Электронды ақшалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 23:54, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі баса нарықтар секілді ақша нарығында да ақаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе - теңдігі экономика дамуы үшін тиімді болып табылады.Сондықтан осы ақша, ақша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуін жақсарту өз егемендігін енді ғана алан еліміз үшін ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады.Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................3
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ
1.1 Электрондық ақша түсінігі...................................................................6
1.2 Электрондық ақшаның даму тарихы...................................................10
1.3 Электрондық ақшаның түрлері............................................................11
1.4 Пластикалық карталар және оның түрлері.........................................12
2 ЭЛЕКТРОНДЫ АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 ХХІ ғасырдың ақшасы..........................................................................15
2.2 Пластикалық карточкалар....................................................................16
2.3 Банктік аударымдар..............................................................................26
2.4. Интернеттегі элетрондық ақшалар.....................................................29
2.5 Электрондық ақшамен біздің болашағымыз......................................36
2.6 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Заңы..............................................44
Қорытынды................................................................................................47
Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................48

Содержимое работы - 1 файл

Электрондық ақшалар. КУРСОВАЯ.doc

— 515.50 Кб (Скачать файл)

Графикалық берілгендер карточканы визуалды идентификация мүмкіндігін қамтамыз етеді. Осындай қызмет принципіне негізделген карталар аз локалды жүйелерді сәтті қолдануы мүмкін – клубтық, дүкен және т.б. карточкалар. Бірақ банктік төлеу жүйесінде визуалды «өңдеуді» қолдану жеткіліксіз болып табылады. Карточкада берілегендерді автоматикалық авторизациялауды қамтамасыз ететіндей етіп сақтаған жөн. Бұл шешім әртүрлі физикалық механизмдерді қолдану арқылы жасалады. [7, 2 бөлім, 12 б]

 

Штрих-коды бар карточкаларда идентификациялаушы элемент ретінде тауарларды маркировкалауына ұқсас штрих кодын қолданады. Көбінесе кодтық жолақ түссіз емес құраммен жалатылған және ол инфрақызыл сәулелер арқылы оқылады. Штрих-коды бар карточкалар басқа типті карточкалармен салыстырғанда арзан және жасалуыда оңай болып келеді. Соңғы ерекшелігі олардың қолмен жасау қауіптілігі жоғарлығын және осы себепті төлеу жүйелерінде қолдану жарамсыздығын көрсетеді. 

Магнит жолақты карталар қазіргі күнде ең көп таралған – осындай типті карталардың екі миллионға жуығы айналымда жүр. Магнитті жолақ картаның артында ISO 7811 стандартына сәйкес орналасып, үш жолдан тұрады. Олардың алғашқы екеуі идентификациялы берілгендерді сақтау үшін, ал үшіншісіне ақпаратты жазуға болады (мысалы, дебиттік картаның ағымдағы лимиттік мәнін). Бірақ көп ретті қайталанбалы жазу/оқу үрдістерінің сенімсіздігі, магнит жолаққа жазу көбінесе тәжірибеде қолданбайды және осындай карталар ақпаратты оқу режимі кезінде қолданады. Магнит жолақты карталардың штрих-коды бар карталарға қарағанда қорғалуы жоғары болып келеді. Бірақ осындай типті карталарда аялақтар үшін қолмен жасауға мүмкін болып қалады. Мысалы, АҚШ-та 1992 ж. магнит жолағы бар кредитті карталармен махинациялар жасау салдарынан болған шығын көлемі бір миллиард доллардан асып кеткен (банкоматтар шығының есекермегенде). Бірақ осыған қарамастан қазіргі дамыған төлеу жүйесінің құрылымы және бірінші кезекте «карточка» кәсібінен әлемдік көш басшылары VISA және MasterCard/Europay компанияларының магнит жолағы бар карточкаларын қарқынды түрде қолдану нәтижесінде кең етек жайып отыр. VISA және MasterCard/Europay карточкалар жүйелерінің қорғалуын жоғарлату үшін қосымша графикалық қорғаныс құралдарын қолданады: голограммалар және эмбоссировтау үшін стандартсыз шрифтер. 

Магнит жолағы бар карточканың беткі жағында эмитент-банктің логотипі, төлеу жүйесінің логотипі, карточканың номері (алғашқы 6 саны – банк коды, келесі 9 – карточканың банктік номері, соңғы сан – бақылау үшін, соңғы төрт сан голограммаға жазылған), карточканың әрекет ету мерзімі, карточка ұстаушынң аты; қарсы бетінде – магнит жолағы, қолы үшін орыны көрсетіледі.

