Әкімшілік әміршілдік жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:29, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Нарық: мәні, құрылымы және постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп – оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
1.1. Нарық түсінігі мен мәні...................................................................5
1.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, құрылымы және элементтері..............................................................................................................7
1.3. Нарық қатынастарының қалыптасуы, даму кезеңдері және қызмет ету принциптері........................................................................................12
ІІ. Қазақстан Республикасында нарықтың постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі жане қазіргі жағдайы
2.1.Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы................................................................................................15
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы.........................................................20
2.3. Нарықтық экономика артықшылығы..........................................22
ІІІ. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері
3.1. Нарықтық экономиканы реттеу әдістері және оның жолдары..25
3.2. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру...................................................................31
Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................35
Қосымша..........................................................................

Содержимое работы - 1 файл

курс.нарық оның мәні,құрылымы.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

Төртінші  кезеңдегі  тауар қозғалысының  формуласы:    Т1-тауар емес балама –Т2 . Алтынға тікелей  айырбастың тоқталуымен, құнның таза иленушілері- несие ақшалар  өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда , құнның өзінің заттық  иленушісінің  оқшаулануы –қазіргі замандағы  нарықты сипаттайтын  құбылыс болып табылады.

  Сонымен бірге, нарық  стихиялы түрде дамушы  немесе еркін нарық,  монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы  нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде  болды,  оған еркін тауар  өндірушілер мен  сатып алушылар, еркін  бәсеке мен еркін бағалар  тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы,  әлемдік әкономикалық  теорияның  негізін қалаушы  А. Смит (1723-1790 жж.) өзінің   “ Халықтар байлығының табиғаты мен себептері түралы зерттеу” (1776ж.) деген басты еңбегінде-жеке  меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық  қажеттіліктерге  лайықтаудың қозғаушы күші  болып табылады  

12

деп жазған  болатын. Сонымен бірге  А. Смит  екі кәсіпкер немесе  саудагердің  арасындағы әңгіме  әрқашанда бағаны өсіру  ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше , мемлекет мұндай даулы мәселерерді шешуге  араласпауы  керек,   ол тек қана  жалпы тәртіпті  қамтамасыз ететін “түнгі күзетшінің” ролін атқару қажет. Мемлекет “ мейлі өзінен өзі жүрсін” саясатын жүргізіп,  бәсекені  шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит  осы екі  дәлел негізінде  жаппай анархияны  қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың  монополиялар мен картельдер арқылы  бәсеке  күресіне  шек қоятын “ жаман әдеттеріне” мейлінше  күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны  төмендету  және өндіріс өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нақты реттеу  қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит  нарықты әкономиканы өзін-өзі реттеу  механизмін  ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше , жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату  мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты  нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден  бастап монополиялық нарық қалыптасты.

  Монополиялық  нарық  ХІХ ғсырдың аяғында ХХ ғасырлардың  алғашқы  кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың  бұл түрінде  еркін бәсеке шектеледі, ал ол әкономикадағы сапалық және  сандық өзгерістердің динамикасына  кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік  ғылыми техникалық прогрестің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар  тапшылығына , ал  түптеп келгенде,  қоғамның барлық қайшылықтарының  меншіктегі ірі  кәсіпорындар монополиясына  негізделген бұрынғы КСРО-ның әкономикасы да  жатады. Нәтижесінде, сұраным мен  ұсыным сұрақтары  әкімшілдік -әміршілдік  тәсілмен шешілетін,  тұтұнушылардың мүддесіне  бағдарланбаған  өндірушілер  нарығының типі  қалыптасты. Қазіргі заманғы  өркениетті  елдерге реттелмелі  нарық тән болып  отыр .Оны  тек қана еркін  тауар өндірушілер  мен тұтынушылар , еркін бәсеке  мен бағалар ғана емес, сонымен бірге  өнім өндіруге  мемлекеттік  тапсырыстарды  орналастыру, шаруашылық субъектілеріне  қаржы несие  тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір  тауар түрлері  мен  топтарына  мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктүрасын зерттейтін  маркетингтік  қызметті енгізу , өндірістің  көлемін тікелей  шарт жасау  негізінде реттеп отыру,  әр түрл  кәсіпорын  ассоцияцияларын, жарнама  ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін  атап көрсету керек .

  Біздің  жас тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде де  толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз  құралы деп  танылып отыр.

    Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

      - маржиналдық (шекті) талдауға;

      - балама таңдау шығындарына;

      - экономикалық рационалдыққа.

    

13

Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық  субъектілерінің іс-қимыл жүріп  отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсысының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады

     Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына тікелей шығындар, және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынады: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндіушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

    Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі – табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар – капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді     Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

     Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін күнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша, сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек. 
 
 

14

ІІ. Қазақстан Республикасында нарықтың постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі жане қазіргі жағдайы

  2.1.Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы 

       Экономика өміріне мемлекеттің қатысу себептері, формалары мен тәсілдері актуалды мәселелер қатарына жатады және дәстүрлі түрде ғылыми зерттеу пәні болып табылады. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі елдің экономикалық дамуының және саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды шарты болып саналады. Қазіргі заманғы мемлекет экономикалық өмірді енжар бақылаушы болып табылмайды, керісінше мемлекет елдің шаруашылық-экономикалық өміріне белсенді түрде қатынасады және де керек кезінде елдің экономикасын тұрақтандыру үшін керекті шараларды да жүргізеді. П.Самуэльсон барлық елдердің дерлік үкіметі өздерінің қолын экономиканың пульсінде ұстап тұрғылары келеді деп атап көрсетеді. Қазіргі заманғы экономикалық жүйедегі мемлекет нарықтық механизмдегі іркілістерге көптеген әрекеттер қолданады. Қазіргі заманғы капитализм нарықтық қызметі мен мемлекеттік реттеу үздіксіз өзара байланысты болатын және бірін бірі толықтыратын жүйе болып табылады. 
Жақсы үкімет - бұл байлық емес, өмірге керекті жағдай дегенмен келіспеуге болмайды. Тиімді мемлекетсіз тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес. Экономикада болып жатқан өзгерістер мемлекеттің қазіргі сатыдағы базалық сұрақтарына оралуда ғана емес, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе тұрғысынан да оны өзекті етуге мәжбүрлейді. 
Қазіргі кезде мемлекеттің экономикадағы орны мен ролі үздіксіз күшеюде. Бұны тек қана жалпы ішкі өнім қатынасында мемлекеттік кірістер мен шығындардың өсуі ғана емес, сонымен қатар экономикадағы дағдарысты жағдайларды жеңуге бағытталған үкіметтің реттеуші шараларының мәнінің де өсуі куәландырады. Шаруашылық тәжірибе арқылы компаниялардың өз қызметтерін жоспарлаудың уақытты кезеңдерін кеңейтуге деген қажеттілігі елдің шаруашылық дамуындағы мемлекеттің ролін жаңаша түсінуді қажет етті. Срндықтан кәсіпкерліктің өзі де мемлекеттің қызметтеріне деген сұранысты туындатады, өйткені ол ең алдымен мемлекеттік биліктің тиімсізділігіне немесе әлсіздігіне шартталған тәуекел мен анықсыздықты жеңуге мүдделі.

     Экономиканы мемлекеттік реттеудің тапсырмалары мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың әсерінен болады, олардың ішінде ерекше орынды қаржылық жахандану, инновациялық дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси факторлар алады. Сол себепті мемлекетте үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің қызметін тиімді атқаруға қабілетті сапа мәселесі туындайды. Осы мәселеге батыс елдері көп көңіл бөлуде. 
Мемлекеттің экономикалық ролі туралы сұрақты мемлекеттік реттеуді «ұлғайту-азайту» терминінде шешуге бел буу мемлекеттік институттарының сапасы туарлы маңызды сұрақты екінші жоспарға қоюға әкеледі. Тиімді
 
 

15

экономиканы құруға бағытталған бюджеттік саясат мемлекеттің ықпалын қысқартуға немесе ұлғайтуға әкелуі мүмкін.

Шаруашылық  жағдайын реттеу саясатын инновациялық процестер мен

глобализациялауды есепке ала отырып жүргізу мемлекеттің  бюджет саясатында алғы орынды алады. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлуе отырып, оны шешу үшін экономикадағы мемлекеттің жаңа басымдылықтарын іздеу мәселесі туындайды. Тәжірибе жүзінде мемлекет өзінің қатысуын бір сфераларда күшейтуі мүмкін және бір мезгілде оны басқа сфераларда азайтуы немесе жоюы мүмкін. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің реттеуші ролінің күшеюі немесе әлсіреуін сипаттай алмайтын процестер жүреді, өйткені мемлекеттің экономикадағы ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған сапалы қызметі туралы сөз болады.

