Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 15:41, курсовая работа
Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктердің бүкіл жиынтығын кейде планетамыздың генетикалық қоры деп атайды. Ол миллиондаған жылдар барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырды. Жер бетінде адам баласы қызметінің дамуына байланысты организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Мұнда ең алдымен хайуанаттар қатты зардап шекті, өйткені адам баласы аң аулаудың алуан түрлі тәсілдері мен құралдарын ойлап тауып, олардың көптеген түрлерін қауырт жоя бастады. Орман-тоғайларды кесіп, далаларды айдап-жыртқандықтан сансыз көп аңдар мен құстардың мекендеу жағдайы күрт өзгеріп кетті.
Кіріспе...........................................................................................................3
І. Өсімдіктер әлемін қорғау және пайдалану
1.1. Қорғауға жатқызылатын өсімдіктер әлемі ........................................5
1.2. Өсімдіктерді қорғау мен пайдаланудың жолдары ........................... 7
ІІ Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
2.1. Кәсіптік маңызы бар сирек кездесетін хайуанаттар әлемі............. 12
2.2.Хайуанаттарды қорғау мен пайдаланудың халық
шаруашылық және экономикалық маңызы.......................................19
ІІІ. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен хайуанаттар
әлемін қорғау мен пайдалану мәселелері.
3.1. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен
хайуанаттар әлемі............................................................................... 24
Қорытынды.................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................30
Мазмұны
Кіріспе.......................
І. Өсімдіктер әлемін қорғау және пайдалану
1.1. Қорғауға
жатқызылатын өсімдіктер әлемі ..............................
1.2. Өсімдіктерді
қорғау мен пайдаланудың жолдары ...........................
7
ІІ Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
2.1. Кәсіптік маңызы бар сирек кездесетін хайуанаттар әлемі............. 12
2.2.Хайуанаттарды қорғау мен пайдаланудың халық
шаруашылық және экономикалық маңызы........................
ІІІ. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен хайуанаттар
әлемін қорғау мен пайдалану мәселелері.
3.1. Батыс
Қазақстан облысындағы
хайуанаттар әлемі.........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Тақырыптың өзектілігі:
Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктердің бүкіл жиынтығын кейде планетамыздың генетикалық қоры деп атайды. Ол миллиондаған жылдар барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырды. Жер бетінде адам баласы қызметінің дамуына байланысты организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Мұнда ең алдымен хайуанаттар қатты зардап шекті, өйткені адам баласы аң аулаудың алуан түрлі тәсілдері мен құралдарын ойлап тауып, олардың көптеген түрлерін қауырт жоя бастады. Орман-тоғайларды кесіп, далаларды айдап-жыртқандықтан сансыз көп аңдар мен құстардың мекендеу жағдайы күрт өзгеріп кетті.
Планета табиғатының жұтау қаупі бірден
белгілі бола қойған жоқ. Тек көптеген
түрлер құрып кеткеннен кейін ғана адамдар
олардың енді қайтып келмейтінін, ешқандай
ғылыми-техникалық прогресс құралдарының
оларды қалпына келтіре алмайтындығын
байқады. Түрлердің жойылу қарқыны қауіпті
түрде шапшаңдай түсті. Омыртқалы жануарлардың
кейбір топтарындағы жойылып кеткен түрлердің
саны 10—20 процентке дейін жетті. Міне,
бұл деген кәдімгідей жан түршігерлік
жағдай еді.
Хайуанаттар мен өсімдік турлері табиғаттың
қайталанбас, генетикалық бірегей туындысы,
олардың әрбіреуін құртып алу дегеніміз
табиғаттың баға жетпес сыйынан айырылумен
барабар болып табылады. Өйткені тіпті
ластанған су мен ауаны да тазартуға, қалпына
келтіруге болады, ал жойылып кеткен биологиялық
түрді қайта тудыру, дүниеге қайта келтіру
деген мүмкін емес нәрсе.
