Әкімшілік әміршілдік жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:29, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Нарық: мәні, құрылымы және постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп – оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
1.1. Нарық түсінігі мен мәні...................................................................5
1.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, құрылымы және элементтері..............................................................................................................7
1.3. Нарық қатынастарының қалыптасуы, даму кезеңдері және қызмет ету принциптері........................................................................................12
ІІ. Қазақстан Республикасында нарықтың постсоциалисттік экономикада қалыптасу механизмі жане қазіргі жағдайы
2.1.Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы................................................................................................15
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы.........................................................20
2.3. Нарықтық экономика артықшылығы..........................................22
ІІІ. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері
3.1. Нарықтық экономиканы реттеу әдістері және оның жолдары..25
3.2. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру...................................................................31
Қорытынды..........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................35
Қосымша..........................................................................

Содержимое работы - 1 файл

курс.нарық оның мәні,құрылымы.doc

— 348.50 Кб (Скачать файл)

Басқа экономикалық субъектілерге әсер ету  нәтижесі бойынша экстерналииді  оң және теріс деп бөлуге болады: сыртқа әсерлер, егер де олар сыртқы субъект  үшін өнімділік пен пайдалылықты ұлғайтса оң деп есептелінеді және керісінше теріс сыртқы әсерлер оны төмендетеді. Сыртқы әсерлердің болуы сонымен қатар теріс сыртқы әсерлерді төменгі дәрежеге, ал оң сыртқы әсерлерді ең жоғарғы дәрежеге жеткізетін, экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігінің негізі болып саналады. Көптеген жағдайларда теріс сыртқы әсерлер қоғам үшін қауіпті қорқыныш тударатын экология мәселелерімен байланыстырылады. Мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты ретіндегі ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін ең жоғарғы дәрежеге жеткізу қажеттілігі мен қоршаған ортаны қорғау тапсырмалары арасында қайшылықтар бар. Экономикалық глобализациялаудың күшеюі жағдайында оның толығымен жойылуы мүмкін емес. Сонда да осы жағдайдың күшін бюджет-салық механизмдерін белсенді қолдану арқылы азайтуға болады.

Қоршаған  ортаны ластаумен байланысты теріс  экстерналиилерді ең төменгі дәрежеге жеткізу Қазақстан үшін қазіргі  таңда өзекті мәселе, өйткені оның экономикасының бәсекелестік артықшылығы  металдар өндірісімен, мұнай  
 

17

өңдеумен, химия өнеркәсібімен байланысты, олар экология үшін өте қауіпті болып саналады және қоршаған ортаны қорғауға маңызды салымдарды талап етеді. Бірақ та қазіргі таңда мемлекеттің де, жеке секторлардың да табиғатты қорғау шараларына жұмсап отырған шығындар көлемі мардымсыз және олар мәселенің көлеміне сай келмейді. Сыртқы әсерлерді интернализациялау

бюджет  саясатының құралдарын икемді пайдалануды  қарастырады, оның ішінде: 
• экологиялық жобаларға «мультипликациялық» әсер беретін және қазақстандық экономиканың бәсекелестік позициясын нығайтуға әсер етуге қабілетті тікелей мемлекеттік инвестициялар;

• экологиялық  жобаларды және осы сферада алғы технологияларды жасауды қаржыландырудың  қайнар көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін табиғат рентасының деңгейін көтеру.

   Нақты экономикалық жағдайларда барлық теріс әсерлерді интернализациялайтын идеалды нарық және тек қана оң сыртқы әсерлерді өндіретін мемлекеттік саясат та болмайды. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің тапсырмасы әрбір жағдайға нарықтық күштер мен мемлекеттік әсер етудің адекватты жағдайын таба отырып, теріс сыртқы әсерлерді ең төменгі деңгейге және ең әсерлерді ең жоғарғы деңгейге жеткізу болып табылады.

Бәрімізге белгілі жағдай нарықтық экономикада  мемлекеттік реттеу тікелей әрі  жанама тәсілдер арқылы жүргізіледі. Әсер етудің тікелей тәсілдеріне әкімшілік-құқықтық реттеушілер, жанама тәсілдерге - қаржылық тәсілдер жатады. Тікелей тәсілдерді мемлекеттің қаржылық саясатын жүргізу үшін институциональды фундамент ролін атқарады.

Мемлекет  алдында нарықтық «кемшіліктерін» реттейтін және осылайша экономикалық дамуға ықпал ететін бюджеттік саясатты жүргізу тапсырмасы тұрады. Сонымен қатар мемлекеттің әсер етуі қалаған нәтижеге жетуге әкелмейді, ол мемлекеттің өзінің «кемшіліктері» әсерінен болуы мүмкін, ал ол ең алдымен ақпараттарды біркелкі бөлмеумен, саяси процестің жетілмеуінен, бюрократияның әсерімен және уақытша лагпен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан бюджеттік саясатты жүргізу оның тиімділігінің мониторингі мен мүмкін негативті жағдайларды жою жөнінде шараларды мерзімінде жүргізуді қарастырады.

