Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 15:41, курсовая работа
Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктердің бүкіл жиынтығын кейде планетамыздың генетикалық қоры деп атайды. Ол миллиондаған жылдар барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырды. Жер бетінде адам баласы қызметінің дамуына байланысты организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Мұнда ең алдымен хайуанаттар қатты зардап шекті, өйткені адам баласы аң аулаудың алуан түрлі тәсілдері мен құралдарын ойлап тауып, олардың көптеген түрлерін қауырт жоя бастады. Орман-тоғайларды кесіп, далаларды айдап-жыртқандықтан сансыз көп аңдар мен құстардың мекендеу жағдайы күрт өзгеріп кетті.
Кіріспе...........................................................................................................3
І. Өсімдіктер әлемін қорғау және пайдалану
1.1. Қорғауға жатқызылатын өсімдіктер әлемі ........................................5
1.2. Өсімдіктерді қорғау мен пайдаланудың жолдары ........................... 7
ІІ Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
2.1. Кәсіптік маңызы бар сирек кездесетін хайуанаттар әлемі............. 12
2.2.Хайуанаттарды қорғау мен пайдаланудың халық
шаруашылық және экономикалық маңызы.......................................19
ІІІ. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен хайуанаттар
әлемін қорғау мен пайдалану мәселелері.
3.1. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен
хайуанаттар әлемі............................................................................... 24
Қорытынды.................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................30
3. Мемлекеттік табиғи саябақтар;
4. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
5. Мемлекеттік қорық өңірлері;
6. Мемлекеттік табиғи корықшалар;
7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар;
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар;
9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар;
10. Мемлекеттік корғалатын табиғи аумақтардың ормандары;
11. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су коймалары;
12. Халықаралык
маңызы бар сулы-батпақты
13. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды үлескілері
Батыс Қазақстан облысы аумағында сирек және жойылып бара жатырған дала жануарлары мен хайуанаттардың 53 түрі бар олар: сүтқоректілер - жұпар тышқан, алып көртышқан, ормансусары, европа қара күзені, шұбаркүзен, құстар - қызғылт бірқазан, сары құтан, кішкене ақ құтан, жалбағай,қарабай, қара дегелек, кәдімгі көкиқаз, сұнқұлдақ аққу, кішкене аққу, қызылжемсаулы қарашақаз, мөрмөр шүрегей, кәдімгі тұрпан, ақбас үйрек, ақ тырна,ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, жекдаудақ,тарғақ, аққұйрық тарған, кішішалшықшықылан қарбас шағала, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, кезқұйрықты субүркіт, аққұйрықты субүркіт, жұртшы, ақ сұнқар, ителгі,лашын, тұрымтай, үкі; балықтар-еділ майшабағы, каспий албырты, ақ балық, күтім; дөнгелек ауызды - каспийминогасы
Жануарлар дүниесінің табиғи сандары мен әртүрлілігі жойылу қаупі бар және сирек түрлерінің санатына жатқызу адамдардыңшаруашылық қызметтерінің жағымсыз әсерінің қортындысы болып табылады. Жануарлардың санының азайуына көптегенфакторлар әсерін тигізеді. Бұл барлау және пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары,астықты және жер жырту, жануарлар және балық ресустарын алуға шамадан тыс лимитберу, өндіріс қызметерінің зияндышығындарының қоршаған ортаны ластауы, орман және дала өрттері, өсіптұрған қоғалар мен қамыстарды жаппай жоюы, кішкене өзендерді бөгеу, далажануарларының және құстардың көбейуі және өсу кезінде қоректенуі орындарына адамдардың болуы және тағы басқалар.
Жануарлар
әлемін қорғау жөнінде қорықты ұйымдастыру
табиғат кешенін аман-сау
Қаумал аумағы жайылмасында Орал өңірінің
далалық табиғи кешенінің бірегей тамаша
еменді және үйеңкі ормандары сақталған.
