Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 15:41, курсовая работа
Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктердің бүкіл жиынтығын кейде планетамыздың генетикалық қоры деп атайды. Ол миллиондаған жылдар барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырды. Жер бетінде адам баласы қызметінің дамуына байланысты организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Мұнда ең алдымен хайуанаттар қатты зардап шекті, өйткені адам баласы аң аулаудың алуан түрлі тәсілдері мен құралдарын ойлап тауып, олардың көптеген түрлерін қауырт жоя бастады. Орман-тоғайларды кесіп, далаларды айдап-жыртқандықтан сансыз көп аңдар мен құстардың мекендеу жағдайы күрт өзгеріп кетті.
Кіріспе...........................................................................................................3
І. Өсімдіктер әлемін қорғау және пайдалану
1.1. Қорғауға жатқызылатын өсімдіктер әлемі ........................................5
1.2. Өсімдіктерді қорғау мен пайдаланудың жолдары ........................... 7
ІІ Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
2.1. Кәсіптік маңызы бар сирек кездесетін хайуанаттар әлемі............. 12
2.2.Хайуанаттарды қорғау мен пайдаланудың халық
шаруашылық және экономикалық маңызы.......................................19
ІІІ. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен хайуанаттар
әлемін қорғау мен пайдалану мәселелері.
3.1. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдіктер мен
хайуанаттар әлемі............................................................................... 24
Қорытынды.................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................30
Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса, оның 5.6 мыннан астамы Қазақстанда өседі. Онын. 760 астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер, 1500 түрі пайдалы (азықтық, техникалық) өсімдіктер қатарына жатады. 300-ден астамы «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Өсімдіктердің геофондысын сақтауда олардың жабайы түрлерін сақтаудың да зор манызы бар. Біздің елімізде өсімдіктің 600-дей жабайы түрі жаңа өсімдіктер түрін жасау үшін пайдаланылады. Олардың генетикалық негізінде 1500-ден аса өсімдіктің жаңа сорты шығарылды.
Өсімдіктің кейбір түрлерін адам баласы колдан құртып отырады. Бұлардың қатарына, бағалы өсімдіктерге тамақ жөнінен конкурент болып есептелінетін, арам шөптер жатады. Бұлардан басқа жайлауларда улы шөптер кездеседі. Олар ауыл шаруашылығы жануарларын уландырып, колхоз, совхоздарға зиян келтіреді.
Жердің ландшафтын сақтауда, жер эрозиясын
болдырмауда, топырақтын құрылымын жақсартуда
орман басты роль атқарады. Орманның көмегімен
заттардың биологиялық айналысы сақталып
отырады. Ормандардың фитомассасы жер
шарының өсімдік массасының 82 процентін
құрады. Орманның пайдасы тек қана шаңды
тұтуда, көміртегі газын жұтуда емес, сонымен
қатар атмосфераға фитоцидтарды бөлуде.
Мысалы, бір гектар можжевельник тәулік
ішінде 30 кг га дейін фитоцид бөледі.
Орман — ағаш өнеркәсібін дамытудың, тамақтық,
техникалық және дәрігерлік шикізаттың
негізгі көзі. Егер бұдан бұрын ағаштан
4-5 мың нәрсенің түрі дайындалса, қазір
оның саны 15—20 мыңға дейін жетіп отыр.
Ағаштың адам баласына пайдалылығы, оның,
табиғат қорғау, топырақ сақтау және климатты
реттеудегі рөлі өлшеусіз.
Қазір дәлелденіп отырғандай, әрбір 10000 км 3 тайга өзендерге жыл ішінде 0,7—0,8 км3 су келуін қамтамасыз етеді.
Орманның өзі мемлекеттік қорықтар, су
қорғайтын және ағаш өсетін ормандар болып
бөлінеді. Соңғылардан ағаш дайындалады.
Осыншама айтылған бағалы табиғат
байлығы — орманды қорғау — еліміздің
экономикасын нығайта берудің, экологияны
жақсарта берудің басты шарты. Ормандарға
зор зиян келтіретіндер катарына өрт жатады.
Олардан орман жануарлары да үлкен зиян
шегеді. Өртке басты себепші — адамдар,
90% астамы солардың кінәсінен болады. Әдетте,
өрт ормандарда от жағудан, аңшылық кезінде
шала жанған оқ-дәрілердің қалдығынан,
автомашина моторынан т. б. кетеді.
Әсіресе өртке қауіпті кезең сәуір айынан
басталады, өрттің басым көпшілігі мамыр
айында, ағашта жапырақ аз кезінде болады,
ал тамыз айында құрғақшылық кезінде,
шөптің кұрғаған мезгілінде өрт кең етек
алады.
