Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 15:41, курсовая работа
Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктердің бүкіл жиынтығын кейде планетамыздың генетикалық қоры деп атайды. Ол миллиондаған жылдар барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырды. Жер бетінде адам баласы қызметінің дамуына байланысты организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Мұнда ең алдымен хайуанаттар қатты зардап шекті, өйткені адам баласы аң аулаудың алуан түрлі тәсілдері мен құралдарын ойлап тауып, олардың көптеген түрлерін қауырт жоя бастады. Орман-тоғайларды кесіп, далаларды айдап-жыртқандықтан сансыз көп аңдар мен құстардың мекендеу жағдайы күрт өзгеріп кетті.
Кіріспе...........................................................................................................3
І. Өсімдіктер әлемін қорғау және пайдалану
1.1. Қорғауға жатқызылатын өсімдіктер әлемі ........................................5
1.2. Өсімдіктерді қорғау мен пайдаланудың жолдары ........................... 7
ІІ Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
2.1. Кәсіптік маңызы бар сирек кездесетін хайуанаттар әлемі............. 12
2.2.Хайуанаттарды қорғау мен пайдаланудың халық
шаруашылық және экономикалық маңызы.......................................19
ІІІ. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен хайуанаттар
әлемін қорғау мен пайдалану мәселелері.
3.1. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен
хайуанаттар әлемі............................................................................... 24
Қорытынды.................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................30
Кәмшат — біздің елімізде кездесетін ең ірі кеміргіш. Дене тұрқы 75—120 см, салмағы 20—30 кг. Суда тіршілік етуге жақсы бейімделген. Көзі және құлағы кішкентай, аддыңғы аяғы, артқысына қарағанда қысқа.
Артқы башайларының арасында жүзу жарғактары бар. Терісі ұзын және қатқыл жүндерден тұрады және түбіті жұмсақ келеді. Терісінің түсі әр түрлі, көбінесе ақшыл сарғылт немесе қара болады. Азу тістерінің гүбірі болмайды, қашау тәрізді күрек тістері мықты және өте өткір келеді. Терісінен су өтпеу үшін ол жүнін аналық бездерінен бөлінетін май тәрізді секретпен майлайды. Кәмшат Европада, Азияда және Солтүстік Америкада таралған. Ол Европалық бөлігінде және Сибирьдің кейбір аудандарында кездеседі. Қазақстан территориясында соңғы жылдары кәмшат Жайық өзенінің жағасындағы жапырақты ормандарда кездесе бастады. Бұл жерге ол көршілес Орынбор және Свердлов облыстарының аймактарынан еніп отыр. Әрине, біздін өңірде осындай сирек ұшырасатын және терісі өте бағалы анның кездесуі қуанарлык жай. Тарихи деректерге қарағанда кәмшат біздің еліміздің жерінде бұдан бірнеше ғасырлар бұрын кең таралған және терісіне бола ауланатын негізгі аңның бірі болған. Мәселен, XV ғасырда ол Қазақстанда - Жайык өзенінің төменгі сағасында, Ойыл өзенінде, Ембі бассейнінде және Ертіс өзенінде кездескен. Соңғы жерде ол тіпті XVIII ғасырда тіршілік еткен. Ертеде терісі өте кымбат кәмшатты аяусыз аулап және қорын есепсіз жою салдарынан оның саны азайып кеткен. Біздің елімізде XX ғасырдың бас кезінде кәмшаттың жалпы саны шамамен 1 мыңға әрең жететін, сөйтіп ол жер бетінен жойылып кетуге сәл қалды. Бұл кезде кәмшат небары алты-жеті кішкентай жерде ғана сақталады. Белоруссияның, Украинаның, Ресейдін Воронеж облысының, Солтүстік Зауральенін және Тува АССР-нің тек азғантай учаскелерінде ғана қалған болатын. Бұдан соң терісі өте бағалы анды сақтау және көбейту үшін тез арада батыл шаралар қолдану керек болды. Бұрынғы Кеңес өкіметі 1919 жылдан бастап кәмшатты аулауға толық тыйым салды. Сонымен қатар оны корғау максатында бірнеше мемлекеттік корықтар мен заказниктер ұйымдастырылды. Осындай тиімді шараларды іске асырудың нәтижесінде кәмшаттар өсіп-өніп, тез арада саны көбейе түсті. Міне осыдан кейін оларды ертеде мекендеген жерлеріне қайтадан жерсіндіру жұмысы кең қолға алынды. Соңғы 35 жылдың ішінде біраз облыстардың, территорияларына шамамен 11 мың кәмшат жіберілді. Бұл аудандардағы оның жалпы саны 1966 жылы - 45-50 мыңға жеткен. Осы көрсеткіштердің 30 мындайы Ресейде 15 мындайы Белоруссияда, 1,9 мындайы Украинада, 1,8 мындайы Литвада кездескен (Жирков, 1966). Сөйтіп, 30 жылдан аса уакыттын ішінде кәмшаттың саны алғашқы жерсіндірілген кезеңмен салыстырғанда 50 есе көбейіп отыр. Оны қорғау өз жемісін берді.