Смарт-карталарда ақпаратты тасушы ретінде микросхемалар болып табылады. Қарапайым қазіргі смарт-карталарда – карта жадысының жады көлемі 32 байттан 16 килобайт өлшемге дейін жетуі мүмкін. Бұл жады бір еселікті жазуды және көп еселікті оқуды рұқсат ететін ППЗУ (ЕРRОМ) түрінде жасалуы мүмкін немесе көп еселікті жазуды және оқуды мүмкін ететін ЭСППЗУ (EEPROM) түрінде жасалынады. Жады карталары екі типке бөлінеді: қорғалынбаған (толық рұқсатты) және қорғалған жады. Бірінші типтегі карталарда берілгендерді оқуға және жазуға ешқандай шектеу жоқ. Бүкіл жадыға кіруге рұқсатының болуы кейбір қосымшаларда құрылым берілгендерін моделдеу мүмкіндігін береді. Қорғалған жадысы бар карталар идентификациялаушы берілгендер аймағына ие және бір немесе бірнеше қолданбалы аймақтары бар. Картаның идентификациялаушы аймағы персонализация кезінде бір еселі жазуды рұқсат етеді және кейіннен тек оқуға ғана рұқсат болады. Қолданбалы аймақтарға рұқсаты регламенттелмейді және сәйкес кілтті көрсетуі бойынша жасалынады. Жады карталарында қорғаныс магнитті карталарға қарағанда жоғары және олар қолданбалы жүйелерде қолдануы мүмкін, онда алаяқтықпен байланысты қаржылық қауіптер салыстырмалы түрде аз болып келеді. Ал жады картасының құны магнитті карталарға қарағанда жоғары болып келеді. Бірақ қазіргі уақытта технологиялардың дамуына және өнім көлемінің дамуына байланысты оларға деген бағасы төмендеп кетті. Жады картасының құны микросхема бағасына байланысты болып келеді, ол өз кезегінде жады сыйымдылығымен анықталады. /1/    

Жады карталарының жеке жағдайы ретінде есептегіш-карталар болып табылады, онда жадыда сақталатын мән тек фиксацияланған шамаға өзгеруі мүмкін. Ондай карталар төлеуі бар арнайы қосымшаларда қолданады (телефон-автоматты қолданғаны үшін төлеу, автотұраққа төлеу және т.б.).

Микропроцессоры бар карта микрокомпьютер ретінде қарастырылады және сәйкес негізгі компоненттерден тұрады: орталық процессор, ОЗУ, ПЗУ, ППЗУ, ЭСППЗУ. Ең қуатты қазіргі микропроцессорлы карталардың параметрлері сексенші жылдардың басындағы дербес компьютердің сипаттамаларына жақын болып келеді. Микропроцессорлы картаның ПЗУ-де сақталатын операционды жүйе ДК операционды жүйесінен принципиалды түрде еш айырмашылығы жоқ және сервистік операциялар мен қауіпсіздік құралдарының үлкен қойылымы бар. Операциондық жүйе ЭСППЗУ (оның сыйымдылығы көбінесе 1-8 Кбайт диапазонында жатады, бірақ 64Кбайтқа дейін жетуі мүмкін) базаланатын файлдық жүйені қолдайды және берілгендерге регламентациялық рұқсатын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге берілгендердің бөлігі тек карточканың ішкі бағдарламаларына рұқсаты болуы мүмкін, ол орнатылған криптографиялық құралдармен бірге микропроцессорлық картаны жоғары қорғалған құрал ретінде мүмкіндік береді және ақпараттың қорғанысына жоғары талап қоятын қаржылық орталарда қолдануға мүмкіндік бар. Осы себепті микропроцессорлы карталар (және жалпы смарт-карталар) қазіргі уақытта пластикалық карталар типіндегі ең тиімдісі деп қарастырылады. Сонымен бірге, смарт-карталар пластикалы карталар типіндегі ең тиімдісі және функционалды мүмкіндіктері жағынан да тиімді болып табылады. Смарт-картаның есептеу мүмкіндіктеріне, мысалы сол бір картаны авторизациясы бар on-line операцияларда және де көп валюталы электронды кошелектерде қолдануға болады. Олардың VISA және Europay/MasterCard жүйелерінде кең түрде қолдануы ажқын арадағы бір-екі жылда, ал он жылдар ішінде смарт-карталар толығымен магнит жолақты карталарды ығыстырып шығуы керек (жоға бойынша).   

