өсімдіктерді қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 15:41, курсовая работа

Краткое описание

Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктердің бүкіл жиынтығын кейде планетамыздың генетикалық қоры деп атайды. Ол миллиондаған жылдар барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырды. Жер бетінде адам баласы қызметінің дамуына байланысты организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Мұнда ең алдымен хайуанаттар қатты зардап шекті, өйткені адам баласы аң аулаудың алуан түрлі тәсілдері мен құралдарын ойлап тауып, олардың көптеген түрлерін қауырт жоя бастады. Орман-тоғайларды кесіп, далаларды айдап-жыртқандықтан сансыз көп аңдар мен құстардың мекендеу жағдайы күрт өзгеріп кетті.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................3

І. Өсімдіктер әлемін қорғау және пайдалану
1.1. Қорғауға жатқызылатын өсімдіктер әлемі ........................................5
1.2. Өсімдіктерді қорғау мен пайдаланудың жолдары ........................... 7
ІІ Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
2.1. Кәсіптік маңызы бар сирек кездесетін хайуанаттар әлемі............. 12
2.2.Хайуанаттарды қорғау мен пайдаланудың халық
шаруашылық және экономикалық маңызы.......................................19
ІІІ. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен хайуанаттар
әлемін қорғау мен пайдалану мәселелері.
3.1. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен
хайуанаттар әлемі............................................................................... 24


Қорытынды.................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................30

Содержимое работы - 1 файл

айдана 2.doc

— 314.50 Кб (Скачать файл)

     1962 жылы табиғат корғау қоғамының қазақ бөлімшесі құрылды. Міне, осы қоғам казір іргесін кеңейтіп, облыстар мен аудандар да арнаулы ұйымдар кұрды. Мәселен, казір оның 14 облыстык, 58 қалалык, 192 аудандык, бөлімшелері мен 13184 ауылдық немесе бастауыш ұйымдары бар. Олардың 1,5 миллионная астам мүшесі бар. Сонымен қатар жер жердегі табиғат қорғау қоғамынын жұмысыиа ғалымдар мен мамандар, туған өлкесін жанындай жақсы көретін адамдар, табиғаттың жас достары белсене қатысады.

    Қазір педагогтық жоғарғы және орта арнаулы білім беретін оку орындарында табиғат корғау такырыбына 10 сағаттык факультативтік сабақтар өткізіледі. Мектептер мен оку орыңдарында «Адам өзін қоршаған ортаның табиғатын калай өзгертеді», «Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер және оларды қорғау» және тағы баска такырыптарда лекциялар оқылып, «Құстар күні», «Гүлдер күні», «Көктем күні» сиякты арнаулы күндерді мектепте мейрам есебінде өткізу әдетке айналған. Мұның өзі жастарымыздың табиғатқа қызығуын арттырып, оны сүюге баули түседі.

     Хайуанаттардың жанама пайдасынан басқа, олардың көптеген түрінің экономикалық маңызы да өте зор. Кәдімгі жай қорғау шаралары жәрдемі мен бағалы және сирек кездесетін хайуанаттарды сақтап кана коймай, тіпті олардың санын кәсіптік тұрғыдан аулау мөлшеріне дейін жеткізуге болатыны тәжірибе жүзінде көрініп жүр. Бұған жақсы дәлел - елімізде бұлғын, акбөкен, құлан және кәмшат корының көбейіп келе жатқаны. Біздің елімізде бұл андарды 30—40 жылдай атуға тыйым салудың нәтижесінде құланның саны 10—12 есе, ақбөкеннің саны 100 есе, бұланның саны 3,5 есе және кәмшаттың саны 50 есе өсіп отыр. Мұнда жыл сайын осы көрсеткіштің біраз мөлшері хайуанат саны өскен соң жоспармен ауланып, 20 миллион тоннадай ет дайындалады, жүздеген мың шаршы метр тері және бірнеше жүз тоннадай дәрі жасалатын шикізат өндіріледі. Тек осы тұяқты аңдарды аулаудан мемлекетке жылына миллиондаған теңге пайда келеді. Ал бұлғын, кәмшат сиякты құнды тері беретін аңдардан түсетін табыс 15—20 миллионға жетеді. Сондай-ак, мемлекетке жыл сайын орман кұстарының еті тапсырылады. Міне, пайдалы хайуанаттарды қорғаудың нәтижесі осы мысалдардан-ақ көрініп тұрған жок,па! Аңшылық осындай асқан зор материалдық бағалы шикізаттар беретін халық шаруашылығының үлкен саласы.