Енді бірнеше мысал келтірелік. 19 ғасырда құстар мен сүтқоректілердің 70 шақты түрі құрыды, ал үстіміздегі ғасырдың бірінші жартысында Жер бетінен тағы да 40 түрі құрып кетті. Қазіргі кезде тек омыртқалылардың ғана 600-ден астам түріне жойылу қаупі төніп тұр. Тіпті фаунамыздың (жануарлар дүниесінің) кейбір тамаша өкілдерінің құрып біткен ақырғы уақытын да айтуға болады. Мысалы, 10 ғасырда Европаның ормандары мен орманды далаларында қаптап жүрген түр жабайы сиырының ең соңғысы 1627 ж. Польша жерінде өлді. 1741 ж. Командор аралдарынан табылған, дене тұрқы 8 м, салмағы 3000 кг шығатын су сиырлар 1768 ж. бүтіндей құрып бітті. 18 ғасырда оңтүстік орыс далаларында тарпан жабайы жылқысы үйір-үйірімен жайылып жүрегін, соңғы тарпан 1879 ж. құрыды. Бір кездерде Солтүстік Америкада бірнеше миллиондап колония болып ұялайтын кезеген кептерлерді адамдар бас-аяғы жүз жылдан аз-ақ астам уақыт ішінде қырып жіберді, ақырғы кезеген кептер 1914 ж. АҚШ-та хайуанаттар паркінде өлді.
Бұл жағдайдан сирек кездесетін және құрып
кету қаупі төнген түрлерді қорғау қажеттігі
туды. Бұл істе Халықаралық табиғат және
табиғи ресурстарды қорғау одағы (Международный
союз охраны природы и природных ресурсов
— МСОП) үлкен роль атқарды. 1962 ж. Сирек
кездесетін құстар мен сүтқоректілер
тізімінің алғашқы жобасын дайындады.
1966 ж. анықталған тізім арнайы Қызыл кітапта
көрсетілді.
1979 жылғы жағдай бойынша алғанда, халықаралық,
Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 305 түрі
мен түр тармағы, құстардың 258, бауырымен
жорғалаушылардың 98, қосмекенді-лердің
40, балықтың 193 түрі мен түр тармағы енгізілді..
Бұл өзі еліміздің хайуанаттары мен өсімдіктерін
қорғау ісіндегі көрнекті оқиға,.
«Қазақ ССР Қызыл кітабының» омыртқалы жануарларға арналған I бөлімі 1978 ж. басылып шықты. Оған омыртқалылардың 78 түрі енді. Олар: сүтқоректілерден — қара кірпі, көк суыр, құндыз, үнді жайрасы, қызыл қасқыр, тянь-шань қоңыр аюы, қара күзен, орта азия сілеусіні, қара-қал, шағыл мысығы, қарақұйрық, үстірт қойы, қызыл-құм қойы, арқар т. б.; құстардан — алтай ұлары, кара ләйлек, қарабай, кәдімгі қоқиқаз, дуадақ, безгелдек, бүркіт, субүркіт, лашын т. б.; балықтардан — сырдария тасбекіресі, арал албырты, каспий албырты және басқалар. Бұлардың ішінде халықаралық және СССР Қызыл кітаптарына енген (Қазақстанда кездесетін) түрлер де, оларға енбеген, бірақ Қазақстанда жойылу қаупі төнген және сирек кездесетін түрлер де бар. «Қазақ ССР Қызыл кітабының» өсімдіктерге арналған II бөлімі 1981 ж. басылып шықты. Оған өсімдіктің 308 түрі тіркелді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Әлемдік экономиканың тоқтаусых дамуы экологиялық көкейтесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, өсімдіктер мен хайуанаттар, жанулар дүниесінің жойылуы, жалпы табиғаттың азуына әкеліп соғуда. Өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғау мен оны кәсіптік, экономикалық пайдаланудың тиімділігін жан-жақты ашу.
Курстық жұмыстың міндеттері: Өсімдіктерді қорғау мен пайдаланудың жолдарын, хайуанаттарды қорғау мен пайдаланудың халық шаруашылық және экономикалық маңызын, құқықтық негіздерін ашып көрсету. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен хайуанаттар әлемін қорғау мен пайдалану мәселелеріне қысқаша анықтама беру.
Курстық
жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден,
екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І. Өсімдіктер әлемін қорғау және пайдалану
1.1.
