Әкімшілік әміршілдік жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:29, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Нарық: мәні, құрылымы және постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп – оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
1.1. Нарық түсінігі мен мәні...................................................................5
1.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, құрылымы және элементтері..............................................................................................................7
1.3. Нарық қатынастарының қалыптасуы, даму кезеңдері және қызмет ету принциптері........................................................................................12
ІІ. Қазақстан Республикасында нарықтың постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі жане қазіргі жағдайы
2.1.Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы................................................................................................15
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы.........................................................20
2.3. Нарықтық экономика артықшылығы..........................................22
ІІІ. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері
3.1. Нарықтық экономиканы реттеу әдістері және оның жолдары..25
3.2. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру...................................................................31
Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................35
Қосымша..........................................................................

Содержимое работы - 1 файл

курс.нарық оның мәні,құрылымы.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

  ә) олигополиялық нарықта ез ғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;

  б) монополиялық бәсеке нарығы – еркін  нарық (бәсекелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны  кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте варияциялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.

  «Сатушы нарығы» және «сатып алушы нарығы»  болып та жіктеледі. «Сатушы нарығы»  деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы  жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат алуымен түсіндіріледі. «Сатып алушылар нарығы» деп сатып алушылар көп билікке ие болып, нарықтың субъекті «белсенділігін» сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.

  7

  Атқарылап жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен  нарықты былай жіктейміз: ресми  және ресми емес.

  Нарықты ірі тауар топтарына қарай  – азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім, телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады: нан өндіру нарығы, үй және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз: тігін (өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шөлке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз байланысты.Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес, қаржылық, руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы ұлттық ішкі нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады. Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары - өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын қалыптастырады.

  Нарықтың  рөлі жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі. Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші рөль атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші рөлін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші ролін жоюға алып барады.

  Нарықтың  келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен насиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.

Нарықтың  қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбекті  материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

    Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық,әлемдік нарық.

    Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асырып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар  
 

8

арасындағы  байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның 

экономикалық  қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежүзілік нарық қалыптасуда.

     Қазіргі ішкі нарық – түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы: өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату-сатып алу немесе өндірістік факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.

    Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлінісіне қарай топтасқан елден құралған нарығы – еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз: дамыған нарық, қалыптасатын нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке). Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:

  а) мемлекеттік нарық – бір субъектінің  бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқада  субъектілер болуы мүмкін. Олардың  өндірістегі үлесі аса көп  емес, сондықтан монополиялық бағаны өзгертуге шамасы келмейді;

  ә) олигополиялық нарықта ез ғана сатушылар  іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы  тауар бағасына әсер етуі мүмкін;

  б) монополиялық бәсеке нарығы – еркін  нарық (бәсекелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны  кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте варияциялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.

  «Сатушы нарығы» және «сатып алушы нарығы»  болып та жіктеледі. «Сатушы нарығы»  деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат алуымен түсіндіріледі. «Сатып алушылар нарығы» деп сатып алушылар көп билікке ие болып, нарықтың субъекті «белсенділігін» сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.

  Атқарылап жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен  нарықты былай жіктейміз: ресми  және ресми емес.

  Нарықты ірі тауар топтарына қарай  – азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім, телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады: нан өндіру нарығы, үй және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз: тігін (өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шөлке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық  
 

9

сегменттерінің  дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен  байланысты және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз

байланысты.Адамзат  қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес, қаржылық, руханияттық  және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы ұлттық ішкі нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады. Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары - өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын қалыптастырады.

  Нарықтың  рөлі жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі. Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші рөль атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші рөлін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші ролін жоюға алып барады.

  Нарықтың  келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен насиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.

  Нарықтың  қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

  Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элеметтерінің болуын талап  етеді. Осылардың жиынтығы нарық  жүйесін құрайды.

  Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады – біреулері тауарды өндіреді., екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.

  Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс  орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

  Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға  
 

10

сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің

сферасын  баға анықтайды. Осы сфераның шегін  трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шеғындары болжайды.

    Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны – екі құрылымнан, сұраныс және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

    Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздеоініңқара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

    Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

11

1.3. Нарық  қатынастарының қалыптасуы, даму кезеңдері және қызмет ету принциптері

  Нарықтық  экономика – ертеден  келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының  өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы  айырбас пен қоғамдық  еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының  дамуын мынадай неғізгі кезеңдерге  бөлуге болады:

  • нарық элементтерінің пайда болуы;
  • натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
  • тауар баламасы  кезеңінің нарығы;
  • тауар емес балама кезеңінің нарығы;

Бірінші кезеңінде  айырбас  операциялары тұрақсыз, кездейсоқ  болады, олар өндірістің  шарттары  болып табылмайды. Құндық  қатынастар  әрбір жеке  сауда  саттық  көріністерде  кездейсоқ болады.

Екінші  кезеңдегі  тауар қозғалысын мына формула   бойынша  Т1-Т2       көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің  шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық  қажетті шығындар  категориясы қалыптасады. Құнның  субстанциясы әлде болса  тауарды бір түрімен  біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза  құнның иеленушісі  болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

Үшінші  кезеңдегі   тауар тепе-теңдігі мына айырбас   формуласы бойынша   Т1 -Т2,  балама   Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа  балама тауардың  бір түрі тән.Ол  ерекше тұтыну  қасиетіне байланысты  әрдайым ортасынан ағысып шығып  қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн  өзінің иленушісінің белгілі  бір  заттық формасымен біртұтас болып  бірігіп  кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре  алмайтын  шығындық емес деп бөлінетін құрамалары  байланады. Дүниежүзілік  нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін алатын  атқара бастайды.

Информация о работе Әкімшілік әміршілдік жүйе