Кәмшат онша күй тандамайтын аң, сондықтан әр уақытта сумен байланысты неше түрлі қоныстарда мекендейді. Тек оған кажет жағдай - сол мекендейтін сулар кыста қатпайтын және коректенетін өсімдіктер болу керек. Ол, әсіресе орманды алқаптарда жәй ағатын кішкентай өзендердін, көлдердің және тоғандардын жағаларында жиі қоныстанады. Ал ормансыз аймақтарда сулардың жағасында қалың бұта мен ағаш өсімдіктері бар жерлерде жүреді. Ал тайыз сулар қыста қатып қалатын болғандықтан ол үшін жарамайды.
Кәмшат негізінде өсімдіктермен қоректенетін аң. Мәселен, Ресейдің Воронеж қорығында мекендейтін бұл кеміргіш өсімдіктердің 150 түрімен азықтанады. Ол көбінесе, көк терек, бәйтерек қабығын сүйсініп жейді. Ал шөптесін өсімдіктердің ішінен қоға, қамыс, құрақ, қара өлең (ежеголовка), дүңгіршек немесе сары тұңғиық (кубышка), су лалагүлі (кувшинка) және тобылғы секілді өсімдіктерді азыққа жиі пайдаланады. Әрине, азығының құрамы жер жағдайына және маусымға байланысты өзгеріп отырады.
Кәмшаттар үйшікте немесе інде тұрады. Үйшігінің сыртқы формасы шөп маясының түріне ұқсас келеді. Үйшікті судың жағасына әр түрлі ағаштардың бұтақтарынан салады. Оның қабырғасын балшықпен сылайды. Бұл үйдің орташа биіктігі 1,5 м, табанының диаметрі 3 м, ал шығатын аузы судың астына бірнеше ондаған метрге дейін барады. Іннің ең түбінде орналасқан камера көлемінің диаметрі 1 метрдей, ал биіктігі 0,5 метрдей болады. Кәмшаттар үйшік және іннен баска, плотиналар мен каналдар да салады. Бөгеттерді суы тартылып қалатын немесе онша терең емес сулардың төменгі ағысында азық қоймасы мен жатақ үйшігі орналасқан жерде жасайды. Яғни, сол өзенді төменгі жағынан бойлап бөгет жасап, өзен суының деңгейінің бір қалыпта болуын реттейді. Бөгеттерді жасау үшін бөлек-бөлек кесілген ағаштарды, ағаш бұталарының және сабақтарының кесінділері, балшық және топырақ сияқты құрылыс материалдарын пайдаланады. Ағаштардың бұтақтарын кесек-кесек етіп алып, су ағысына қарсы белгілі тәртіппен жи-настырып қалайды. Кәмшаттардың осындай құрылыс жұмысының нәтижесінде қаланған бөгеттердің ұзындығы кейде 100 метрге дейін, ал олардың биіктігі бірнеше метрдей болады. Осындай биік етіп жасалған бөгеттерде су деңгейі жоғары көтеріледі. Біріншіден, бұл оның жатағына кіретін жолдардың су астында болуын қамтамасыз етеді, екіншіден, оның суда тез козғалуына, құрылысқа және азыққа керекті материалдарды сумен ағызып әкелуіне мүмкіндік жасайды.
Республикамызда тек Үстіртте ғана аздап кездесетін кара кірпінің жойылып кетпеуі-не жағдай жасау керек болып отыр. Ол үшін бұл төңіректе шағын корык ұйымдаетырып, онда үстірт арқарын, карақұйрықты, шөл кекілігін, қара кірпінің қорларының көбеюіне қамкорлық жасау кажет-ақ.
Сондай-ақ Зайсан ойпатынан
Хайуанаттар мен жануарларды қорғау мен пайдалану бойынша Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу ережесі “ Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
Ережеге байланысты Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингі ( бұдан әрі – есепке алу, кадастр мен мониторинг) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды мемлекеттік басқару, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әртүрлілігі мен мекендейтін ортасын сақтау мақсаттарында жүргізіледі. Есепке алу, кадастр мен мониторинг жануарлар дүниесінің жай-күйі мен географиялық жағынан таралуы, мекендейтін ортасы, саны, жүйелі түрде байқаулардың нәтижелері туралы мәліметтердің жиынтығын, оларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы ақпаратты және басқа да деректерді қамтиды.