    Қорғауға алынған жануарлар түрлерінін толық сақталуы ен, алдымен олардың мекендейтін жерлерінің тұрақты болуына тығыз байланысты. Егер олардың мекендейтін қоныстарында өмір сүруге керекті жағдайлар болып, әрі осы жануарлар түрінің өсімталдығы басымырақ болса, онда толық корғауға алынған олардың саны тез көбейеді. Бұған жоғарыда аталған бұлғын, ақбөкен, бұлан және кәмшат секілді андар айқын мысал.

    Табиғат байлығының қажет қазынасын сактаудың негізгі базасы - қорық ұйымдастыру. Мәселен, Беловеж орманының қорығы кезінде зубрды, Бадхыз қорығы кұланды, Сухат-Әлі мен Судзухин қорыктары теңбіл бұғылар, маралдар мен уссурий жолбарысы сияқты сирек кездесетін хайанаттарды сақтап қалды. Мұндай қорықтар біздің республикамызда да бар. Мәселен, Қорғалжын қорығының дүние жүзінде сирек кездесетін қызыл қазды сақтауда, қорғауда рөлі өте зор. Бірақ біздің республикамызда қорық өте аз. Мысалы, ГДР-да барлык, жер көлемінің 2,4 %, ал Чехословакияда 1,13 % қорыққа бөлінген. Былай қарасаң Қазақстанның жерінен ГДР-дің жері 25 есе, Чехословакияның жері 21 есе кіші. Сондай-ақ Англияда қорықтарға 4 процент, Жапонияда 4,22, Оңтүстік Америкада - 2,5, Жаңа Зеландияда 5,93 процент жер бөлінген. Ал, Болгарияда 100 мың шаршы километр жерге 27, Полыпада 11 корық пен табиғи бақ орналасқан. Тіпті кішкентай Уганда елінде ғана 15 қорық бар. Мұнда соңғы жеті жылда мемлекеттік қазынаның аң аулау лицензиясын, жабайы хайуанаттар етін, пілдің азу тісін және жануардың терісін сатудан алған түсімі төрт есе көбейді. Қазақстандағы бар болғаны 5 қорықтың жер көлемі республикамыздағы барлық жердің 0,15 процентіне ғана тең. Бұл жерде айтып кететін бір өкінішті жағдай - бізде осы аздатан қорықтың жұмыстарын көңілдегідей ұқсатып күте алмай отырмыз. Бұл мемлекеттік қорықтардың кейбіреуінің территориясында әлі күнге дейін малдар бағылады, шөп шабады, қамыс орады, мал шаруашылығы құрады, демалыс үйлерін салады. Сондай-ақ аулауға рұқсат етілмеген хайуанаттарды аулаушылык фактілері де орын алуда. Кейбір қорықтағы көлдерді суландыру үшін оған су жіберу мәселесі де дер кезінде шешілмеуде.

   Қазакстан жері еліміздегі табиғи ресурстары мол, бай өлкелердің бірінен саналады. Кең-байтак республика жерінде құнды тері, дәмді ет, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жабайы жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Мәселен, оған балықтың - 150, кұстың - 481 және сүт қоректілердің - 156 түрінің өмір сүретіндігін айтсақ та жеткілікті. Елімізде табиғат байлықтары үнемі корғауға алынып, олардың қорының молаюына шаралар жасаудың нәтижесінде ақкұстар түрінің саны өсіп, халық шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік туғызып отыр. Мәселен, қазіргі кез-де Қазакстан бойынша жылына бағалы аң терісі, ақбөкен еті дайындалатынын айтсак, бұл біздің сөзімізді дәлелдей түседі. Сондай-ақ күзгі маусымда құстардың 140-тан аса түрі ауланады. Оны аулайтын аңшылар одағының мүшелері. Республикада 100 мыңнан асатын жергілікті аңшылар одағының мүшелері бар. Олар жыл сайын сан мындаған үйрек, қаз, қасқалдақ сияқты құстарды атып алады. Олардың дәмді еті дастарханымыздың сәні балса, қауырсыны жақсы мамық жастық.