Өсімдіктер әлемінің
құндылықтары мен кәсіптік
пайдасы
Қазақстан - Еуразияның орталығында орналасқан байтақ ел, жер көлемі 2 млн. 715 мың шаршы шақырымға созылып жатыр. Батысында Каспий теңізінен, шығысында Алтайға дейін 3000 шақырымға жуық жерді алады, солтүстіктен оңтүстікке Орал таулары мен Тянь-Шань тау қыраты, Үстірт және Қызылқұм шөлдері 1600 шакырымды құрайды. Еліміздің жер көлемінің үлкендігіне тікелей байланысты табиғи-климаттық жағдай әр түрлі болып келеді. Климаттық жағдайының ауысып отыруына байланысты Республикамыздың өсімдіктері әр түрлі болып келеді. (солтүстіктен оңтүстікке көз жіберсек, біз жазықтықта орналасқан үш түрлі табиғи-климаттық аймақтарды ұштастырамыз - орманды дала, далалы және шөлді. Қазақстанның территориясын оңтүстіктен және шығыстан көмкеріп тұрған биік таулар, белдеулер биіктігімен ерекшеленеді. Климаттың құрылуына географиялық ендіктің әсері мол. «Қазақстанның табиғат зоналары да географиялық ендік бойынша орналасқан. өзара үйлесімді. Мұндай үйлесімділік еліміздің өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жан-жақты әрі әр түрлі болуын қамтамасыз етеді. Әр ланшафтың бейнесі бірінші кезекте бар тіршіліктің тірегі жасыл өсімдіктерден құралады. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда жоғарғы сатыдағы 5754 өсімдік түрі кездеседі, олар: қырықбуындар, папоротниктер, жалаңаш тұқымдылар және гүлдесін өсімдіктер. Әлбетте, бұл сандар түпкілікті емес, Қазақстан ботаниктерінің үздіксіз зерттеулері әрбір аймақ үшін, сондай-ақ ғылым үшін жаңалық болып табылатын түрлермен толықтырылып отырады. Осындай алуан түрліліктің арасында, әр түрлі тіршілік формалары кездеседі - мықты ағаш, биік және жатаған, сирек төселгіш бұталар, тартымды бұташықтар. көпжылдық, сондай-ақ біржылдық түрлі шөптер. Алтай тауларында өсетін. алыптар қатарына кіретін биіктігі 40 метрге жететін Сібір қарағайы және кішкене ғана біржылдықтар Қазақстан тауларының құрғақ беткейлерінде, шөлдер мен далаларда кездесетін мүйізді шөңгебастың әдеттегі биіктігі 1 см-ге әрең жетеді. Бірақ біздің өсімдіктеріміздің арасында да орасан үлкендері кездеседі. мысалы. кәдімгі қамыс. Бұл өсімдік өзен, көлдердің жағалауларында өседі. жиі үлкен шілік құрайды. Биіктігі екі қабат үйдің биіктігіне сәйкес 7 метрге дейін жетеді. Өсімдіктер тіршілігінің ұзақтығы да әр түрлі. Мысалы, Батые Тянь-Шань орманының негізін құраушы Зеравшан аршасы мың жылға дейін тіршілік ететін болса, осы тауды мекендейтін біржылдык көктем крупкасы өзінін тіршілік кезеңін 3-4 аптада аяқтайды.
Біздің еліміздің бай өсімдіктер әлемі ертеден-ақ адам баласына кызмет етіп келеді. Қазақстан тұрғындары тірі табиғатпен дәстүрлі байланыста. олар өздерінің айналасындағы өсімдіктерді және олардың күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы жақсы біледі. Бұл тек құрылыс ағаштары және отындык орман тұқымы емес. сонымен қатар азық-түлік көзі. Жанғақ, жеміс және жидектерден баска, әр түрлі жуа түрлері (піскемжуа. ақ жуа, алтай жуасы), жабайы сарымсақ, сондай-ақ Котчиев қатыраны және балшөп туысы бұлардың химиялық қүрамындағы көмірсулар мен крахмалдар картоптың ең жақсы деген сортының құрамынан кем емес.
Қазақ халқы үшін дәстүрлі ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан кілем тоқу және былғары бұйымдар жасау - үнемі жабайы өсімдіктер шикізаттарын пайдалануға негізделді. Кілемдер, киіз, маталарды бояу үшін нағыз төзімді өрі ашық түсті бояулар рауғаш қызылтамыры, кәдімгі адыраспан, риян өсімдіктерінен алынады. Жоғары сапалы иленген тері алуға Максимович рауғашының тамыр сабақтарын пайдалану арқылы қол жеткізілді. Өсімдіктерден сабын, киім тігу үшін мата, жіптер, себеттер жөне үйге қажетті баска да ыдыстар жасайды. Әрине, адамдар өсімдік шөптермен ерте кезден бастап, бүгінгі күнге дейін емделіп келеді. Барлық тұрғындар әсіресе ауылдық жерде тұратындар шай-қурайдың, жұпаргүлдің, бақажапырақтың, өгейшөптің, қарағаш шайыры қандай ауруларға ем ретінде қолданылатынын біледі. Сонымен катар, тек қазақ халқы үшін дәстүрлі пайдаланылатын бірнеше өсімдіктер бар. Мысалы, тобылғы діңінен қамшыға сап жасайды, гүлдеген зизифорамен қымыз құюға арналған ағаш ыдысты /күбі/ ыстайды. Ерекше көбіктенуі үшін және өзіндік дәмі болу үшін бұл сусынға дөңгелек жапырақты аканит тамырының бір түйірін қосады.
