Электронды ақшалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 23:54, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі баса нарықтар секілді ақша нарығында да ақаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе - теңдігі экономика дамуы үшін тиімді болып табылады.Сондықтан осы ақша, ақша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуін жақсарту өз егемендігін енді ғана алан еліміз үшін ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады.Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................................3
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ
1.1 Электрондық ақша түсінігі...................................................................6
1.2 Электрондық ақшаның даму тарихы...................................................10
1.3 Электрондық ақшаның түрлері............................................................11
1.4 Пластикалық карталар және оның түрлері.........................................12
2 ЭЛЕКТРОНДЫ АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 ХХІ ғасырдың ақшасы..........................................................................15
2.2 Пластикалық карточкалар....................................................................16
2.3 Банктік аударымдар..............................................................................26
2.4. Интернеттегі элетрондық ақшалар.....................................................29
2.5 Электрондық ақшамен біздің болашағымыз......................................36
2.6 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Заңы..............................................44
Қорытынды................................................................................................47
Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................48

Содержимое работы - 1 файл

Электрондық ақшалар. КУРСОВАЯ.doc

— 515.50 Кб (Скачать файл)


 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе...........................................................................................................3

 

1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША түрлері,  әдістері

1.1 Электрондық ақша түсінігі...................................................................6

1.2 Электрондық ақшаның даму тарихы...................................................10

1.3 Электрондық ақшаның түрлері............................................................11

1.4 Пластикалық карталар және оның түрлері.........................................12

 

2 электронды ақша түрлері және талдау

2.1 ХХІ ғасырдың ақшасы..........................................................................15

2.2 Пластикалық карточкалар....................................................................16

2.3 Банктік аударымдар..............................................................................26

2.4. Интернеттегі элетрондық ақшалар.....................................................29

2.5 Электрондық ақшамен біздің болашағымыз......................................36

2.6 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу

туралы Қазақстан Республикасының Заңы..............................................44

 

Қорытынды................................................................................................47

 

Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................48

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі баса нарықтар секілді ақша нарығында да ақаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе -  теңдігі экономика дамуы үшін тиімді болып табылады.Сондықтан осы ақша, ақша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуін жақсарту өз егемендігін енді ғана алан еліміз үшін ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады.Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.

Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызады. Айырбас бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалығын, яғни тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.[5,1бөлім]

Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды              өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігін туындап, айырбас құнының ұғымы туындайды.

Мақсаты:Электрондық ақшалардың дамуы әрі қарай қалыптастыруы.

Айырбас құны – бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болып табылады.

Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілкті. Ал егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.

Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:

Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған.

Екінші формасы – бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда көбіне бір тауарға бірнеше тауарды айырбастайды.

Үшінші формасы – бұл құнның жалпылама формасы. әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Бірақ ондай тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмай және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.

Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталған тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металдар: алтын және күміс атқарды.

Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.

Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншкден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.

Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

                 Жалпыға тікелей айырбасталу формасы;

                 Айырбас құнының дербес формасы;

                 Еңбек өлшемінің заттай (материалдану формасы.

Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.[8,1]

Ақша даму тарихының негізгі этаптары: бірінші этап – кез-келген тауар болып өз функциясын атқаратын ақшаның пайда болуы; екінші этап – ортақ эквивалентті алтын болып қалыптасуы ( бұл этап ең созылған этап болып табылады); үшінші этап – қағаз немесе несиелік ақшаға көшу этапі; және соңғы төртінші этап – айналымнан жайлап қолма-қол ақшаларды шығару, яғни электрондық ақшалардың пайда болуын білдіреді. Бұл туралы ақша турлерінде толық айтып кетсек болады.

Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

толық құнды ақшалар – наминалды құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәкес келетін ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар жатады. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы –реверс және жаны – гурт деп аталады.

толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

                  Құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар (жез, алюминий т.б.)

                  Құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілгіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғи жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді.

Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақщалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.

Несиелік ақшалардың үш түрі бар: вексель, банкнота және чек.

Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соианы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы зінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы. 

Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын  байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар  арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қола ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка. [17,1]

 

 

 

1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША түсінігі

1.1 Электрондық ақша түсінігі

 

Интернетте адамға керекті барлық нәрселер бар. Тауарлар, қызмет көрсетулер, әңгімелесу, өзіндік пікір білдіру, ойындар және т.б. Әрине, кейбір қызмет көрсетулер үшін төлеу керек,ал төлеу жүйесі қарапайым әрі тез болған сайын жақсы болып келеді. Осындай төлеу жүйесіне деген сұранысты сатушылар мен тұтынушылар керектігін сезе бастады. Сондықтан электрондық ақшаны ойлап тапқан еді. Кез келген электрондық ақшаның мақсаты – тауар сататын және қызмет көрсететін сатушылармен тұтынушыларды біріктіретін әмбебап төлеу ортасын құру болып табылады. Интернетте адамға қажеттінің бары бар. Электрондық ақшаның мақсаты – Интернетті сала ретінде экономикалық тиімділігн дамыту болып табылады. Электрондық ақшаның механизмі, ол компьютер көмегімен тауарларды төлеуге, келісімдерге отырғызуға, коммерциялық саланы жүргізуге мүмкіндігі болып табылады. Электрондық ақшалар электронды төлеу карталарына ұқсас болып келеді, тек сізде пин-код пен карта емес, ал логин мен пароль арқылы ақшамен жүргізілетін операцияларды жасау мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар кез келген уақытта сіз банк, пошталық аударымдар, ақшалай түрде, кредиттік карталар және т.с.с. желілер арқылы ақшаны алып, салуға мүмкіндігініз бар.       

              Қазіргі ХХI ғасыр ақшасы – электрондық ақша екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. Қағаз ақшалар ХХ ғасырдағы ақша болып қалды. Қазіргі әлемдік дағдарыс бір ақшадан екінші ақшаға ауысу дағдарысы болып табылады.                 Электрондық ақша дегеніміз не?

Батыстың ғылыми әдебиетіндегі  «электрондық ақша», немесе «электрондық қолма-қол ақшасы» деген алғашы түсініктерді Дэвид Чоумоммен байланыстырады. 1970 жылдардың соңында алғашқы сандық қол қою жүйелері және ақпаратты қорғау жүйесі негізіндегі ашық (жалпы рұқсат алу) және жеке кілттері бар сандық конверттер және қазіргі таңда көрсетілген дефиниция қатынасы шет елдердің жетекші банкирлері және зерттеушілері арасында келіспеушіліктерді тудырмайды. Ең толық «электрондық ақша» дефинициясы туралы мәліметті Европаның орталық банкінің басқару мүшесі О.Иссинг ұсынған еді. Ол бойынша «техникалық құрылғы көмегімен төлеу үшін тек эмитент адресіне ғана емес, сонымен бірге басқа қатысушылардың адресі арқылы ақша құнын электрондық сақтау болып табылады». Алайда берілген дефиниция толық емес болып табылады, себебі сипатталынатын түсініктің белгісін көрсетпейді және оның заңдық табиғатын ашпайды.

Ғылыми экономикалық әдебиеттерде «электрондық ақша» термині 1970 жылдардың ортасынан бастап қолданып келеді. Көптеген советтік және қазақстандық экономистер өздерінің ғылыми жұмыстарында осы түсініктер кездеседі, бірақ оны әртүрлі контекстте қолданған. Мысалы, В. М. Усоскин, Г. Г. Матюхин және т.б. топ авторлары термин түсінігін «банктік компьютерлердегі ақшаларды» банктік желілер бойынша алмастырып отыруға болатын ақшасыз есептер схемасы деп түсінеді. Басқа авторлар бұл түсінікті тек банктік карталар және т.б. байланыстырады.   

«Электрондық ақша» термині көп жағдайда бөлшек сауда төлемдер саласындағы инновациялық техникалық шешімдеріне негізделеді, кең түрдегі төлеу құралдары қатынасында қолданылады. 

Электрондық ақша түсінігін дәстүрлі банктік карталар (микропроцессорлы, және де магнит жолағы бар), немесе алдын-ала төленіп қойған сауда кәсіпорындарының карталары (сервистер, қызмет көрсетулер) деп қате түсінеді. Ол «алдын-ала төленіп қойған тауар-қызметтер» туралы ақпараттардан тұратын, атап айтқанда бір мақсаттағы телефонды немесе бензин құю компаниялары, жеке магазин желілері немесе көлік компаниялары ұсынатын азық-түліктік карталар ретінде қарастырады.

1996 ж. қазан айындағы халықаралық есептеу банкімен дайындаған «Электрондық ақшаның дамуына байланысты орталық банктер үшін туындайтын қиындықтар» атты шыққан баяндамада, «электрондық ақша» түсінігін «тұтынушы құқығында болатын электрондық құрылғыда электрондық түрде сақталатын, валюталық бірлікте өлшенетін ақша құны» деп беріледі. Берілген электрондық құны тұтынушымен алынып және құрылғыда сақталынады, сонымен бірге тұтынушы берілген құрылғыны сатып алу мақсатындағы қолдануы нәтижесінде қысқара береді. 

Информация о работе Электронды ақшалар