     Бұл салада біздің республикамызда табиғат байлығын тиімді пайдаланып, оны қорғау туралы жүмыстар атқарылып отырғанын қазір бәріміз де білеміз. Соңғы жылдары табиғат байлықтарын қорғауға назар аударып, олардың қорының молаюына мүмкіншілік жасау нәтижесінде аң-құстардың бірнеше түрлерінің саны айтарлықтай өсіп отыр.

    Өткен ғасырдың бас кезінде ақбөкеннің жойылып кету қаупі болғандықтан бұрынғы Кеңес үкіметі 1919 жылдан бастап оны аулауға толық тыйым салды. Бұл аң осы кезде біздің еліміздің территориясында небары үш-төрт жерде ғана бірнеше мыңдайы сақталып қалған болатын. Ақбөкенді аулауға тыйым салудың нәтижесінде тұқымы сақталынып, оның көбеюіне мүмкіндік болды. Қазіргі кезде республикамызда 35 жыл бойы аулауға тыйым салынып келген акбөкенді аулауға рұксат етіледі. Ақбөкенді қорғауға алу шараларын қатаң түрде жүзеге асыру нәтижесінде, ол қазіргі кезде елімізде тұяқты жабайы жануарлардың ішіндегі кәсіптік маңызы бар аңның біріне айналып отыр.

   Республикамызда ақбөкен сияқты саны азайып отырған қорғауды керек ететін бір-иеше пайдалы аң-қүс түрлері жоғары да сипатталды. Бұл қорғауға алынған бағалы жануарлардың санын арттырудың бірден-бір жолы, біріншіден, оларды браконьерлерден қорғау болса, екіншіден, бұрын тіршілік еткен жерлерге біразын кайта жіберу немесе жаңа жерлерге жерсіндіру арқылы аққұстар қорын көбейту.

Қазіргі уакытта, автомашиналарды пайдаланып және рүксат етілмеген әр түрлі құралдарды қолданып аққұсты орынсыз аулау фактілері байқалып жүр. Міне, осыған орай 1973 жылдың 8 июнінде (№ 16) Қазақтың табиғат корғау коғамы Президиумының Орталық Советі «Республикада браконьерлікпен күресті күшейту жағдайы және шаралары туралы» арнаулы қаулы қабылдады.

    Браконьер — біздің табиғатымызға елеулі зиян келтіретін дұшпанымыз. Ол көктемде хайуанаттардың немесе құстың ұрғашысын атып тастайтын болса, онда ол олардың бүкіл ұрпағына зиян келтіреді. Аң аулаудың тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдана отырып, браконьер бүкіл халықтың дәулеті болып табылатын бағалы жануарлар, хайуанаттар мен құстарды құртып жібереді. Сондықтан да 1972 жылы аңшылық ережелерін бұзушылыққа қарсы күресті күшейту және пайдалы андар мен құстарды корғау ісін жақсарту мақсатымен бірқатар жаңа шаралар қабылданды. Ендігі жерде браконьерлерге айыпты аңшылык ережелерінің орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізіп отырған органдардың өкілдері - әкімшілік комиссиясынсыз, өздері тікелей және дереу тыйым салып отырады. Браконьерлердің карулары алынады. Әлбетте, ережелерді өрескел бұзған браконьерлер қылмысты жауапқа тартылады.

