Әкімшілік әміршілдік жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:29, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Нарық: мәні, құрылымы және постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп – оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
1.1. Нарық түсінігі мен мәні...................................................................5
1.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, құрылымы және элементтері..............................................................................................................7
1.3. Нарық қатынастарының қалыптасуы, даму кезеңдері және қызмет ету принциптері........................................................................................12
ІІ. Қазақстан Республикасында нарықтың постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі жане қазіргі жағдайы
2.1.Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы................................................................................................15
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы.........................................................20
2.3. Нарықтық экономика артықшылығы..........................................22
ІІІ. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері
3.1. Нарықтық экономиканы реттеу әдістері және оның жолдары..25
3.2. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру...................................................................31
Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................35
Қосымша..........................................................................

Содержимое работы - 1 файл

курс.нарық оның мәні,құрылымы.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

4. Әкімшілік ретеулер. Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы, қоғамдық пайдалану салаларына (электро-энергетика, көлік, байланыс, коммуналдық қызметтер және т.б.) қатысты қолданылатын әртүрлі бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағытталған бақылау кіреді. Бұған, сонымен бірге, жұмыс күші нарығын реттеу, әсіресе еңбекпен қамту (жұмыссыздарды есепке алу, оларға жәрдем ақша төлеу және жұмысқа орналастыру) қызметі де кіреді.

5. Қысқа мерзімді реттеулер. Оның мақсаты – бірнеше айтдың ішінде нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету болып табылады. Бұл жерде әңгіме экономикалық циклдың ағындағы фазасының қозғалысын өзгерту, оның ішінде, экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсеңдету, жаңдану фазасының басталуын жеделтету, өндірістік өрлеу фазасын тұрақтандыру немесе онв одан ары қарай созу туралы болып отыр.

  Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер  бағаның шамадан тыс өсуімен  күресу, инфляциянв тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің мұндай бағыты дифляциялық саясат деп аталады.

6. Ұзақ мерзімді реттеу – бірнеше жыл бойына нәтижелер алуға есептелген  

27

ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта  әсер ету болып табылады. Оған белгілі  бір уақыт кезеңі бойына экономиканың даму қарқынын ұстап тұру(өсу саясаты), кейбір салаларда артықшылықпен  дамыту арқылы қоғамдық өндірістік құрылымын қзгерту, технологиялық қайта құру және ғылыми-техникалық прогресті жеделдету мақсатында жедел амортизациялау саясатын жүргізу жатады.

  Нақты шаруашылық немесе белгілі бір әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын арнайы шаралар жиынтығы түрінде болатын мақсатты бағдарлама – ұзақ мерзімді реттеудің тиімді нысаны болып табылады. Ондай бағдарламалар мақсатты сипатта, нақты уақыт пен шепке бағдарланған, орындалуы адресті болады. Олар реттеуші әдістердің барлық жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда, Францияда және Жапонияда экономиканың бірсыпыра жетекші салаларын (қара металлургия, транспорттық машина жасау), сонымен бірге қазіргі заманғы техникалық прогресте ерекше рөл атқаратын салаларды тездетіп дамытудың арнайы шаралары қабылданған болатын. Бұған тәуелсіз Қазақстанда қолданылып жатқан шаралар да дәлел бола алады.

  Экономиканы тұрақтандыру және нарыққа көшу кезеңіне арналған «дағдарысқа қарсы шұғыл  шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» құрылымдық дағдарысты жоюдың қажеттілігі баса көрсетілген. Қазір бұл проблеманы тек нарықтық механизммен шешуге болмайтынын, ол үшін мемлекеттің өндірістік құрылымды қайта құруға, жұмыссыздықты, салалық және аймақтық диспропорцияны жеңілдетуге, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруға бағытталған қаржы көмегінің қажеттілігі көзделген. Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және металлургиялық кешені, агроөнеркәсіп кешені, коммуникациялар мемлекеттің барынша көңіл бөлетін салалары болмақ.