Экономикасы дамыған елдерде 20 ғасырдың екінші жартысында жүргізілген экономикалық саясат мемлекет ролінің күшеюін  объективті де және субъективті де факторлармен шарттаған. Бір жағынан, экономикаға мемлекеттік әсердің күшеюі мемлекеттің бұрын оның көңіл аудару сферасынан тыс қалған жаңа мәселелерді шешуді өзіне алуымен түсіндіріледі. Экспортты мемлекеттік қолдаудың институттарын құру және дамыту, жоғарғы білімді еңбек ресурстарын қалыптастыру, экономикалық субъектілер үшін ақпараттың қол жеткізу мүмкіндігі мен анықтығын қамтамасыз ету - мемлекет қызметінің осы аспектілері экономикалық субъектілер үшін күнен күнге маңызды болуда. Келесі жағынан, көптеген  
 

18

жағдайларда бюджеттік қаржыландырудың ұлғаюы бюрократия үшін «тегін» бюджеттік қаражаттарды алу мүмкіндігімен байланысты, ал ол ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындардың үлесінің өсуіне және экономикалық өсуге маңызды кедергі келтіретін салық ауыртпашылығының ұлғаюына әкеледі. 
Экономикаға мемлекеттің шектен тыс араласуы көптеген жағдайларда өзін өзі реттеудің нарықтық механизмінің әлсіреуімен және шектен тыс бюрократиямен байланысты негативті әсерлерге әкелді, бірақ та экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі күман келтірмейді. Мемлекетті нығайту және мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін көтеру мәселелері Қазақстан үшін де өте өзекті мәселелердің бірі, ол нарықтық институттарды қалыптастыру қажеттілігімен, әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрумен, жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын шектен тыс әкімшілік кедергілерін жеңілдетумен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамсыз етумен байланысты. 
Қазақстан экономикасы өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан әлемдік экономикаға интеграцияланады, одан мемлекет тек қана табыс қана алып қоймайды, сонымен қатар осымен байланысты қиыншылықтарды да сезінеді. Бұл мемлекеттің экономикалық жүйесінің өзгеруіне одан әрі қатысу қажеттілігін күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік араласу механизмдерінің өзінің қазіргі заманғы глобальды экономика талаптарына сай тиімділігін көтерудің қажеттіліктерін туындатады. 
Мемлекетті нығайтудың тапсырмаларын шешудің қажеттілігі Қазақстанда болып жатқан жағдайлар арқылы анықталады:

• қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануының жеткіліксіздігі;

• жеке кәсіпкерліктің әлсіздігі, сонымен қатар меншік иелерінің құқығын қорғаудың сенімді механизмдерінің болмауы;

•    экономиканың шектен тыс бюрократтылығы;

• нарықтық трансакцияға қатысушылар арасындағы қатынастардың криминалдылығы. 
Қазақстанда мемлекетті нығайту тапсырмасы әр түрлі шаралар кешенін қарастырады. Сонымен қатар дамыған нарықтық экономиканы құруға керекті институционалды қайта құрылымдар реформалардың шешуші элементі болып саналады. Қазақстанда нарықтық құрылымдардың тиімділігіне негізгі шектеуші ретінде қоғамдық игіліктерді өндіру мен экономикалық дамудағы қолайлы жағдайларды қалыптастыру арқылы сипатталатын, нарықтық экономикадағы мемлекеттің базалық қызметтерін қаржылық реттеудің институттарының сәйкес келмеуі есептелінеді. Сондықтан бюджет саясатын жүргізуде, оның тиімділігінің мониторингі мен болуы мүмкін негативті салдарларды дер кезінде жою шараларын қарастырады.
 
 
 
 

19

2.2.  Нарықтың инфрақұрылымы

     

       Нарықты зерттеу және сегменттеуға қажетті элементтердің бірі-оның инфрақұрылымы. Ол нарықтың дамуын және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін институттардың жиынтығы түрінде көрінеді.