Жоғарыда суреттелген қаржылық қосымшаларда қолданатын пластикалық карталардан бөлек берілгендерді сақтау механизмдеріне байланысты басқада карталар бар. Ондай карточкалар (оптикалық, индукционды және т.б.) медициналық жүйелерде, қауіпсіздік жүйелерінде және т.б. қолданылады. [5, 31 бап]

 

 

2 электронды ақша түрлері және талдау

2.1 ХХІ ғасырдың ақшасы

 

Шынында да электрондық ақшалар осы ғасырдың ақшасы болып бара жатыр.

Банктік және коммерциялық қызметтерге информациялық және телекоммуникациялық технологияның енуімен байланысты  электрондық ақшалар күннен-күнге біздің үйреншікті төлем құралы болып бара жатыр.

Электрондық ақшалар – бұл алтыннан, металлдық ақшадан және қағазды банкноттан өтіп, пластикалық картаға жеткен, төлем жүйесінің даму кезінің келесі деңгейі.

Европалық орталық банктің анықтауы бойынша “электрондық ақшалар – бұл эмитентке талап қоятын ақшалай құн. Ол:

1.      электрондық құралда сақталады;

2.      эмитенттелетін ақшалай құннан аз емес көлемдегі құралды алғаннан кейін эмитенттеледі;

3.      төлем құралы ретінде тек қана эмитентпен емес, сондай-ақ басқа да фирмалармен қабылданады”.

Электрондық төлем жүйесі банктік жұмыста жаңалық емес – SWIFT, RTGS көптеген жыл банктік операциялардың бөлігі болып келеді. Бірақ барлық жоғарыда айтылған жүйеде, магниттік пластикалық карточкаларды қосқанда, ақшалар иесінің банктік шотында саналады. Ал электрондық технология тек ақшаның шотта бар ма, жоқ па екендігі туралы және айналымы туралы ақпаратты беріп отырады.

Электрондық ақшаның екі формасы бар:

1.                 карта базасындағы электрондық ақша (card based);

2.                 жүйе базасындағы ақша (network-based, software-based).

Карта базасындағы электрондық ақшалар қаражат эквиваленті туралы ақпаратты сақтайды. Бұл ақпарат пластикалық карточкадағы “кремниевтік чипте” сақталады. Бұлар – смарт-карталар, сақтау құнымен карталар (SVC –Stored Value Cards). Мұндағы ақшаны санау үшін сатушыда арнайы есептейтін құрал болу керек.

Магниттік карточкаларға қарағанда электронды ақша карточкалары:

      персонифицирленбеген – құралдың пайда болғаны және негежататыны карточкада белгіленбейді;

      алдын ала төленген – карточканы алу үшін банкке сәйкес суммадағы ақша енгізу керек;

      Шын, сол уақытта іске асады.

Ең танымал қолданылатын карта базасындағы электрондық ақшалар – Mondex және VisaCash. Бұл карталар бойынша эмитент және төлеушілер болып коммерциялық банктер саналады. Осы карталардың көмегімен ақшалық эквивалентті сақтайтын және ауыстыратын – банктік депозиттер.

Электрондық ақша жүйесі интернеттегі төлем жүйесіне қарағанда артықшылықтары мынадай:

1.      жоғары деңгейдегі қорғаныс;

2.      анонимділік;

3.      операцияның жүзеге асуының жылдамдығы;

4.      трансакцияның өзіндік құны өте арзан;

5.      микротөлемдерді де жүзеге асыруға болады, тіпті 0,001 ақша бірлігіне дейін;

6.      оңайлығы мен қол жететіндігі.

Сонымен бірге электрондық ақшаның кемшіліктері бар. Олар компьютермен бірге жоғалып кетуі мүмкін, оларға несие беру немесе пайыз қосу қйынырақ. [7, 3 бап]

 

2.2 Пластикалық карточкалар

 

              Пластикалық карточкалардың тарихын айта кетсек:

1914 жыл – несиелік қағаз карточкалары американдық банктармен тұрақты клиенттерге беріле бастады;

1928 жыл - Farrington Manufacturing Бостондық компаниясы бірінші металлдық пластинкаларды шығарды;

1946 жыл - Джон С.Биггинс, Ұлттық банк Флэшбуштың тұтынушыны несиелеу мамандығы, “Chargeit” атты несиелік схема бойнша жұмыс құрады;              1950 жыл - Diners Clab мейрамханалық карточка пайда болды;