  Экономиканы жоғары тиімділікпен реттеу сапалы болжамдауды  қажет етеді. Бірақ оның мүмкіндігі компаниялар мен банктердің коммерциялық құпияларын ашуға қабілеті жете бермейтін  статистикалық мәліметтердің жеткіліксіздігімен шектеледі. Бұндай жағдайда мемлекеттік реттеуде белгісіздіктерге, тіпті қателіктерге де жол берілуі мүмкін.

  Нарықты экономика жағда йында мемлекет және тауар өндірушілер тең құқылы серіктестер ретінде көрінеді. Мемлекет өзінің қатынасын кәсіпорындардың барлық типімен шарттық негізде немесе келісім жасау жолымен орнатады. Ал бұл, нарықты реттеудің маңызды нысаны болып табылады.

  Нарықтың  құқықтық жетілмеген шаруашылықтың  жаңа әдістері толық игерілмеген  жағдайда бұл келісімдер эконномикалық  проблемаларды шешуге мемлекет пен кәсіпорындардың күшін біріктіруі мүмкін. 

  28

  Нарықты реттеуде, монополиялық үстемдікке қарсы  шаралар жүйесі маңызды рөл атқаруы  тиіс. Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам маңызды өнім түрлерін шығаруда монополист болып табылатын 90-ға жуық ірі кәсіпорындар бар деп есептеледі. Бұл жерде жағдай, сонымен бірге, экономиканың технологиялық әркелкілігімен және өндірістің территориялық факторларымен күрделендіріледі. Сондықтан нарықтық қатынастарды дамыту экономикадағы монополиялық үстемдікті шектеу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Нарық жағдайында, мемлекет, экономиканы басқаруда, салалық прициптен толығымен бас тарта алмайды. Қорыта айтқанда, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай нарық жағдайында мемлекеттің маңызды міндеті – қоғамдық өндірістің тиімді дамуына бағдарланған, дұрыс бәсеке үшін жағдай жасайтын, халық шаруашылығының шешуші салаларына ықпал етуде экономикалық әдістерді белсенді түрде пайдаланатын экономиканы реттеу әдістері болып табылады. Айта кетейік, барлық дамыған елдер реттелмелі нарық жүйесіне ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының басында көше бастады. Жалпы қазіргі таңда реттелмейтін нарықытқ экономика еш жерде жоқ және ол болған да емес. Бұл елдер, біздің жоспарлы реттеу тәжірибемізді пайдалану арқасында.

  Қазақстанда нарық қатынастарының қалыптасуы жағдайында, экономиканы тікелей және жанама реттеу әдістерінің рөлі әзірше бәсеңдеу, тек қана тенденция түрінде болып отыр. Ондай жағдай нарық қатынастарының нашар дамуымен, жаңа шаруашылық механизмінің тұрақсыз жұмыс істеуімен түсіндіріледі.

  Мемлекеттік реттеу жүйесі тек жоғарыда көрсетілген әдістермен шектелмейді, ол, сонымен қатар реттеу процестерін жүзеге асыру үшін жағжай жасайтын мынандай элементтерді қамтиды:

  • құқықтық база (заңдар, бағдарламалар, үкіметтің қаулылары, Президенттің жарлықтары және т.б.) мен қолайлы нарықтық ортаны қамтамасыз ету;
  • экономиканы сауықтыру және макроэкономикалық тұрақтандыру, жұмыспен қамту және инфляция деңгейін бақылау, экономикалық өсуді ынталандыру;
  • бәсекені қорғау және кәсіпкерлікке жағдай жасау;
  • материалдық байлықтар мен ұлттық табысты қайта бөлу;
  • ұлттық табыстың құрылымын өзгерту мақсатында ресурстарды орналастыруға әсер ету.

  Сонымен, мемлекеттің реттеуші рөлі – белгілі  мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін  тікелей және жанама әдістер мен  тұтқаларды ұштастыруға негізделген.