Нарықтың  инфрақұрылымы:

  • аукциондар консультациялық-делдалдық фирмалар
  • биржалық және брокерлі кеңселер бизнестің коммерциялық орталықтары
  • банктер сақтық және аудиторлық компаниялар
  • коммерциялық орталықтар және компаниялар жарнама-ақпараттық қызмет
  • мемлекеттік резервті және сақтық қорлары қойма, элеватор, тоңазытқыш, ыдыс-қап және транспорт шаруашылықтары, ауылшаруашылық өнімдерін сақтау орындары
  • мемлекеттік салық комитеті сауда үйлері
  • ағалы қағаздарға бақылау жасайтын инспекция маркетингтік зерттеу орталықтары
  • құқықтық қорғау органдары көтерме сауда орталықтары
  • лизингтік компаниялар кадрларды даярлау орталығы
  • кедендік қызмет жәрмеңкелер
  • бағалар мен стандарттарға бақылау жасайтын мемлекеттік оркан өндірушілердің әртүрлі бірлестіктері
  • тұтынушыларды қорғау орталықтары тағы басқалары

Дамыған нарықты инфрақұрылым кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді едәуір жеңілдетеді. Көтерме сауда-бұл бір фирманың екіншісіне тауарлардың ірі партиясын сатуы. Сауда және өнеркәсіп кәсіпкерлері мен сауда-коммерциялықтардың арасында,сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарымен жүргізіледі.Әдетте бұл дәстүрлі көтерме сауда орталықтарында жүзеге асады: арнайы көтерме нарығында, жәрмеңке, аукцион және тауар биржаларында. АҚШ-да 420 мыңға жуық көтерме сауда орталықтары бар және олар жалпы көлемі екі триллион доллардан астам сауда көлемін жүргізеді.

Көтерме қызметті ұйымдастырудың жалпы үш категориясы  бар: өндірушілердің көтерме қызметі; өз бетінше іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі; өз бетінше  іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі; агент пен брокерлер арқылы көтерме қызмет.  
Көтерме сауда-бұл тұтынушыға тікелей көтерме саудагерлердің тауарды саудагерлердің тауарды сатуы.

Сауданың  ең маңызды объектілеріне өз ассортиментті  арнайы магазиндер, сондай-ақ универсам, универмаг, кең профилді универсамдар жатады. Соңғы аталған объекті қалыпты универсамның сауда көлемі мөлшерінен асып түседі және сатып алушыларды тамақ өнімдерімен толық қанағаттандыруға  
 

20

арналады. Сонымен қатар сауда кешендері  бар, олар өздеріне универсам мен бөлшек қойма –магазиндерін ендіреді. Бөлшек сауда саласында дүкеннен басқа әртүрлі қызмет көрсететін бөлшек кәсіпорындар да жатады: клуб, мейманхана, асхана, шаштараз, киім тазарту мекемесі т.б.  
Бағалы қағаздар сауда-саттығының орталығы қор биржасы болады. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті катаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын тұрақты орын. Биржалық комиссия экспертизасынан мұқият өткен, айналымға шығарылып, оны реттеп отыратын қағаздарды қайта сатады. Сөйтіп қор биржасы екінші аталатын бағалы қағаздар нарығына қызмет жасайды. Қор биржасы нарықты зерттеу және сегменттеудің негізгі элементі бола отырып, уақытша босаған ақша қорларын бағалы қағаздар арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ компаниялардың акциясы мен облигациясына нарықты құнды белгілейді. Бағалы қағаздарды биржада сату мен сатып алу биржалық курс негізінде жүзеге асады.

      Биржалық курс дегеніміз-қор биржасы айналымындағы бағалы қағаздың сатылу бағасы. Биржалық курс дивиденд көлеміне тікелей, ал қарыз пайызының мөлшеріне кері байланысты болады. Биржалық курстың кәдімгі акциясы облигация мен жеңілдетілген акцияға қарағанда көп болады. Оның табыс деңгейі алдын-ала белгілі емес, себебі конъюктураның тербелісіне ұшыраған. Тіркелген биржалық курс биржалық бюллетенде жарық көрі, мерзімді басылымда қайта шығарады. Мұндай курс сұраным мен ұсынымға байланысты және оған төленетін дивиденд мөлшерінің әсері де ықпал етеді.  
Қор биржасы көп жағдайда жабық болады. Себебі қор саудасында қор мүшелері ғана қатыса алады. Қор мүшелері маклер мен диллерге бөледі. Олар табысының бір бөлігін биржада клиенттер тапсырмасын орындап, делдалдық операция жасау арқылы табады. Биржа мүшелерінің құрамынан биржа комитеті сайланып, арнайы комиссия ұйымдастырылады. Комиссия бағалы қағаздарды биржа операциясына жіберу туралы шешім қабылдайды.  
Бағалы қағаздар-иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ.

Бағалы  қағаздардың түрлері келесі:

  • депозиттік сертификат;
  • жинақтық сертификат;
  • чек;
  • вексель;
  • аудармалы вексель (тратта);
  • акция;
  • облигация.
 
 
 
 

21

2.3. Нарықтық экономика артықшылығы

      Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Нарық экономикасының бірінші элементі

      Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Информация о работе Әкімшілік әміршілдік жүйе