1951 жыл - Franklin National Bank бірінші банктік несиелік карточка шығарды;

1967 жыл – АҚШ-та бірнеше аймақтық ассоциациядан Interbank Card Association компаниясы құрылды, кейін Master Card International атағын алды. Бүгін – бұл жулдегерлердің бірі;

1970 жыл - Bank of America несиелік карталармен операцияларды National Bank Americard, Inc. (NBI) компаниясына береді;

1977 жыл - NBI - VISA USA Inc. атын алды, ал сосын - VISA International. Бүгін ол 25000 банктерді қосады. Оның карточкалары әлемде ең көп тараған;

1992 жыл – үш европалық “карточкалық” компаниялар Europay International компаниясын құрады. Бұл жаңа еуропалық карточкалық төлем жүйесі EuroCard, Eurocheck Master Card Int. маркаларымен жұмыс істеуге құқық алған компания.

Жаңа нарықтағы пластикалық карточкалардың таратылу ролі мынадай:

VISA

50%

EuropayCard/MasterCard

18%

American Express

10%

Diner Club

1,5%

JSB Card

0,5%

 

Пластикалық карточкалар – бұл қолма-қол ақшасыз бір нәрсе сатып алуға немесе қызметке төлеуге мүмкіндік беретін құрал. Немесе онымен банкоматта қолма-қол ақшаға айырбастауға болады.

Карточка қызметін атқаратын жерден басқа төлем жүйесінің құрамына банк-эмитенттер, банк-эквайер, процессинговый орта, расчетный банктер кіреді. [7, 1 бөлім]

Банк-эмитент.
Пастикалық картаны шығаратын және клиенттерге қолдануға беретін Банк-эмитент. Соның өзінде карточкалар банктің өзінде қалады, бірақ клиенттер онымен қолдана алады. Клиент карточканы алар кезде банкте өзінің шотын ашады. Карточканы бере отыра банк ақшамен қамтамасыз етуді өзіне жүктейді. Карточканы беру кезінде оған карточка иесі туралы ақпарат енгізіледі.

Авторизация карточканы қабылдау кезінде жүргізіледі. Бұл үшін қызмет ету орны төлем жүйесіне карточка иесінің мүмкіндігі туралы сұраныс істейді. Егер де бәрі дұрыс болса система төлеуге құқық береді де, авторизация кодын береді.

Банк-эквайер.

Авторизациядан түсіп жатқан сұраныстың бірінші жөндеуін эквайер-орта жүргізеді. Кейде эквайер-ортасы сұранысты істей алмаса оны процессингтік орта істейді де эквайер-ортасына жауабын береді.

Процессингтік орта.

Процессингтік орта төлем жүйесінің ақпарат базасын жүргізеді. Ақпарат базасы, жиі банктер туралы ақпараттар сақтайды – төлем жүйесінің мүшелері және карточка иелері туралы. өз алдына бұл авторизацияның сұранысын қанағаттандыра алады.

Пластикалық карталардың түрлері.

Сонымен, пластикалық карточка стандартты размердегі (85,6 мм. 53,9 мм. 0,76 мм) пластинадан тұрады. Бұл пластина механикалық және термикалық әсерден сақтайтын арнайы пластмассадан жасалған. Олар сондай-ақ қағазды (картоннан) және металлдық болады.

Кәзіргі уақытта көбінесе пластикалық түрлері қолданылады. Бірақ карточканы қолданушыны идентификациялау үшін ламинирленген қағаз карточкалары көп қолданылады. Ламинацияны кез келген жерде істеп алуға болады, сондықтан бұндай карточкалар қауіпсіз емес. Пластикалық карточкадан металлдыққа қарағанда иесі туралы ақпаратты тез арада алуға болады.

Карточкаға ақпаратты бірнеше түрмен енгізуге болады:

                 графикалық жазылу;

                 эмбоссирлеу;

                 штрих – кодтау;

                 магниттік жолда кодировкілеу;

                 чип;

                 лазерлік жазылу (оптикалық картаға)

Ең алғашқы және ақпаратты оңай жызудың түрі графикалық жазылым болды және сол болып қала береді. Бұл әлі күнге дейін барлық карталарда қолданылады. Басында картаға тек қлданушының аты-жөні және эмитенті туралы ақпарат қана енгізілетін. Кейінірек қол қоюды да енгізді.

Информация о работе Электронды ақшалар