     Бірақ та экономиканы мемлекеттік реттеу нақты шешімдерді қабылдау кезінде кемшіліктерге жол бермеу арқылы жүзеге асыру керек екендігін ешкім де жоққа шығармайды. Осы мәселе экономика ғылымындағы ең күрделі сұрақтардың қатарына жатады және көп жағдайларда оның шеңберінен шығып та кетеді.

     Экономиканы реттеу қызметі мен тәсілдері нақты тарихи жағдайларға байланысты өзгереді, бірақ та мемлекеттің нарықтық жүйедегі негізін қалаушы қызметтері өзгеріссіз қалады. Оларсыз қазіргі заманғы экономиканың дамуы мүмкін болмайтын, нарықтық жүйенің керекті конструктивті элементтері болып саналады.

     Дж. Тобин экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін төмендегіше негіздеді: « «Көрінбейтін қол» теоремасы жеке және қоғамдық мүдделер қайшылықтарға тірелетін экстерналийлер мен қоғамдық игіліктердің бар болуын есепке ала отырып жетілдірілуі керек. Осыдан ұжымдық мүддеге негізделген мемлекеттік қызметтің қажеттілігі туады... Смиттің жүйесі эгоистік энергияны конструктивті бағытқа бағыттайтын институттар болған жағдайда ғана жұмыс істей алады» .

Ерекше  экономикалық категория ретіндегі қоғамдық игіліктердің негізгі мінездемелерін төмендегіше сипаттауға болады:

     1. Жеке тұлғалардың қоғамдық игіліктерді тұтына отырып өзара бәсекелестікке түспейтінін сипаттайтын, тұтынудағы бәсекелестіктің болмауы. Қосымша индивидтің ұжымдық иглікті тұтынуының шекті шығындары нольге тең, осылайша қоғамдық игіліктерді тұтынуға қосымша индивидттердің қосылуы оның басқаларға қол жеткізу мүмкіндігінен айырмайды, өйткені қоғамдық игіліктер бөле жара қарастырылмайды және жеке бөлшектерге бөлінбейді. Сонымен бірге жеке игіліктерді қайсібір индивидтің тұтынуы, осы игіліктерді басқалардың тұтынуын толығымен жоққа шығарады.

     2. Қоғамдық игіліктер тұтынудан шығармау қасиетіне ие, өйткені қосымша тұтынушыға қоғамдық игіліктерді пайдалануға рұхсат бермеу  
 

16

мүмкін  емес немесе белгілі субъектінің  олардың қоғамдық игіліктерді тұтыну үлесін төмендету мүмкін емес. Мысалы, индивидтің тұтынуынан мемлекеттің қорғаныс қабілеті немесе тәртіпті сақтау сияқты игіліктерді пайдалануын шығарып тастау мүмкін емес.

     Келтірілген мінездемелердің талдауы классикалық қоғамдық игіліктердің санының шекті екендігін сипаттайды. Сонымен қатар жеке және қоғамдық игліктер арасына нақты, анық шек қою өте күрделі. Таза ұжымдық игіліктерге шарттылықтың белгілі үлесінде меншік құқығын қорғауды, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, көшелерді игеруді және т.б. жатқызуға болады. 
Классикалық қоғамдық игіліктер мен жеке игіліктердің арасында көптеген игліктер бар, оларды «толығымен қоғамдық емес» және «толығымен жеке емес» деп сипаттауға болады. Осындай игіліктер «аралас» деген атауға ие және мемлекет арқылы да, жеке сектор арқылы да өндірілуі мүмкін, мысалы, жол құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, фундаментальды ғылыми зерттеулер.  
Қоғамдық игіліктерді ұсыну мемлекеттің экономикаға қаржы және бюджет саясаттарын жүргізу арқылы араласуының объективті алғы шарты болып табылады. Қоғамда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестерге мемлекеттің араласуы өте үлкен көлемде сезіледі. Осы әсер ету шеңберіндегі негізгі мәселе осы жағдай үшін дұрыс болып саналатын нарық пен мемлекеттің рольдерінің қатынасын табу болып есептелінеді. 
П.Самуэльсон сыртқы әсерлер, яғни экстерналиилер экономикалық субъектілер өзінің қызметімен байланысты шығындарды басқаларға «таңғанда» немесе олармен пайда арқылы қамтамасыз етілетін жағдайда пайда болады деп атап көрсетеді .

Информация о работе Әкімшілік әміршілдік жүйе