Өртті болдырмау үшін халық арасында кеңінен
түсіндіру жұмыстарын жургізу, қолда бар
құралдармен (күрек, айыр, шелек т. б.) өртті
сөндіру тәсілдерін үйрету керек. Әдетте
өрттің кең тарауына жол бермес үшін, оның
айналасынан ор, каналдар қазады. Өрт сөндіруде
авиацияның көмегі зор. Соңғы жылдары
өрттін шықкан жерін космостан бақылау
жүзеге асырылады.
Әрине, өрт сөндіруге қолда бар
техника кеңінен пайдаланылуы тиіс. Бұл
жерде басты мәселе — өрт болдырмау жолдарын
қарастыруда. Адамның ормандағы мінез-құлқын
қадағалап, ормандағы «мәдениетін» көтеруге
бағытталған жұмыстар жүргізу керек. Оған
төмендегідей қарапайым ережелер жатады:
ағаштың түбінде от жағуга болмайды, ол
үшін диаметрі жарты метрден астам бұтақтардан,
шөп-шаламнан тазартылған тақыр жер болуы
керек. Отты пайдаланғаннан кейін, мұқияттап
көміп тастау керек. Отынға тек кесулі,
сынып калғап ескі ағаш бұтақтарын пайдалану
жөн. Транспортпен орманның калың ортасына
баруға, өзендердің бойымеп жүруге, шабындық
жерлерді таптауға тыйым салынуы тиіс
Орманды қорғау комплексті түрде жүргізілуі
керек. Оған жабайы және үй жануарлары
да үлкен зиян келтіреді. Сондықтан да
орманды қорғау, онда корық ұйымдастыру
жұмысымен тығыз байланысты.
Өсімдіктерді қорғау туралы 2002 ж. 3 шілдедегі № 331-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Yкiметi;
2) уәкiлеттi
орган мен оның аумақтық
3) облыстардың
(республикалық маңызы бар
4) өсiмдiктердi
қорғау саласындағы қызметтi
5) мемлекеттiк
фитосанитариялық бақылауға
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне:
- өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
- өсiмдiктердi
қорғау саласындағы
- ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту;
- өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
Заң бойынша уәкiлеттi органның құзыретiне:
Уәкiлеттi органның тиісті құрылымдық аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Фитосанитариялық бақылауды тiкелей орындайтын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.
Заңға орай өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар мынандай:
- Қолайлы
фитосанитариялық ахуалды
Сондай—ақ өсімдіктерді қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегi
қызметті үйлестіруде кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Осыған орай өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламалары (оқу бағдарламалары) уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
Қазақстан
Республикасының өсімдіктерді қорғау
туралы заңнамасы бұзылған жағдайда жеке
және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының
әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына
сәйкес әкімшілік жауапқа тартуға құқығы
бар.
ІІ Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
2.1.
Кәсіптік маңызы
бар сирек кездесетін
хайуанаттар әлемі
Қазақстанның жер бедері әр алуан. Оның солтүстік жағын орманды дала, дала және шөлді аймақтар алып жатса, оңтүстігін әсем таулар көмкереді. Жасыл ормандар мен қамысты көлдер бағалы андардың өсіп-өнуіне колайлы жағдай жасайды. Қазақстанның кең байтақ территориясында сүт қоректілердің 150-дей түрі бар болса, соның отызға жуығының азайып, кұрып кету қаупі туып отырғанын жоғарыда айтқанбыз. Солардың ішінде тауда - барыс, кызыл касқыр, ақтырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, ормандарда - орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда - қарақұйрык, үстірт арқары, қарақал, гепард, су жағасында — кәмшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан сиякты хайуанаттар мекендейді. Олардың көбінің кәсіптік маңызынан бас0а ғылыми тұрғыдан да үлкен мәні бар.
Жұпартышқан - құйрығы ұзын,тұмсығы созыңқылау және аяқтары қысқа, орташа мөлшерлі келген аң. Денесінің ұзындығы 18-22, құйрығы 12—20,5 сантиметрдей, салмағы 320—480 грамдай. Дене құрылысы суда тіршілік етуге бейімделген. Құлақ қалқаны болмайды, көзі өте кішкентай келеді. Аяқтарында, башайларының арасында жүзу жарғақтары бар. Құйрығының үсті мүйіз тәрізді қабыршактармен жабылған. Жүні тығыз, жылтыр, жібектей жұмсақ, сұр бурыл, күміс тәрізді немесе ақшыл болады, терісінен су өтпейді. Арқасының түсі шым қоңыр, өте жылтыр келеді. Арқасына карағанда бүйірі акшыл. Тамағы, кеудесі және барлық кұрсағы күміс акшыл сары ренді келеді. Құйрығының түбінің астыңғы жағында тер безі орналасқан, осы безден май тәрізді иісі күшті сұйық зат бөлінеді. Осы иістері аркылы «ерлі-зайыптылар» бір-бірін тез тауып алады.