    Ал ассоциацияларға, бірлестіктерге  біріккен немесе өз бетінде  әрекет ететін шаруашылық субъектілерінің  әртүрлі топтары қолданатын әдістер  жанама, яғни мемлекеттік емес  әдісретге жатады. Олар: 

      29

    • нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы нақты көрсетілген әрбір жақтың келісімдерімен, оларды бұзғаны үшін қатаң санкциялармен (экономикалық жазалау шаралары), тиімді бақылау механизмімен жасалатын тікелей шаруашылық шарт;
    • несие мен қарызды беру және алу туралы өзара келісім;
    • кәсіпорындардың әртүрлі ассоциацияларын, ақпараттық жүйелерді, фирмалық дүкендерді, валюталық және басқа да аукциондарды (бәсеке сауда) ұйымдастыру;
    • мамандырылған банктер, қор және тауар биржалары арқылы нарықтық қатынастардың дамуына әсер ету;
    • нақты өндірушінің тауарлары мен қызметтеріне сұранымды мақсатты түрде қамтамасыз ететін және сұраным мен ұсынымды кешенді зерттеуге негізделген кәсіпорынның маркетингтік қызметі.

  Көріп отырғаныңыздай, бұл әдістер, өндірушілердің және шаруашылық субъектілерінің өздерінің  жеке мүдделерін өткізу құралы қызметін атқарады. Мұнсыз, бұл бірлестіктерден сырт қалған жалпы мемлекеттік мүдделер мен басқа да әлеуметтік топтардың мүдделерін өткізу мүмкін емес.

  Нарықты мемлекеттік реттеу жолдарына келетін  болсақ, ең алдымен мемлекет елдің  барлық шаруашылық өмірін ұйымдастыратын ұйым болып табылады және құқықтық актілерде бекітілген, экономикалық қатынастарды реттеуге байланысты өкілеттік құқық берілген жалпы мемлекеттік және жергілікті өкімет органдарының жүйесі, өндірістік министрліктердің басқару аппараты, олардың бірлестіктері мен кәсіпорындары арқылы нарықтық экономиканы дамуына ықпал етеді. Екіншіден, мемлекет экономиканы реттеудің құқықтық шараларын белгілейді, көлемді мақсатты халық шаруашылық бағдарламаларын жүзеге асыруға басшылық жасайды, мемлекеттік бюджетті құрайды, мамандарды дайындаумен айналысады.

  Осылармен бірге, мемлекет баға белгілеу, қаржы-несие, ақша айналысы, тұрғындардың ақша қаражаты, сыртқы экономикалық істер, өндіргіш күштерді орналастыру саясатының негізін  құрумен де айналысады.

  Нарықтық  өзгерістер жағдайында мемлекет, қоғамның өзін-өзі күн көру минимумымен  қамтамасыз ете алмайтын қаржысы  аз топтарын (зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы жанұялар т.б.) әлеуметтік тұрғыдан қорғауға міндетті.

  Мемлекет  меншік нысандарының алуан түрліілігі, өндіріс құрылымның салалық, аймақтық өзгеруі жағдайында жаппай жұмыссыздыққа жол бермеу механизмін жасайды. 
 
 
 
 

30

3.2. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру

  Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жекеменшік сектордның жоқ болуы, өндірістік ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т.б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіне алады. Мұның өзінде басты шарты болып – дұрыс таңдалынған стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заңның үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік нарықпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың нарықтық қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған.

  Осы тұрғыдан алғанда 1996ж. Қазақстанды  дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымды бағыттар белгіленген:

    1. Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік;
    2. Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту;
    3. Нарықтық құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
    4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы;
    5. Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс);
    6. Кәсіпқойлы тиімді үкімет;
    7. Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес.

  Сонымен, аталған осынау басымыдылық тізбесінің өзі-ақ Қазақстан Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық жағынан елдің  стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіне алады. «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады.

  Осылай  дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иек артып және барлық қарқынды экономикалық реформаларды «сонан кейін» деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді, «голландық ауруға»  немесе «семіздік» ауруына шалдығуымыз мүмкін. Экономикамызды ары қарай жемісті түрде ұзақ  

31

мерзімдік даму траекториясына көшіру үщін қазіргі  кезеңде индустриалық-инноватциялық  Стратегияны іске асыру керек.

  Нарықтық  экономиканы жетілдіру механизмдерінің  бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында – «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»: «Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру».

  Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын әкімішілік реформаның есебінен оңтайландыруымыз керек.

  Жаңа  экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы  заманға сай ойлай білетін  және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті.

Информация о работе Әкімшілік әміршілдік жүйе