Олар жануарлар мен өсімдіктердің сирек
түрлері үшін керемет жағдайлар жасады,
олардың көбісі тек Батыс Қазақстанда
ғана кездеседі.
Орал өңірінің далалық табиғи кешенінің бірегей тамаша еменді және үйеңкі ормандары сақталған. Олар жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлері үшін керемет жағдайлар жасады, олардың көбісі тек Батыс Қазақстанда ғана кездеседі.
Өсімдіктер әлемі өте қызықты. ҚР Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің көптеген түрлері таратылып қана қоймай, сансыз көбейген. Мысалы: емен, қурай, қабыржақ, бүлдірген, алма ағашы, қарақат, мойыл ормандарды құрайды. Бұнда облыстағы сирек өсімдік түрлеріне: бетір, шыбынсалы, қосбас, шерменгүл, сүйелшөптер тән.
Бударин зоологиялық қаумалы жануарлар мен құстардың сирек түрлері: европалық қара күзен, орман су сарысу тышқандар, аққұйрық суқарақұс, құрды сақтап қалу мен өсіру үшін, қорықты мекендейтін жануарлар әлемінің табиғи ортасын сақтауға, сонымен бірге басқа жануарлар түрлері: қабан, қоян, түлкі, қарсақ, бұлан, елік, борсықты өсіру мен пайдалануға ұйымдастырылды.
Қоршаған ортаны, өндіріс жағдайларды
жақсарту және Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін
және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен
жануарлар түрлерін қорғау мақсатында
Батыс Қазақстан облысында ерекше қорғалатын
7 табиғи аумақ құрылды.
«Дубрава» жергілікті маңызы бар мемлекеттік
ботаникалық қаумалы
Теректі ауданы Жамбыл ауылының солтүстік
бетінде Орал өзенінің сол жақ жағалауында
орналасқан. Көлемі 6 га жерді алып жатыр.
Бұл қорық облыста теңдесі жоқ емен, жаңғақты
ормандарды және қоңыраугүлдер, прапорник-орляк,
страусопер, биік қараңдыз және басқа
да сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау
мақсатында құрылды. Емендердің биіктігі
15-20 метрге дейін жетеді. «Большая Ичка»
жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіші
Бұл ескерткіш табиғи ландшафты сақтау
мақсатында құрылды. «Большая Ичка» Тасқала
ауданында орналасқан. Көлемі 175 га. Шығыс
баурайындағы тау баурауындағы бұлақтың
қасында бұталары бар қалақай алқабы сақталған.
Сондай-ақ, орманда сағақты гүлтәжі, жаужапырақ,
батпақты калужница, орман бүлдіргені,
бүлдірген, қара мойыл, қайызғақшөп және
басқа да сирек кездесетін шөптер бар.
Жануарлар әлемінен қыран, суыр, безгелдек,
удод және қоян, түлкі кездеседі.
«Селекционный» жергілікті маңызы бар
мемлекеттік ботаникалық қаумалы
ескерткіші Деркөл өзені мен бетегелі
даланың иінінде Маштаков ауылынан 1,5
шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш тобылғы
және бидайық-арпабас кокорайлары бар
түрлі-түсті бетегелі далалар табиғи кешенін
сақтау мақсатында құрылды.
«Садовское көлі» жергілікті маңызы бар
ландшафтты табиғат ескерткіші
Бұл ескерткіш «Садовское» көлінің бірегей
табиғи кешенін сақтау мақсатында құрылды.
Облыс орталығының солтүстік бетінде
орналасқан. Көл Шаған өзенінің оң жағында
орналасқан, оның ауданы 150 га шамасында
Көл рекреациондық, су қорғау, гидрологиялық және басқа әр-түрлі функцияларды орындайды. Солтүстік және оңтүстік аймақтарында қамысты-қоғалы сілемдер бар. Көлдің ішкі жағында сирек кездесетін ақ теректер бар тал өсетін алқаптар жатыр.