   Жер бетіндегі пайдалы жануарлар мен хайуанаттар дүниесін қорғау міндеті мемлекеттік аңшьшық инспекциясына, орман күзетшілеріне, аңшылар мен табиғатты корғаушылар коғамдарына, пайдаланып жүрген жерінде аңшылыкка жарамды жерлері бар басқа да шаруашылыктардың басшыларына жүктелген. Жабайы андар мен құстарды корғаудың жаңа ережелері - мемлекеттік заң. Бұл занды бұлжытпай орындау Отанымыздың табиғат байлықтарын сақтап, көбейтудің сенімді күралы болып қызмет етеді.

     Республикамызда ірі су құрылыстарын салғанда көп ретте аңшылық, балык шаруашылықтарының мүдделері ескеріле бермей жүр. Мысалы, 1956 жылы 234 мың «жұмсақ алтын» аталатын ондатр терісін берген Сырдария өзені бойында соңғы жылдары 7-8 мыңдай ғана ондатр терісі дайындалып отыр. Ал, Арал теңізінің деңгейі күрт төмендеуінен жылдың балық аулау мөлшері күрт азайып кетті.

    Табиғат байлығын сақтап, сирек кездесетін жабайы жануарлар қорын молайтуға көмектесетін қорықтар санын да көбейту керек. Оған ұлан-байтақ Қазакстан жерінде орын жеткілікті. Міне, сондыктан Қазақстан үкіметі қорықтар және аңшьшық шаруашылығы Бас басқармасы мына шараларды жүргізіп отыруы кажет. Жойылып бара жаткан ландшафттарды және онда мекендейтін жабайы хайуанаттарды сақтау, қорғау үшін жақын жылдары төмендегі 6 қорықты ұйымдастырған жөн. Бұларға: Андысай шөлейт корығы (арқар, каракұйрық, жек дуадақ, ақбауыр, қарабауыр және қалқанқұлақ),  

   Бетпақдала шөл қорығы онда жек дуадақ, қарақұйрык, ақ және қара бауырлар қорғалады), Үстірт корығы (үстірт арқары, гепард, қарақал, қарақұйрық, кекілік), Дала аймағы қорығы (онда дала суыры, дуадақ, безгелдек қорғалатын бола-ды), Ерментау корығы (арқар, аң құр, құр, дуадақ) және Марқакөл қорығы ормандағы ағаш түрлері, марал, аю, меңіреу құр, тундра кекілігі) жатады. 

     Сондай-ақ тағы да әрқайсысының көлемі ең кемінде 10 мың гектар жерді қамтитын төмендегі екі қорықты ұйымдастыру үшін қолайлы учаскелерді іздестіру кажет. Бұған бұғалы-тоғай қорығы (мұнда жиде, тораңғы, тікен жиде немесе шырғанақ, елік, қабан, қырғауыл қорғалады және бұрын тоғайлы жерде мекендеген тоғай бұғысы қайта жіберіледі) және сексеуіл қорығы (қара сексеуіл, сексеуіл жорға торғайы, қаракұйрық) жатады.

     Батыс Қазақстан облысында кәмшат пен жұпарды қорғау үшін заказник ұйымдастыру керек. Бұл облыстың жеріне кәмшат іргелес орналасқан Орынбор облысынан еніп отыр.

