Әкімшілік әміршілдік жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:29, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Нарық: мәні, құрылымы және постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп – оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
1.1. Нарық түсінігі мен мәні...................................................................5
1.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, құрылымы және элементтері..............................................................................................................7
1.3. Нарық қатынастарының қалыптасуы, даму кезеңдері және қызмет ету принциптері........................................................................................12
ІІ. Қазақстан Республикасында нарықтың постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі жане қазіргі жағдайы
2.1.Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы................................................................................................15
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы.........................................................20
2.3. Нарықтық экономика артықшылығы..........................................22
ІІІ. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері
3.1. Нарықтық экономиканы реттеу әдістері және оның жолдары..25
3.2. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру...................................................................31
Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................35
Қосымша..........................................................................

Содержимое работы - 1 файл

курс.нарық оның мәні,құрылымы.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

Нарық экономикасының екінші элементі

      Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші элементі

      Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.

  • Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.
  • Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.

    Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

22

Нарық экономикасының төртінші элементі

       Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Нарық экономикасының бесінші элементі

       Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Нарықтың маңызды элементтері

       Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

  • маржиналдық (шекті) талдауға;
  • балама тандау шығындарына;
  • экономикалық рационалдыққа.

Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-кимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-тендік болмысын қамтамасыз етіп отырады.

Балама  таңдау шығандарының припциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар жөне ресурстарды пайдаланудың, немесе,  
 

23

кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен  бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың  жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған  мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты тандап алынады. Балама тандау шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

Экономикалық, рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдык тандау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі — табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар — капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-тендік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді — бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.

      Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі жөне ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады. Олардын, айтуы бойынша сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бүл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек. 
 
 
 
 
 
 

24

ІІІ. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері

3.1. Нарықтық экономиканы реттеу әдістері және оның жолдары

  Нарықты реттеу әдістері – бұл нарық механизімінің  қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Мұндай реттеудің элементтері алғаш рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы мемлекеттік реттеу өнеркәсіпті-дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.

  Біздің  елімізде бөліп үлестіру методологиясына  негізделген шаруашылық жүйесінен  бас тарту экононмиканы реттеу әдістерінің  мазмұнын түбегейлі өзгертеді. Нарықты  құру – жаңа экономикалық қатынастарға көшу, сонын ішінде, халық шаруашылығын жоғарыдан төмен қарай немесе тікелей басқару құрылымынан бас тарту, оны көлденең құрылымдармен алмастыру дегенді білдіреді. Нарық мемлекетпен және тауар өндіруші кәсіпорындармен реттеледі. Яғни, реттеу әдістерін оның реттеу субъектілеріне қарай, шартты түрде, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету тәсілдеріне қарай тікелей және жанама деп классификациялауға болады. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі бір адрестік сипатта болады және қайсыбір объектіге бағытталған. Нарықты тікелей реттеу әдістеріне төлем қабілеті бар жиынтық сұранымды құру, сонымен бірге халық шаруашылығын тұрақтандыру үшін пайдаланылатын орталықтандырылған тәсілдер жатады. Бұл жерде әңгіме мемлекеттің атқаратын жалпы қызметі жөнінде болып отырған жоқ, тек қана нарықтың тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік туғызатын қолайлы әлеуметтік ахуалды қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік тәсілдер туралы болып отыр. Бұл негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизициялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.

  Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың  қызметі көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары мен нәтижесіне әсер етумен байланысты. Тікелей және жанама әдістердің арасындағы айырмашылық, белгілі бір дәрежеде, шартты түрде ғана болады. Нақты өмірде олар бір-бірімен тығыз байланысты және әсер ету объектісі ретіндегі меншік типіне қарай жіктеліп әртүрлі тіркесте қолданылады.

  Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарына  фискальдық(мемкеттік қазына), несие, ақша саясаты, бағалар мен тұрғындардың табысын реттеу, әкімішілік реттеу жатады. Осы шаралардың мәнін қықаша ашайық:

1.Фискальдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу  

25

құралдарын  қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салалары мен кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар мен жәрдем ақшалар, салық ақшалары жатады.

  Салықты реттеу фискальдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

    а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу және шектеу мақсатында салық нарығын өзгерту. Экономикалық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар мен өңірлер (мысалы Арал өңірі), шет селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда өздеріне берілген билік шеңберінде сол жердегі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранымды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықытң нарығы арттырылады. Қорлану процесіне әсер ету үшін пайдаға салынатын салық нарығы да өзгертіледі: салық нарығы барынша төмен жағдайда өндіріске ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарығы барынша жоғары жағдайда өндірісті қаржыландыру тиімсіз болады;

    ә) салық нарығын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады. берілген салық нарығы жағдайында амортизациялау мерзімін қысқарту қорлану ресурстарын көбейтуге мүмкіндік береді;

    б) салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан, аса жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.

2.Несие-ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге, ол бюджеттен тыс ерекще даму қорын да құра алады. Дегенмен, несиелік реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:

    а) эмиссиялық банктің есептеу нарығын өзгерту. Еесептеу нарығы (немесе дисконттық) – бұл банк вексельдерін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банкпен өндіріп алынатын қарыз пайызының нормасы. Эмиссиялық банк тек қана коммерциялық банктердің вексельдерін есепке алады. Есептеу нарығын төмендету немесе көтеру жеке коммерциялық банктер үшін қарыз нарығын қайта қарауға түрткі болады. Несиенің қымбаттауы (есептеу нарығының өсуі) несиелік және инвестициялық белсенділікті шектейді, ал оның арзандауы – іскерлік белсенділікті көтермелейді;

    ә) эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимумін арттыру.  

26

Эмиссиялық  банктегі коммерциялық банктердің депозиттері (сақтауға берілген ақша) – ерікті ақша салынымдарынан (бос резерв деп аталатын) және міндетті ақша салынымдарынан (оларды пайдалануға рұқсат берілмеген) тұрады. Орталық банк міндетті ақша салынымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспанциясына мүмкіндік туғызады.

    б) «ашық нарықтағы операциялар». Мұндай жағдайда, мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда , жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражататры алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.

  Осылармен қатар несие нысандары мен  банк-несие мекемелерінің жұмысын  реттейтін басқа да әртүрлі нысандар қолданылады(мысалы, тұтыну несиесі бойынша процентті, биржалық несиенің мөлшерін реттеу және т.б.).

3.Бағаны және табысты реттеу саясаты. Фискальдық және несие саясаты көп жағдайда, баға мен табыстарды реттеудің тиімді құралы бола алмайды, сондықтан мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың көбеюіне уақытша тиым салады, бағалар мен еңбек ақының көтерілуіне мемлекеттік органдар тарапынан алдын-ала рұқсат беретін жүйені ендіреді. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда, дивиденд сияқты түрлеріне таратылмайды.

Информация о работе Әкімшілік әміршілдік жүйе