Жануарлар дүниесін есепке алу,
аң аулау обьектілеріне
Қазақстан Республикасының
Жануарлар дүниесін есепке алу мемлекеттік экологиялық сараптамамен келісілген және тиісті уікілетті орган бекіткен бірыңғай әдістемелер бойынша жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесін есепке алу деректері Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесінің кадастры мен мониторингін жүргізу үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесінің кадастрын құрайтындар мыналар болып табылады:
1) жануарлар дүниесінің гендік қор кітабы – ғылы және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді. Ол жануарлар дүниесін есепке алудың және оның кадастрының бірыңғай зоологиялық негізін қамтамасыз етеді және мынадай:
республика фаунасының құрамы;
жануарлар түрлерінің ( түрлер топтарының ) жүйелік жағдайы, олардың ғылыми атаулары туралы мәліметтерді;
жануарлардың таралуы және олардың саны;
экологиялық жүйелері мен популяцияларының таралуы жай-күйінің өзгері үрдістері;
жануарларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы мәліметтерді қамтиды,
2) аң аулау обьектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің және өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерінің кадастр кітаптары - өздерінің ауақтық органдары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласндағы уәкілетті орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;
3) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің кадастры кітабы - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар түрлері туралы өздерінің аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін деректернегізінде уәкілетті органдар және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;
4) жануарлар дүнисін пайдаланушылардың жылдық есептері;
5) жануарлар санын есепке алу материалдары
Жануарлар дүниесінің кадастры цифрлық геоақпараттық жүйелер негізінде жүргізіледі және Қазақстан Республикасы табиғи обьектілерінің мемлекеттік кадастрлары бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Кадастр кітаптарын жүргізудің нысандары мен тәртібін тиісті уәкілетті орган айқындайды.
12. Кадастрлар шеңберінде алынған жануарлар дүниесі обьектілерін есепке алу мен тіркеу нәтижелері Қазақстан Республикасы табиғи обьектілері мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесіне тегін беріледі.
Жануарлар дүниесінің
2.2.
Хайуанаттарды қорғау
мен пайдаланудың халық
шаруашылығы мен экономикалық
маңызы
Табиғат байлығын қорғау, қадірлей білу мәселесі - бұл бүкіл жер шары үшін аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Сан-салалы табиғат байлықтарының бірі — жануарлар дүниесі. Қазіргі кезде дүние жүзінде тек сүт қоректілердің 3,5 мың түрі, канаттылардың 8,6 мың түрі кездеседі. Соның ішінде біздің елімізде андардың 332 (9,4%) түрі мен құстардың 750 (8,7%) түрі бар. Осы табиғат байлықтарын сактап, халык шаруашылығына пайдалану үшін дүние жүзінде әр түрлі ша-раларды жүзеге асыруда. Біздің еліміздегі табиғат қорғау шаралары жануарлар дүниесін одан әрі молайтуға, көбейтуге мүмкіндік беру-де. Хайуанаттардың бағалы және сирек кезде-сетін түрлері мемлекеттік қорықта бағылады. Бұрынғы Кеңес Одағындағы қорыктардың саны 100-ге жуық болса, соның бесеуі біздің республикамызда орналасқан. Сондай-ақ кейбір саны аз пайдалы жабайы хайанаттарды әуесқойлық және кәсіптік түрғыдан атуға Кеңестер Одағында басқа елдерге қарағанда әлдеқайда жақсы қолға алынған. Сонымен қатар сонғы жылдары да республика көлемінде жануарлар мен хайуанаттар дүниесін қорғауға арналған каулы-карарлар мен зандар қабылданды. Олардың катарына 1972 жылы шілде айының аяғында кабылдаған браконьерлерге қарсы күресті күшейту туралы каулы жатады. Бұл каулыда табиғаттың басқа да байлыктарымен катар, хайуанаттар дүниесін қорғау туралы зандарды қатаң сақтау атап көрсетілген. Сондай-ақ хайуанаттар дүниесін корғау және оны өркендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыру міндеттеріне ерекше мән берілген. Бұлардың бәрі де туған ел, Отан көлемінде бар хайуанатар дүниесін одан әрі корғап, көбейте беруге тікелей бағытталған аса маңызды құжаттар екендігі белгілі.