Жұпар тышқан (выхухоль) дүние жүзінде тек біздің елімізде ғана таралған. Ол бүрынғы Кеңестер Одағынын Европалық бөлігінде, Еділде, Жайықта, Донда және Днепрде кездеседі. Көбінесе осы өзендердің бассейндерінде қоныстанады.
Біздің республикамызда жұпар тышқан негізінен Батыс Қазақстанда таралған. Бұл өңірде ол Жайык өзенінің бойын мекендейді. Осы өзеннің солтүстік жағасынан Атыpay облысының шекарасына дейін кездеседі. Атырау облысында Каспий теңізінің бойына орналасқан Есбол, Бақсай, Теңіз аудандарындағы өзендер жағасынан аздап көрінеді. Жалпы біздің өңірде жұпардың саны мардымсыз. Бұл аңның қоры әсіресе Ресейдс едәуір. Ресейдің Белоруссияның, Литваның және Украинаның көптеген су аймақтарында жерсіндірілген жұпарлар мекендейді. Осы аудандарға соңғы 38 жылдың ішінде шамамен 10 мың жұпар тышқан жіберілген. Сондай-ақ, бұл аң Батыс Сибирьгеде жіберілген, бірақ бұл жерге оның ойдағыдай жерсінуі жөнінде әлі толық мәліметтер жоқ. Рязань облысынын өзен жағаларында 10 км орманды жерде 25— 30 жұпардан кездеседі.
Жұпар тышқан - жартылай суда тіршілік ететін жануар. Орал өңірінде жұпар өзендердің сағасында және оның ағындарында мекендейді. Су жағасынан олар ұзынша етіп ін қазады, іннің аузын судың астынан шығарады. Іннің аузы әр уақытта су деңгейінен 10—40 см төмен орналасады. Іннің жолы су деңгейінен жоғары көтеріліп ұя камерасымен косылады. Іннің ұзындығы су жағасының өзгешелігіне байланысты. Мәселен, тік жарда оның ұзындығы 2—3, ал жайпақжағада 20 метрге дейін барады. Судың ішіндегі іннің ең түбіндегі ұя камерасы жазғы су деңгейінен 20—30 см жоғары орналасады. Жұпар тышқан көбіне I —2 метр терендіктегі суда тіршілік етеді, ал бұдан тайыз өзендер қыста қатып қалатын болғандықтан ол үшін жарамайды. Қыс айларында ол жердің бетіне мүлдем шықпайды, судың түбінде немесе мұздың астында жүзіп жүріп күнелтеді. Ол өте терен суларда тіршілік ете алмайды, өйткені мұздың астында аз да болса ауа болуы керек. Жұпар тышқан семьясымен өмір сүреді, жазда бір семьясында 4-5-тен жұпар болса, ал қыста бір ұяда 12-13-ке дейін болады. Кейде жаз айларында жеке-жеке жүрген жұпар тышқанды да көруге болады. Өзен жағасында жүгіріп жүргені. Жұпар тышқан ымырт жабылған және түнгі мезгілдерде тіршілік етеді. Ол - талғаусыз қоректенетін аң. Суда кездесетін жәндіктер мен өсімдіктердің 90 түрімен азықтанады. Бұларға инеліктің, масаның, шыбынның личинкалары, көбелек, құрт, сүлік, шаян, өрмекші, ұлу сияқты жәндіктер және қамыс, құрақ, қоға секілді өсімдіктер жатады. Сондай-ак бақаны да жақсы жейді. Кейде ұсақ балықтармен, әсіресе судың жағасына шығып калған өлекселермен қоректенеді. Жұпар тышқан күн сайын өз салмағына пара-пар - 450 грамға дейін тамак ішеді. Жұпар тышқан жылына 1-2 рет балалап, әр жолы 1-ден 5-ке дейін, ал орта есеппен 3-4-тен өсім береді. Егер бірінші рет мамырдың аяғында немесе маусымда туатын болса, екінші рет қараша-желтоқсан айларында туады. Балалары жай өседі, тек бір жылдан кейін ересектерінің мөлшеріндей болады.. Ересек жұпардың жұптасып жаппай шағылысу кезеңі көктемде су тасыған кезде басталады. Ұрғашы жұпар тышқан балаларын 45-50 күндей көтереді. Жұпар тышқанның жауы онша көп емес. Олар әсіресе су тасыған уакытта корғансыз келеді, сондыктан да бұл кезде оларды түлкі, ақкіс, дала күзені сияқты аңдар мен жыртқыш құстар ұстайды. Сондай-ақ жұпар тышқанға жайын және шортан секілді жыртқыш балықтар да шабуыл жасайды. Көбінесе бұл аңдар балықшылардың суға құрған ауларына түсіп өледі. Жұпар тышқан қолайлы жағдайда төрт жылға дейін өмір сүреді. Бұл — ұзақ жас.