Қазақстан
флорасының жан-жақтылығы тек әр түрлілігімен
ғана қорытылмайды. Қазақстан флорасының
700-ге жуық өкілі эңдемиктер больш табылады,
яғни басқа елдерде жабайы өсімдіктер
ретіңде кездеспейді
1.2. Өсімдіктерді қорғау мен пайдаланудың жолдары
Жер бетіндегі тіршілік иелері атаулылар қорегі және энергияның негізгі көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану кез келген елдер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда шөл, қуаң (аридті) және сортаң жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда табиғи ресурстар шектеулі, соның салдарынан бұл аумақтарды ұтымды пайдалану республикамыз үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Сондықтан республика ғалымдарының алдына өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға төзімділігі артқан жануарлар қолтұқымдарын шығаруды тездету міндеті жүктелуде.
Академик А. И. Бараев Қазақстанда топырақ өңдеудің эрозияға қарсы топырақ қорғайтын қайырмасыз жырту жүйесін жасап, кеңінен пайдалануда. Бұл жүйеге сәйкес жырту кезінде топырақ қабатын аудармай, арнаулы сыдыра қопсытқыш (плоскорез) арқылы өңдеп, тек арамшөптердің 4 - 5 см тереңдіктегі тамырын қияды, мұндайда өсімдік (паясы) аңызында кесілген сабақтар тік қалпында қалады. Сөйтіп топырақ құрылымы сақталады да, шаңға айналмайды. Топырақты осылай өңдеген кезде ауаға шаң көтерілмейді. Осы технологияның арқасында Қазақстан жыртылатын жерді сақтап, Қазақстанның солтүстігінде астықтан жоғары түсім алуға қол жеткізді.[2]
Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан
қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады.
Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының
небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының
еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып
жіберу қиын емес, ал оны қалпына келтіру
үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге
қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан
бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек.
Біздің ормандарымызда жыл
сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі
де 460 млн-ға кесіледі. Ағаш қорын сақтау
үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып
отыруы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде),
ағаш кесу әрбір 80-100 жылда қайталанып
отыруы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде
жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына
келуіне, мүмкіндік бермейді. Кесілген
ағаштың 1/3 табиғи жолмен қалпына келеді,
ал қалғанын адамдар өз күшімен отырғызуы
керек. Өкінішке орай, тәжірибеде ол жүзеге
аса бермейді.
Мамандардың есебі бойынша, біздің ормандарымыздан жылына 1500 млн м3 дейін ағаш дайындауға болады. Қазіргі кезде оның 1,3 ғана дайындалып жүр, соның өзінде ағаш қоры дұрыс пайдаланбағандықтан орманға үлкен зиян келуде.
Кесілген ағашты сақтауда, тасымалдауда
өте көп кемшіліктер бар. Олар поезбен,
сумен, автотранспортпен тасымалдағанда
жолшыбай шашылып, ысырап болады. Орманды
сактауда оларды зиянды жәндіктерден
корғаудың маңызы зор. Оның механикалық,
химиялық, биологиялық жолдары бар.
Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін:
1) жер бетіп лас нәрселерден тазарту керек;
2) топырақ құнарлылығын сактау керек;
3) улы өсімдіктермен тұрақты күресу керек.
Қазақстан орман шарулшылықтары жыл сайын
90 мың гектарга ағаштар отырғызады. Онда
табиғи өсімдіктердің бес мыңнан астам
түрлері өседі, олардьщ ішінде дүние жүзінде
кездеспейтін реликті өсімдіктер де бар.
Мысалы, Шарын өзенінің аңғарында өсетін
ақ үйеңкі тоғайы планетамыздың басқа
түкпірлерінде кездеспейді. Сол сияқты
сирек кездесетін реликті өсімдіктср
түрлері Бетпакдала, Іле Алатауының бөктерінде
бар. Республиканың табиғи өсімдіктерінің
400-ден астам түрі қала парктерін, көше
бойларын және жекелегсн алаңдарды көріктендіру
үшін пайдаланылады.
Өсімдіктердің түр-түрінің
көп болуы адамдарға байланысты. Олар
өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін
көбейтуге де, дұрыс пайдаланбау нәтижесінде
кейбір бағалы өсімдік турлерін жойып
жіберуге де мүмкіндігі бар. Мысалы, адамдардың
дұрыс карамау нәтижесінде дүние жүзіндегі
өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті,
казір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде
түр.