  кәсіпкерлікті дамыту мен колдаудың  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  кешенді шаралар белгіленген.  Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті  тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.

          Кәсіпкерлік әлемдік қоғамдық  дамудағы барлық кезеңдеге қатысты болып табылады. Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж) кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ «Экономикалық кестеде» басты орынды жер иелері - кәсіпкерлеріне берген, яғни «егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді»,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй «Саяси экономия трактатында»  кәсіпкерді «қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға» ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді.

Информация о работе Коммерциялық банктерді тәукелдерді басқару әдістері