Жұпар тышқан терісі бағалы аң. Оның терісінен басқа ұрық безі де пайдаға асады. Ол осы безінен иісі күшті зат бөледі. Ол парфюмерия өнеркәсібіне керекті бағалы шикізат болып есептеледі. Бұдан әр түрлі хош иісті заттар дайындалады. Жұпар тышқан терісі мехтың тандаулы сорттарына жатады. Нақ осы жағдай оның тағдырына кесапатты роль аткарды: ғасырымыздың бас шеніне қарай ол түгел дерлік құртылды. Сондықтан да ол табиғат жағдайында өте аздаған жерде ғана сирек таралған. Сондай-ақ өзендердің бойындағы ормандар мен бұта ағаштарды кесіп алу, суды ластау және балықтарды рұксат етілмеген құралдармен аулау салдарынан жұпар тышқанның негізгі таралған аудандары қысқарып және оның саны кенет азая түсті. Осыдан барып бұл анды қамкорлыққа алып жерсіндіру жұмысы басталды. Әсіресе, Хопер қорығында Ресейдің (Воронеж облысында) қамқорлыкка алынған бұл хайуан тез өніп-өсті. Қазір мұнда 1,5 мың жұпар тышқан бар. Олардың 2 мыңнан астамы еліміздің басқа аудандарына жіберілді.
Бұрынғы Кеңес Одағында жұпартышқанды аулауға 1920 жылдан бастап тыйым салынды. Тек 1946 жылдан бастап Ресейге қарасты кейбір облыстарда ғана рұксат кағаз (лицензия) бойынша ауланып келеді. Қазақстанда 1953 жылы ең көп—22,4 мың жұпар тышқан терісі дайындалса, қазірғі кезде жыл сайын орта есеппен оның 2—2,5 мың ғана терісі мемлекетке өткізіледі. Әсіресе ол Еділ мен Дон өзендерінің бойынан ауланады. Тарихи деректерге қарағанда патшалық Ресейде жыл сайын 60—100, орташа есеппен 30 мың жұпар тышқан терісі дайындалған.
Қазакстанда, Орал өңірінде, көп жылдан бері жұпар тышканды аулауға тыйым салына тұрса да, оның саны өспей отыр. Мәселен, 1966 жылы Жайық өзені жағасын мекендейтін жұпарды зерттеген кезде онын корының әлі аулау мөлшеріне жетпей отырғаны байқалды. Мұнда балыкшылардың ауына жы-лына жұпардың 2—3 жүздейі ілініп жатады.
Әлі де жалпы саны өте аз жұпарды қорғау қажеттілігі туындайды.. Бұл аңды қорғау үшін ең алдымен өзендердің жайылымдарында, әсіресе жазғытұрым су жайылған жерлерде балықты ірі аулармен аулауға тыйым салу керек. Ал терісіне бола аулау үшін біздің өлкемізде де оны қолайлы өзендерге жерсіндіру жұмысын қолға алуды қарастыру жөн.
Зоологтар бұл анды көптен зерттеуде. Жұпар тышқан өте көне жануар, оның көптеген биологиялық ерекшеліктері әлі жұмбақ болып қалуда. Бұл аң планетамызда бұдан шамамен 30 миллион жыл бұрын пайда болған. Сонымен қатар, казір ол тек біздің елімізде ғана санаулы су аймақтарында таралған. Бұл аңның ғылым үшін де үлкен маңызы бар, сондықтан да табиғат ескерткіші есебінде оны қорғап отыруға тиіс. Бұл тамаша жұпар тышқанды жойылып кетуден сақтау үшін бұрынғы КСРО Ғылым академиясының жанынан арнаулы шағын комиссия құрылғанын айтсақ, мұның өзі бұл аңды қорғауға үлкен мән беріліп отырғанын көрсетеді.