    Сонымен бірге Зайсан ойпатында елікті, дүние жүзіңце өте сирек кездесетін және ғылым үшін маңызы бар үшсаусақты ерге-жейлі қосаяқты, Виноградов қосаяғы, сары алақоржынды және бұрын осында тіршілік еткен қарақұйрықты қайта жіберу үшін Сырдария өзенінің атырауында және бассейндерінде кездесетін бірқазандар колониясын сактау үшін жаңадан екі заказник ұйымдастыру мүмкіншілігін анықтау да қажет. Алакөл көліндегі «Реликті шағала» заказнигін мемлекеттік қорыққа айналдыру жағын да ойластырған жөн. Сондай-ақ Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жабайы жануарларды зоопарк және зооэкспорт үшін аулауға, әрі ғылыми және мәдени ағарту мақсаттарға бола атуға және аулауға лицензия беруді шектеу керек. Ал бұл кітапқа кірмеген, бірақ корғауға жататын сирек кездесетін жануарларды жоғарыдағы мақсаттар үшін рұқсат етуді Казақстан Ұлттық Ғылым академиясы Зоология институтымен келісе отырып шешу қажет. Республикамыздағы «Зоокомбинат» мекемесінің жұмысын ғылыми орындар үнемі бақылауға алып отыруға тиіс. Аңшылық шаруашылығының тәжірибесінде осы кезге дейін жүргізілген яғни жыртқыш құстарды атып алған аңшыларға ақы төлеуді тоқтататын мезгіл жеткен тәрізді. Шымкент облысында жыл бойына суырдың барлық түрінің санының азайып кетуіне байланысты аулауға тыйым салу қажет. Табиғат байлығын қорғау мақсатында мынадай нақты ұсыныстарды айтып кету орынды. Ол үшін табиғат қорғаудың ғылыми жүйесін жасауға кірісу керектігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Мұның бір ұшы Қазақстан ұлттық Ғылым академиясына келіп тіреледі. Бұдан бірнеше жыл бұрын академия токтатты. Міне, осы комиссияны қайтадан құру керек. Табиғат байлығын қорғау туралы көпшілік арасында үгіт-насихат жұмысын жандандыру қажет. Ол үшін кино, телевидение, радио, баспасөз орындарының барлығын да молынан пайдалану қажет. Қазақтың табиғат қорғау қоғамы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан хайуанаттар жайлы ғылыми-көпшілік кітапшалар, әдемі көркемделген плакагтар, үндеулер шығаруды ұйымдастыруы керек.

    Сондай-ақ саны, азайып бара жатқан хайуанаттардың жер-жерге кеңінен таралуын, биологиялык ерекшеліктерін, ортаға бейімделуін зерттеуде оқымыстыларға бүкіл халық болып жәрдемдескен абзал. Бүкіл жұртшылық ғалымдармен бірігіп, ынтымақтасып жұмыс жүргізгенде ғана жоғарыда сөз болған жану-арлар туралы толық деректер жинап, оларды қорғау мен санын көбейтуге бағытталған көптеген жүмыстар жүргізе алады.

   Қорыта айтқанда, табиғат байлықтарынын бірі - пайдалы жануарлар мен хайуанаттар дүниесі. Қымбат бағалы аққұстар - халық байлығы, табиғат көркі. Бұлар сарқылмайтын, таусылмайтын қор емес, оларды мәпелеп өсіргенде ғана санын көбейтіп, халык шаруашылығының бұл саладағы қажетін толык өтеуге болады. Өлкеміздің байлығы ұшан-теніз, берері көп, тек оны корғап ала білу керек. 
 

ІІІ. Батыс Қазақстан  облысындағы өсімдіктер мен хайуанаттар

әлемін  қорғау мен пайдалану  мәселелері.

3.1. Батыс Қазақстан облысында өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғау мен пайдаланудың тиімділігі

      Қазіргі кезде Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны артты. Сондықтан сол аймаққа тән табиғи ландшафтылардың белгілі бір кайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын аумақтар ұйымдастыру кажеттілігі туып отыр. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан құнды ұлттық байлығымыз болып саналады. Қазіргі кезде бір-бірімен тығыз байланысты табиғат құрам бөліктерінің жүйесі ретінде ландшафтыларды қорғау мәселесі ғылыми бағыт алды. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі қабылданған «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы ерекше корғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтык, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді. Осы Заңның 1-бабында ерекше қорғалатын аумақтарға мынадай анықтама берілген: «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сактау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы үлескілері». Сонымен қатар бүрыннан бар қорғалатын аумақтардың санын арттырып, аумағын үлғайту мәселесі қойылуда. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға:

1. Мемлекеттік  табиғи қорықтар;

2. Мемлекеттік  ұлттық табиғи саябақтар;

Информация о работе өсімдіктерді қорғау