Ақ-Құм» жергілікті маңызы бар ландшафтты табиғи қаумалы Қорық Шыңғырлау және Қаратөбе аудандарының аумағында орналасқан, оның көлемі 9042 га. Бұл қорық сирек кездесетін өсімдіктерді, жануарларды сақтау, қалпына келтіру және өсімін молайту, сондай-ақ құм ландшафтын сақтау мақсатында құрылды. Қуағаш өзені бойын орманды алқаптар, батпақты жерлер, дөңесті құм шұңқырлары және жерасты сулары алып жатыр.
Қараағаш аумағында Қазақстанның Қызыл
кітабына енген алып соқыр тышқан кездеседі.
Қорықтың оңтүстік беткейінде Қарасу
жылғасының бойымен Қаратал орман сілемі
орналасқан. Мұнда папортник өсетін қайың
алқабы, орман айналасында әр түрлі шөп
өсетін көкорай бар. Орман батпақты. Сондай-ақ,
шәңкіш, крушина өседі. Қорықтың солтүстік
аумағында ауданы шамамен 5 га жер Қайыңды
орманы алып жатыр. Оның айналасында әр
түрлі талдар өсіп тұр. Қорықтың батыс
бөлігінде Сегізсай жырасы орналасқан.
Мұнда қайың, көктерек ағаштары өседі.
Төмпешіктердің баурайында құмды желден
қорғап тұратын арша бұталары бар.
«Миргород» жергілікті маңызы бар
мемлекеттік ботаника-зоологиялық қаумалы
Бөрлі ауданының аумағында орналасқан,
көлемі 3950 га жерді алып жатыр. «Миргород»
қорығының өсімдік әлемінде гүлдейтін
өсімдіктердің 365 түрі, ал реликт өсімдіктерінің
төрт түрі бар. Қорықта қызғалдақтар, бетеге
өсетін түрлі-түсті дала жақсы сақталған.
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
қатты қоңырбас өсімдігі тек осы жерде
өседі.
Дала бұталарымен қатар ырғай, ұшқат, жостер,
мойыл тіпті жабайы алманы кездестіруге
болады. Арқалық пен шұңқырдың ең терең
түптерінде шоқылар аралығында қайыңдар
араласқан көктеректі тоғайы бар. Утва
өзенінің иірімінде қорғауға алынған
ақ кувшинка өсімдігі сақталған. Қорық
аумағында сирек кездесетін және жойылу
жағдайы туып отырған құстар мен жануарлар
түрлері: дуадақ, безгелдек, ақбас тырна,
дала қыраны, ал балықтардан: шортан, алабұға,
мөңке балық, қара балық сақталған.
«Орда» жергілікті маңызы бар мемлекеттік
ботаникалық қаумалы Батыс Қазақстан
облысының тек осы жерлерінде ғана жиде
мен нарын теректер тоғайлары сақталған.
Жануарлар әлеміндегі маңызды жануарлардың
бірі - сүтқоректі - ақбөкен де кездеседі.
Олардың саны қыс мезгілінде тығыздала
түседі, кейде бұл құмда қара құйрық жүреді.
Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Батыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған «Экология» бағдарламасы және «Жасыл ел» бағдарламасының іс-шаралар жоспарының жүзеге асыруы үшін, жергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдалануын реттеу мен қамтамасыз ету, орман, балық және аңшылық қорларын қорғауды, сақтауды, өсімін молайтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жергілікті маңызды су нысандарын басқару, экологиялық сараптама жүргізу шаралары іске асты.
Басқарма 20 бірліктен тұратын штат құрамымен
өз қызметін іске асырады және оған саны
408 адамнан тұратын 8 орман, өсімдік және
жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемелер - құрылымдық бөлімшелер
кіреді
Қорытынды
Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.
Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.
Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады. Табиғатты қорғау ісіне тікелей қатынасудың қажет¬\тілігі. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы кұрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат комитеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттал, республикалары экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді.
Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.
Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдады;
әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс.
Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек
оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ
барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін
білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға,
тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен
материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға
ұқыпты болу керек және т.б.